Педагогика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогика

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалар ойынының дидактикалық мақсат- міндеттері.

Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.М.Жуковская, Д,В,Менджерицкая, Т.А.Маркова, Н.Я,Михайленконың айтуынша балардың өздігінен көріністік-рөлдік ойындаройнауы үшін біліммашықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойында пайдалана білуі керек, Сондықтан да балалар өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезеңдерді нақтылы білуі қажет. Олар; жоспарлау, дайындау, іске асыру (ойынды өздігінен) ойын шартының дұрыс орындауын бақылау, ойын кезіндегіқарым-қатынасы, тәртібі. Ойын-баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістерге, тұрмыс тіршілігіне,айналысатын кәсіп-шаруашылықерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтантәрбиешінің міндеті-баларды ойынға өз қызығушылығымен,ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәніарта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балардың бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік, мінез-құлқын қалыптастырады. Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі,сүйікті істері болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта дамыта тәрбиелеу қажет. Балардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдардың өнегесінде балабақшадағы тәрбиешінің олармен күнделікті қарым-қатынасымен тәрбие жұмысын ұтымды жүргізуне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетіне үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні зор. Балардың достық сезімі ойын кезінде шындала түседі. Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгілік сезімін оятады. Мұндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достық қатынасының қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын, жеке-дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудың әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген қызуығушылықтары артып, достықты беки, нығая түседі. Кіші жастағы балалар алған білімдеріне, өмірден жинақтаған азды-көпті тәжіриебелеріне сүйене отырып, тәртәптерін,мінез-құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Балалардың өзара қарым-қатынастары тұрақты қажеттілікке айнала бастайды. Тәрбиеші балалардың қарым-қатынастарын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез-құлқыныңқалай қалыптаса бастағаннын анықтайды, бала бойында қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жеке жұмыс жүргізнді. Әсіресе, ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке баулиды. Балалардың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз қажет. Ол үшін баланың айналасында соған қолайлы жағдайлар жасалуы шарт: 1) бала ұстаған заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс; 2) баланың талабын қанағаттандыру қажет; 3) тәрбиешінің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі, т.б қасиеттері бала үшін аса маңызды; 4) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы. Тәрбиеші ойын ойнауға жағдай туғызуымен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтыстық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуы аса маңызды. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынантолысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдырдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, танымдық қызуғушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау, есте сақтау мұмкіндіктері жақсы дамыған. Ұлттық ойындар; Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге ойындары. Бала мірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға болады. Мысалы, Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуыршақты киіндіреміз, Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбына, мазмұнынасай таңдап алған жөн. Мысалы, Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұрап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2021
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі