Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Парыз тәртіптен басталады» сабақ жоспары 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК
С
АБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Парыз тәртіптен басталады»
Өтетін орны:
Сыныбы:7«А»
Мерзімі:
Мұғалім:Каримова Зарина Газизқызы
Семей 2020
Пән: Өзін – өзі тану
Мектеп
Күні:
№: 13
Мұғалімі: Каримова Зарина Газизқызы
Сынып:7«А»
Оқушылар саны: 20
Тақырыбы:«Парыз тәртіптен басталады»
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мақсаты: оқушыларға парыз тәртіптен басталатынын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) Слайд, баяу әуен, карточкалар |
||||||||||||||||||
Сабақтың барысы:
-Сәлеметсіздер ме оқушылар? -Көңіл күйлерің қалай? -Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! 5 Жағымды көңіл – күйге
келу. «Нұрға
бөлену». |
|
||||||||||||||||||
1.Адам жауапкершілігінен туындайтын жақсы қасиеттерді, игі істерді тауып жазыңдар. 2.«Шектен шықпа» аңызын оқып келу. Сұрақтар: 1. Мәтіндегі «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2. Адам шектен шықпауы үшін оның бойында қандай қасиеттері болуы керек? 3. Шектен шықпау мен тәртіпті не байланыстырады?Шектен шықпау деген тәртіптілік пе? 4. Шектен шықпай, тәртіпті болуың үшін өзіңе қандай талаптар қоясың? |
|
||||||||||||||||||
3. Сабақтың дәйексөзі. Ел үмітін ер сақтар, Сұрақтар: 1. Ер баланың Отан, отбасы алдындағы парызы қандай? 2. Адам баласының бойындағы бауырмалдық, сүйіспеншілік қандай ойға жетелейді? 3. Өз – өзіне сенімділік қасиеті неден көрінеді? 4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? Қорытынды: Адамдардың өмір тіршілігі қарызы мен парызын өтеуден тұрады екен. Бірақ екеуінің өзара айырмашылығы жер мен көктей. Қарыз – қайтарылуы міндетті несие болса ал парыз төлемді,өтемді талап етпейтін бірақәркімнің өзі біліп атқаратын қасиетті борышы. Әрбір пенденің көзінің тірісінде ақтауға міндетті парыздың түрлері өте көп 1.Жаратушы алдындағы пенделік парыз. 2.Отан алдындағы --.азаматтық парыз. 3.Ата – ана алдындағы -- перзенттік парыз 4.Ұстаз алдындағы – шәкірттік парыз. Он кісілік парыз бар бір басымда, Одан ауыр жоқ шығар қорғасын да Жақсылықты көргенде жарқылдаймын Сұлулардың саф алтын сырғасындай. |
|
||||||||||||||||||
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).(Шығыс ұлына хат) Шығыс ұлы! Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай» біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы! Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан-ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махабатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр. Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр. Менің көз алдыма: «Қарағым, ұлым, тағдырым сенің қолыңда» деп тұрған ізгі ана – қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш-қуатты тасытады. – Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз, – дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр. Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының ғасырлар бойы «Елім-ай» деп сары даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа күймен ұрыс алдында біз шырқасақ, оның айып-шамы жоқ. «Елім-ай» – елін сүйген қыз жүрегінен шыққан ән. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай» десе, ол – ант! Ол – серт! Ұрыс алдында жауынгердің жүрегіне төтенше махаббат құймақ. Шығыс ұлы, кел, шырқатып «Елім-айды» салайық. Қайғымен емес, жауға бермейміз елімізді деп, жігерленіп салайық; қасіретпен емес, ел үшін, жер үшін өлімге қарсы жүреміз деп, серт беріп, «Елім-айға» салайық. Сұрақтар:
|
|
||||||||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: Б. Момышұлының парыз туралы ойларын толтыру. 1 – топ: «Кеңпейілділік» 1. Отан үшін отқа түскін – .... (күймейсің) 2. Тізе бүгіп тірі жүргенше,
тік тұрып өлген .... (артық) 4. Міне өмір бойы ... сеніміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім. (парыз) 2 – топ:
«Татулық» 4. Парыздан жарқын ...
жоқ. (жарық) 1. Парыздан кіршіксіз ...
жоқ. (тазалық) 4 – топ:
«Азамат» |
Оқушылардың қызығушылығын ояту |
||||||||||||||||||
6. Топпен ән
айту. |
|||||||||||||||||||
7. Үй тапсырмасы. Мәтінді оқыңдар. Ондағы кейіпкерлердің өз парызына адалдығын білдіретін сөздері мен істерін іріктеп алып, кестені дәптерге толтырыңдар. Данышпан бір күні түнде халқының, елінің қамымен бір іспен шұғылданып жатады. Сол кезде біреу жеке басының ісімен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды. Ол шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды сөндіріп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбей қалған қонақ Омардан: «Екеуі де май шам. Қараптан-қарап отырып біреуін сөндіріп, екіншісін жаққаныңыз не?» - деп сұрайды. Данышпан: «Сөндірген май шам – мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында әңгімелесу үшін мемлекеттің мүлкін қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім де, өз ақшама алған май шамды жақтым», – деп жауап береді.
. |
|
||||||||||||||||||
7
|
|
||||||||||||||||||
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |