Парфия және Бактрия патшалықтарының дамуы мен ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Парфия және Бактрия патшалықтарының дамуы мен ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
материал дүние жүзі тарих сабағын беруге көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті


Тарих, экономика және құқық факультеті



«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы


«Бекітемін»:

«ҚТ және ӘГП» кафедрасының меңгерушісі

Абуов Н.А.

____________________________

«___» ___________2017 ж.




РЕФЕРАТ


«Парфия және Бактрия патшалықтарының саяси және мәдени дамуының ерекшеліктері»


5в011400 «тарих»



автор Аманқұл Ә.Б.

(Т.А.Ә) (қолы, күні)


ЖЕТЕКШІ Аубакирова Г.Р. ___________

(Т.А.Ә.) (қолы, күн








Shape2 Shape3 Петропавл, 2017

Мазмұны

Кіріспе

І Парфия патшалығының тарихынан

1.1.Державаның қалыптасуы және дамуы

1.2.Парфия мемлекетінің ішкі құрылысындағы ерекшеліктер

1.3.Парфияның мәдени дамуы

ІІ Бактрия патшалығының дамуы

2.1.Тохарстан мемлекетінің билігі

2.2.Б.з.д. IV-I мыңжылдықтардағы Бактрия мәдениеті

2.3.Бактрияның тәуелсіздік үшін күресі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі


































Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Александр империясыны шығыс бөліктерінің мұрагері Селевкидтер мемлекеті уақыт өте, мемлекеттер ғана түсінетін заңдылыққа бағына отырып, ұзақ уақытқа созылған гүлдену уақытынан ыдырай бастады. Селевкидтер үшін ең елеулі жоғалту ретінде – Бактрия ( қазіргі Солтүстік Афганистан мен Әмудария өз. бойы) мен Парфияның (Копетдаг таулары мен Оңтүстік-батыс Түркмения мен Солтүстік-Шығыс Иран) бөлінуін қарастыруа болады. Селевк пен Антиох арасындағы ішкі қайшылықтар кезінде, б.з.д. III ғ. бөлініп кеткен болатын.

Парфиялық кезең ахеменид заманынан ұзақ болды: ол бес ғасырды қамтиды. Парфия б.з.б. III ғ. II жартысынан б.з. III ғ. I ширегіне дейін өмір сүрді. Б.з. III ғ. I ширегінде Парфияның соңғы әулеттерін Сасанидтер құлатқан болатын. Алайда кейінгі Парфия тарихы бұл тұралы көп дерек бере алмайды. Парсы жазушысы б.з. Х ғ. Фирдоусидің «Патшалар кітабында»: «олардың тамырлары мен бұтақтарының қысқа болуы соншлықты, тарихының мән-сырын аша алмайды. Мен олардың аттарынан басқасын естімедім, патшалардың жылнамаларынан басқасын көрмедім» деп жазылған.

Парфиялықтар тарихта рим жасақтарына қарсы Шығыстағы мықты тойтарыс берушілер ретінде қалды. Парфиялықтарға зерттеуші ғалымдар ұзақ уақыт бойы латын мен грек авторларының көзімен қарауға мәжбүр болды. Осындай еңбектердің мәліметтері қарым-қатынас призмасынан өткендіңтен толық емес болатын. Біржақты мәліметтердің салдарынан Иран тарихындағы қараңғы дәуірлер туралы түсінік пайда болды. ХХ ғ. ғана жаңа мәліметтер (ең алдымен археологиялық деректер) пайда болуымен Парфиялық державаға басқаша қарауға мүмкіндік туды.

Парфия патшалығы – Каспий теңізінің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында б.з.б. 250 ж.ш. пайда болған ежелгі мемлекет; б.з. 3 ғасырдың 20 жылдарына дейін өмір сүрді.

Б.з.б. 250 ж.ш. сақтардың көшпелі парн (дах) тайпалары Парфияға басып кірді. Парндардың басшысы Аршақ (Аршақ әулетінің негізін қалаушы) Парфия патшалығының бірінші патшасы болды. 209 ж. Селевки патшасы Антиох ІІІ Парфияны өзіне бағындырды. Сыртқы саясатта Парфия патшалығы өзінің шекаралас көршілері батыста Селевки әулетімен және Риммен, шығыста Грекия-Бактриямен және көшпелі тайпалармен қарым-қатынас орнатты.

Митридат І тұсында б.з.б. 170 ж.ш. – 138/137 ж. Парфия патшалығының шекарасы шығыста Бактрия және батыста Селевки әулетінің бұрынғы иелігіндегі жерлерде б.з.б. 2 ғасырда пайда болған ұсақ мемлекеттер есебінен ұлғая түсті. 161-155 ж. МидияныМесопотамияның батыс бөлегін, 141 жылы Селевкияны бағындырды, кейіннен Сузамен қоса Элимаиданы алды. Парфия патшалығы бүкіл Иран мен Месопотамияны түгел дерлік қамтыды. Парфия патшалығы сақтармен және өз үстемдігін қайта орнатуға соңғы рет әрекет еткен Селевки шығыста Парфияның солтүстік аймақтарын ойрандап, оңтүстікте Дранганды басып алды. Парфия патшалығы Қытаймен дипломатикалық қатынас орнатып отырды. Б.з.б. 40 жылдар қарсаңында Парфия патшалығы Кіші Азия мен Сирияны түгел жаулап алды, римдіктердің шығыс Жерорта теңізіндегі иелігіне қауіп төндірді. Парфия патшалығының мемлекет құрылымында парндардың рулық дәстүрлері мен Парфияның өзіндік басқару жүйесі ұштасып жатты. Парфия патшалығы Ардашир Папакан негізін қалаған Сасани әулеті төңірегіне топтасқан жаңа күштердің соққысы нәтижесінде 224 жылы құлады.

Келесі ірі эллинистік мемлекет – Бактрия. Бактрия – Грек-Бактриялық мемлекеттің орталығы, ежелде қазіргі Солтүстік Афганистан, Оңтүстік Өзбекстан мен Тәджікстан – Орта Азияның кіндігі – территорияларын алып жатты. Соған байланысты ежелгі Бактрияны зерттеу өте маңызыды: сол жерлер тарихымызға күні бүгінге дейін ықпал етуде.

Бактрия Әмудария орта ағысында тегіс ел болып табылады. Үнді  — Памиру солтүстік сілемінің оңтүстігінде Бактрия шекарасы  болып табылады. Бактрия жүрек шөл атырауы Гиндукуше сілемдерінде төмен ағып өзендердің бірі мол оазисі болды. Бактрия оазисі қала орталығы (немесе Бактрим / Балх), бүкіл ел үшін оның атауын берді. Батыс Еуропа ғалымдары Бактрия географиялық аймақты, Әмудария өзенінің болып табылатын солтүстік шекарасы деп аталады. Бактрия (Жерорта теңізінен Қытайға дейін) (Ұлы Даланың в Индию және мұхит жағалауы дейін) солтүстіктен оңтүстікке жолдарының қиылысында қолайлы географиялық жағдайын ұсынылды, ал батыстан шығысқа дейін. Бұл жағдай, тамаша құнарлылығын шетіне бірге (Страбон: «… біздің құлағынан Бактрия астық мөлшерін»), Бактрия незапамятных уақыттан бастап тарихында көрнекті орын алуға мүмкіндік берді. Бидай — Вавилов зерттеулерге сәйкес, Бактрия, соның ішінде көптеген мәдени өсімдіктердің, үйі болып табылады.

Тарихнамасы: Бактрия — бүгінгі Тәжікстан мен Ауғаныстан жерінде ірге көтерген ежелгі мемлекет. Оның тарихы туралы алғашқы деректер парсылық шығармаларда кездеседі. Дегенмен, Бактрияның ежелгі дәірлердегі тарихы туралы мәселелер ұзақ уақыт айқын болмай келді.

XX ғасырдың басынан бастап археологтар Бактрия жерінде қазба жұмыстарын жүргізді. Олар ежелгі қалалардың орнынан сарайлардың, қорғандардың, қолөнер шеберханаларының қалдықтарын тапты. Ежелгі дәуірдегі каналдар да зерттелді. Археологиялық деректер Бактрия жеріндегі шаруашылық, егіншілік, қолөнер, құрылыс істері туралы көптеген мәліметтер береді.

Жазба деректерінің ішіндегі ең ежелгі мәліметтер беретін шығарма — «Авеста». Онда Бактрия — «тулары биік көтерілген ел» деп сипатталады. Ежелгі сақтардың дастандарында Орта Азия халықтарының тұрмысы, ерлік дәстүрлері туралы деректер бар. Грек тарихшылары ол дастандардағы кейбір оқиғаларды өз еңбектерінде пайдаланды. Мысалы, сақтар патшасы Аморганы парсы билеушісі Кир тұтқындап алады. Оны естіген Аморганың әйелі Спаретр әскер жинап, күйеін тұтқыннан босатады. Ежелгі сақтардың дастандарындағы адамдар мен олардың іс-әрекеттері кейіннен атақты ақын Фердоусидің «Шахнама» дастанына да арқау болды.

«Бактрия жері I Дарийдің кезінде он екінші аймаққа еніп, жыл сайын 360 талант салық төлеп тұрды» дейді Геродот. Бактрия туралы деректер қытай саяхатшысы Чжан Цянның еңбегінде және Сыма Цянның «Тарихи жазбаларында» бар.

Әмударияның жоғары ағысы бойындағы және оның Сухандария, Кафирниган, Вахш сияқты салаларын-дағы жазықтарда егін егіліп, бау-бакша өсірілді. Ал таулы-үстіртті, далалы аймақтарда мал бақты. Бүл туралы ежелгі дәуірде бір тарихшы былай деп жа-зыпты: «Бактрия табиғаты әр түрлі: ондағы жүзім сабақтары ірі, әрі тәтті жеміс береді; суы мол өзен-дер ылғалсыз топырақты суғарады; өте қүнарлы жерлер астық себу үшін өңделеді, қалғандары ірі малдардың жайылымына айналдырылған, бірақ жердің көп бөлігі — күнарсыз жазықтық».

Б. з. б. I мыңжылдықтың орта кезінде-ақ ірі елді мекендер мен қалалар болды. Оларда қолөнер жақ-сы дамыды. Қала түрғындары тоқымашылықпен, қыш қүмыра жасаумен, үсталықпен айналысты. Әсіресе, зергерлік өнері, сәнді бүйымдар жасау ісі жоғары дәрежеге жетті.

Орта Азия жерлері үзаққа созылған қарсылық-тан кейін ғана Парсы мемлекетінің қүрамына енді. Бактрия жері жеке бір сатраптық болып, алым-са-лық төлеп түрды. Сөйтіп, жалпы парсылық даму жо-лына қосылды. Парсы мемлекетіндегі сауда қаты-настарының дамуы Бактрияға да әсер етті. Тауар өндірісі мен сауда одан әрі дами түсті. Ел ішіндегі тыныштық отырықшы-егіншілер шаруашылығын қайта жандандыруға мүмкіндік берді. Ойпаттар мен жазық жерлерде, озен аңғарларында арықтар мен каналдар казылды. Бидай, арпа сияқты дәнді дақыл-дармен қатар, бау-бақшаларда қауын-қарбыз, көкөністер, жүзім мен жеміс ағаштары өсірілді. Кей-бір қалалар мықты қолөнер және мәдениет ошағы болды. Кірпіштен жасалған бекіністі қорғандармен қоршалды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Реферат мақсаты- ежелгі эллиндік мемлекеттер Парфия мен Бактриятарихын қарастыру. тарихынының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның саяси мен географиялық жағдайына, жорықтары мен басып алған жерлеріндегі әрекеттерін деректерге сүйеніп зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында мынандай міндеттер алға қойылды:

-Эллиндік Бактрия мен Парфия мемлекеттерінің қалыптасуына әсер еткен жағдайларды көрсету;

-Екі мемлекеттің орталықтану мен даму факторларын айқындау;

-Мемлекеттердің тарихи өміріне шолу жасау;

Зерттеу жұмысының деректік негізі: Реферат жұмысында негізгі деректер мен құжаттардан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан, естеліктерден және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды

Зерттеу жұмысының методикалық негізі: Реферат жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Реферат жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құралға

Тәжірибелік маңыздылығы:

1. Мектеп бағдарламасынлағы 7-8-ші сыныпқа арналған дүниежүзілік тарих курсын оқыту барысында қолдану.

2. Жоғарғы оқу орындарында «Әлемдік өркениеттер тарихы» курсы бойынша практикалық сабақтарға дайындық жасау және пәнінен СӨЖ жұмыстарын орындауға көмек құрал ретінде қолдану.

3. Жоғарғы оқу орындарындағы дипломдық жұмыс жазу барысында колдану.

Хронологиялық шегі: ежелгі ғасырлар тарихы

Қолданылатын әдістер:

-тарихи-салыстырма əдісі;

-уақытнамалық əдіс;

-сұрыптау əдісі;

-кезеңдеу əдісі;

-дедукциялық əдіс;

-проблемалық əдіс;


























І Парфия патшалығының тарихынан

    1. Державаның қалыптасуы және дамуы


Александр Македонскийдің шығыстағы иеліктерінің мұрагері болған Селевкилер патшалығы пайда болған уақыттан көп ұзамай-ақ бірте-бірте кішірейе бастады. Селевкилер үшін ең ауыры олардың ең қиыр шығысында орналасқан екі аймақтан айрылуы болды, бұл Бактрия (қазіргі Солтүстік Ауғанстан мен Әмудария өзенінің оң жағалауы) мен Парфия (Капетдаг тауы және соған жапсарлас жатқан Оңтүстік-Батыс Түркменстан, Солтүстік-Шығыс Иран жазықтары ) еді. Бұл аймақтар б.з.д. III ғасырдың ортасында екі селевкилік тақ мұрагерлері – Селевк пен Алтиохтың өзара билік үшін күресі кезінде бөлініп кеткен болатын.

Парфия патшалығының негізін қалаушы, шығу тегі белгісіз, бірақ атағы жер жарған (рим тарихшысы Юстиннің көрсетуі бойынша) Аршак деген кісі болды. Аршактың Бактриядан шыққандығын көрсететін мәліметтер кездеседі; алайда оған сүйеу болған негізгі күш Парфияның солтүстіктегі көршілері - көшпелі парна тайпалары болды (немесе дахтар - парналар кірген ірі тайпа одағы)

Бактрия мен Парфияның Селевкилерден бөлінуі III ғасырдың ортасына жатса, Аршактың таққа отыруы бұдан сәл кейінірек, дәлірек айтқанда, б.з.д. 238 жылға жатады. Парфия патшалығының өмір сүруінің алғашқы онжылдықтары өз иеліктерін кеңейту және Селевкилердің бүлікшіл аймақтағы өз билігін қалпына келтіруге ұмтылыстарын тойтару бағытындағы күреспен өтті. Парфияның басқару жүйесі бұрынғы ахемендік парсылардікіне ұқсас болды. Патшалар сәулетті сарайларда тұрды. Елдің астанасы бір қаладан екінші қалаға ауысып отырды. Парфия патшалары өте бай болды. Өйткені, олар елді басып ететін керуендерге әр түрлі алым-салық төлеттіріп отыратын. Бірақ олардың билігі өте мықты болмады. Патша ақсүйек рулардың ақса-қалдарымен және дінбасыларымен ақылдасып, олардың пікірлерін ескеріп отырды. Мемлекет жері бірнеше өкімшілік аймақтарына белінді. Ондай аймақтар I Дарий кезіндегі Парсы еліндегідей сатрап-тықтар деп аталды. Оларды сатраптар басқарды. Өрбір аймақ осы сатраптардың қолында болды. Олар патшаға көп тәуелді болмады. Кейбіреулері, тіпті өздерінің ақшасын шығарды. Сатраптықтардың өздері бірнеше шағын аудандарға бөлінді. Олар диз деп аталды. Диздерді басқарушыларды дизпат деп атады. Халық әр түрлі салық төлеуге міндетті болды. Салық жинаушылар да коп болған еді. Парфия билеушілерінің басты тірегі әскер болды. Олардың дені мыкты қаруланған жауынгерлер еді. Осындай Парфия мемлекетін Арсак ұрпағы биледі.

Аршактың таққа отыруы кезінде Аршакидтердің қол астына бай Каспий маңы аймағы, яғни Гиркания және Мидияның бір бөлігі қарады. Алайда Аршакидтердің қуатты әлемдік держава «Ұлы Парфияның» билеушілеріне айналуы тек I Митридат тұсында, б.з.д. 171 - 138 жылдары іске асты. Бұл уақытта Аршакид иеліктері Гиндукуш тауынан Евфратқа дейін созылып жатты. Селевкилер парфиялықтардың тегеурініне төтеп бере алмады. I Митридат II Деметрий Никаторды тұтқындап, оған Гиркания жерінен иелік берсе, оның мұрагері II Фраат ( 138–128 жж.) б.з.д. 129 жылы VII Антиохты ойсырата жеңіп, Парфияның шекараларын нығайтты. Парфияның батысқа экспансиясын тек империяға шығыстан, Орталық Азияның көшпелі тайпалары баса көктеп кіре бастауы ғана уақытша тоқтатты (қытай жылнамаларында құрамына кушандар кірген бұл тайпа бірлес тігі да юэчжи деп атады; антика авторлары оларды тохарлар деп атады). Дәл осы тайпалармен күресте II Фраат және одан кейін билік құрған I Артабан да (128- 123 жж.) қаза тапты. Бұл тайпалардың одан арғы жылжуын тек II Митридат (123-88 жж. шамасы) қана тоқтата алды. Өз патшалығының шекарасын нығайта отырып, II Митридат Парфия патшалығына көптеген елдерді қосты. Әсіресе, Закавказьеде (атап айтқанда Арменияда) белсенді сыртқы саясат жүргізді.

Б.з.д. 92 жылы рим императоры Суллаға елшілік жіберген II Митридат Парфия державасының сыртқы саясатында жаңа бір жолды бастап берген болатын: Парфия тарихында алғаш рет Риммен байланыс орнатылды. Бұдан кейінгі кезеңдерде екі ел арасындағы қатынастар әрқилы болып қалыптасты. Парфия Римнің Шығысқа енуіндегі басты кедергіге айналды.

Екі ел арасындағы күресте бірде бір ел, келесіде екіншісі жеңіске жете отырып, үш ғасыр бойына жалғасты. Бұл күресте Парфиялықтарға ерекше жеңісті б.з.д. 53 ж. Карра түбіндегі шайқас әкелді (Жоғарғы Месопатамиядағы Харран). Бұл шайқаста Рим әскері ойсырата жеңілген болатын (римдіктер 20 мың әскерінен айырылды).

Б.з.д. 52-50 жж. Парфия бүкіл Сирияны, б.з.д. 40 ж. Иерусалимді алды. Ал келесі шайқастарда, яғни б.з.д. 39 ж. және 38 ж. жеңіс римдіктер жағында болды, алайда б.з.д. 36 ж. Рим әскерінің парфиялықтарға қарсы жорығы толығымен сәтсіздікпен аяқталды. Бұл жолы римдіктерді Марк Антоний басқарды. Парфияны IV Фраат билеп тұрған болатын (б.з.д. 38/37 – 312 жж.). IV Фраат өз жеңісін Риммен ұзаққа созылған бейбіт қатынастарды орнықтыру үшін пайдаланды.

Б.з.д. 20 жылы IV Фраат маңызды дипломатиялық қадам жасады, ол Красс пен Антоний армияларын жеңген кезде түсірген тұтқындар мен рим легиондарының белгілерін Римге қайтарды. Осыдан кейін Рим мен Парфия арасында 100 жылдан аса ірі қақтығыстар болған жоқ.

Қорыта айтқанда алайда , б.з. 115 ж. Рим императоры Траян тұсында екі империя арасында соғыс қайта жалғасып, бұл соғыс аршакидтердің Ирандағы билігін құлатқан сасанидтерге де мұраға қалған болатын.



    1. Парфия мемлекетінің ішкі құрылысындағы ерекшеліктер


Соңғы уақытқа дейін бірқатар зерттеушілер Аршакид державасының әлеуметтік құрылысын феодалдық қоғам деп анық түрде көрсетіп келген болатын. Парфиялық атақты ақсүйек рулар өкілдері, патша бекзадалары (уәзірлер), ұсақ жер иелері мен жергілікті билеушілер, аймақ басқарушылары мен басқа қызмет иелері жоғарғы сюзерен болып табылатын патшалардың патшасының, иерархиялық сатының әр түрлі баспалдақтарында тұрған вассалдары ретінде қарастырылды. Парфия қоғамының феодалдануының көріністерінің қатарына жауынгерлердің бірдей киім киюі, сарай салт-жоралғыларының күрделі дәстүрі, күрделі титулдар жүйесі және басқа да таза сыртқы белгілер жатқызылды. Парфия қоғамының сипатын нақты анықтау үшін әлі де болса зерттеулерді жетілдіре түсу қажет. Қазіргі таңда тек Парфия қоғамының жекелеген элементтері және оның әлеуметтік өміріндегі негізгі үрдістер жөнінде ғана айтуға болады.

Біріншіден, Парфия қоғамының әлеуметтік құрылымы, оның бес ғасырға созылған өмірінің өн бойында өзгеріссіз қалды деуге еш негіз жоқ. Екіншіден, өзінің қоғамдық және экономикалық құрылысы бойынша әр текті әлеуметтік организмдер «Ұлы Парфияның» саяси аумағында біріктірілгенін ескеру қажет. Бұл жерде өзін-өзі басқаруын сақтаған эллинистік қалалар да, өте күшті патриархалды-рулық құрылымдары бар ұсақ араб әмірліктері, бір жерлерде шахан-шахтың туыстары басқаратын, ал басқа жерлерде жергілікті әулеттер басқаратын жартылай тәуелсіз патшалықтар да болды. Бұл жерде экономикалық жағынан қуатты храмдық поместьелер де, жерге бекітілген құлдар еңбегімен өңделетін жеке меншік поместье - дастакерттер де, сондай-ақ дәстүрлі қауымдық уклад нормаларымен өмір сүретін ерікті жер иелері де болды.

Плинийдің көрсетуі бойынша парфиялықтардың 18 патшалығы болған. Кейінірек оларды «тайпалардың патшалары» деп атады және Парфия мемлекетінің ішкі құрылымын түсінуге осы жағдай көмектесетін тәрізді. Өз уақытысының ең қуатты әлемдік державасының бірін қалыптастырған көшпелі халық парналар көп уақыт бойы өздерінің көшпелі рулық дәстүрлерін сақтаған болуы керек. Парфия державасы тарихының бүкіл өн бойында парфиялық қуатты ақсүйек рулар - әрқайсысы өз әскерін ұстаған карен, сурен, михран және т.б. рулардың ерекше роль атқаруын «феодалданумен» емес, көшпелі өмір салтының сақталуымен түсіндіру керек. Ру-тайпалық ұйымының қалдықтары қатарына ру шонжарларының жалпы мемлекеттік кеңесінің сақталуын да жатқызуға болады.

Аршакидтердің өздері жаулап алған елдерді қолдарында ұстап тұру үшін құрған әскери-саяси ұйымы өте бейімделгіш, әр аймақтың дәстүрлері мен ерешеліктеріне икемделгіш болды. Мысалы, державаның батыс бөлігінде селевкидтерге тән болған грек шенеуліктерінің номенклатурасы (мысалы, «Месопотамия мен Парапотамияның стратегі») «арабтардың архосы ( басшысы )», немесе одан да ежелгі дәуірге жататын ахеменидтік терминдер ( аркапат - «қамал бастығы» ) кездеседі. Шығу тегі ирандық яғни жергілікті титулдар мен шен- дәрежелер Закавказьеде де, Шығыс Иранда да кездесті. Аршакид державасының Шығыс шегінің яғни тікелей Парфияның өзінің әкімшілік бөлінісі өте жақсы зерттелген. (Нисадан табылған шаруашылық құжаттарының арқасында). Бұл жерде әкімшілік бөлініс үш сатыда болған: дизпат (кіші-гірім ауылдың немесе қамалдың билеушісі) сатрапка ( шахрап), яғни ахеменидтік дәуірде қарағанда салыстырмалы түрде кішірек ауданның билеушісіне бағынды, ал сатраптардың үстінен марзбандар (шекараларды қорғаушылар) ең ірі әкімшілік территориялық бірліктің билеушілері тұрды. Салық салу жүйесі де аймақтарға қарай ерекшеленіп отырған тәрізді.

Әкімшілік құрылымның мұндай, яғни ауданның ерекшеліктеріне бейімделген жүйесі мықты патша билігі болған жағдайда ғана алып державаны билеуді қамтамасыз ете алды, алайда ол әлсіреген кезеңдерде бірден-ақ бөлінуге деген ұмтылыстар күшейіп кетіп отырды. Парфияның ақсүйек рулары арасындағы бәсекелестік бұл үрдісті одан бетер күшейтіп жіберді.

Б.з. I ғасырдың соңғы ширегінде басталған орталыққа бағынбау бағытындағы үрдіс күшейе келе, аршакидтер әулетінің бірнеше өкілдері арасындағы билік үшін күрес формасына ие болды. Б.з. I ғасырдың аяғы - III ғасырдың басында бір уақытта екі бір-біріне жау билеушінің отыруы жиі кездесіп отырды. Олардың екеуі де патша титулын иеленіп, өз теңгесін шығарды және т.б. Алайда, бұл өзара қырқыс күресте күштердің арасалмағы тұрақты болмаған тәрізді, сондықтан да Парфия патшалығы бөлшектеніп, әр билеушіге тиісті территориялар бөлініп кете қойған жоқ, билікке таласушылардың әрқайсысы бүкіл патшалыққа билік жүргізуге ұмтылды. Орталық биліктің әлсіреуі елдің сыртқы саяси жағдайының нашарлауына (дәл осы өзара қырқыс күрес б.з. II ғ. Римнің Месопатамиядағы жаулап алуларын жеңілдеткен болатын) және Парфия державасының құрамындағы патшалықтар мен аудандарының бөлінушілік ұмтылыстарының күшеюіне ықпал етіп отырды. Б.з. 58 жылы көтерілістен кейін Гиркания тәуелсіздігін алды, Аршакид патшалары б.з. II ғасырда көптеген иеліктерінен айырылып қалды, ал III ғасырдың басына қарай олардың қоластынан Парс толықтай бөлініп шығады. Бұл жердегі жергілікті билеушілер мен абыздар өздерін ахеменидтердің мұрагерлеріміз деп есептеді. Кейінірек олар сасанидтер әулетін құрып, бүкіл Иранды өздеріне қаратқаны жөнінде орта ғасырлар тарихынан білетін боламыз.

Парфияның мәдениетін Аршакидтер державасының құрамына кірген елдер мен халықтардың мәдениетінің қарапайым жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды. Бағындырылған халықтарға иран мәдениетін таңу немесе әрбір жеке мәдениеттің өз келбетін жоғалтып, ортақ мәдениетке бірігуі де орын алған жоқ. Тигрдегі, Селевкиядағы гректер өз құдайларына табына берді; Парста Армуз бен Анахитаға табынды, яғни ежелгі зороастризм дәстүрлері сақталды. Тікелей Парфияның өзінде Заратуштра ілімімен бастау алатын, бірақ көп өзгерістерге ұшыраған діни дәстүрлер таралды.

Арабтардың Хатра әмірлігінде ежелгі семиттік құдайларға: ал-Лат, Шамсқа табынды. Рим-Парфиялық шекаралық Дуро-Европас қаласында Зевс-Теос храмы синагогамен «Пальмира құдайларының» храмы римдік «Митреуммен» қатар орналасты.



1.3.Парфияның мәдени дамуы


Парфияның солтүстік жерлерін қамтыған Түркіменстан жерінде сол дәуірдің мәдени қабаты сақталған қырықтан астам қоныстар белгілі. Парфия патшаларының бірнеше орталық қалалары болғана белгілі. Ашхабаттың маңында орналасқан Ниса аршакидтердің астаналарының бірі болуы ықтимал. Мұндағы қирандылардың арасында екі қаланың орны сақталған. Оның бірі Жаңа Ниса – қаланың өзі, екіншісі Ескі ниса – Сарайлар мен хырам ғимараттарынан тұрады. Жаңа Нисаның орнында парфияндық қабат кейінгі дәуірлерде қалыптасқан көп қабатты мәдени қыртыстың астында көміліп қалған. Ескі Нисада тіршілік сол заманда тоқтағандықтан оның мәдени қабаты толығымен парфиян дәуіріне жатады. Патшалардың ордасы болған Ескі Нисаның қалың қорғаныс қабырғасының ішкі жағынан археологтар храмдардың, сарай кешендерінің, патша қазынажайлары мен астық қоймаларының орындарын тапқан. Сарай ғимараты ішкі тұйықталған алаңмен жалғастырыла салынған тоғыз бөлмеден тұрады. Солардың ішіндегі ерекшесі салтанат сарайының аумағы 400 ш\м. Оның шаңырағын төрт сегіз метірлік діңгектер (колона) ұстап тұрған. Патша тағы орналасқан осы сарайдың ішкі құрылысында эллинистік дәстүрдің іздері байқалады.

     Тақ орналасқан сарай мен көршілес қазынажайдың есігі бекітіліп, мөр салынып, оның сыртынан кірпішпен қаланған күйінде ашылды. Солай бола тұрсада оның ішіндегі қазына кезінде тоналып кеткен. Тонаушылардан қалып қойған заттардың қатарында күміс ыдыстардың сынған тұтқасы, қоладан жасалған денелер, күміс теңгелер, піл сүйегінен жасалған ритондар секілді бұйымдар кездеседі. Олар патшалықтың гүлденіп тұрған дәуірі б.э.д. ІІІ-І ғғ. жатады. Тонаушылардан қалып қойған заттардың ішінде ерекше көзге ілігетіндері піл сүйегінен жасалған қанатты сфинкс, Эрот пен Афиннің және қыранның күмістен жасалған мүсіндері. Мүйіз тәріздес етіп жасалған ритондар таза шығыстық зат болғанымен ондағы жалаңаш денелі әйел құдайлар мен кентабрлардың (жартылай адам, жартылай ат түріндегі мифтік тіршілік иесі) бейнесі таза антикалық тақырыпта жасалған. Жергілікті шеберлердің қолымен жасалған гректік бейнелер мен сюжеттер шығыс өнерінің ерекшелігі мен дәстүрін сақтаған. Осындай екі көркем стилдің қосындысын ритондардан біз көреміз.

     Мәрмар тастан гректік тәсілде жасалған мүсіндер қазынажайдың жеке тобын құрайды. Солардың ішінде киімі төмен қарай сыпырылып бара жатқан әиел құдайдың бейнесі жақсы сақталған. Осыған ұқсас бірсыпыра мүсіндер табылды.

     Қазба кезінде ашылған қоймалардың ішінде орналасқан ірі хумдар мен қабылданған астықтың есебі  жазылған тізім Ескі Нисаның ірі ауылшаруашылық ауданның орталығы болғандығын байқатады.

     Қазбадан табылған екі мыңнан астам ыдыс сынықтарына салынған жазбалардың ішінде парфиндық таңбалардан  басқа грек жазбалары да кездеседі. Оларда шараптардың мөлшері және қашан, қайдан әкелінгендігі жазылған. Сол құжаттарда он жеті ауылшаруашылық аудандары мен он елді мекен көрсетілген. Бұл Нисаның төңірегіндегі ауыл шаруашылық аудандардың үлкендігін көрсетеді. Ниса қоймаларында жарты миллион литрге дейін шарап бір мезгілде сақталына алатындығы анықталды.

      Парфияның Солтүстік – Шығысында жүздеген күзет мұнаралары бар қорғаныс қабырғасы қоршаған Мерв қаласы орналасты. Ол қол өнері шеберлері мен саудагерлердің қаласы еді. Мервтің Нисадан басты айрмашылығы да сонда. Қаланың ішкі құрылыс қалдықтарынан оның тұрғындарының таптық оқшаулануы анық байқалады. Құл иеленушілердің бай үйлері жеке орналасқан. Олардан оқшаулау жерде ұсақ қол өнері шеберлерінің үйлері мен оған жалғастыра салынған кішігірім шеберханалары жалғасады. Қорғаныс қабырғасын қоршай ауылдық иеліктер мен бау, бақшалық алқаптар жатыр. Қаланың бұл бөлігі де қорғаныс дуалымен қоршалған.





























ІІ Бактрия патшалығының дамуы

2.1 Грек-Бактрия патшалығы


Бактрия – бүгінгі Тәжікстан мен Ауғаныстан жерінде құрылған ел. Бұл елді кей деректерде «тулары биік көтерілген ел» деп атайды. Ал Бактрия патшаларын «мың қаланың басшылары» деді.

Б.з.д 140-130 жылдары Бактрияға солтүстіктен көшпелі тайпалар юечжілердің соққысы ауыр тиіп, Бактрия мемлекеті құлады.
Бактрия патшалығы тарих сахнасынан кете бастағанда, ірі саяси бірлестік – Кушан мемлекеті пайда болды. Кушан мемлекеті Азияның орталық бөлігінде орналасты. Оның негізін құрағандар көшпелі селевкіліктер болатын. Кушан мемлекетінің негізін қалаушы – I Кадфиз. Ол өз жерін нығайту мақсатында Гиндукуштан Үндістанға дейін жорық жасап, бірнеше аймақтарды өзіне қаратады. Бұрыңғы Бактрия жерлерін басып алып, орталығын Бактр қаласы бекітеді.
Бактрия – біздің заманымыздан бұрынғы І мыңжылдықта Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бактрия атауы парсы тілінде «Шығысқа қарайғы өлке» мағынасын береді.

Бактрия жері б. з. б. III ғасырдың ортасында жеке мемлекетке айналды. Оның билеушісі Диодот өзін патша деп жариялап, акдиа шығарды. Бактрия жеріндегі бұл мемлекет Евтидем атты билеушінің тұсында күшейе түсті. Оны көрген батыстағы ірі Сирия мемлекетінің билеушісі III Антиох Бактрия жерін өзіне қайта бағындырмақ болды. Жақсы дайындалған әскерімен, сән-сал-танатты әскери арбаға мінген III Антиох Бактрияға карай аттанды. Мыңдаған жауынгерлердің аяғының астынан шыққан шаң күнді көлеңкеледі. Евтидем де өзінің шағын әскерлерін алып қарсы жүрді. Бұлардың артықшылығы соғыс пілдері болды.

Алғашқы, бактриялықтар үшін сәтсіз шайқастан соң, Евтидем мықты бекіністі қаласына кіріп, берілмей, қорғануға көшті. Бактр қаласының бекіністі қорғаны мықты еді. Оның үстінен әскери арба еркін жүретін. Ал арбадағы жауынгерлер жауларға қарсы жебенің өлім бұлтын төндіре алатын.

Айлар өтті. III Антиохтың әскері қорған түбін таптаудан аса алмады. Осылайша жалықтырған екі жыл да өте шықты. Екі жақ бірін-бірі жеңе алмады. Ақыры III Антиох келіссөз жүргізу үшін елші жі-берді. Бактрия билеушісі ол елшіні салтанатпен қабылдай отырып, өзара келісімге келу кажеттігін дәлелдеді. Оның басты дәлелін ол өзінің қарсылас-тарын үрейлендіре отырып түсіндірді. «Шекарада көшпелілердің орасан зор күші түр. Ол сендерге де, бізге де кез келген уақытта қауіп төндіре алады. Тіпті, біздерді осы жердің өзінде құртып жіберуі мүмкін», деді. Шынында да көшпелілер бұлардың әрекетін бақылап отырған еді. Ақыры екі жақ келісімге келді. III Антиох әскерімен кері қайтты. Ал Евтидем өзінің ұрпақтарымен Бактрияны басқарып қала берді.

Аумағы қазіргі Тәжікстанның батысын,Өзбекстанның Сурхандария облысы мен Түрікменстанның шығыс өңірін, Ауғанстанның солтүстігін қамтыған. Бактрия туралы жазба мәліметтер «Авеста» кітабында, парсы патшасы Дари жаздырған «Бехистун» және «Нақш-и Рүстем» жазуында, т.б. кездеседі. Халқы негізінен егіншілікпен айналысқан. Бактрияны біздің заманымыздан бұрынғы 329–21 жылы Ескендір Зұлқарнайн жаулап алды. Кейіннен оның мемлекеті ыдырап, бактрияны біздің заманымыздан бұрынғы 250 жылдар шамасында жаңа Тохарстан мемлекеті құрылды. Батыс Еуропа тарихшылары оны Грек-Бактрия  патшалығы деп атады. Ол Орталық Азиядағы ежелгі ұлы мемлекеттердің бірі (б.з.б. 250 жылдар шамасы – б.з.б. 140/30 жылдар шамасы) болды.

Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдың ортасында Шығыс Түркістаннан келген Юечжи тайпалары Грек-Бактрия мемлекетін жойып, Кушан патшалығын орнатты. Бактрияда ірі қалалар, дәрісханалар, ғибадатханалар көп болған. Сол үшін ол «мың бір қала» мемлекеті деп аталған. Археологтардың жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Бактрияның Бактрия (Балх), Деметриас(Термез), Мараканда (Самарқанд), Антиохия-Эехата (Тәжікстан), т.б. үлкен қалалары білім және мәдениет орталықтары ретінде танылған. Онда Орталық Азия мен Грекия мәдениеттері тоғысып, жаңа (эллиндік) өркениет туындады. Бактрияда теңгелер құйылды, олардың бір жағына патша портреті, екінші жағына Рим құдайларының бейнесі бедерленіп, аты жазылды. Алтын және күміс қасықтар, легендер, алқаларда да құдайлар, өсімдіктер мен аңдар бейнеленді.

Грек-Бактрия патшаларының өз билігін солтүстікке қарай кеңейтуге ұмтылыстары онда мекендейтін көшпелі халықтар тарапынан мықты қарсылыққа кездесті. Оңтүстікке экспансия жеңілдеу болған тәрізді. Б.з.д. II ғасырдың бірінші ширегінде Грек-Бактрия патшасы Деметрий Гиндукуштен өтіп, «Үндістанды жаулап алды». Оның теңгелерінде алғаш рет грек жазуларымен қатар үнді жазулары да пайда болды.

Грек-Бактрия патшалығында гректердің (гректік өмір салты мен грек мәдениетін сақтаған адамдар, олардың гректердің ұрпағы болуы міндетті емес) жергілікті халықтан ерекшелігі өте айқын болды, атап айтқанда әлеуметтік өмірдегі барлық эллинистік институттар мен дәстүрлер, грек тілі және мәдениетінің басқа да көп элементтері сақталды. Француз археологтары Солтүстік Ауғанстан жерінде қазба жұмыстарын жүргізген Грек-Бактрия қалаларының бірі (Айханум қалашығы) акрополі мен агорасы бар, реттелген көшелері мен қоғамдық үйлері, пропилейлері, портиктері, колонадалары бар нағыз эллинистік қала болғандығы анықталды.

Жазба деректерде тек жеті ғана Грек-Бактрия патшалары көрсетіледі. Грек-Бактрия патшалығының негізін қалаушы I Диодоттың мұрагері оның ұлы II Диодот б.з.д. III ғ. 30-шы жж. билік құрды. III ғасырдың 20-шы жж. Евтидем патша тақты иеленді, ол  208-206 жж. III Антиохтың 2 жылға созылған қоршауына төтеп бере алды.

Б.з.д. ІІІ ғ. ең ақыры мен ІІ ғ. басында оның ұлы Деметрий патшалық құрды, ол Үндістанды жаулаушы ретінде даңқы шықты. ІІ ғ. 70-50 жж. өзін теңгелерінде «Ұлы» деп көрсеткен Евкратид билік құрды. Шығыста ерекше аты шыққан Бактрия патшасы Менандр болды. Эленистік Александрия қаласының (қазіргі Кабул қалысына жақын) маңында дүниеге келген ол өз иеліктерін Үндістанның ішкері аудандарына дейін, атап айтқанда Ганг алқабына дейін кеңейтті. Үнді дәстүріне сенсек Менандр буддизм дінін қабылданған.

Б.з.д. II ғасырдың 20-шы жж. шығыстан, Орталық Азияның түкпірлерінен келген көшпелілер Грек-Бактрия иеліктеріне қауіп төндірді. Б.з.д. I ғасырдың 70-ші жылдары да-юэчжи сюнну (ғұн) тайпаларынан жеңіліп қалғаннан кейін, батысқа қарай жылжиды. Бұл Орталық Азияның далаларындағы үстемдік үшін күрестің кезекті бір кезеңі болса керек. Ғұндар бұл жеңіс туралы естерінен шығармай, оны мақтаныш еткені деректер арқылы жеткен: ғұн көсемдері тохарлар қолбасшысының бас сүйегінен ыдыс жасап, оны ерекше бір салтанатты мерекелерде пайдаланған екен (мысалы, б.з.д. 47 жылы ғұн көсемі қытай императорының елшілерімен бітімге қол қойған кезінде осы ыдыстан шарап ішкен көрінеді).

Да-юэчжи Давань (Ферғана) арқылы өте отырып, Орта Азияға баса-көктеп кіріп, оның үлкен бөлігін өзіне қаратты. Қытай тарихшысының айтуы бойынша Бактриямен қақтығыста олар жеңіске жетеді және өздерінің қоныс орны ретінде Гуйшуй өзенінің (Амудария) солтүстік жағасын бекітті. Орта Азия мен Бактрия жөнінде деректер қалдырған Чжан Цянь дәл осы жерде оларды б.з.д. 128 ж. көргендігін жазады. Чжан Цянгоның көрсетуі бойынша да-юэчжилердің батыстағы көршілері - Парфия, оңтүстіктегі көршілері - Бактрия, ал олардың арасындағы шекара Амудария болған.

Чжан Цянның көрсетуі бойынша Бактрияда «халық саны миллионға жуық», «отырықшы өмір сүреді; қалалары мен үйлері бар; әдет-ғұрыптары даваньдықтарға ұқсас. Жоғарғы билеушілері жоқ, әрбір қаланың өз басшысы бар. Олардың әскері әлсіз, шайқаста қорқақ. Тұрғындары саудада шебер... Астанасы Ланьгай деп аталады. Бұл қалада әр түрлі тауарлары бар базар бар... оның көпестері Үндістанға саудамен барып тұрады, онда күн ыстық, адамдар пілдің үстінде шайқасады».

Чжан Цянның мәліметтері «Аға Хань әулеті тарихы» атты қытай хроникасында да келтіріледі, сонымен бірге онда да-юэчжилердің бес үйге бөлінетіндегі және солардың ішінде «кушандар үйі» (гуйшуан) де бар екендігі айтылады.



2.2 Б.з.б. IV - I мыңжылдықтардағы Бактрия мәдениеті


 Бақтрия қалаларынан солтүстікте Орта Азияның кіндігінде ежелгі Соғды елі жатты. Ол туралы жазба деректер парсы патшаларының сына жазбаларында, грек және араб авторларының шығармаларында көп кездеседі. Сол деректердің хабарлауынша онда диқандар, қолөнері шеберлері мен саудагер көпестер, тамаша музиканттар менбишілер тұрған. Бактриялықтардың негізгі кәсібі егіншілік болды. Әмударияның жоғары ағысы бойындағы және оның Сухандария, Кафирниган, Вахш сияқты салаларындағы жазықтарда егін егіліп, бау-бақша өсірілді. Ал таулы-үстіртті, далалы аймақтарда мал бақты. Бұл туралы ежелгі дәуірде тарихшы былай деп жазады: «Бактрия табиғаты әр түрлі: ондағы жүзім сабақтары ірі, әрі тәтті жеміс береді; суы мол өзендер ылғалсыз топырақты суғарады; өте құнарлы жерлер астық себу үшін өңделеді, қалғандары ірі малдардың жайылымына айналдырылған, бірақ жердің көп бөлігі — күнарсыз жазықтық».

Б. з. б. I мыңжылдықтың орта кезінде-ақ ірі елді мекендер мен қалалар болды. Оларда қолөнер жақсы дамыды. Қала тұрғындары тоқымашылықпен, қыш құмыра жасаумен, ұсталықпен айналысты. Әсіресе, зергерлік өнері, сәнді бұйымдар жасау ісі жоғары дәрежеге жетті.

Орта Азия жерлері ұзаққа созылған қарсылықтан кейін ғана Парсы мемлекетінің құрамына енді. Бактрия жері жеке бір сатраптық болып, алым-салық төлеп тұрды. Сөйтіп, жалпы парсылық даму жолына қосылды. Парсы мемлекетіндегі сауда қатынастарының дамуы Бактрияға да әсер етті. Тауар өндірісі мен сауда одан әрі дами түсті. Ел ішіндегі тыныштық отырықшы-егіншілер шаруашылығын қайта жандандыруға мүмкіндік берді. Ойпаттар мен жазық жерлерде, өзен аңғарларында арықтар мен каналдар казылды. Бидай, арпа сияқты дәнді дақылдармен қатар, бау-бақшаларда қауын-қарбыз, көкөністер, жүзім мен жеміс ағаштары өсірілді. Кейбір қалалар мықты қолөнер және мәдениет ошағы болды. Кірпіштен жасалған бекіністі қорғандармен қоршалды.

Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына қымбат көктастың (лазурит) өте ерте кезден табылған бірден-бір орталығы болуы да әсер етті. Б. з. б. I мыңжылдықтың озінде-ақ көктас сонау Египетке де белгілі болған. Ал ежелгі шумерлік Урук қаласының билеушісі Элам шығысындағы елге көктас алып келу үшін адам жіберген екен. Ол туралы шумерлік дастандадарда баяндалады. Ал парсылар өктемдік еткен кезде көктас бүкіл шығыс елдеріне тарайды. Ол Бактриядағы Бадахшан жерінен көптеп өндіріле бастайды. Парсы патшалығының құрамында бола отырып бактриялықтар өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалды. Олар бұрынғыдай кеудесіне жейде киіп, белдік тақты. Бастарына тақия тәрізді, кішірек дөңгелек қалпақша киді. Кезіндегі сақтар сияқты, бактриялықтар да парсы әскерінің қуатты күші ретінде көрінді. Көптеген шешуші шайқастарда ерлікпен көзге түсті.

Б. з. б. IV—III ғасырларда Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды. Сондықтан да ол кездегі Бактрия патшаларын бак-триялықтар «мың қаланың билеушілері» деп атаган. Бактрияда дамыған қалалық өмір болды. Қолөнер кәсібі жетіле түсті. Сауда дамыды. Қала көшелерінде қолөнер шеберханалары қатарласа орналасты. Шеберлер алтын мен күмістен, әр түрлі металдардан, көктастан (лазурит) сәндік бұйымдар, еңбек құралдары мен қару-жарақтар жасады. Қыш құмыра жасаушылар, тоқымашылар, аспаздар, шарап және гүл сатушылар еңбек етті. Өздерінің жасаған заттарын сол жерде сатты. Сырттан қараған адамға қолөнершілер көшелері әрі үлкен шеберхана, әрі базар сияқты болып көрінетін.

Қалалардың сыртын биік дуалды қамал қоршап тұрды. Қамалдарда мұнаралар жиі орналастырылды. Ол мұнаралардан сырттан келген жауды қадағалап, оларға тойтарыс беріп отыратын.

Сарайлар мен үйлер кірпіштен, тастан жасалды. Бактр қаласы елдің астанасы ретінде әлемге әйгілі еді. Онда үлкен базар болды. Ол базарда елдің әр түкпірінен келген сауда керуендері өз тауарларын сататын. Саудагерлер сонау Грекиядан, Египеттен, Үндістан мен Қытайдан, сақтар жерінен келіп жататын.

Александр Македонскийдің Орта Азиядағы жаулап алулары баянсыз болды. Ол қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Орта Азияда дербес мемлекеттер пайда бола бастады.





































Қорытынды

















































Әдебиеттер тізімі


1. Э. Ртвеладзе. Александр Македонский в Бактрии и Согде, Т., 2002
2. История кыргызов и Кыргызстана. - Б..2000
3. Коровчинский И. Н. 2007: Культы эллинистической Бактрии (на материалах «храма с уступчатыми нишами» в Ай-Ханум и храма Окса в Тахти-Сангине): Авт. дисс… к.и.н. М.
4. Литвинский Б. А. Храм Окса в Бактрии (Южный Таджики­ стан). Т.Н. Бактрийское вооружение в древневосточном и гре­ ческом контексте. М, 2001.

5. Шеркова Т. А. Египет и Кушанское царство. М., 1991.

6. Кузьмина Ε. Е. К вопросу о формировании культуры Северной Бактрии («Бактрийский мираж» и археологическая действительность) // БДИ. 1972. №1. С. 146.

7.Дандамаев Μ. Α., Луконин В. Г. Культура и экономика Древнего Ирана, 1980. С. 313.
8. Якубовский А. Культура и искусство Средней Азии. Л., 1940. С. 9; Массон В. М. Древнеземледельческая культура Маргианы // Материалы и исследования по археологии СССР. Вып. 73. М.; Л., 1959. С. 159.
9. Дандамаев Μ. Α., Луконин В. Г. Культура и экономика Древнего Ирана. С. 263.

10. Пичикян И. Р. Культура Бактрии. Ахеменидский и эллинистический период. М., 1991. С. 200.

11.  Пичикян И. Р. Культура Бактрии. С. 204.

12. Литвинский Б. Α., Пичикян И. Р. Эллинистический храм Окса в Бактрии (Южный Таджикистан). Т. I: Раскопки. Архитектура. Религиозная жизнь. М., 2000. С. 373.

13.Пугаченкова Г. А. К архитектурной типологии в зодчестве Бактрии и Восточной Парфии // ВДИ. 1973. № 1. С. 130.

14.Бернар П. Древний греческий город в Центральной Азии //В мире науки. М., 1983. № 1. С. 81.

15. Шлюмберже Д. Эллинизированный Восток. Греческое искусство и его наследники в несридеземноморской Азии. М., 1985. С. 15

16.  Кошеленко Г. А. Греческий полис на эллинистическом Востоке. М., 1979. С. 155.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
11487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі