Материалдар / педагогикалық идея -жобамен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

педагогикалық идея -жобамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
жобамен жұмыс -мектептің әдістемелік жұмысының бір көрінісі және мектеп басшыларының мектепішілік басшылық пен бақылауда қолдануға тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2024
161
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абеуова Гульназира Танаткановна

Түркістан облысы Жетісай ауданы

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММнің

директордың оқу ісі бойынша

бірінші санатты орынбасары



АҢДАТПА

Ұсынылып отырған жұмыс мектептегі командалық жобалардың тиімділігі және көшбасшы мұғалім моделін қалыптастыруда атқарылатын жұмыстар мен іс - әрекеттер жайлы жазылған. Сондай ақ, дәлелдер мен дәйектер арқылы келтірілген жобалардың мақсат, міндеттері, күтілетін нәтижелері табысты мектепте білім беру мен басқарудағы менеджменттің сапасы туралы айтылған.



АННОТАЦИЯ

Данная работа представляет успешность и приемлемость выполняемых работ и действий командной работы проектов в моделировании личности учителя - лидера .

Также в данной работе приводятся доказательства и доводы проектов командной работы , цели и задачи, также ожидаемые результаты качества менеджмента в управлении успешной школы.



КІРІСПЕ

Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын

іс жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына

түспеген адамның жұмысы ешуақытта

берекелі болмайды.

Ж. Аймауытов


«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты

Педагогикалық идеяның тақырыбы:« Мұғалімдердің кәсіби біліктіліктілігін арттыруға арналған командалық жобалар:

1+5”жобасы

21&42” жобасы»

Орындаған: «Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп» КММнің директордың І санатты оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т Абеуова

Тел: +77758507882

E-mail gulnazira.abeuova.2020@mail.ru

ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінде білім сапасы мәселесі өзектілігін көтеру, барлық білім жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын іздену қарқынды сипат алуда.

Зияткерлік бәсекелестік жағдайында үздіксіз өзін өзі жетілдіру, педагогикалық ізденіс және шығармашылық, шын мәнінде , қазіргі заманауи мұғалімге қойылатын талаптар мен міндеттердің бірі болып табылады. Ал, мұғалімнің шыңдалатын ортасы ол табысты мектеп екені белгілі, яғни, табысты мектептің басты ерекшелігі оқушының оқудағы үлгерімі жоғары болуына игі ықпал ететін жағдай жасауы.

Яғни, тиімділігі жоғары мектепте төмендегі белгілерді атап өтуге болады:

Нақты және айқын бағыт;

Қауіпсіз және тәртіпті орта;

Оқушылардан жоғары нәтиже күтілетін жағымды орта;

Оқушының үлгерімін жақсартуға бағытталған тиімді әдіс тәсілдер;

Мұғалімнің көшбасшылығын қолдайтын мектеп басшылары;

Мен бүгін осы көшбасшы мұғалімдерді қолдайтын мектеп басшыларының үйлестіру жұмыстарына тоқталсам:

Мектебімізде тиімділігі жоғары мектеп ретінде мұғалімдердің командалық жобаларын жоспарлап, атқарып келеміз.

Мұғалімдердің командалық жобаларының мақсаты:

Мұғалімдер арасында кәсіби байланыс орнату арқылы олардың кәсіби әлеуетін, біліктілігін, құзіреттілігін шыңдай отырып, мектепішілік бақылау мен басшылықта эвалюация үдерісін жүргізуде нәтижеге қол жеткізу.

Түйінді идея:

Топта жұмыс жасай алатын, өзара іс-әрекет нәтижесінде, түрлі инновациялық әдіс - тәсілдерді пайдалана білетін кәсіби құзіретті педагог моделін қалыптастыру .Қазіргі таңда көптеген салаларға эвалюация ұғымы кіріп келді, яғни, білімде, медицинада, саясатта көп қолданып жүр, демек, бұл неологизм.

Демек, эвалюация білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу, даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстардыжәне іс әрекеттерді жүйелі зерттеу және бағалау болып табылады.Эвалюацияда жетілдіруге бағдарлау, диалог орнату, жаза қолданбауымен ерекшеленеді.

Эвалюация үдерісі : Ақпаратты жинақтау(педагогтердің сапалық құрамы туралы мәлімет жинақтау)

Талдау(іс –әрекет жоспарын түзу, жұмыс жүргізу)


Түзетулер енгізу (жұмыс барысында түзетулер мен өзгерістер енгізу

Баға беру(нәтижеге қол жеткізу және іс –әрекетті жалғастыру


НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1+5”жобасы

Мақсаты: “педагог - зерттеуші” біліктілік санаты бар әр мұғалім өзінің қамқорлығына 5 “педагог - сарапшы”, “педагог - модератор» , «педагог( біліктілік санатындағы мұғалімді ала отырып, кіші шағын топта әдістемелік көмек бере отырып, келешекте сол мұғалімнің біліктілік санатының көтерілуіне, кәсіби құзіретінің шыңдалуына ықпал жасайды.

Міндеті:“педагог - зерттеуші” өзіне бекітілген тәлім алушы педагогтердің қажеттіліктерін анықтай отырып, бірлесе нәтижеге бағытталған іс –әрекетті жоспарлап, кәсіби мүмкіндіктерін дамыту арқылы мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізуге жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:Тәліптің кәсіби білімі артады, тұжырымдар жасайды, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасайды, кәсіби іс – тәжірибесімен әріптестерімен бөліседі, озат тәжірибесін таратады,біліктілік санаты көтеріледі.

1+5”жобасын жүргізу кезеңдері

Жобалау –жоспарлау кезеңі;

Ұйымдастыру, үйлестіру кезеңі (үйрену, жүзеге асыруда әдістемелік апталықтарға қатысу, жаңа әдістер мен тәсілдерді тәжірибесіне енгізу, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, дөңгелек үстел, шебер сыныптарға қатысу, біліктілік арттыру курстарына бару, тренингтер, коучингтерге қатысу, инновациялық тәсілдермен жұмыс атқаруды үйрену);

Бақылау, сараптама жасау кезеңі(озат тәжірибені тарату, оқу –әдістемелік кешен даярлау, мұғалімдердің зерттеу жұмыстарына қатысу, мультимедиялық ресурстар әзірлеу, баспасөз беттеріне өзінің шығармашылығын шығару, әлеуметтік желі парақшаларын ашу;

Жоба жұмысының негізгі формалары:

  • Мектеп әкімшілігінің ұжыммен кеңесі;

  • Жобаға қатысушы педагогтердің отырысы, жоспарын түзу;

  • Апталықтар, ашық есік күндері;

  • Аудандық семинарлар, конференциялар;

  • Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен іс- шаралар;



Жобаға қатысушылардың білімін жетілдірудің негізгі мазмұны:

  • Әдістемелік білімін жетілдіру;

  • Теориялық білімін жетілдіру;

  • Пәндік білімін жетілдіру;

  • Жалпы мәдени білімін жетілдіру;

  • АКТ білімін жетілдіру;

Жобаның ұзақтығы:1-3 жыл аралығы;

Нәтижесінде: Құзіретті мұғалім - білімді, функционалды сауатты шәкірт;


21&42” жобасы


Мақсаты: «магистр» ғылыми дәрежесі бар мұғалімдердің іс - тәжірибесін жинақтау, олардың мектептің ЖОО -дарымен бірлескен жұмысын ғылымиландыруын жолға қою;

Міндеті: Мектептегі 21 магистрдің әрқайсысы 2 оқушыны қамқорлыққа ала отырып, осы оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, жоғары оқу орындарымен бірлесе ғылыми - практикалық конференцияларға қатыстыру арқылы нәтижеге қол жеткізу;

Күтілетін нәтиже: магистрлердің бастамасымен оқушылар ғылыми - зерттеу жұмыстарын жазады, зерттейді, өздерінің шығармашылық әлеуеттерін дамыта отырып, ЖОО орындарымен тығыз байланыстар орнату арқылы кәсіби бағдарларын анықтайды;


21&42” жобасының(магистрлер мектебі) кезеңдері:

Ізденіс кезеңі(дайындық кезеңі):жаңа ақпаратпен танысу, нақты атқарылатын іс шараларды анықтау;

Қалыптастыру кезеңі: жобаның жылдық жоспарын жасау, әрекеттен іске көшу, бағыттарға бөлу;

Іске асыру кезеңі: магистрлер белсенді оқыту әдістерін қолданып, мектеп бағдарламасынан тыс материалдарын таңдайды,оқушыға ұсынады, бірлесе жұмыс жасау арқылы нәтижеге қол жеткізеді;

Қорытынды кезең: нәтижеге жеткен жұмыстар мен жетістіктерді баспасөз бетіне, әлеуметтік желіде ақпараттандыру;


Жоба жұмысының негізгі формалары:

  • Шығармашылық ізденіс - зерттеу жұмыстарын жүргізу

  • Магистрдің әдістемелік ізденіс жұмыстары;

  • Ғылыми зерттеу жұмыстары: ғылыми - зерттеу жұмыстарының тақырыбын әрі меңгеру бағытын анықтау.

  • Ғылыми зерттеу жұмыстары: ғылыми - зерттеу жұмыстарының тақырыбын әрі меңгеру бағытын анықтау.

  • Ғылыми - практикалық конференциялар, семинарлар, форумдар:Магистр мен оқушы қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады және ЖОО- ның жоспарларына сай қызығушылық танытатын тақырыптары бойынша ғылыми- практикалық конференциялар мен семинарларға қатысады .


Бір нәрсені істей алу үшін не істеу керектігін біліп алу керек – демек, зерттеп білу қажет.

Зерттеп білмейінше, білу де, істей алу да мүмкін емес”

Бауыржан Момышұлы

Магистр :

1.Жоба барысында оқушыға бағыт береді.

2.Өз жұмысында жаңа тәсілдерді қолданады.

3.Әр оқушының сыни шешім қабылдай алатынына сенім көрсетеді.

4.Оқушыларды диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырады;

5.Оқушылардың өз бетімен білім алуға үйретеді, ,ойларын дәлелдеп жеткізуге үйретеді.

6. ЖОО, колледждермен тығыз байланыс орната отырып, оқушының зерттеулерін ғылымиландырады, кәсіби бағдарландырады.


Оқушы :

1.Жобаға келген оқушы өз ойын ашық айтып,еркін жеткізіп, дәлелдеуге үйренеді.

2.Сыни ойлана отырып, шығармашылық, ойлау қабілеттері дамиды.

3.Мұғаліммен еркін сөйлесіп, серіктес болады.

4.Ойларын жинақтап, кездескен қиындықтарды жеңе біледі.

5.Ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады.

6. ЖОО дарымен, колледждермен тығыз байланыста жүріп, кәсіби бағдар алады


нәтиже :

Жоба барысында оқушымен магистр мұғалімнің арасындағы кәсіби, шығармашылық байланыс оқушының сыни тұрғыдан ойлауы арқылы қабілеттері мен дарындылығын ашады


Магистрдің бойындағы қасиеттері:

  • оқушыға түсіністікпен, сезімталдықпен қарауы;

  • Таңдаған тақырыптарының қызықты, пайдалы болуы;

  • Әр уақытта оқушыны шабыттандыра білуі;

  • Шығармашылықпен әр жобаны жүргізуі;



Жобада іс әрекеттің нәтижесі үшін кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштері:

  • Магистрдің қоғамға, кәсіпке қарым -қатынасы оң болуы;

  • Тәртіпті болу, өзіне және оқушыға жоспарлауда “қаталдық”таныту:

  • Эмоционалдық байсалдылық, әдептілік;

  • Ұжымдағы әріптестермен, оқушымен, ата -анамен жақсы кәсіби қарым – қатынас

Командалық жобаларды жүргізудегі ықтималды кедергілер:

  • Уақыт тапшылығы;

  • Мұғалімдердің сабақтан тыс бос уақыттарының аздығы;

  • Кейбір мұғалімдердің селқостығы;

  • Мұғалімдердің “ішкі” және “сыртқы” уәждерінің төмендігі;

  • Мектеп басшыларының қадағалауының , бақылауының төмендеуі;

  • Нәтижелер мен жетістіктер:

  • 2022-2023 оқу жылында:

  • Муталиева Эльмира - химия, биология пәнінің мұғалімі, педагог -зерттеуші, магистр - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің химия, биоинженерия факультетінің оқытушыларымен бірлесе “Мектептерде зертханалық жұмыстардың жүргізілуі” атты әдістемелік жинақ жазып, жарыққа шықты және ҚР бойынша таратылды.

  • Муталиева Эльмира оқушысы Нәзір Ақсаулемен Орта Азиялық Инновациялық Университеттің халықаралық ғылыми практикалық конференциясында баяндама жасап, арнайы Дипломмен марапатталды.

  • Мырзалиева Гаухар биология пәнінің мұғалімі, магистр, “Оңтүстік Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер” тақырыбында ғылыми жұмысы жарық көрді;

  • Мырзалиева Гаухар оқушысы Жуашева Аяулымды “Алманың адам ағзасына пайдасы” тақырыбында ғылыми жұмысын ауданда қорғап, марапатталды.

  • Турмаханбетова Калия, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог сарапшы, магистр, оқушысы Ағман Біржан “А.Байтұрсынұлының ағартушылықтағы алған орны” тақырыбындағы ғылыми жұмысы ауданда 2 орынды иеленді.

  • 2023-2024 оқу жылында:

  • Муталиева Эльмира оқушысы Акимбай Айгериммен Орта Азиялық Инновациялық Университеттің халықаралық ғылыми практикалық конференциясында баяндама жасап, жүлделі 1 орын алып, арнайы Дипломмен марапатталды.

  • Тультаева Перуза қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог сарапшы, магистр, оқушысы Намаз Лағыл бірнеше дүркін “Абай оқуларының”, “Мағжан оқуларының”, ғылыми жобалардың облыстық кезеңінің жүлдегері;

  • Батанова Лазат ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог зерттеуші, магистр оқушысы Алимхан Камила облыстық байқаулардың жүлдегері;

  • Командалық жобалардың дұрыс жүйеленуінің нәтижесі:

  • Мектеп Жетісай ауданының білім бөлімінің рейтингісі нәтижесінде: 10 орынға тұрақтады;

  • Мектеп ауданда жетекші мектеп және мектеп мұғалімдері бірнеше пәндерден және салаларда аудандық шығармашылық топтардың мүшелері;

Қорытынды:

Мұғалімдердің командалық жобаларының мақсаты -

мұғалімдер арасында кәсіби байланыс орнату арқылы олардың кәсіби әлеуетін, біліктілігін, құзіреттілігін шыңдай отырып, мектепішілік бақылау мен басшылықта эвалюация үдерісін жүргізуде нәтижеге қол жеткізу болса, осы командалық жобаларды дұрыс жүргізуде мектепті дамытудың басым бағыттарына сәйкес проблемалық мәселелер шешіледі және мектептегі өзгерістер туралы толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді,осы командалық жобалардың нәтижесінде педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға, мектептің кадр әлеуетін өсіруге, педагогтердің еңбегінің сапалы көрсеткіштерін оң өзгертуге, жас педагогтердің қызметін бекітуге және табысты болуына қол жеткіземіз.Осылайша, мұғалімнің мәртебесі өзгереді, оны менеджер, педагог зерттеуші, өзгерістер үрдісіне белсенді қатысушы бағдарына ауыстыру жүргізіледі, сондай - ақ, мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдердің даму деңгейін анықтап, кәсіби өсуіне жағдай жасауға , қолдау көрсетуге, яғни басқаруда менеджменттің оң нәтижелі болуының кепілі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!