Материалдар / Парниктік эффект.Әлемдік жылыну
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Парниктік эффект.Әлемдік жылыну

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдік жылу көздерін зерттеу Парниктік эффектілердің түрлерімен танысу.
Авторы:
22 Мамыр 2023
553
22 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Әлемдік жылыну, парниктік эффект.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың экология саласы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

Дамытушылық: Оқушыларды табиғатты аялауға дәріптеу. Тақырыптың өзектілігін анықтап, талдай алу.

Тәрбиелік: Табиғатттағы құбылыстардың, энергияның негізгі көзі ретінде, табиғатымыздағы құндылықтарды талдайдығ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, видео, кеспе қағаздар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

    • Оқушылармен амандасу

    • Түгендеу

    • Сергіту сәті «От, су,ауа» Мұғалім көрсеткен мимикаларды қайталау арқылы, оқушы ой сергітеді. 2минут

    • Топқа бөлу («Табиғат» тобы, «Ғаламшар» тобы)


Оқушылардың зейінін сабаққа бейімдеу: «ClassTools» (оқушылар Class Тools әдісі арқылы арнайы бағдарламадағы, генератор арқылы 2 топқа бөлінеді)


«Қызықты бағдарлау» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру:

1- топқа.

Ауа-райы болжамы видеокөрсетілім көрсетіледі, сол арқылы шартты белгілерді салады.


2-топқа.

Шартты белгілер арқылы, ауа- райы болжамын айтады.


ІІ.Негізгі бөлім.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттын оны айтатын тілі жоқ»

Бүгінде ғаламшарымыздың бейнесі қандай? Табиғат қорғай алдық па?

Оқушыларға тақырыпты ашу үшін, фотосуреттер көрсетіледі.



Оқушылар фотосуреттер арқылы өз ойларын айтады.


Сабақ барысы:

Ғаламдық антропогендік әсердің сипаттамасы. Адамның қоршаған ортаға әсері, негізінен, кері сипатқа ие. Адам өнеркәсіптік технологияларды пайдаланбай тұрып, оны білген де жоқ. Себебі табиғи экожүйелердің өздігінен қалпына келуі есебінен орны толып отырды. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) заманы басталғанда ғаламшардағы жағдайлардың өзгеруінде антропогендік факторлардың рөлі басым бола бастады.
  Халық санының артуы қалпына келетін әрі қалпына келмейтін табиғат ресурстарын пайдалану ауқымын арттырады. Мысалы, неолит заманында жерде өмір сүретін адам санын екі есеге көбейту үшін 2500 жыл, 1900 ж. – 100, ал 1960 ж. – бар-жоғы 35 жыл кетті. Нәтижесінде 2/3 африкалық тропиктік орман жойылды, Солтүстік Америка аумағындағы орман ауданы едәуір қысқарды. Еуропа мен Жерорта теңізі елдерінде топырақты эрозиядан қорғайтын өсімдік жамылғысы жойылып жатыр. Еуропаның халық тығыз қоныстанған, бұрын осындай құбылыстар байқалмаған аудандарында да күшті су тасқыны жиілеп кетті. Көптеген елдерде кесілген орманды қалпына келтіру оларды кесуге қарағанда бірнеше есе баяу жүріп жатыр.


 Ғаламдық жылыну себептері. Қоршаған орта – ауа, су, жер жоғары қарқынмен ластануда. Ауаға көмірқышқыл газының көп мөлшері шығарылуда, оның жинақталуы жылыжай эффектісінің пайда болуына апарып соғады. Неге атмосферада көмірқышқыл газы мөлшерінің арту проблемасы енді өзекті болып отыр? Оны негізгі шығарушыларға қара металлургия кәсіпорындары, отын жануының барлық үдерістері, шіру үдерісі (халық саны артқан сайын малшаруашылығы қалдықтарының мөлшері едәуір артты), орман өрттері, жанартау атқылауы жатады.


Жаңа тақырып «Әлемдік жылыну парниктік эффект»

https://youtu.be/TZb-Aik1nSA


Экожүйе- ғаламдық жылынуды басты бағдары. Табиғаттағы ауа айналымы.







 Ғаламдық жылыну салдары апатты болуы мүмкін. Соңғы жылдары Жер температурасы 1°С-қа көтерілді. Ол мұздықтардың тез еріп, дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне және құрлықтың зор аумағының су басуына апарып соғуы ықтимал. Климаттың жылынып жатқанына ешкімнің күмәні жоқ. Біздің ғаламшарымыз үнемі үздіксіз «ғаламдық климаттық өзгерістер» жағдайында тұр. Бұл үдерістер лезде жүзеге аспайды, бірақ таудан түсіп келе жатқанда біртіндеп жылдамдық жинап алып, басқарылмай қалатын арба сияқты күшейіп, жылдамдауы мүмкін. Егер жылыну жалғаса берсе, мұздықтар еріп, дүниежүзілік мұхит деңгейі көтеріліп, мұхит ағыстары өзгеруі ықтимал. Жер бетінің қызуы оның бетінің шағылыстырғыш қабілетіне байланысты екенін ескерсек, мұздықтар жойылса, Жер одан да тезірек қыза бастайды. Себебі мұз суға қарағанда үлкен шағылыстырғыш қабілетке ие. Бірақ судың құрлыққа қарағанда қабілеті зор. Көмірқышқыл газы СО2 сияқты қатты бөлшектердің атмосферада әрі қарай жинақталуы «жылыжай эффектісіне» тек белгілі бір деңгейге дейін апарып соғады. 

Парниктік эффект деген не?

https://youtu.be/MgkdmYb_vMc



1 тапсырма: «INSERT» Vortex Game бағдарламасымен. 6минут

(Оқушыларға фотосуреттер ілінеді, сол арқылы жаңа сабақты талдайды.Және талдауды интербелсенді тақтада Vortex Game бағдарламасы арқылы тексереді )

1 топ- Фотосинтез процессі арқылы ауа айналымын талдайды.

Фотосинтез (көне грекше: φῶς — "жарық" және σύνθεσις — "синтез") - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 миллиард тоннадан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұл кезде олар 200 миллиардтай СО2 сіңіріп, оттегі бөледі.

Тыныс алу және фотосинтез Ағзалар тыныс алғанда қоректік заттар толық ыдырау үшін оттегі қажет екендігі баршамызға белгілі. Тыныс алудың ең соңғы өнімі – көміртегі оксиді су жене бос энергия. Бұл соңғы өнімдер — фотосинтезге қажеттi негiзгi қосылыстар болып табылады. Сондықтан, тыныс алу фотосинтез кезiндегi энергияны жоққа шығарады. Алайда, тыныс алу кезiнде жұмсалған пайдалы энергия фотосинтез кезiндегi алынған күн энергиясынан аз болатындығын төменгi тiзбектен көруге болады.Энергияның ең көбi — күн сәулесiнiкi, қоректiк заттар одан аз, ең азы көмiртек оксидi, су жене оттегi. Фотосинтез көпсатылы күрделi әрекет.

Shape1 2топ – Көмірқышқыл газының бөлінуі.Парниктік эффектіні анықтайды.

Көмірқышқыл газы.Жер атмосферасының табиғи құрамының бөлігі болып табылады. Ол жылыжай санатына жатады, яғни планетаның бетіндегі жылуды сақтауға көмектеседі. Оның түсі де, иісі де жоқ, сондықтан уақытында шамадан тыс концентрацияны сезіну қиын. Сонымен қатар, ауада 10% немесе одан көп көмірқышқыл газы болған кезде тыныс алу қиындықтары өлімге дейін басталады.

Парниктік эффект механизмін кім ашты? Бұл анықтаманы алғаш рет 1827 жылы Дж. Фурье қолданған. Осы тақырыпта ол ұзақ мақаланы жазды, онда ол Жер климатының қалыптасуының әртүрлі схемаларын қарастырды. Алдымен Фурье жер атмосферасының оптикалық қасиеттері әйнектің қасиеттеріне ұқсас деген идеяны алға тартып, растады.

Парниктік газдар - бұл планетаның жылу радиациясын ұстап алатын бірнеше газдардың ұжымдық атауы. Көрінетін диапазонда олар инфрақызыл спектрді сіңіре отырып, мөлдір болып қалады. Парниктік газдардың нақты формуласы жоқ. Олардың пайыздық қатынасы үнемі өзгеріп отыруы мүмкін. Парниктік газдар қандай газдар?



2 тапсырма: «NEW CENTURY» (Жаңа ғасыр)

1.Метеостанция NASA жер серігінің болжамдық тапсырмасы.

Болашаққа болжам Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4, 5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0, 5 -1, 5 м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100 ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2 метрге дейін көтереді. Ал бұл 5 млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.





2. Аурухана операциялқ бөлім.

Парниктік эффекттің салдары ең алдымен климат пен қоршаған ортада көрінеді, бірақ оның адам денсаулығына әсері кем емес жойқын сипатқа ие. Бұл уақыт бомбасы сияқты: көптеген жылдардан кейін біз оның салдарын көре аламыз, бірақ ештеңені өзгерте алмаймыз. Ғалымдардың болжауынша, қаржылық жағдайы төмен және тұрақсыз адамдар ауруға жиі ұшырайды. Егер адамдар ақшаның жетіспеушілігінен тамақтанбайтын болса және кейбір азық-түлік тапшылығы болса, бұл тамақтанбауға, аштыққа және аурудың дамуына әкеледі (асқазан-ішек жүйесі ғана емес). Парниктік эффекттің әсерінен жазда аномальды жылу пайда болатындықтан, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларымен ауыратындар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан адамдарда қан қысымы жоғарылайды немесе төмендейді, инфаркт және эпилепсия ұстамалары пайда болады, естен тану және жылу соққылары пайда болады.

3 тапсырма: «Statr Up»әдісі.


Дескрипторлар: Ватман, маркер, стикер,магнит т.б заттар.

Тапсырма: Оқушылар табиғатты қорғау барысында тұрмыстық заттарыдың экологиялық таза қоспасыз түрін дайындайды. Жоба етіп ұсынады.

Мысалы: Полэтилинді пакет орнына, экосөмкелер қолдану. Қалдықтарды қайта өңдеу т.б


Сабақ соңы: Видеокөрсетілім

Оқушылар табиғатқа өз тілектерін арнайды.


Үй тапсырмасына:

Ақтөбе облысындағы экологиялық аймақтардың ауа температурасын көрсету.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!