Материалдар / Педагогикалық идея фестивалі Тарих сабағында контекстік тапсырмалар:Тәжірибе және мүмкіндіктер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық идея фестивалі Тарих сабағында контекстік тапсырмалар:Тәжірибе және мүмкіндіктер»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Педогогикалық идеялар фестиваліне» ұсынып отырған, «Шеберлік палитрасы» қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы пәндер, тарих пәнінде контекспен жұмыс істеуде қолданылатын тиімді әдіс болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2024
759
21 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББМ» КММ












«Педагогикалық идеялар фестивалі»

Жобаның аты: «Тарих сабағында контекстік тапсырмалар:

Тәжірибе және мүмкіндіктер»




Бағыты: «Шеберлік палитрасы» қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы тарих пәні.














Аты-жөні: Байгельдина Молдир Толеукадыровна

Тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы

Мекен-жайы: Семей қаласы, Юность 19/40

Тел: 87072945572

e-mail: moldirkyz@mail.ru


Семей-2023




Аннотация

«Педогогикалық идеялар фестиваліне» ұсынып отырған, «Шеберлік палитрасы» қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы пәндер, тарих пәнінде контекспен жұмыс істеуде қолданылатын тиімді әдіс болып табылады. Ұсынылып отырған әдістің тиімділігі мен өзектілігі білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың ( коммуникативті, логикалық ойлау, аналитикалық құзыреттіліктерін) дамыту.

Негізгі мақсат: білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде, оқушылар сабақта мән-мәтін тапсырмаларымен өз бетінше жұмыс жасай алуына, өмірінің кез келген сәтінде кез келген түрдегі ақпаратпен жұмыс істеуге үйренеді. Бұл кең ауқымды дағды – ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы. Сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерім мен стратегияларымды таныстыру, бұл әдіс-тәсілдерді өз пәніме ыңғайластырып жаңадан қайта құрастырып оқушыларыма пәнді терең меңгеруіне жағдай жасау. Көмекші сұрақтар, тапсырмалар арқылы оқушының талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілеттерін ашу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында коммуникативті, логикалық ойлау құзыреттіліктері сонымен қатар ақпаратпен жұмыс істей алуы оны практикада қолдана алу құзыреттіліктері дамиды





























Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі

негізгі тұлға-Ұстаз.

Мақсатым: Сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерім мен стратегияларымды таныстыру, бұл әдіс-тәсілдерді өз пәнімен ыңғайластырып жаңадан қайта құрастырып оқушыларыма пәнді терең меңгеруіне жағдай жасау.Оқушылардың мән-мәтінмен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру.Көмекші сұрақтар, тапсырмалар арқылы оқушының талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілеттерін ашу.

Алдыма қойған міндетім: жетістікке апаратын қадамдарды көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізу, тарих ауызша пәндер болғандықтан түсіну, ұғыну барысында оқушылармен бірге талқылау, ең бастысы алдында орындалған жұмыс пен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіруді тексеру.

Ұсынылып отырған әдістерді сабақтарда қолданып келемін. Жоспарлаған кезде оқушылардың контекспен жұмыс жасай алуына, ойлауына ерекше көңіл аудардым.

Өзектілігі: Түсініктемелерді тиімді ұсынуға мүмкіндік беретін қадамдар, түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы және жауабы, логикалық ойлау арқылы неге қол жеткізе алатынын көрсету.

Шығармашыл мұғалім –жаңашыл тұлға. Қажет ету мотивтері жоғары болуына байланысты жаңа идея ойлап табу, қолданып көру-оның күнделікті кәсіби міндеті екенін түсіне отырып, оқушыларды сын тұрғысында ойлауға жетеледім.

Сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

  1. Тиісті ақпарат жинау

  2. Дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалау

  3. Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар

  4. Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуда мәтін бойынша сұрақтар дайындауда үлкен маңызға ие. Сұрақтарды оқушыларға ұсынуда әр түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Дегенмен сұрақ үлкен рөл атқарады. Сұрақтардың өзі ақпараттан негізгіні анықтай алу керек.

Өздерің мәтінде атап көрсеткен басты ақпарат негізінде олар үшін ортақ тақырыпты атаңдар. 2. Осы мәтіндегі деректер арқылы шешуге болатын мәселені, проблеманы тұжырымдаңдар. 3. Сұраққа жауап беріңдер: осы проблема қазіргі қоғам үшін өзекті ме? Неліктен? 4.Мәтінге 2-3 өнімді сұрақ қойыңдар. 5.Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдаңдар. Төмен деңгейдегі сұрақтардан гөрі Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейдегі ойлауды қажет ететін бағалы ашық сұрақтарды көбірек қою арқылы оқушыларды белсенді әңгімеге тартып, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуы сабақтың табысты болуына жол ашады. Айғақтар мен заңдарды, тарихи даталар мен оқиғаларды білу маңызды бола тұра, ақпаратты ақылмен түсініп қабылдау және саналы түрде өңдей білу, ондағы айтылған негізгі идеяларды және олардың өзара байланысын көре білу, қажеттісін таңдап, дұрыс еместерінің қателерін көрсетіп дәлелдеу, яғни, талдау және бағалау өте маңызды. Қазіргі ғарыштап дамып жатқан өзгермелі әлемде балаларды тек осындай әрекеттер ғана өмірге бейімдей алады. Орыс психологы В.М. Снетков «Жақсы сұрақ – кең ауқымды ойланып, барлық мүмкін жауаптарын іздестіруге бағыттайтын ойландыратын сұрақ» деген тұжырымға келеді және сұрақтардың төмендегідей қызметтерін атап көрсетеді: - сұрақ арқылы жаңа ақпарат алуға болады; - сұрақты дұрыс қою арқылы білгендерін нақтылай түсуге болады; - сұрақ қою арқылы талқылау бағытын өзгертуге болады; - сұрақ арқылы өзінің көзқарасын білдіруге болады; - дұрыс қойылған сұрақ оның жауабын табуға бастама болады. Педагогтер оқушылардың танымдық ойлау деңгейлерін олардың сұрақ қою қабілеттерінен де байқайды. Сабақта оқушылардың тақырыпқа қатысты жақсы сұрақ қоя білуі олардың сын тұрғысынан ойлана білетінін көрсетеді. Сабақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту олардың ашық сұрақ қоя білуі, ақпаратты терең талдау жасай алуы, өз ой-пікірін жәй айтып қана қоймай, оны дәлелдеп, сыныптастарының көзқарасын өзгертуге деген әрекеттері екенін де ескеру керек. Мен мектептегі тәжірибемде оқушылардың біліміне бақылау жасадым. Топтық жұмыс, жеке жұмыс жасауда әр оқушының ойын тыңдап бақыладым Төменде берілетін тәсілдер оқушылардың оқылым-жазылым, оқылымайтылым, оқылым-тыңдалым, тыңдалым-жазылым дағдыларын дамыту үшін де маңызды. Сонымен қатар ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады.

IDEAL тәсілі

Проблемалық жағдаяттар берілген ақпаратпен жұмыс істеуге қолайлы тәсіл.

I – мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау.

D – проблеманысипаттау.

E – проблеманышешу жолдарынанықтау.

A – проблеманы шешу үшін әрекет жасау (мәселені шешу жолын көрсету).

L – қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау.

Мысалы, 1836-1838 ж.ж. Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтерілісті оқығанда мәтіннен көтерілістің себебін анықтау, оны сипаттау, проблеманы шешу жолы ретінде көтерілістің мақсаты, әрекет жасауға көтерілістің барысын талдау, сол бойынша қорытынды деп те алуға болады. Егер IDEAL тәсілін дұрыс қолданса, бұл тәсіл жоғарғы ойлау дағдысына жатады.

Инсерт Мәтінді «Инсерт» арқылы белгі қойып оқу. INSERT (Interactive Noting System for Effective Reading and Thinking – тиімді ойлау мен оқуға арналған белгілеудің интербелсенді жүйесі) – жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі. Бұрыннан білемін «құс белгісі», жаңа ақпарат «қосу» (плюс), менің ойлағаныма қайшы, келісе алмаймын «алу» (минус), білгім келеді «?» (сұрақ белгісі).Жаңа тақырыпты меңгеру барысында «Инсерт» әдісін қолданып оқу өте тиімді. Ол үшін оқулық мектепте келесі сыныптарда қолданылатын болғандықтын графиттік қарандашты қолдану керек, ал мұғалім мәтіндер берсе онда түрлі-түсті бояуда қолданылады. Шағын топтардан төрт оқушы шығып біреуі бұрыннан білетінін, екіншісі жаңадан не білгенін, үшіншісі тағы не білгісі келетінін және келісе алмайтындарымен топта бөлісуге де болады. Мысалы, 6-сыныпта «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар» тақырыптарын қарастырғанда 5-сыныпта «Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар» тақырыптары бойынша оқығандарын еске түсіріп бұрыннан білетіндеріне «құс белгісі» арқылы белгілейді.

Т-кестесі – бір-бірінеқарама-қарсы («иә/жоқ», «келісемін/келіспеймін», «қарсымын/жақтаймын», «ішкі/сыртқы», «басы/аяғы», «маңызды/маңызды емес», «себебі/салдары» секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі

Т кестесін жазылым дағдысын дамыту мен қатар оқылым дағдыларын дамыту үшін де қолдануға болады. Мысалы, Қазақстанды Ресейдің отарлауының жақсы/жаман жағы, Алашорда мен большевиктердің саясатын, Еуразияшылдық және Қазақстан идеясын салыстыру барысында оқулықты, мәтінді оқып отырып, негізгіні анықтауға үйренеді.

Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды, содан соң олар шағын топ ішінде (4-6 адам) кестелерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада мұғалім бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр топ бұл кестеге екі-үш пікірін ұсынады. Т-кестесі мұғалімге екі жақты тапсырмаларды шығармашылық тұрғысынан түрлендіруге жан-жақты мүмкіншілік береді.

Триада Триаданы тарихи үдерістің себеп-салдарлық принципі бойынша құрастырады.

«А» жолағы – тарихи оқиғалардың себептері.

«Ә» жолағы - тарихи оқиғалары.

«Б» жолағы – көрсетілген тарихи оқиғалардың салдарлары.

А

?

?

?

Ә

1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы

Өнеркәсіпті индустрияландыру

индустрияландыру

1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыс

Б

?

?

?

«7.3.1.5. Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себепсалдарын анықтау» оқу мақсатына қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Көтерілістің себеп-салдарлық принципі бойынша «Триада» кестесің толтырыңыз



Дескриптор

-Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің себептерін көрсетеді;

-Қазақ хандығының қалпына келтіріліуінің себептері,салдарын жазады;

-Ресей елшілігінің келу себептері мен салдарын көрсетеді

Тарих сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды жəне интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Сабақта ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім –білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын айтып өтетін болсақ:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақытаралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан əр түрлі оқуорнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуымен оқу сапасын арттырады. 
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмысістеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс –əрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстардытез орындау мүмкіндіктері артады.

Ерекше қабілетті қажет ететін оқушыларға сабақ берген кезде ең тиімді қолданылған платформалар туралы айтып кетсем. https://quizlet.com/latest бұл тарих сабағында өте тиімді платформа себебі оқушыларға ҚБ тапсырмасын дайындауда өте жақсы әрі уақытты үнемдеу үшін қажетті құрал. Онда оқушыларға әртүрлі формада тапсырмалар дайындаға болады. Бұл ресурс көбінесе 8,9 сынып оқушыларына тиімді. Себебі оларды қорытынды аттестацияға дайындық кезінде оқушыларға тиімді платформа.Себебі, оқушылар жаңа сабақты оқу барысында мәтінмен жұмыс жасайды, жаттау арқылы қайталайды, алған білімдерін тест және сәйкескендіру тапсырмасы арқылы бекітеді, әрі визуальды есте сақтауларына көмектеседі.

Сонымен қатар өте тиімді платформалар онлайн сабақ кезінде бөлім бойынша жиынтық бағалау БЖБ мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде ТЖБ өте тиімді болды. Себебі оқушылармен кері байланыс алу кезінде , бағалауда оқушылардың баллдық бағаларымен мониторингі дайын күйінде жасалады.

Shape1 Shape2

9,11 сыныптарға ең тиімді платформа ол https://wordwall.net/ru/myactivities картамен жұмыс жасау, тұлғаларды есте сақтауға, хронологиялық жылдарды жатттауға көп көмегін тигізетін платформа.

Оқушылар визуальды көру арқылы мән-мәтіндік тапсырмаларды оқи отырып, сәйкестендіру арқылы оқиғаны есте сақтап, тұлғаны сурет арқылы ойда сақтайды. Сонымен қатар бір тақырыпты бірнеше дағдылар арқылы қайталағанда оқушылардың алған білімдерін бекітуге ұлкен мүмкіндік беретін платформа.





Тағы бір айтып кететін платформа ол https://quizizz.com/ 9-11 сынып оқушылары үшін тарих пәніне өте тиімді визуальды есте сақтау қабілеттері арқылы жадыларында хронологияны жаттауда өте тиімді әдіс.Бұл платформа арқылы оқушыларға сабақ ретінде ұолданып сабақты түсіндіру барысында бірден білімдерін бекіту үшін тапсырмалар орындауға тиімді.

Енді сіздерге ұсынайын деп тұрған өзім жасаған сабағым. Мен бұл сабақтарымды https://app.mindsmith.ai/learn/clmr7rnpc003gl808qg6sno3w сайтын қолдану арқылы tedX форматында жасадым. Қазіргі таңда 3 сабақ құрастырып қойдым. Онда оқушылар бірден сабақ туралы бейнебаян көру арқылы одан алған білімдерін бірден тапсырмаларды орындау арқылы сабақты қорытындылайды.



Shape3

Сабақта қолдану сәтінен

Осы платформаларды қолдана отырып түйген түйінім оқушылар визуальды сабақты оқи отырып олардың есте сақтау қабілеттері жоғары болатыны және де білім сапасының көтерілгенін байқадым.

2021-2022 оқу жылында менің білім сапам 56% көрсетсе, 2022-2023 оқу жылында 58% 2023 жылдың 1-2 тоқсанында 61% жоғарылағанын байқадым.

Сонымен қатар «Тарих пәнінен мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсында» қала, аудан мектеп ұстаздары арасында іс-тәжірибеммен бөлісіп осы қолданылған технологияларым бойынша сауалнама алған болатынман ол сауалнама қорытындысы бойынша 45 ұстаз жауап беріп олардың 45 ұстазы тиімді деп жауап берді. Сабақтарыңызда қолданар ма едіңіз деген сұраққа 45 ұстаздың 41 қолданамын деп жауап берсе, 2 ұстаз қолданбаймын деп жауап берген.



Қорыта айтқанда, ақпараттық-коммуникативтік технология-
оқу материалын терең түсінуге, оқу мотивациясының артуына,
алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына, білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді. Сондай-ақ, ақпараттық – коммуникативтік технологияларды оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады.

Офлайн жағдайында және онлайн сабақ кезіндегі оқушылардың контекспен жұмыс жасауы туралы салыстырмалы түрде қарастырдым. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе. ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе .Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы,бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!