Материалдар / Педагог-логопедтің 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыс туралы есебі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагог-логопедтің 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыс туралы есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-логопедтің 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыс туралы есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2023
523
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ













Педагог-логопедтің 2022-2023 оқу жылының

І жарты жылдығында атқарылған жұмыс

туралы есебі















Педагог-логопед:













Арыс қаласы 2021жыл

2022-2023ж І жарты жылдығында мектепшілік бақылау бойынша логопедте тізімде тұрған оқушылармен жүргізілген жұмысқа

ЕСЕП


Балаларды бақылау нәтижесінде биылғы оқу жылында мектепішілік логопунктке бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 18 бала тіркеуге алынды. Оның ішінде 1 бала мектепке дейінгі даярлық тобынан,

5 бала 1 сыныптан, 4 бала 2- ші сыныптан. Әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, тіл кемістігі бар балалар тіркеуге алынып, түзету сабақтары жүргізілуде. Түзету сабағы аптасына 2 рет сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жекелей сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың барлығына жеке даму картасы толтырылған. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған. Ата-аналарымен келісімшарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеймін.

Жүргізілген педагог логопед маманының түзете – дамыту төмендегідей кезеңдермен өтті.

1. Диагностикалық кезең:

1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.

2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.

3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.

2. Коррекциялық дамыту кезеңі:

1. баланың даму қалыпын ескере отырып қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу.

2.Түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу.

3. Әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту.

4.Баланың сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «Жеке Дамыту Бағдарламасын» құру.


3. Тәрбиелеу кезеңі:

Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.


Сөйлеу тіліндегі бұзылыстар түрі, құрылымы мен деңгейі:

10 бала – ротацизм

3 бала-сигматизм

Баланың сөйлеу тілін бұзылуын әртүрлі жаттығулар арқылы түзету жұмыстары логопедиялық сабақтарда жүргізілді.

Логопедиялық түзету сабақтарының мақсаты: сөйлеу тілі бұзылған бастауыш оқушыларын анықтап, диагностикалық бақылау жүргізу арқылы білім беру және түзету жұмыстарын жүргізу.

Сөйлеу тілі бұзылған балаларға, атап айтқанда логопед балаларға жекелей және топтық сабақ кестелері, сабақ жоспарлары құрылды.

Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға сабақ жоспарлары баланың даму қабілетіне қарай бағытталып құрылды.


Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей мақсат- міндеттері:

- сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;

- енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;

- белсенді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;

- байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;

- артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;

- сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;

- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық құрылымын дұрыс қалыптастыру;

- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау анализ синтез жүргізу;

Түзету сабақтарының нәтижесінде, балалар алғашқыға қарағанда берілген тапсырмаларды түсініп орындау, өз бетімен орындау, артикуляциялық жаттығуларды игеріп, сөздік қорларын жаңа сөздерімен толықтыру, кеңейту сияқты жетістіктерге қол жеткізуде.

Дислалия бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: Фонетикалық есту қабілетін дамыту үшін лексикалық тақырыптары мен дыбыстар дағдыларына байланыстырып айтылуы бойынша ерекшеліктерімен таныстырылды. Оқушылар тілдік емес дыбыстардан әуенді ойыншықтар, тұрмыстық шулар дыбыстарын ажыратып үйренді.

Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту жұмыстары жүргізілуде сөйлеу тілінің белсенді сөздік қорын дамыту үшін арнайы сұрақтармен байланыстырып сөздік қорлары кеңейуде. Сөйлеу тілінде «етістіктер», «есімдіктер», «зат есім», «сын есім», «есімшелерді» дұрыс қолданып үйренуде. Сөйлеу тілінің қарым – қатынастық сөздік қорын дамытуға «Бауырсақ», «Шалқан» ертегілерінің кейіпкерлеріне бөлініп, дауыс ырғағын өзгертіп үйренді. Сюжетті суреттер бойынша екі, үш құрылымды сөйлем құрап, үш – төрт сериялы сюжетті суреттерден әңгіме құрастырады. Дыбыстану қатарына келетін болсақ дауысты дыбыстар қатарын дұрыс айтылуын қадағаланып, «еріндік» [П], [Б], «бұғақтық» [Қ], [Ғ], «ызың» [Ш],[Ж], «ысқырық»[С], [З] дыбыстарына түзету жұмыстары жүргізілді. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын ескере отырып, балаға логопедиялық емдік-уқалау жасалды.

Ротацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: жоғарыда айтылған логопедиялық түзете-дамыту жұмыстары толығымен қамтылып жатыр. Сөйлеу тілінің түсінуін дамытуға арнайы лексикалық тақырыптар алынды «Мектеп құралдары», «Жабайы аңдар» «Қыстайтын құстар», «Жәндіктер», «Тәуелсіздік күні», «Қанша мемлекеттік қор бар?», «Жыл мезгілдері» т.б. Бала тұрмыстық шуларды және жануарлардың дыбыстарын ажыратуға арналған жұмыс жүргізілді. Бет бұлшықеттеріне арналған емдік уқалау жоспарланып, жасалды. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын дамытуда бала мимикалық, ерінге және тілге арналған жаттығуларды жасап үйренуде. Сонымен бiрге дыбыстар қатары аныкталып, оларды қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын игердi. «Р» дыбысын қою барысында тілдің алдыңғы бөлігін альвеолаға тигізу, ажырату жүзеге асады. Кішкене шар тәрізді зондтың орнына мақта таяқшаларын немесе саусағын пайдалануға болады. Алдымен саусақты логопедтің өзі қозғайды, кейін бала өздігінен жасайды. Жаттығу кезінде тілдің тиісті орынға оралуын, тіл мен альвеол арасында тар саңылау болуын бақылап отыру керек. Ақырында тілдің өздігінен тербелуіне альвеолдық Т немесе Д дыбыстарын фрикативтік Р дыбысыментіркестірдің көмегі көп /др, дддр, тр, тттр/.

Бастапқы тілдің ұшы ғана тербелетін, тербеліс секундына 20 ретке жететін «ұсақ діріл» болып, қалыптастырылды.

Саусақтарының қимыл-қозғалыстарын дамыту мақсатында жаттығулар, ұсақ заттармен жұмыс, қарындашпен жұмыс түрлері кеңінен жүргізілді.

Лабдацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: тілдің икемсіздігіне байланысты артикуляциялық жаттығулар қатары жасалды. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағытталуға көмек берді. Артикуляциялық жаттығулар тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстап үйренді.

Тұтықпа бұзылыстары бар баламен келесі жұмыстар жүргізілді: Тұтықпасы бар және ринолалик балалармен көбінесе сабақта тренингтер жүргізіп , рефлексия жасап тұлға туралы жалпы түсінік берілді, «Мен кіммін?» деген тақырыпта шығарма жазылды. Тұтықпасы бар балалармен сабақ барысында дұрыс тыныс алу, дем алу жаттығулары жасалды. Мысалы, «Көбелек ұшыру», «Мақта ұшыру», «Кеме», «Ат қалай шабады» ойыны, артикуляциялық жаттығулар жүргізілді.

Түзету коррекциялық сабақтың барысында оқушылар дұрыс тыныс алуға, сөздің грамматикалық құрлымын түсінуге, сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға (ЖТК бар бала) үйренді. Ал тұтықпасы бар оқушылардың сөйлеу кезіндегі тұтығулары бәсеңдеген, тек қобалжыса, асықса ғана тұтығып қалады.


Бірінші жарты жылдық бойынша логопунтке тіркелген, логопед балалардың жалпы саны- 18, олардың ішінде сөйлеу тілі түзетілген логопедтің көмегін қажет етпейтін оқушылар саны – 4, ал сөйлеу тілі бастапқыға қарағанда жақсарған бірақ әлі де логопедтің қадағалауын қажет ететін балалар саны -10.







Мұғалім-логопед:



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!