Материалдар / Педагогика және психология

Педагогика және психология

Материал туралы қысқаша түсінік
жас жеткіншектерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2021
614
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия әдісі болып табылады. Арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш Адриан Хилл енгізген болатын. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру. Сонымен қатар осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады.

Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық сақтау орталықтарда    жүргізілетін    өнерге    қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стильдерінің пайда болуы моральдық, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды.Арт-әдістер (немесе арт-педагогика әдістері) жасөспірімдергетуындаған мәселені сөзбен айтып жеткізуге қиындық тудыратын жағдайларда:арт-терапия аясында өте қолжетімді және «жеңілденген » сезімдермен жұмыc істеуге,оларды зерттеу мен символикалық деңгейде таратуға және көрініс берген сезімдерді,қажеттіліктерді білдіру мен өзектендіруге мүмкіндік береді.



Арт педагогика - бұл педагогика мен өнердің тоғысуына негізделген және өнер арқылы адамның тәрбиесі мен даму заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Арт педагогика теория мен практиканы дамытумен айналысады, адамдардың көркемдік даму процесінің теориясы мен практикасының дамуын қамтамасыз етеді, өнер мен көркемдік-шығармашылық іс-әрекет арқылы жеке тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастырады. Арт педагогиканың мәні - өнер арқылы жеке тұлғаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту; олардағы көркем мәдениеттің негіздерін қалыптастыру және әр түрлі іс-әрекет түрлерінде практикалық дағдыларды меңгеру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ