Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІ ТҰЛҒА; ТӘРБИЕ МЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІ ТҰЛҒА; ТӘРБИЕ МЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
Қоғамның түрлі проблемасын, қарама-қайшылығын көрсететін күрделі әлеуметтік механизм ретінде мектеп бала өмірінде негізгі роль атқарады. Педагогтың міндеті – балаға күрделі қоғам өмірінде өз орнын анықтауға, дұрыс бағыт алуға көмек көрсету.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды.
Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке түлғаны
қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуында іс-әрекет пен адамның мінез-құлқы
жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде
келеді.
Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік
тәрбиенің мазмұны;
- ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке
тұлғаныәлеуметтендіру;
- жастардың адамгершілік тәрбиесінің құрамды
бөліктері: отанға деген сүйіспеншілік, халықаралық мәдени
қарым-қатынас, еңбекке деген жауапкершілік, саналы тәртіп,
мінез-құлық мәдениеттілігі, эстетикалық және дене дамуы, жанұя мен
әлеуметтік ортаның әсері, жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен
қарым-қатынасы.
Жалпы адамды тәрбиенің
әлеуметтік негіздерінің, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның
жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын
игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды
тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері
диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің
белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы
іс-әрекет үстінде адамшылық мәдениетке
үйренеді.
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе
жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге
табиғат, материалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-қатынасы
болып табылады. Әлеуметтік тәрбие – өзіне тән әдістер арқылы,
сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын
тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым
мойындауда.
Жыл сайын тәрбие үрдісінде жүргізілетін мониторинг көрсеткіші бойынша мектеп бітіруші түлектердің әлеуметтік ортаға бейімделу көрсеткішінің төмендігін байқатады. Мұның себебі неде? – деген сұрақтар төңірегіндегі пікірлерге жүгінсек, біреулер, бұл - мектеп қабырғасынан шыққан мектеп бітірушінің үлкен өмірге деген қорқынышынан, себебі бүгінгі қоғам жастардан – аса жоғары белсенділік пен жоғары құзыреттілікті талап етеді десе, енді біреулер, ауыл мен қала өмірінің қарама-қайшылығынан деп түсіндіреді. Осыжағдайлардың барлығы түлектердің үлкен қоғамда өз орнын табуда қиыншылық тудырады.
Қоршаған қарым – қатынас ортасы да, отбасылық тәрбиесі де бүгінгі жасөспірімдердің әлеуметтенуін толығымен қамтамасыз ете алмайды.
Ал мектеп өзінің тәрбиелеу потенциялының негізінде әр оқушының тұлғалық бағытын анықтауына көмектесе алады. Мектептің бұл потенциялы соған сәйкес жағдайларда: мұғалімдердің оқушы тәрбиесі үрдісін басқара алуынан және әр білім алушыны әлеуметтік белсенді азамат, қоршаған социуммен қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға ете білуінен іске асады.
Тәрбие тұжырымдамасының негізгі мақсаты: мектепте жоғары рухани қасиеттер мен шығармашылық белсенді азамат, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Әлеуметтік белсенді тұлға тәрбиелеуде тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мектептің білім алушыларының өзіндік қалыптасуы мен тұлғалық бекуіне сай жағдайлар жасайды, азаматтық жетілуі мен мәдени өсуіне, шығармашылық тұрғыда қалыптасуына ықпал етеді. Себебі бала өмір сүру үрдісінде тек дене бітімі мен психикалық тұрғыда дамымайды, сонымен қоса әлеуметтік тұрғыда жетіледі. Оның барлық тұрғыда дамуы қоршаған социумы мен мектеп жасындағы әлеуметтік қарым – қатынаста ғана көрінбейді, сонымен қоса «үлкен өмірге аяқ басқандағы» жалпы қоғаммен қарым-қатынасынан байқалады. Осы қарым – қатынастың сапасы – тәрбие жүйесінің нәтижесі.
Әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеуде тәрбие тұжырымдамасы мазмұнында әлеуметтік белсенді тұлғаның негізгі параметрлері сипатталады.
-
Әлеуметтік белсенді тұлға –бұл мәдениетті, тәрбиелі адам. Бұл тұжырымдаманың педагогикалық аспектілері оқушылар бойында өмір сүрудің түрлі әдістерін қалыптастыру, (атап айтсақ) біздің мектеп үшін басым бағыт денсаулық сақтау, қажеттіліктеріне қолдау көрсету, өзінің өмірлік ұстанымдарын анықтауға ықпал ету.
-
Әлеуметтік белсенді тұлға – бұл рухани тұлға. Бұл бағыттағы жұмыс оқушы бойына жалпы адамгершілік құндылықтарын меңгеруді меңзейді.Сонымен қатар, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелудің мақсатты шарттары азамат тұлғасы мен өз елінің патриоты тұлғасын байланыстырады.
-
Әлеуметтік белсенді тұлға– бұл шығармашыл тұлға. Бұл аспект мектепішілік шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, тәрбиеленушілердің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге негізделген.
-
Әлеуметтік белсенді тұлға– мейірімді тұлға. Бұл бағыттағы жұмыс қауіпсіз тұлғаны тәрбиелеуде табиғатқа, өзіне, басқа да адамдарға зұлымдық жасай алмайтын тұлғаны қалыптастыруда көрінеді.
-
Тәрбие жүйесінің негізі- оқушының әлеуметтік салада өзін іске асыруына жағдай туғызу.Адам тұлғасының қалыптасуына өзіндік даму үрдісі басты роль атқарады. Бала әрекеті тек танымдық қажеттілігін қанағаттандыру ретінде ғана емес, тұлғаның басқа бірқатар: өзін- өзі тануын, өзін- өзі көрсетуін, қорғауын, өзін- өзі белсендіру сияқты өзіндік даму қажеттіліктерін қанағаттандыру ретінде ұйымдастырылады.
Мектептің тәрбие жүйесінің мазмұны- балаларды өзінің өмірде табысқа жетуін жоспарлауға және жоспарды жүзеге асыру нұсқаларын көруге үйрету.
Жоспарлауға үйрету – ең алдымен өз қабілеттері және мәселені шешуге деген қалауы мен мүмкіндігінің ара қатынасын шынайы әділ бағалауға дағдыландырады. Сондай-ақ шығармашылық мақсат қоя білуге және өз әрекетін оған жетуге бағыттауға мүмкіндік береді.
Мектеп ұжымының жетекші міндеттерінің бірі – оқушы дамуының мәдени ортасын қалыптастыру және өзіндік қалыптасуына көмек көрсету. Ұстаздар ұжымы – әлеуметтік дамыған тұлға – еркін дамыған тұлға болу керектігін жақсы түсінеді. Мұндай тұлғаны тәрбиелеу тәрбие жүйесінен еркінен тыс талап қою әдісін алып тастауды қажет етеді. Сондықтан да, мектептің тәрбие жүйесінің жұмысы төмендегі принциптерге сүйенеді:
- Тәрбие жұмысының негізгі қазығы мәдени құндылықтарды оқушы бойына сіңіру;
- Оқушының бойындағы табиғи психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, табиғи ортамен ұштастыра білу
- Оқушы мен педагог арасындағы өзара қарым- қатынас, өзара түсінушілік пен бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру;
Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс-әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керісінше, индивидтің іс-әрекетке белсеңді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іске асады.
Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоции, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.
Индивид – адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлға дегеніміз адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға – индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелермен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе –толеранттылық болып табылады. Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.
Патриотизм, мораль мен парасаттылық, ұлтаралық келісім мен толеранттылық түсінігін қалыптастыра отырып тәрбиелеу Елбасының биылғы халыққа жолдауында да айтылған еді.
Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтер туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан –тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан –тәрбиелік орта. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны өте зор. Ата-ана мен балалар арасындағы толеранттылық қарым –қатынас жасау мәселелеріне келетін болсақ, баланың мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді.Сондықтан жақсы-жаман қасиетіміздің,әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Тұлғаның әлеуметтік ортада бейімделуін, оның қоғамда өз ойын ашық айтуына, үлкендермен қатар өз ойын жүзеге асыруда мақсатқа жету үшін дебат, пікірталас, конференция сияқты тәрбиелік іс шаралардың маңызы зор.
Әдебиеттер:
-
Ш.Қ Қарабаев «Әлеуметтану негіздері» Алматы, 2007.
-
Қ Р тәрбие тұжырымдамасы.
-
А.И.Икенов, А.Д. Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы,2004ж.
-
Қ.Ж.Рахметов, А.Н.Болатова, З.Н.Исмағамбетова «Социология» Алматы, 2002ж
-
А.И.Артемьов, Б.Бейсенов «Тұлға социологиясы» Алматы,2002ж
-
Журнал «Жасstar»№2 (32) 2012ж
-
Г.О Әбдікерова «Тұлғаның саяси әлеуметтенуі» Алматы,2001ж
-
С.Ш Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы 1987