Материалдар / Педагог ұйымдастырушы жұмысының БАҒДАРЛАМАСЫ

Педагог ұйымдастырушы жұмысының БАҒДАРЛАМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламада тәрбиенің, тәрбие жұмысының және педагог ұйымдастырушының мақсат-міндеттері көрсетілген. Педагог ұйымдастырушының 2017 - 2018 оқу жылына арналған жылдық жоспары берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2018
3490
28 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін«№1 Бақанас орта мектебі» МКМ директоры:_________________Л.А. Байшикова30.08.2017ж.

Педагог ұйымдастырушы жұмысының БАҒДАРЛАМАСЫ2017 - 2018 оқу жылыМектептегі тәрбиенің мақсаты – оқушылардың ҚР азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы   мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.Тәрбиенің міндеттері:
  • Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
  • Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер  мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
  • Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы  өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
  • Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде балалардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру.
 Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты  мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.Тәрбиенің мазмұны:Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие  мазмұнын қайта бағдарлау.Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен   рухани  жағынан қалыптасуы    тәрбие үдерісінің өзегі ретінде қарастыру.Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту нәтижесінде жеке тұлғада  танымдық, еңбектік, құндылық-бағдарлық, спорттық, көркемдік, еркін қарым-қатынастық, қоғамдық тәрбие қалыптасады.Сонымен бірге, адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады. Сондықтан, тәрбие  мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы - әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.Осыдан туындап отырған тәрбие жұмысының бағыттары төмендегідей:
  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. 
  • Рухани-адамгершілік тәрбие өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
  • Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және  көзқарастарын қалыптастыру.
  • Ұлттық тәрбие. Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. 
  • Отбасы тәрбиесі. Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады көздейді. Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,  табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және  адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін дамыту. Балаларды қоршаған орта, елімізде экологиялық жағдай туралы ақпаратпен қамтамту. Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін  дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру балалардың бойына психикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту. Оны іске асыруға алдын алушылық білімін дамыту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асыру. Мақсаты:  Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.


Педагог ұйымдастырушы ретінде мақсатым: Оқушылармен жыл бойы тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру. Отан сүйгіштікке баулу. Міндеттерім:
  • балалармен жұмыс жасауда іс-әрекетімде бағыттардың әр түрлілігін және сан алуан факторларды ескеру;
  • тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселесі бойынша педагогикалық және психологиялық ғылым мен тәжірибе жетістіктерімен танысу, инновациялық іс-әрекетпен, тәрбиенің заманауи технологияларын қолдану;
  • Оқушыларды біздің аймақтың ерекшеліктерімен, біздің жерлестеріміздің шығармашылық мұрасымен терең таныстыру, туған ауылының өміріне, табиғатына, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығын және сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, сонымен қатар ата-аналар мен педагогтарға «кіші» Отанның адал патриоттарын тәрбиелеуде көмек болу.








Педагог-ұйымдастырушының 2017 - 2018 оқу жылына арналғанжылдық жоспары
АптаАтқарылатын іс-шаралар

ҚатысушыларЖауаптылар
Қыркүйек
І1 Білім күні. 1- Қыркүйек – білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» тақырыбында салтанатты жиын 2. Әлеутеттік жағдайы төмен оқушыларды мектепке тарту мақсатында «Мектепке барар жол» акциясы ұйымдастыру. 3. Мектептен тыс үйірме, секцияларға, қатысатын оқушыларды анықтауДТЖО,Педагог ұйымдастырушы,Ата-ана комитеті , «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
ІІ1.Салауатты өмір салты денсаулық фестивальін өткізу 2. 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс ұйымдастыру. Сынып жетекшілері, Педагог ұйымдастырушы, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
ІІІ22 қыркүйек –Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында фестиваль ұйымдастыру



Гуманит. пәндер бірлестігі, Сынып жетекшілер, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, Ұйымдастырушы педагог
IV



27-ші қыркүйекте аумақтық инспектормен кездесу. 9-11 сыныптарПедагог ұйымдастырушы, Сынып жетекшілері
Қазан
І 1.Мектепішілік тазалық ұйымдастыру2. 1 қазан Қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастыруДТЖО,Ұйымдастырушы- педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
ІІ1. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» тақырыбымен ұстаздардың кәсіптік мерекесін атап өту және мерекелік бағдарлама ұйымдастыру 2. Ұстаздар мерекесіне орай қабырға газетін шығаруын ұйымдастыруҰйымдастырушы педагог.«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары

ІІІ1.Сынып кезекшіліктерін жұмыстарын ұйымдастыру 2. «Алтын күз-2017» атты байқауын ұйымдастыру /1-7/3. «Күз ханшайымы» байқауын уйымдастыру /8-11 сынып/

ДТЖО Сынып жетекшілер, Педагог ұйымдастырушы , «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
IV

2. 9-11 сыныптар аралығында «Арақ, шылым, насыбайдыңзияны» тақырыбында презентациялар дайындап, қорғау.



Ұйымдастырушы педагог, Әлеуметтік педагог
Қараша
І1.Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру /1-5 қараша/

ДТЖО, ұйымдастырушы- педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары

ІІ
  • Мектепішілік сенбіліктер ұйымдастыру
  • Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын,
  • тазалығын, оқулықтың тазалығын тексеру.
    ДТЖО,ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдарыкітапханашы.

    ІІІ1.19-қараша –«Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне орай іс-шара ұйымдастыру«Темекі – сенің жауың» атты бұрыштар ұйымдастыру.Медбикелер, ұйымдастырушы педагог, , «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    IV«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз». Қолөнер көрмесіПедагог ұйымдастырушы, технология пәні мұғалімі
    Желтоқсан
    І1.1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні мерексіне .«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбына іс-шара ұйымдастыру2 «Менің Президентім» атты кітаптар көрмесін ұйымдастыру3.1 желтоқсан – СПИД-пен күрес күніне орай жоғары сыныптарға «СПИД – ғалам қасіреті» семинарын ұйымдастыру. «СПИД – қауіпті дерт» атты сурет көрмесі ұйымдастыру.ДТЖО, Ұйымдастырушы- педагог, сынып жетекшілері кітапханашы, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    ІІ1. « ҚР Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» мерекелік іс-шара ұйымдастыру 2.ҚР Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағатын өтукізу /4-6 сынып/

    ДТЖО, ұйымдастырушы педагог, сынып жетекшілер, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, кітапханашы
    ІІІАяз-Атаның шеберханасы. 1.Жаңа жылдық газеттер байқауы 2.Жаңа жылдық үздік безендірілген кабинет 3.Жаңа жыл шыршасына дайындық жұмыстары /кестесін жасауСынып жетекшілері, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары

    IV



    1.«Кел жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік, іс-шара ұйымдастыру /1-7сынып/2.«Жаңа Жыл қарсаңындағы ғажайыптар» Жаңа - жылдық кеш / 8-9,10-11 сыныптар/ ДТЖО, сынып жетекшілері, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, ұйымдастырушы педагог.
    Қаңтар
    І1.Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру2. Спорттық жарыстар /волейбол, баскетбол, кіші футбол/Ұйымдастырушы педагог, д/шынықтыру пән мұғалімдері
    ІІ12 қаңтарда – Д.А.Қонаевың туылған күніне орай іс-шара ұйымдастыру. Рухани – адамгершілік тәрбие бағыты «Достық қымбат өмірде» дөңгелек үстел/10 сыныптар/ДТЖО, ұйымдастырушы,тәлімгер,сынып жетекшілер, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    ІІІ«Сен өз құқығыңды білесің бе?» -пікір талас өткізу. 9-11 сыныптарДТЖО,ұйымдастырушы педагог,тәлімгер.
    IV



    «Ата-ана беделінің бала тәрбиесінде алатын орны» атты конференция (5-7; 8-10 сыныптар арасында).Педагог ұйымдастырушы «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    Ақпан
    І1. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты спорт түрлерінен сайыс ұйымдастыруТІЖО, педагог ұйымдастырушы, дене шынықтыру пән мұғалімдері
    ІІМ.Мақатаевтың 9-ақпан туылған күніне орай «Мәңгі өлмейтін артына із қалдырған» поэзиялық кеш ұйымдастыру. «Ауғанның от жалыны» Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу. /8-10 сынып/

    Ұйымдастырушы педагог, ДТЖО, АӘД жетекшісі, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    ІІІ«Жігіт сұлтаны - 2016» байқауы/5 – 10 сыныптар/ДТЖО, ұйымдастырушы педагог,«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары

    IV

    «Мамандықтың бәрі жақсы» сыныптан тыс іс –шара

    Ұйымдастырушы,сынып жетекшілері,
    Наурыз
    ІХалықаралық Әйелдер Күніне аналар «Ананың аялы алақаны»- мерекесін өткізу. 1. Мерекелік концерт2.«Мектеп аруы - 2016» байқауы /2 - 10 сыныптар/3. «Сырласайық жеңеше» атты жеңеше мен қайынсіңлі арасында байқау ұйымдастыруҰйымдастырушы педагог,сынып жетекшілер,«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    ІІ1. 22-Наурыз мерекесіне байланысты қабырға газеттерін, бұрыштар ұйымдастыру«Наурыз-думан» атты мерекелік іс-шара өткізу.Ұйымдастырушы педагог,сынып жетекшілер
    ІІІ1.«22 – Наурыз» мерекелік кеш ұйымдастыру 2. мерекеге байланысты бұрыштар ұйымдастыру3.«Наурыз» аудандық мерекеге қатысу

    ДТЖО, ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    IV



    1.Оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру2. Спорттық ойындар, жарыстар Ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары д/шынықтыру пән мұғалімдері
    Сәуір
    І1.«1 - СӘУІР» күлкі күні. Іс – шара ұйымдастыру.2.Көгалдандыру көгеріштендіру жұмыстары

    ДТЖО, ұйымдастырушы,тәлімгер
    ІІ1.«Қыздарға қырық үйден тыйым» атты қыздар жиналысы 2. 7.04.16г. Дүниежүзілік денсаулықкүні. Көңілді жарыстар 1-5-сыныптарҰйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    ІІІ«Одиноки ли мы во Вселенной?» космонавтар Күніне арналған конференция. 8-11-сыныптарҰйымдастырушы педагог
    IV



    1.Мектеп оқушыларын «Жасыл желек» көгалдандыру жұмыстарына тарту1. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын, тазалығын, кітап тазалығын тексеруДТЖО, ұйымдастырушы,тәлімгер,«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, сынып жетекшілер
    Мамыр
    І1. «1-Мамыр бейбітшілік мерекесі» Ұлтар достығы мерекелік концерт ұйымдастыру 2.1-Мамыр аудандық мерекеге қатысу

    ДТЖО, ұйымдастырушы, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары т, д/шынықтыру мұғалімдері
    ІІ1..Жеңіс күніне орай «Сапта жүріп ән айту» байқауы/8 – 10 сыныптар

    Ұйымдастырушы педагог, АӘД жетекшісі
    ІІІ



    1.Мерекеге байланысты қабырға газеттерін, бұрыштар ұйымдастыру2.ҰОСА «Мәңгілік алауына» гүл шоқтарын қою.3. 9 - Мамыр аудандық мерекеге қатысу4. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

    ТІЖО, ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, АӘД, жетекшісі сынып жетекші
    IV1.«Сәт-сапар саған, жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынына дайындық жұмыстары2. Мектеп бітіруші түлектер кешіндайындау және өткізу 9-11 сыныптар

    ДТІЖО, ұйымдастырушы педагог, сынып жетекшілері, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары ры
    Маусым
    І1-Маусым "Балаларды қорғау күні!". «Біз бақытты балдырған» атты мектепшілік іс-шара ұйымдастыру. 2.Аудандық мерекеге қатыстыруТасжолға сурет салу байқауы 1-5 сыныптарұйымдастырушы педагог, сынып жетекшілері, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары
    ІІ Жас өспірімдердің жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру

    ұйымдастырушы педагог, бастауыш сынып ұстаздары, д/шынықтыру мұғалімдері
    ІІІ



    «Жас түлек-2018» салтанатты жиынына дайындық жұмыстары

    ДТІЖО, ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, сынып жетекшілері


    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ