Патриоттық тәрбие берудің
маңыздылығы
Арапов Мейіржан
Серікұлы
Шығыс Қазақстан облысы
білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Горный жалпы
орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің
мұғалімі,
Ұрпағымыздың кеудесінде намысы
бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп
өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз
қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі –
патриоттық тәрбие.
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты –
еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті
сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне
құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен
өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот,
намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты
тәрбиелеу
Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде
бірінші бесік - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екінші бесік –
білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам
қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында
рухани - патриоттық сана - сезімді қалыптастыру бағыты бойынша
тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі
мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық
тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен
басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең
алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ
ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел
болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл
мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі
қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда
жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып
келеді.
Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы
қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп
өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір қазақстандықты өз
мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз
мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ
санасына түсіндіруіміз қажет.
Біз тәрбиенің қойған
мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие
жұмысының бағыттарының ішінде мынадай бағыт айқындалғанын білеміз:
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және
құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға,
азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық
өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы
тиіс. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық білім беру
ұйымдарында
азаматтық құқықтық, патриоттық
тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының
өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру белгіленген. Ондай
әрекеттестікті біздің ұлы ойшылдарымыз ертеден -ақ ескеріп, өз
ойларын қосқан. Осындай адамның еркін әрекеттесетін мінез-құлқын
тәрбиелеуде Әл-Фараби «Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез —
құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Ол
адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуіне сайма-сай келеді»
деген ойы арқылы қазіргі кезде тұлғаның жеке қасиетін, мінез-құлқын
қалыптастыруда жақсы әрекеттер қалыптастыру керектігі туралы ой
айтады. Бүгінгі күндегі Еліміздің егемендікке жетуі халықтардың
ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай
жасады.
Өскелең ұрпақ тәрбиесінде «қазақстандық
патриотизм» білімге құштарлық пен әлемнің жаңашылдыққа бағытталған
сандық технологияларын (цифровизация) игерусіз түпкі мақсатына
жетпейтіні анық. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде өзегі өзгермейтін
мәселенің бірегейі – «Білімнің салтанат құруы» бағыты. Бұл орайда
өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде ес білгеннен бастап «білім»
категориясының адам өміріндегі басты құндылық екенін сіңірту,
дәріптеу ісі дұрыс жолға қойылуы керек. Білімі таяз адам саналы
түрде патриот болуы екіталай. Сондықтан «Саналы азамат» тәрбиелеуде
білім алудың, алған білімі арқылы еліне қызмет жасау қағидалары
негізгі діңгек болып табылады. Көкірегі ояу, зердесі ашық, білімі
кемел, біліктілігі жоғары, санасы биік тұлға ғана еліне еңбегін
риясыз сіңіруге дайын
болады.
Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу,
өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың
ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас
бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың
оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар
жүргізілуде.
Патриоттық сезім отбасынан
басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын
алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың
уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар
тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі
арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру
мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы
анық.