Материалдар / ПАСКАЛЬ БАГДАРЛАМАЛАУ ТИЛИ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ПАСКАЛЬ БАГДАРЛАМАЛАУ ТИЛИ

Материал туралы қысқаша түсінік
ПАСКАЛЬ ОРТАСЫНДА БАГДАРЛАМА ЖАЗУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2023
225
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА JAVA-БАҒДАРЛАМАНЫ MIDLETPASCAL ОРТАСЫНДА ҚҰРУ


Желілік технологияның жедел дамуы қосымшаларды құру мен тарату процесіне жаңа көзқарас тудырды. Қазіргі кездегі жаңа қосымшалар қауіпсіз, жоғары өнімді, әртүрлі архитектуралы көптеген машиналардың үлестірілген  ортасында жұмыс істей алуы керек.  

    Ұялы телефон   бүгінгі таңда әрбір адамның  күнделікті қажетті құралына айналып отыр. Көптеген пайдаланушылар ұялы телефондарына әртүрлі тақырыптар, java-ойындары болғанын қалайды. Мобильді қолданбаларды программалау ақпараттық технологиялар саласында   маңызды және келешегі зор. Ұялы телефон ойындарын, қосымшаларын жасау Java тілінде жазуға болады. Java тілі – бұл объектті-бағыталған бағдарламалау тілі, өзінің бастауын C++ тілінен алады. Бұл тілде жазылған бағдарламалар әртүрлі жерлердегі желіде жұмыс істей алады. Ұялы телефонға бағдарлама жазу мүмкіндігі бар Паскаль тілінің синтаксисімен жазылатын MidletPascal бағдарламалау тілін алуға болады. Алғашқы бағдарламалаушыларға ұялы телефон ойындарын, қосымшаларын жасау Java тілінің күрделігіне байланысты қиындық туғызатындықтан MIDletPascal бағдарламасын пайдалану тиімді болып табылады, себебі  MIDletPascal  тілінің негізі  Паскаль тілі, ал Паскаль тілін   мектеп  бағдарламасында  оқыту қарастырылған.

       MIDletPascal – Паскаль тектес бағдарлама құру бағдарламасы, ұялы телефонға бағдарлама құруға арналған. MIDletPascal Паскаль тілінің программасын Java тіліне аударады.

      Мидлет  сөзі ағылшынша  жазылуы MIDlet, мұндағы  MID  «Mobile Information Device» сөзінен  және -let «кішігірім» деген мағынаны білдіреді. MIDP қосымшалары «мидлеттер» деп аталады.Мысалы ұялы телефондардағы ойындар мидлеттер болып табылады, яғни шағын бағдарламалар.

     Мидлетті ұялы телефонда қосу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

  Мидлет jar-файлында жинақталуы керек;

  Jar-файл preverifier утилитімен өңделуі керек;

  Кей жағдайда jar-файлы ұялы телефонға оператормен қойылуы керек.

     MIDletPascal бағдарламасын Никшей Орличем программисті құрған. MIDletPascal тілінің компиляторы программаны JAVA байт-кодына түрлендіреді. MIDletPascal тілінің синтаксисі Паскаль программалау тілінің синтаксисіне ұқсас. Мидлет бағдарламасы  негізгі архивтік jar файлын және  текстік jad-файл құрады.

MIDletPascal мүмкіндіктері:

 Төменгі денгейлі java байт-кодқа генерациялау;

 Паскаль тілінің спецификациясын толық қолдау ;

 Кодының бір бөлігі java тілінде жазылуы;

 SMS жіберу, қабылдау мүмкіндігі бар;

 HTTP байланысы қамтамасыз етеді;

 Пайдаланушы интерфейсін қолдау;

 Мультимедаиамен қамтамасыздандырылған.

   Ұялы телефонға жоба жазу үшін келесі бағдарламалық және техникалық құралдар керек:

  MIDlet  Pascal ортасы;

  Компьтер;

  Ұялы телефон эмуляторы;

  Телефон;

  USB-кабель.

   MIDletPascal бағдарламасын  www.midletpascal.com және ұялы телефон эмуляторын  http:/blackwolf.h2m.ru сайттарынан  алуға болады.

   MIDletPascal программалау ортасын іске қосқанда төмендегіндей терезе ашылады.

 

    Ұялы телефонның эмуляторы-Java қосымшасын іске қосатын бағдарлама.Жазылған бағдарламаны өңдеу кезінде қайта-қайта USB порт арқылы іске қоспас үшін пайдаланамыз.Келесі суретте телефон эмуляторының түрі көрсетілген.

     Жаңа жоба құру үшін file->New Project командасын береміз. Сонан соң шыққан диалог терезеде жоба параметрлерін , яғни жоба аты , жобаны сақтайтын орын, жоба түрін анықтаймыз.

   Құру(create)  командасын таңдаған соң қосымшаның жұмыс облысы ашылады. ол жерде MIDletPascal бағдарламасының коды келесі түрде көрсетіледі:

program NewProject;

Begin

     drawText(‘Hello, world’,  5 ,  5);

     repaint;

     delay(5000);

end.

Бұл бағдарламаны орындауға жібергенде «Hello, world» сөзі телефонға немесе эмуляторға шығарылады.

   Жоба  файлдары бір бумада сақталады, ол бумада төрт ішкі бумалар болады:

  BIN - жинақталғаннан кейінгі мидлеттер орналасады;

  RES - бағдарламаның ресурстары (сурет,әуендер,мәтін және т.с.с.) орналасады;

  CLASSES -  класстар(жұмыс модульдері) орналасады;

  SRC  жобаның бағдарламасы (коды) орналасады;

 

MIDletPascal бағдарламалау ортасында «Сабақ кестесі» бағдарламасын қарастырайық. Жоба бағдарламасын жазу үшін  MIDletPascal және эмулятор бағдарламаларын компьютерге орнату керек.

«Сабақ кестесі»  жобасының бағдарламасы:

var okCommand:command;

     nameField:integer;

      userName:string;

  begin

  begin

    showForm;

    setTicker('Жамбыл политехникалык колледжі!!!');

    delay(10000);

  end;

    { Экранда форма құру }  

    okCommand := createCommand('OK', CM_OK, 1);

    showForm;

    addCommand(okCommand);

    nameField := formAddTextField('Апта кyнiн енгіз', '', 20, TF_ANY);

  begin

    showForm;

    setTicker('"Дүй.","Сей.","Сәр.","Бей.","Жұма.","Сенбі."');

    delay(5000);

  end;

    { OK батырмасын шертуді күту }

    while (getClickedCommand <> okCommand) do

    delay(100);

      if 'Пон.'= formGetText(nameField)

 then

begin

    showCanvas;    

    setColor(255, 0, 0);

 drawText('Дүй.',0,0);

    drawText('1-Мәдениеттану', 0, 20);

    drawText('2-Жоғары математика', 0, 40);

    drawText('3-Дене тәрбиесі', 0, 60);

    repaint;

   delay(5000);

  end;

else

    if 'Сей.'= formGetText(nameField)

 then

begin

        showCanvas;    

    setColor(255, 0, 0);

 drawText('Вт.',0,0);  

    drawText('1-Қазақстан тарихы', 0, 20);

    drawText('2-Операциялық жүйе', 0, 40);

    drawText('3-Экономика негіздері', 0, 60);

    repaint;

    delay(5000);

  end;

else

    if 'q'= formGetText(nameField)

 then

begin

    showCanvas;    

    setColor(255, 0, 0);

 drawText('Ср.',0,0);  

    drawText('1-Рус. язык', 0, 20);

    drawText('2-Сандық әдістер.', 0, 40);

    drawText('3-Алгоритмдеу және бағдарламалау', 0, 60);

    repaint;

    delay(5000);

  end;

else

    if 'Бей.'= formGetText(nameField)

 then 

begin

    showCanvas;    

    setColor(255, 0, 0);

 drawText('Бей.',0,0);  

    drawText('1-Операциялық жүйе', 0, 20);

    drawText('2-Жоғары математика.', 0, 40);

    drawText('3-Дене тәрбиесі', 0, 60);

    repaint;

    delay(5000);

  end;

else

    if 'Жұма.'= formGetText(nameField)

 then

begin

    showCanvas;    

    setColor(255, 0, 0);

 drawText('Пт.',0,0);  

    drawText('1-Шет тілі', 0, 20);

    drawText('2-Операциялық жүйе', 0, 40);

    drawText('3-Экономика негіздері', 0, 60);

    repaint;

    delay(5000);

  end;

else

    if 'Сенбі.'= formGetText(nameField)

 then

begin

    showCanvas;    

    setColor(255, 0, 0);

 drawText('Сб.',0,0);  

    drawText('1-Рус. язык', 0, 20);

    drawText('2-Алгоритмдеу және бағдарламалау', 0, 40);

    drawText('3-Саясаттану', 0, 60);

    repaint;

    delay(5000);

  end;

else 

begin

    showCanvas;    

    setColor(255, 0, 0);

drawText('Дұрыс емес!', 0, 0);

    repaint;

    delay(2000);

    end;

   begin

    showForm;

    setTicker('Жобалаушы:Еркебек Жамалбек');

    delay(10000);

  end; 

end.

    Жоба бағдарламасын іске косқанда келесі терезе ашылады (1 сурет):

    «Аптаның күнін көрсетіңіз» диалогты терезе ашылып, сіздің апта күнін енгізуді талап етеді. Апта күнін енгізген соң «ОК» батырмасын шерту керек(2 сурет).

Нәтижесінде экранға сол күннің сабақ  кестесі шығады (3 сурет).

Соңында жобалаушының аты-жөні шығады (4 сурет).

    



1 сурет

2 сурет

3 сурет

4 сурет

 

 Бұл бағдарламаны ұялы телефонға орнату үшін келесі қадамдарды орындау керек:

1.Ұялы тедефонға  jar және jad файлдары көшіру керек;

2.Ұялы телефоннан мидлетті іске қосу керек.

Бағдарламалау тілін оқушыларға игерту үшін ең бастысы, оларды қызықтыру қажет, әр түрлі жобалар дайындауды ойластыру керек. Жобаларды жасау үшін информатика пәнінің мұғалімі өзі осы бағдарламаны жетік меңгерген болуы керек және осы бағдарламада өзі жасаған үлгі жобаларды, оқушыға көрсету арқылы, оны өзінің жобасын сыныптастарымен бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана жұмыс өз нәтижесін көрсетеді. Жобаларды жасау үшін сыныптан тыс уақытты тиімді пайдалану абзал.

Бағдарламалау тілдерін таңдау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қызығушылығын арттыруға  болатыны  сөзсіз.

 

Пайдалаланған әдебиеттер:

1.К. З. Халықова, Ф. З. Тұрғанбаева, Б. Ғ. Бостанов – Программалау тілдерін оқыту: Оқу құралы. – Алматы, 2005.

2. Нақысбеков Б.Қ., Балапанов Е.Қ., Халықова К.З., Даулетқұлов А.Б.

Паскаль тілінің негіздері. Оқу кұралы. Алматы, Рауан, 1998ж

 3. http://www.mobi.ru/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!