400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагог мамандығының болашақтағы дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог беделі-ел мерейі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Педагог мамандығының болашақтағы дамуы

Қай саланы, қай мамандықты алып қарасақ та, оның өзіне тән ерекшелігі мен қоғамда өзіндік орны бар. Дәрігер болмаса емделе алмас едік, заң қызметкерлері болмаса, қоғамда белгілі қалыптасқан тәртіп болмас еді, бырақ сол тәртіпті белгілі бір заңдылыққа келтіріп, оны жүзе асыруда, қоғамда адамды емдеу де белгілі білім көлемін білуді қажет етеді. Сол білімнің негізін қалап, оны ары қарай ұштай түсуге негізгі себепші болатын ол қандай мамандық иесі? Ол әрине – ұстаз, педагог. Адамның қоғамда тұлға болып қалыптасуында педагогтың маңызы зор. Өйткені педагог дегеніміз – баланың алғаш қоршаған ортамен танысып, қарапайым танымдық қабілеттерінің дамуына жол ашатын мамандық иесі. Сондықтан қоғамдағы ең маңызды, ең қажетті мамандықтардың бірі ол – ұстаздық, яғни педагог болу. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе, мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Алдына келген баланы тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Өткен ғасырдағы педагог мамандығы сияқты қазіргі таңдағы мұғалімнің қоғамдағы орны мен биік беделін қайта қалпына келтіру бүгінгі таңдағы аса маңызды мәселенің бірі болып табылады. Педагог беделінің түсуіне көптеген факторлар әсер етеді. Негізгілеріне: кәсіпке бағдарлау кезінде бітірушілерді педаго­ги­ка­лық саладан басқа барлық ма­ман­дықтарға бағыттайды. Ал педагог маманды­ғы­на көп мән беріле бермейді. Зерт­теулер нәтижесі көрсеткендей, тоғызыншы сы­нып бітірушілердің қала мектептерінде – 3-6%, ауыл мектептерінде – 10% ғана мұғалім маман­ды­ғын таңдайды екен. Бұл қоғамдағы ұстаздың беделі мен жүргізіп жатқан жұмыстардың аздығынан. Бырақ, бұл салада осы мәнді мәселелерді шешуде мемлекет тарапынан көптеген бағдарламал қабылданып, оны тиімді іске асыру жолдары қарастырылуда.

Елбасымыздың салихалы саясаты мен қоғамның ойлау қабілетінің дұрыс бағытқа бағдарлануының негізінде, болашақта педагог мамандығының ең беделді, ең сұранысқа жоғарғы мамандықтың бірі болатынына сеніміміз зор. Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының дамуы шағында білім беру мен ғылымның дамуы баса назар аударылуда. Себебі, ақпараттық заманда бәсекеге қабілетті педагог даярлау бұл білім саласындағы келелі мәселе. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің жыл сайынғы халыққа жолдауында, сонымен қатар Қазақстан Респуб­ли­ка­сында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Ота­ны­мызда білімді ойдағыдай жү­зеге асырудың маңызды құралы болып табылады Қай заманда болмасын педагог-ұстазсыз білім мен ғылымның алға басып, қоғамда көзі ашық көкірегі ояу азаматтардың көп болуы мүмкін емес. Сондықтан алдағы уақытта педагог мамандығының өркендеп, қоғамда одан әрі дамып, кеңге қанат жаюына тілектеспіз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.01.2020
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі