Материалдар / «Педагог жетекшілігімен, құрылымдалған және еркін ойын тәсілімен жүргізілетін қимыл ойын түрлері»

«Педагог жетекшілігімен, құрылымдалған және еркін ойын тәсілімен жүргізілетін қимыл ойын түрлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен өз тәжірбиемде педагог жетекшілігімен, құрылымдалған және еркін ойын тәсілімен жүргізілетін қимыл ойын түрлерін қолданудағы нәтиже»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
29065
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Педагог жетекшілігімен, құрылымдалған және еркін ойын тәсілімен жүргізілетін қимыл ойын түрлері»

Есенгельдина Гулвира

Павлодар қаласы, «№43 сәбилер бақшасы»

Түсініктеме хат

«Ойын баланың шын тіршілігі» Н.Құлжанованың осы сөздеріне сүйене отырып, өзімнің оқыту және оқыту тәжірибеме өзгерістерді  енгіздім. Бұл ойындарды құрастырғанда 3-4 жас ерекшелігін ескердім. Мен бұрын өзім құрастырған дәстүрлі қимылды ойындар түрлерін жаңашыл ойын тәсілдерімен ( Педагог жетекшілігімен ойын түрін, құрылымдалған ойын түрін және еркін ойын түрін) өткізуді енгіздім. Дәстүрлі қимыл ойындар мақсатын SMART мақсатқа ауыстырдым. Осы ойындар арқылы балалардың қимыл-қозғалыс жасу дағдыландырын, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру,жүру, секіру, лақтыру дағдыларын дамытуға болады. 

Ойын барыснда (1,2 кесте)


педагог пен балалар әрекетінің басымдылығы


Ойын түрі:

Педагог жетекшілігімен ойын түрінде

Құрылымдалған ойын түрінде

Еркін ойын түрінде

Пайызы:

70%

50%

30%

Балалар әрекетінің басымдылығы

Ойын түрі:

Педагог жетекшілігімен ойын түрінде

Құрылымдалған ойын түрінде

Еркін ойын түрінде

Пайызы:

30%

50%

70%

болады.

Оқу тәжірибемде ойынды ұйымдастырудың осы тәсілдерін енгізе отыра, ұзақ мерзімді (бір ай, үш апта) бақылау жасадым. Бақылау барысында осы тәсілдерді қолдану нәтижесінде балалардың қимыл ойындарға қызығушылықтарының едәуір артқанын байқадым. Мысалы: Ұйымшылдық қасиеттері өсті, бір-бірін тыңдай білу қасиеттері артты. Бұл ойындарды ұйымдастырылған оқу қызметінде (Білім беру саласы «Денсаулық» , бөлімі «Дене тәрбиесі» ) қане емес, сонымен қатар серуен кезінде де балалармен бірге ойнадық. Бұл ойындарды ойнау арқылы балалар шынығып, денсаулықтары нығаяды.

Бұл ойындар оқу мақсатына жеткізеді. Себебі, осы ойындар баланың жан-жақты дамуына ықпалы зор.  Балалар  үш ойын тәсілімен жүргізілген ойын түрлерін ойнау барысында жан-жақты таныла білді. Осы ойындарды ұйымдастыруда жаңартылған тәсілдердің  әлеуметтік, эмоционалды,коммунативтік аспектілерін ескердім. (4K моделі, саралау, зерттеу қызметі, диалог, бақылау). Осы аспектілерді ескерген себебім, қолжетімді, шынайы, ыңғайлы. Ойын барысында балалар тек қане белседі қозғалыс үстінде емес,сонымен қатар, ойындарда диалог бар. Балалармен әңгімелесу, ойын тыңдау арқылы «Бала үнін» ескердім. Дарынды және талантты балаларды дамыту үшін бақылау, әңгімелесу  әдістері тиімді болды. Себебі баланы бақылау арқылы қызығушылығын анықтап, оны ары қарай дамытуға мүміндік аламын. Әңгімелесу арқылы балалар өз ойларын жеткізе алады. Сол арқылы баланың сыни ойлауын, тілін дамытамын.

Менің тәжірибемде ойындарды қолдану баланың қимыл ойындарға қызығушылығының артқанын, өз ойын айту сияқты күшті жақтарын байқдым. Осы ойындарда балаларды оқытудың сәтті болды. Себебі, балалар бір ойын түрін үш тәсілмен ойнап көрді, әдістерді үйренді, сөздік қорлары молайды. Мысалы:

«Ұшқыштар» педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын түрі.
Мақсаты:
Педагог жетекшілігімен  балалар бір-біріне соғылмай, белгі бойынша, кеңістікті дұрыс бағдарлап жүгіреді.

«Ұшқыштар » құрылымдалған ойын түрі.

Мақсаты: Педагогпен бірге ойын шарттарын сақтап, балалар бір-біріне соғылмай, белгі бойынша, кеңістікті дұрыс бағдарлап жүгіреді.

«Ұшқыштар » еркін ойын түрі.

Мақсаты: Педагог бақылауымен ойынды балалар өз еркімен, өздері рольге, топқа бөлініп ойнайды.

Шарты:Балалар 3-4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соныңнан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі-түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарда топтар орналасқан. Бұл- әуежай. «Ұшқыштар ұшуға дайындалыңдар» - деген тәрбиешінің белгісімен балалар әртүрлі бағытта жүгіріеді, өз ұшағының қасында тоқтайды, жанармай құйып алады /еңкейеді/, моторды айландырады /қолдарымен кеуденің тұсында айландырады/, қанаттарын жан-жаққа созады, ұшады /әртүрлі бағытта жан-жаққа жүгіреді/. Ұшақтар тәрбиеші «қоныңдар», - деген белгі бергенше ауада ұшып жүреді. Бұдан кейін қолбасшы топтарын жинап әуежайға қонуға әкеледі. Қай топ бірінші келеді, сол жеңеді. Ойын 4-5 рет қайталанады. 
Ұсыныс: ойында әртүрлі құралдарды пайдалануға болады. Әуежайды белгілеп қойған жалаушаларды тәрбиеші білдірмей ауыстырып қояды. Қолбасшының топтарын әуежайға дұрыс орналастыруы қажет.

Оқу тәжірибесінде ойындарды қолданудың сәттілігіне  ойынның түрлері мен өткізу тәсәлі әсер етті. Бақылаудың ұзақ мерзімді түрлеріне сүйене отырып,  осы тұжырымдаманы жасадым. Бақылау нәтижелерін ары қарай жоспарлап, одан ары қарай дамуына жағдай жасау арқылы жүзеге асырамын.

Ойындарды ұйымдастырылған оқу қызметіне енгізу бойынша қорытынды жасай келе қимыл ойындарға деген қызғушылығын арттырады деген түйінге келдім.



Ойындар түрлерінің тізімі


Жүгіруге қимылына арналған ойындар: 

1. «Ұшқыштар». 
2.»Түрлі-түсті көліктер».
3. «Құстар мен мысық». 
4. «Аю апанында».
5. «Өзіңе жұп тап». 


Секіру қимылына арналған ойындар:

6. «Қояндар мен қасқыр».
7. «Қаздар мен түлкі».
8. «Сұр қоян жуынады». 
9. «Қойлар мен қойшы».
10. «Ұшатын құстар».

Затты лақтыру мен қағып алуғу қимылдарына арналған ойындар:

11. «Мысықтар мен балалар». 
12. «Лақтыр да қағып ал».
13. «Кеглиді көзде».
14. «Тор арқылы допты лақтыр». 
15. «Доптар мектебі».

Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар :

16. «Дөңгелекті лақтыр». 
17. «Қайда жасырылғанын тап».
18. «Ұстап ал».
19. «Тап та үндеме». 
20. «Кім кетті».


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ