Материалдар / Педагогикалык әдіс-тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалык әдіс-тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама. Кез келген педагогке керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
177
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кызылорда облысы,Сырдария ауданы, Ә.Тәжібаев атындағы N 36 мектеп-лицейі







Баяндама



Педагогикалық әдіс-тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы.





Дайындаған: Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кабылбаева Г.А





























2022 ж















Баяндама жоспары

1 Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------ 1

2 Негізгі бөлімі:

А) Инновациялық технология туралы түсінік --------------------------------------- 3

Ә) Инновациялық технологияның түрлерін ағылшын тілі пәні сабағында қолдану тиімділігі ------------------------------------------------------------------------- 5

Б) Инсерт стратегиясы, Модульдік оқыту,Зерттеу жұмыстарын бағалау туралы түсінік ------------------------------------------------------------------------------ 6

3 Қорытынды ------------------------------------------------------------------------------ 11

4 Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------------- 12





































Мақсаты: Педагогикалық әдіс-тәсілдердің инновациялық технологиясын

ағылшын тілі сабақтарында терең жетілдіре білу, инновациялық

технологиялар ішіндегі жаңа әдістемелік нұсқауларды көрсету,

оларды түсіндіру, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін

оқушыларға терең де, тиянақты, сапалы білім беруге дамыту.

Міндеті: Жаңа технологиядағы жаңа әдістерді ағылшын тілі пәнінде

оқушылардың шығармашылыққа , интеллектіні дамытуға

қалыптастыру. Оқушының ойындағы құмарлығын,

қызығушылығын, табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен

мұқтаждықтарын ескере отырып, шығармашылығын жетілдіру.

Көрнекілігі: Мультимедиялық құрылғы.





















Кіріспе

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне даму бағытына байланысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі қағидалары жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе, «Енді бір онжылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемге таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде лайықты үн қатуға тиіспіз » - деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның «Әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қолу жеткізуіне» барлығымыз бірдей атсалысуымыз қажет. Елбасымыздың отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып , стратегиялық басымдылық ретінде қарастыруы да осыдан. Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасу үстінде. Кез келген мемлекеттің өркениеттіліктің негізі мектепте өркен жаяды. Осы тұрғыдан қарағанда , еліміздегі мектептердің , ондағы оқыту процесінің сапасын жетілдіру, оқушыларға әлемдік стандарт деңгейіне сай білім беру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім , ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен сусындап отыруға тиіст. Бұл үлкен іске қол жеткізу үшін, мұғалімнің әлемдегі болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік – экономикалық , педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш , жаңаша ойлау жүйесін меңгерген , жан –жақты білімдарлығы , тұтас дүниетанымы болуы қажет.

Мұнда мұғалімнің басты ролі – тұлғаның жеке дамуына негізделген , жан - жақты зерттелетін , сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау , нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

Осыған орай , нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлықтарын дамытуды талап етеді. Құзыреттілік – бұл белгілі бір іс –әрекетке қажет білім, білік , дағдылар жиынтығы. Бүгінде құзіреттілік оқушының танымдық белсенділігінің нәтижесінде дамыған жеке өмірлік тәжірибесіне , жеке алған білімдеріне негізделген қабілеті арқылы іске асады. Ал оқушының негізгі құзіреттілігі ретінде – құндылық бағдарлық , жалпы мәдени, оқу танымдық , ақпаратты технологиялық , әлеуметтік еңбек, коммуникативтік , өзін өзі тұлғалық дамыту құзіреттіліктері белгіленген, яғни мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамыту деп қарастыруға болады.

Демек, бүгінгі таңда құзіреттілік тұрғысынан білім мазмұнын таңдау, білім берудің мақсат пен міндетін , нәтижесін айқындауда дәстүрлі бағыттар мен тікелей байланыста бола отырып, білім берудің жеке парадигмасына айналуда. Қазіргі уақытта жеке пәндік құзіреттілікті анықтауда оқушылардың болашақ өміріне ең қажетті деген білім мазмұны таңдалып алынуда. 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы білім беру мазмұны оқушыны табысты әлеуметтендіруге, жеке ерекшеліктерін дамытуға , жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзіреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған.

Ағылшын тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне , есте сақтау қабілетінің артып , сезімі мен эмоциясының , рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына , өзбетімен білімін көтеруін дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етуі қажет. Білім сапасын көтерудің бірден бір көзі жаңа технологияны меңгерген , өзіндік пікір , мақсаты бар жеке тұлға қалыптасқан мұғалім еңбегі. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдаланып отыр, сабақтың сапалы және қызықты өтуіне ықпалын тигізуде, мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Осыған орай , нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлықтарын дамытуды талап етеді. Ағылшын тілін оқыту жүйесінің бір ерекшелігі оқушыларға білім, білік, дағдыларды меңгертумен ғана шектелмей, жеке тұлғаның өзгелермен қарым қатынас жасауға, қатысымдық , танымдық және шығармашылық қабілетін дамытуға оқушылардың белсенділігін арттыруға, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыруға дағдыландырады.









Негізгі бөлім

А) Инновациялық технология туралы түсінік

Әлем елдерінің біразы бұдан 45-55 жыл бұрын игерген әдіс-тәсілдер мен технология бұл күнде әрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Ал осы технология дегеніміз не, осының мағынасын түсініп алайық. «Техно» латын тілінен алғанда шеберлік, іскерлік әдіс деген мағынаны білдіреді. Яғни технология - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы жүйесі , ілімі.

Ал инновация деген сөздің қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық» деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық технология , біріншіден , білім беру үрдісінде оқушының өз әрекетінің құрылымы мен мазмұны;

Екіншіден , алға қойған мақсатты диагностика арқылы айқындап, мақсатты орындап отыру жолын қадағлап отыру;

Үшіншіден , оқыту ісінің тұтастығы, оқушының ынта ықыласынан, қызығушылығынан, қабілетінен , өз бетімен ізденуінен және танымдық қызметін басқарудан тұрады.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік адамгершілік рухани және тағы басқа көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Әр педагогтың сабақта жаңа технологияны қолдануы дегеніміз - оқытудың әр түрлі әдіс тәсілдерін сабақта берген материалдың көлемі мен мазмұнына, қажеттілігі мен сапасына байланысты әр түрлі болып бөлінеді.

П.К.Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына , ұйымдастырылуына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.

Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік , модульдік);

Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік, диалектикалық , ізгілікті, ғылыми т.б);

Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік , психогендік);

Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативті рефлекторлық, гештальт технология , дамытушылық)

Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық , әрекеттік, эвристикалық , өзін өзі дамытушы)

Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік , жалпы және кәсіби бағытты , технократтық және гумандық ) деп бөлген

Дұрыс таңдалған технология көп жағдайда білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандартты бекіткен оқу материалын оқушылардың 100 пайызға меңгеруін қамтамасыз етеді.

Қазір әр мемлекеттің алдында ғылым , білім саласында өзінің ұлттық , өзіне тән білімді адамның шығармашылық , тұлғалық модулін сомдап шығару мәселесі тұр.

Шығармашылық тұлға - өзін қоршаған ортаны түсіне алатын санасы жоғары , белгілі бір құбылысқа деген өзіне тән ғылыми көзқарасы бар тұлға.

Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл сана бар деп есептеп, сол ақылға дайынды білімді құю керек деген көзқарасқа, ал жаңаша оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген.

Дәстүрлі оқыту жаттауға , есте сақтауға , ал жаңаша оқыту дербес жұмыс істеуге алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

АҚШ - дамыған ел дейміз , себебі олар білім саласын баяғыда ден қойған. Мерит деп аталатын ұйым құрып, оған жыл сайын ең үздік дарынды деген 600 бала алынып жеке дайындалған. Бұл балаларға инновациялық технологияландырылған білім берудің жүйесін пайдаландыра отырып, оларды әр белестен асырып отырған. Жыл сайын осындай дәрежеге 600000 оқушыны жеткізіп отырған ел неге дамымасқа?

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық білімдерді шоғырландыру (У.Е.Д)»,Д Эльконин мен В Давыдовтыңдамыта оқыту технологиясы Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы , қарқынды оқыту технологиясы , В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтың , Ә.Жүнісбековтың , М.Жанпейсованың , Қ.Бітібаеваның тағы басқа ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде ағылшын тілін оқытуда бұрынғы таптаурын әдіс тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыруымыз қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты әрбір мұғалім жаңа технологияларды терең талдаудан өткізіп барып өзіне тиімдісін таңдау қажет.

Ә) Инновациялық технологияның түрлерін ағылшын тілі пәні сабағында қолдану тиімділігі

Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуі керек , оларды сүйеніш , қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып мен өз сабақтарымда жаңа технология әдістерін мүмкіндігінше пайдаланып отырамын . Атап айтқанда , «Деңгейлеп , саралай оқыту» , «Ұжымдық» , «Ойын технологиясы» , «Модульдік технологиясы» тағы басқа технология элементтерін бағдарлама мазмұнына орай пайдаланып жүремін .



Б) Инсерт стратегиясы, Модульдік оқыту, Зерттеу жұмыстарын бағалау туралы түсінік

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту , мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Осы кезеңнің мақсаты бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастыру.

Қызығушылықты ояту. Сабақта оқушы нені біледі, тақырып бойынша не айта алады, соны анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғап ояту , ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау », «Болжау», «Әлемді шарлау» , тағы басқа стратегиялар жинақталған . Бұл кезеңнің екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру. Мысалы: «Ambitions and dreams» тақырыбы бойынша өткізілген сабақта оқушылар алдымен өздері ойлаған армандары туралы әңгімелерді еске түсіріп , дәптерге жазып , көршілерімен ақылдасып өз топтарында талқылайды. Одан соң оқулықта берілген жаңа сөздермен танысады. Онда «ИНСЕРТ» стратегиясы бойынша әрбір тапсырма тұсына

«V» - I know

«?» - I don’t know

«+» - It’s new белгілерін қойып , өз білгендерін топтағы оқушылармен бөлісіп, білмегендерін оқулықтан , сөздіктен іздеп , мұғалімнен сұрап анықтайды. Бұндай ізденіспен үйренген сабақ, оқушылар жадында ұзақ сақталады. Сабақтың соңындағы «ой толғаныс» кезеңінде оқушылар «Practice» «Language focus» бойынша тапсырмалар орындап шығармалар құрады.

Ағылшын тілін оқытуға бүгінгі күні үлкен жауапкершілік жүктелген. Себебі ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Ал ағылшын тілі компьютер тілі , ақпарат тілі. Осы бағытта біздің бағдарлама бойынша өткізілетін 2 сағат аздық ететін әрбір пән мұғалімі біледі. Бізде ағылшын тілінде сөйлейтін, қарым қатынас жасайтын орта жоқ. Сондықтан оқу үрдісі оқушыға өтілетін материалды толық меңгертуді , оны жақсы есте сақтай алуына, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы қажет. Ал осындай қажетті қанағаттандыратын бірден бір технология модульдік технология деп айтар едім. Бұл технология тұлғаның танымдық процестерді ойлауды, ынтаны , қабылдау қабілетін дамытуға , шығармашылық қабілеттерін қанағаттандыруға , ауызша , Shape4 Shape5 Shape3 Shape2 Shape1 Shape8 Shape6 Shape7 Shape11 Shape12 Shape10 Shape9 Shape21 Shape20 Shape19 Shape18 Shape17 Shape27 Shape29 Shape28 Shape26 Shape30 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape23 Shape22 Shape25 Shape24



Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды топтық , жеке және жұппен жұмыс , диспуттар , пікірталастар қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады.

Зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше рет бөлімдерге қайта оралып , жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 3-4 сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі (ІІ және ІІІ деңгейлер)

І деңгей тапсырмалары дарынды балаларға арналған

Бұл блок бойынша оқушылардың оқу қызметінің нәтижесін бағалау мынадай болады:

Оқушылардың деңгей бойынша білім сапасы:

1Shape32 Shape31 дұрыстығы 1 деңгей - Кім? Не?

2 толықтығы

3Shape33 Shape34 әрекеттілігі 2 деңгей – қалай?

4 тереңдігі

5 ыңғайлылығы

6Shape35 жүйелілігі 3 деңгей – неліктен?

7Shape36 түйсіктілігі

8 беріктігі

«Ашық журналы»



Оқушының білімін бағалауда қосынды әдісі қолданылады. Әр тақырып бойынша оқушы білімін есепке алу «ашық журналы»

«Ашық журнал» тақтаның шетіне ілініп қойылады. Өздерінің алға жылжу жағдайын көріп отыратындықтан оқушылар арасында жарыс жағдайын туғызады. Әр оқушы ілгерілуге ұмтылады.

Оқушылардың әр қадамын қолдап, тілдік әр қатесін түзету , оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін , ақыл- ой өрісін дамытатын құрал дамымалы технология .

Ағылшын тілі нәні бойынша дамымалы технология әдісімен орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын , еске сақтау қабілеттілігн арттыратын болуы тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – оқушыға жеңілден қиынға , қарапйымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке , шығармашылыққа баулу. Жаңа әдіс – тәсілдерді игеріп , ағылшын тілін жетік меңгеруіне сабақты сыни тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесін пайдалану тиімді. Бұл технология бойынша оқушы өз ойын ортаға салып , сөйлеу тілін және сөздік қорын дамытуға жетелейді. Мұнда ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді. Әр сабақта ойын қолдануда, бірінші сабақтың мазмұнына , мақсатына сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі қажет. Ойын түрлерін дұрыс таңдалып өткізілген сабақта оқушының ағылшын тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге , оның тілін білуге қызығады.





Қорытынды

Сондықтан мұғалімнің пәндік құзіреттілікті дамытудағы педагогикалық шеберлігі мынадан көрінеді деп есептеймін:

  • Мақсаткерлік;

  • Мақсатқа жету жолындағы міндеттерді белгілеу және оны жүзеге асыру;

  • Мақсатқа сай белгілі бір проблемалық тақырыппен айналысу;

  • Оқу-тәрбие процесіндегі кездесетін проблемаларды жоғары біліктілікпен шешу, яғни теорияны практикамен , педагогиканы психологиямен, озық үлгідегі педагогикалық тәжірибені өз тәжірибесімен ұштастыра білу;

  • Оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын , әдіс-тәсілдерін оқып үйрену, меңгеру;

  • Колледж практикасына, оқу – тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын , ғылыми ойларды, озық іс-тәжірибелерді енгізуде оларды белгілі бір бақылаудан өткізу;

  • Атқарылған жұмыстардың нәтижесін бағалау, қорытындысын шығару, диагностикалық зерттеу қорытындылары, рейтинг, мониторинг;

  • Алынған қорытындыны баспада жариялау, іс – тәжірибені жинақтап тарату.

Қорыта айтқанда , барлық әдіс тәсілдің бір ғана бәріне ортақ түйіні бар. Ол әр ұстаздың жаңалық өзгерістерді дер кезінде дәл тауып , құндысын жинақтап , саралап , оқушы түйсігіне жеткізуі . Сол арқылы оқушының білімге деген құштарлығын арттыру, яғни тиімді деп табылған технологияны меңгере отырып , ашылған бұлақтың көзін ашуымыз керек.

















Пайдаланылған әдебиеттер:



1 «12 жылдық білім», № 2.2008ж

2 «Дамыта оқыту технологиялары» Б.А.Тұрғынбаева 2011ж

3 «Білімдегі жаңалықтар» № 3.2007ж

4 «Ағылшын тілі мектепте» журналы 2009 ж

5 «Мектептегі шетел тілдері» журналы 2010 ж















<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!