Материалдар / Парсы шығанағындағы араб монархиясының даму ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Парсы шығанағындағы араб монархиясының даму ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Парсы шығанағындағы араб монархиясының даму ерекшеліктері мемлекетінің биполярлық әлемдік саясаты жайлы айтылған. Халықаралық катынастың ықпалы, аймақтық жөне жаһандық қауіпсіздік мемлекеттердің саясатын, қауіпсіздікті сактау мақсатында күштердің жаңа аймақтық орталықтарының құрылуы мен саяси өзгерістерді атап көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Парсы шығанағындағы араб монархиясының даму ерекшеліктері

Теги: Парсы шығанағы, монархия, мәдениет, Араб әлемі, Араб шығысы, ПШАМЫК., Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, геосаясат, халықаралық катынас,

Автор: Тилеубаева Г.П. магитрант Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.


Андатпа

Мақалада Парсы шығанағындағы араб монархиясының даму ерекшеліктері мемлекетінің биполярлық әлемдік саясаты жайлы айтылған. Халықаралық катынастың ықпалы, аймақтық жөне жаһандық қауіпсіздік мемлекеттердің саясатын, қауіпсіздікті сактау мақсатында күштердің жаңа аймақтық орталықтарының құрылуы мен саяси өзгерістерді атап көрсетеді. Парсы Шығанағындағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесі (ПШАМЫК) құрылуы және оның құрамына Сауд Арабиясы, Бахрейн, Қатар, Кувейт, БАӘ және Оман кіретін субаймақтық ұйымның маңызы мен құрамындағы мемлекеттердің халықаралық деңгейдегі сыртқы саяси стратегиясы түсіндірілген. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб мемлекеттері жүйесіндегі Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағы бірқатар факторлармен – экономикалық, географиялық және геосаяси, саяси, әскери, демографиялық және аймақтық саларының дамуы жайлы қарастырылған.


Аннотация

В статье рассматриваются особенности развития арабской монархии в Персидском заливе, биполярная мировая политика государства. Влияние международных отношений, региональной и глобальной безопасности подчеркивает политика государств, создание новых региональных центров сил для поддержания безопасности и политических изменений. Были разъяснены создание Совета сотрудничества стран Персидского залива (ССАГПЗ) и значение субрегиональной организации, в которую входят Саудовская Аравия, Бахрейн, Катар, Кувейт, ОАЭ и Оман, а также внешнеполитическая стратегия ее государств-членов на международном уровне. В современной системе международных отношений Ближний Восток и Северная Африка в системе арабских государств рассматриваются по ряду факторов - экономических, географических и геополитических, политических, военных, демографических и предусмотрено для развития региона.


Аnnotation

The article discusses the features of the development of the Arab monarchy in the Persian Gulf, the bipolar world policy of the state. The influence of international relations, regional and global security emphasizes the policy of states, the creation of new regional centers of power to maintain security and political change. The creation of the Gulf Cooperation Council (GCC) and the significance of the sub-regional organization, which includes Saudi Arabia, Bahrain, Qatar, Kuwait, the United Arab Emirates and Oman, as well as the foreign policy position of its member states at the external level, were explained. In the modern world of international relations, the Middle East and North Africa in the world of Arab states are considered according to a number of factors - economic, geographical and geopolitical, violations, military, demographic and envisaged for the development of the region.

Кіріспе

Араб елдері аумағында әртүрлі этнос өкілдер (араб, бербер, туркоман, курд, ар­мян, ассириялықтар), конфессиялар (мұсылман және христиан), исламның әртүрлі бағыттарының болуы (сунниттік мен шейіттік ағымның басымдылығы), этникалық және конфессия аралық негізде орын алған қарулы қақтығыстар мен шиеленісті ушықтырудың жасырын қақтығыстық потенциалына ие. ХХ ғасырдың 50-жылдары тәуелсіздіктеріне қол жеткізгеннен бергі кезеңде араб әлеміне кіретін мемлекеттер ауқымды сілкіністерді басынан өткізе, әлемдік қауымдастықтың қашанда назарында. Таяу Шығыс немесе араб шығысы секілді бірде-бір аймақ әлемдік саясат назарын өзіне соншалықты терең аудартқан емес. Аймаққа деген ерекше назардың болу себебі де,  араб елдерінің дүние жүзіндегі маңызды стратегиялық орнымен сипатталып, аймақтағы негізгі әлемдік көмірсутегі қорының шоғырлануымен ғана емес, су, құрлықтық, әуе желістерінің тоғысуы, құрлықтар мен өркениеттердің бірігуінің де аумағы ретінде геосаяси параметрлерге де  бағынуымен сипатталады. Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс мемлекеттерiндегі саяси оқиғалар таралымы қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңдік жүйесінің қалыптасуына негіз болуы мүмкін делінетін жаңа алғышарттар қалыптастыруда. Халықаралық ақуал және геосаяси ортаны өзгеруде түрліше әсер етеді. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан Солтүстік-Шығыс Азияға дейін тұрақсыздықтың алып белдеуі созылып жатыр. Күштердің ара салмағы жаһандық деңгейде де, сонымен қатар, Жер шарының жекелеген аймақтарында да елеулі өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі халықаралық қатынастар сараптамасына «араб көктемі» атты атаумен енген араб тектес мемлекеттердегі саяси тұрақсыздық геосаяси бетбұрыстар белесін өзгертіп, аймақтың әлемдік саясат жүйесіне жаңаша түзілу әкелетіндей үдерістерді тудырған болатын.  Алайда, әлі де болса аймаққа қатысты геосаяси өлшемдер қандайда бір анықтамалар ауқымына сай келмей тұрғаны.

Парсы шығанағы (парсы خلیج فارس [Халидж-е-Фарс]; араб елдерінде — араб.الخليج العربي [Әл-халидж-әл-Араби] — Араб шығанағы) — Иран мен Араб түбегінің арасындағы шығанақ. Ормуз бұғазы арқылы Оман шығанағы, Араб теңізі және Үнді мұхитына шығады. Гидрологиялық режим бойынша жерорта теңізі болып табылады. Шығанақтың ауданы — 239 000 км², Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 926 километрге созылған, ені — 180—320 км. Көпшілік бөлігінде тереңдігі 50 м-ге жетпейді, ең терең жері 115 м. Ең ірі аралдары: Кешм, Бубиян, Бахрейн. Парсы шығанағының ауданы бай мұнай қорына байланысты геосаяси тұрғыдан өте маңызды. Осыған орай 1991 жылғы соғыс Парсы шығанағы соғысы деп аталды (негізгі қақтығыс құрлықта болғанымен) тектоникалық иінінде жайласқан. Жағалауларына жақын жатқан аралдар (Бахрейн, т.б.) көп, оңтүстік бөлігінде маржан рифтері таралған. Субтропиктік ендіктердегі орнына және қатты қызатын құрлықтың әсеріне байланысты суының температурасырасы мен тұздығы жоғары. Шығанақтың түбінде және оған іргелес аудандарда мұнайдың дүние жүзі бойынша орасан зор қоры шоғырланған. Ол Парсы шығанағының мұнайлы-газды алабын құрайды. Балық аулау, меруерт жинау дамыған. Кеме қатынасы үшін маңызы зор. Басты порттары: Басра (Ирак), Абадан, Бендер-Шахнур (Иран), Әл-Кувейт (Кувейт), Рас-Паннура (Сауд Арабиясы), Манама (Бахрейн), Умм-Саид (Катар). [1]

Парсы шығанағы елдері мұнай қорына бай. British Petroleum кампаниясы құрастырған  2007 ж. «әлемдік энергетиканың статистикалық шолуына» сәйкес, ауқымды көмірсутегіне ие болып отырғандар: Сауд Арабия (264,3 млрд. баррель немесе 21,9 % әлемдік қор), Ирак (115 млрд. баррель немесе 9,5 %), Кувейт (101,5 млрд. баррель немесе 8,4 %), БАӘ (97,8 млрд. баррель немесе 8,1 %) [3]. Бұл деген әлемдік қаржы нарығында жетекші рөл ойнайтын мұнай өндіруші елдердегі валюта ағынын қалыптастырады. Бұл елдерде бір жақты экономиканың дамуы орын алып отыр, одан туатын азық түлік, көлік құрылысы өнімдері мен жоғары технологиялық тауарлар импортына тәуелділіктен туатын мәселелерді күрделендіру. Араб елдері мемлекеттерінде 57 % су көздерін араб емес мемлекеттерден алуға тәуелділік бар. Су жетіспекпеуінен  шөлейттену етек алуда. Аймақтық емес халықаралық ұйымдарға қатысуы тұрғысынан,  Саудия ғана әлемнің жетекші елдерінің «үлкен жиырмалығына» кіреді. Сонымен бірге араб елдері ЛАГ, Ислам Конфе­ренциясы Ұйымы, ОПЕК және мұнайды экспорттаушы-елдер Ұйымына мүше. Араб елдерінің ешқайсысы  НАТО-ға кірмегеніне қарамастан, бірқатар мемлекеттері (ең бірінші кезекте Египет, Марокко, Иордания, Парсы шығанағы елдері) АҚШ-пен көп жылғы тығыз әскери –саяси ынтымақтастықта. Сирия аймақтық күштер орталығы рөліне үміткер Иранмен ерекше қатынаста. Солтүстік Африка мен Батыс Азияда орналасқан араб елдері Еуропалық Одақтың Жерорта теңіздік жобасы ауқымында белсенді серіктесі екені белгілі.

Парсы Шығанағындағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесі құрамына алты араб монархиясы (Сауд Арабиясы, Бахрейн, Қатар, Кувейт, БАӘ және Оман) кіретін субаймақтық ұйым. GCC 1981 жылы 4 ақпанда құрылды және өзінің бірінші саммитін 1981 жылы 25 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткізді. Содан бері саммиттер жыл сайын жиналып келеді.[2]. Парсы Шығанағындағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесінің (бұдан әрі ПШАМЫК ) құрылуы туралы шешім 1981 жылы эр- Риядта өткен сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданған. Парсы шығанағының құрылуына Парсы шығанағы елдерінің географиялық жақындығы және ережелерінің, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының ұқсастығы ықпал етті.


Кеңестің негiзгi мақсаттары мiндеттерi:

Мәмлекеттер арасындағы бірлік мақсатпен барлық жағынан жетістіктерді үйлестіреді, бірктіруді жане озара байланыстыруды жүзге асыру. Әртүрлі жерлерде өз халықтары арасында қалптасқан қарым-қатынастарды, байланыстарды және ынтымақтастықты терендету және нығайту. Әр түрлі ықтимал позицияларда соның ішінде:

Экономикалық және қаржылық істер

Сауда, кеден және байланыс

Білім және мәдениет

Әлеуметтік және денсаулық мәселелері

Ақпарат және туризм

Заңнамалық және әкімшілік мәселелер

Кеңестің жоғарғы органдары Жоғарғы Кеңес, Министрлер Кеңесі және Бас Секретариат. Жоғарғы кеңес ұйымның сара жолын белгілеумен, ПШАМЫК-ке мүше-мемлекеттердің халықаралық деңгейдегі сыртқы саяси стратегиясын айқындаумен айналысады, ПШАМЫК қабылдаған заң жобалары мен басқа да нормативтік-заңдық құжаттарды бекітеді. Ал ұйымның үкімет басшылары деңгейіндегі жұмысшы органы – ПШАМЫК Министрлер кеңесі. ПШАМЫК құрылымында 24 тұрақты комиссия бар, олар ынтымақтастық пен өзара көмек салаларындағы сан алуан мәселелерді қарайды. ПШАМЫК Бас секретариаты Эр-Рияд қаласында орналасқан [2, 138-139].

Парсы Шығанағы елдерінің қауіпсіздік саласындағы алғашқы қадамдардың үйлестірілуі 1976 жылы Маскатта өткен конференцияда алдыға тартылды [8, 36-37б].

2020ж 20 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясында Иран президенті Хасан Рухани оптимистік атаумен Ормуз бейбітшілік ұмтылысын (HOPE) ұсынды. Роухани жоспарды ашқаннан кейін Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында қауіпсіздік, бейбітшілік, тұрақтылық пен ілгерілеуді сақтау Иранның тарихи жауапкершілігі болып табылады және барлық жағалау елдері «ҮМІТ үшін коалицияға» қосылуы керек деді. Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерін де ұзақ бейбітшілікке қол жеткізу үшін ұжымдық диалогқа қатысуға Тегеран шақырды. [4]. Сондай-ақ, ұйымға мүше елдердің азаматтарына экономикалық қызметке, капиталын салуға, жылжымайтын мүлікті меншікке алуға, кедендік алымнан босатылыуы және т.б. шаралар капиталдың мен еңбек ресурстарының айналымына алғышарттар салған болатын [7].

Ынтымақтастық Кеңесінің құрылуы араб монархияларының экономика мен информация саласындағы, ал ирандағы «ислам революциясы» мен Меккедегі оқиғадан кейін (1979 жылы қараша-желтоқсан айларында фундементалистік топ Джухаймана аль-Отейби Меккедегі қасиетті мешітті басып алады) қауіпсіздік саласындағы көпжылдық жұмысының арқасында әзірленді. Интеграция бағытында ПШАМЫК құрамындағы мемлекеттер көптеген біріккен компаниялар ұйымдастырады: 1973 жылдың наурызында - «Галф эйр», 1975 жылдың желтоқсанында - «Галф интернэшнл бэнк», 1976 жылы

«Араб шиллинг компани» және Шығанақ елдерінің инвестициялық ұйымы - “Галф индастриал инвестмент организейшн”. Ал 1977 жылы Ирақпен бірлескен өндірістік даму бойынша консультациялық ұйым құрылды. Осы кезеңде сауда, ақпарат, өндіріс және ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесулері өткен. 1970 жылдардың соңына қарай ақпарат саласында бірлескен компания - “Галф ньюз” және “Галф телевижн” ашылды [3, 22-23]. ПШАМЫК құрамындағы елдердің мемлекеттік құрылымындағы ұқсастық (абсолюттік монархиялар), бір этникалық топқа жататындығы, мұнай қоры табылғаннан кейінгі экономикалық дамуындағы ұқсастықтар ұйым құрылуын жеңілдеткен факторлар ретінде танылады. Араб елдері, ортақ геосаяси, лингвистикалық, мәдени және діни кеңістік, Солтүстік Африка мен Батыс Азияның 14 млн. шш2  аумағын алып жатқан кеңістік. Араб елдеріне  22 араб мемлекеттері Лигасына мүше-елдер, яғни Алжир, Бахрейн, Джибути, Еги­пет, Иордания, Ирак, Йемен, Катар, Комор аралдары, Кувейт, Ливан, Ливия, Мавритания, Марокко, Біріккен араб әмірліктері, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия, Сомали, Судан, Тунис және егеменді мемлекет құруға қол жеткізе алмай отырғанына қарамастан Палестиндік ұлттық әкімшілікті жатқызады. Сонымен бірге Джибути, Комор аралдары, Мавритания, Сомали, Суданда арабтардың тұрғындардың аз бөлігін құрайтын факторы да бар. Әрбір араб елінің сыртқы саяси ресурстары халықаралық аренада нәтижеге қол жеткізуге бағытталған сыртқы саясатта әрекетті жүзеге асырудағы құрал болып табылады. [9].

Қазіргі таңда ПШАМЫК құрамындағы елдермен Нұр-Сұлтанда, 2021 жылғы 12 қазан - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің алтыншы кездесуі аясында Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Н. Әл-Хаджраф арасында жұмыс кездесу өтті. Кездесуге сондай-ақ аталған Кеңестің төраға-елі болып табылатын Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі А.Әл-Заяни де қатысты. Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб әлемінің қалыптасуын анықтауда оның кезеңдену сипатына сай бағамдау орынды.

·  Бірінші кезең ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан 90-шы жылдарын

·  қамтиды. Бұл кезең тәуелсіздікке ие болу және мемлекеттілік қалыптастыруды сипаттайды.

·  Екінші кезең өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басы және ХХІ ғасырдың алғашқы жылдары. Бұл кезеңде араб әлеміндегі шашыраңқылық басталып,  Ирак және Кувейтке барлық салдарымен туындаған басқыншылық, ең бастысы араб бұғазы аудандарына американдық әскерлердің енгізілуі және аймақтағы келесідей «Шөлдегі қалқан» (1990-1991 жж.) және «Шөлдегі дауыл» (1991 ж.) әскери әрекеттер орын алды.

·  Үшінші кезең маңызды сипат ретінде орын алған «Араб көктемі» оқиғасымен өрбиді. 2011 жылдың қаңтарынан басталған бұл кезеңді қорытындылау тұр ғой, оның нәтижелерін  алдын-ала бағамдаудың өзі қиын. Бұл кезең қазіргі кездегі араб тарихының дамуының соңы емес екені анық. 2011 жылдың басындағы тұтанған оқиға, араб әлемінің геосаяси сипатын әлі де болса келтіріп тұр. Араб елдеріндегі Тунистің, Египеттің, Ливияның, Бахрейннің, Йеменнің және Сирияның «Көктемінің» саяси әртүрлігі болғанымен де, олардағы орын алған оқиғалардың бір уақытқа сәйкес келуі кездейсоқ емес және қақтығыстардың ішкі себебі мен оларға ықпал етуші сыртқы жағдайлар бойынша да көптеген ортақтықтарға ие.

Тунис – «араб көктемінің» бастау тұғыры іспетті. Буазизидің қазасынан кейінгі кедейшілік пен жұмыссыздық жайлаған ел  халқының үні күш алады. Зин эль-Абидин Бен Али 2011 жылдың 14 қаңтарында елдегі зорлықтың өршуінен кейін елді басқарудан бас тартып, елден кетуге мәжбүр болды. Бен Али сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін сырттай  35 жылға түрмеге қамалу үкіміне кесіледі. Сол жылдың 17 қаңтарында құрылған  уақытша үкімет құрамына құлаған жүйе өкілдерінің етіп кетуі де елдегі қарама-қайшылықты шиеленістіріп жібереді. 2011 жылдың 23 қазанындағы сайлауда ұзақ уақыт тыйым салынған «Қайта өрлеу-аль Нахда» партиясы болса 41 % дауыс жинайды.

Тунистің ішкі саяси дамуына ықпал еткен сыртқы саяси өзгерістер 2005 жылы Тунис республикасы Американың «Транссахарлық контрлаңкестік инициативасына» қосылуымен де жаңаша мазмұнға ие болғандай еді. Ғасырлар тоғысында Тунис Мағриб елдері мен Арабтық Шығыстағы біршама тұрақты мемлекет саналған болатын. Тунистің сыртқы саясатында салмақ оның Батыс елдерімен жан жақты қарым-қатынас орнатуына бағытталған. Алайда, тунис-американ қатынасы біржақты қорытындыға жинақталмаған, палестин және ирак оқиғалары елдің араб тұрғындары арасында үлкен резонанс алады. Бауыр ислам халықтары үшін олар Құрама Штаттарға қарсылық көрсетіп, әртүрлі дәрежедегі басқосуларда, съездер мен жиналыстарда өткір сыни көзқарастарын көрсетеді. Соңғы жылдардағы өзгерістер қарқыны дәлелдегендей, тунис-американ диалогына деген қажеттілік араб әлемі үшін нақтылаған американ үкіметінің асқақ армандары бағыт ауқымды етер еді деген ойлар да туындайды. Тунис басшылығы НАТО ның Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріне қарай әскери-саяси жақындауын қолдай отырып, Мавритания, Египет, Израиль, Марокко, Иордания мен Алжир секілді аймақ елдерімен бірлесе, «Бейбітшілік үшін серіктестік» секілді бағдарламаға ұқсас бағдарлама аяында Солтүстікатланттық альянспен ынтымақстық мәселелерін қарастыруға ат салысқан еді. [10, 57-б.].

2011жылдың  25 қаңтарында басталған Египеттегі халықтық көтеріліс  Хосни Мубарак билігін аяқтады, 12 ақпанда Мубарак үкіметті Жоғары әскери кеңеске табыстады. 2012 жылғы маусымдағы президенттік сайлауда Мухаммед Мурсидің «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүшелері 51% дауыс жинады.  Ливияда да Муаммар Каддафи жүйесіне қарсы толқу белең алды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ливияға араласуды санкциялайтын 17-наурыздағы қарары қабылданған кейін-ақ, НАТО қолдауына сүйенген оппозициялық қарулы күш үкіметке қарсы соғысын бастап кеткен еді. Оппозиция құрған Ұлттық өтпелі кеңес шілде де, халықаралық қоғамдастық тарапынан Ливияның заңды үкіметі ретінде мойындалады. 2011 жылдың  20-қазанында Сиртте Каддафи өлтіріледі. Қарулы топтар мен бұрынғы жүйе жақтастары арасындағы қақтығыстардың арқасында мемлекеттегі тұрақтылық әлі де алыс белеске айналуда. [8]. Араб шығысының басты мәселесі, саясидан гөрі, идеялық сипатта секілді. Басқаша айтқанда араб әлеміндегі дағдарыс, ол идеялық дағдарыс па деген де ой туады. Себебі, көптеген араб мемлекеттерінде адамдар арасындағы бұрыннан келе жатқан идеялық қақтығыс үстем. Екі идеялық топтағы адамдар арасындағы тарихи жікті көзқарас араб ісіне сыртқы күштердің араласуына үнемі ашық болған идеялық қақтығыс, османдық империяның құлау кезеңінен өмір сүріп келеді. Идеялық тартыс біркелкілік мәселесімен астасқан. Араб қоғамының бір бөлігі біркелкілікті ұлттық тұтастық, немесе нақты бір мемлекет пен мәдениетке тиесілі болумен негіздейді. Екіншілері, біркелкілік ұлт үсті, немесе мемлекет ауқымынан шыққан, діннің ортақтығын ғана негіздейтін көзқарасты айтушылар. Бірінші топтың өкілдері үш бірлікті: тілді, жерді, тарихты жариялайтын зайырлы қоғам құруды насихаттаса, екінші топ өкілдері діни исламдық мемлекет құру идеясын айтады. Діни идеологияның өкілдері Египеттегі соңғы ішкі саяси дағдарыстан кейін белгілі болғандай, араб мемлекеттері арасындағы шекараларды мойындағысы келмейді. Олар бұл шекаралар бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі отаршылардың қолымен жасаған бөліністер деп есептейді [11, 24-б.]. Бұл қақтығыстарды белгілі халықаралық күштер өз мүдделерінде пайдалануға тырысады. Саяси сілкіністердің нақты қорытындылары бойынша да «араб көктемі» өзінің қисынды аяқталу шеңберінен әлі де болса алыс екендігін бағамдай келе, бірқатар мәселелер өзінің өрбу өрісіне енетіндігін көруге болады. Билікке келетін күштер, мемлекеттердің саяси ұстанымы, Сириядағы ақуалдың аяқталуы, басқа да араб мемлекеттеріне ықпал ету мүмкіндігі төңірегіндегі болжамдар оның өрісін тараптайды.

Қорытынды

Қазіргі таңда Таяу Шығыстағы беделді елге айналуды көздейтін үш мемлекет бар. Олар: Түркия, Сауд Арабиясы және Иран. Түркияның ұмтылысы түсінікті. Ол алып Осман империясының шаңырағы мен қазанын ұстап қалған ел. Сондықтан түріктер Таяу Шығыста ықпалды ел атануға талпынуы заңдылық.Сауд Арабиясы да өңірде өз дегенін жүргізуге мүдделі. Бұған да негіз бар. Осы елдің экономикалық әлеуетіне Таяу Шығыстағы бірде-бір мемлекет шендесе алмайды. Мұнай қоры бойынша әлемде Венесуэладан кейін екінші орында тұр. Сауд Арабиясы Араб лигасы, Парсы шы­ғанағы ынтымақтастық кеңесі, Ислам ын­ты­мақтастық ұйымы секілді беделді ұйым­дардың негізін қалауға тікелей ат­салыс­ты. Қысқасы, ресми Эр-Рияд Таяу Шы­ғыс­тың тірлігіне белсенді араласып келеді. Қазіргі таңда халықаралық қатынастарда таяу Шығыс елдері маңызды стратегиялық орнымен күллі әлем назарын аударуда. Араб Шығысы жалпы әлем құрылымы мен халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол адами да, табиғи да ресурстарға бай, ірі материалдық мүмкіндіктерге ие. Сонымен қатар ол тиімді геостратегиялық жағдайға ие. Алайда, халықаралық қатынастардағы араб әлемі орындайтын шынайы рөл, оның потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі, «Араб Мемлекеттері Лигасы» секілді ұйым да оған кірген елдерді біріктіру мен дамытуға тиісінше үле қоса алмауымен де күрделі. Жалпы, Араб Шығысы «қозғалуда». Халықаралық қатынастардың аса шиеленісті, ерекше геосаяси аймағы туралы тиянақты тұжырымдарға келу өте қарама-қайшы. 2001 жылғы Экономикалық келісім экономикалық азаматтыққа қатысты ең маңызды ережені қамтиды. ПШАМЫК азаматтарына экономиканың барлық салаларында саралаусыз немесе кемсітушіліксіз оның азаматтарына ұсынылатын режимді беру арқылы барлық азаматтарына толық тең режим тұжырымдамасын тікелей жүзеге асыруды көздейді. Таяу Шығыстағы шиеленістің кейінгі кезде күрт артуының бірнеше себебі бар. Аймақтағы тұрақсыздықтың басты себебі – мұнай мен газ. XX ғасырдың басында ағылшын геологтары өңірден «қара алтын» тапқалы бері әлем державалары Таяу Шығыста өз дегенін жүргізуге ниетін жасырған емес. Мұның себебі түсінікті. Қазіргі таңда жер жаһандағы мұнай қоры­ның – 48 пайызы, газдың 38 пайызы Таяу Шығыс елдеріне тиесілі. Оның үстіне, мұнай өндіру бойынша да өңірдегі мемлекеттер алдыңғы қатарда тұр. Әзірге әлем «қара алтыннан» бас тартуға ыңғай танытқан емес. Геосаяси маңызы, тарихи мәні, қазба байлығы айрықша болғандықтан, өңір тұрғындарын да аландатуда.





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1.   K Darbandi Gulf renamed in aversion to 'Persian'. Asia Times (Oct. 27th 2007)

  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3,

  3. 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!