Абай облысы білім басқармасы
Бесқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өндіріс орта
мектебі»КММ
2023-2024 оқу
жылы
«Педагогикалық идеялар
фестивалі»
Баяндаманың
тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының
ойлау қабілетін дамыту
«Шығармашылық толқын»
бағыты
Сеилханова Жанат
Сейтжановна
Мекен-жайы: Өндіріс
ауылы.Болашақ к.-5 үй
Телефон:
87773663670.
Электр.пошта:
jannur74@mail.ru
Мектеп атауы: «Өндіріс орта
мектебі» КММ
Маматова к.-5 үй,
22-9-21
Мамандығы: бастауыш сынып
мұғалімі
Баяндаманың тақырыбы: Бастауыш
сынып оқушыларының ойлау қабілетін
дамыту
Сәлеметсіздер ме, құрметті
әріптестер!
Мен, Сеилханова Жанат
Сейтжановна, Өндіріс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
сіздерге «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» атты
баяндаманды ұсынамын.
Елімізде соңғы уақытта білім
берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңістігіне қадам
бастап келеміз. Оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері арқылы
біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың
тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптарының күшеюі, үшіншіден –
сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.
[1]
Балалардағы қозғалыс қажеттілігі табиғаттың
өзіне тән. Зейіннің тапшылығының
гиперактивтілігінің бұзылу ы барлық балалардың 5 - 10% -ында
кездеседі.
Мақсатым - оқушы тез түсініп, білімін жетілдіру үшін
онда фундамент болу керек. Бірақ зейіннің тапшылығының
гиперактивтілігінің бұзылуына байланысты ойлау қабілетін төмен
балалар әр-бір сыныпта кездеседі.
Енді шамадан тыс белсенділік,
импульсивтілік және назар аудармау сияқты белгілердің жойылуына қол
жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, баламен өнімді өзара әрекеттесуді
үйренуіміз керек.
Шамадан тыс белсенділік,
импульсивтілік және назар аудармау сияқты белгілердің жойылуына қол
жеткізу мүмкін емес.[2] Дегенмен, баламен өнімді өзара әрекеттесуді
үйренуіміз керек. Бала тез түсініп, білімін жетілдіру үшін балада
фундамент болу керек. Ол әріптерді білу керек, сондай-ақ оларды
шатастырмай қосып оқи алу керек. Балада сөздік қор 3-6 жаста
дамиды. Егер 6 жастағы бала дұрыс сөйлем құрай алмай, сөйлей алмасы
3жастағы балаға беретін тапсырмаларды орындату керек. Өйткені
балада фундамент дұрыс қаланбаған. Сыныптағы осындай оқушылармен
тапсырмаларды орындау кезінде тұрақтылық пен жүйелілікке негіздеп
ең бастысы – педагогикалық-психологиялық диагностика жасап, оқыту
үшін арнайы жоспар құрылдым.
-
Қимыл іс –әрекетін
анықтау;
-
Нейромоторикасын
дамыту:
-
Көру арқылы есте сақтауды
тексеру;
-
Интеллектуалды дамуы деңгейін
анықтау;
-
Логикалық ойлауын
анықтау.
Сыныптағы осындай оқушылардың
ойлау қабілетін дамыту үшін ең бастысы –
педагогикалық-психологиялық диагностика жасап, оқыту үшін арнайы
жоспар құрдым.
Тақырыптың өзектілігі:
бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу
әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі бастауыш мектеп
бағдарламасы барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере
отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін
қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау
қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін
толық түсінуі қажет[3].
Барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі фактор –
іс әрекет. Осы кезеңінде алған білімдерді бала өз
іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу,
себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы
анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы
нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды
тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене
бастайды.[4] Олай болса балалардың негізгі іс
- әрекеті ойын әрекетін белсендіре отырып,
шығармашылық қабілетті дамытуға болатындығы
дәлелдене түседі. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне
сүйенеді.
*****
Баланың қимыл іс-әрекетін
зерттеу арқылы тіл дамыту және
психоэмоционалды жаттығу, адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік
қасиеттерінің шындалып өсуіне жан-жақты ісер ететін әмбебаб
құралы. Баланы шындау үшін төрт
аяқтатып тұрғызып 10-дейін санау керек. Кейбір бала денесін ұстай
алмай құлап қалады. Жаттығуларды жасату арқылы тепе-теңдікті
сақтауды қалыптасады. Сонымен қатар секіру жаттығуларын орындатып,
допты соғу күшін реттей отырып қолдың бір қалыпты қимылынан допты
еденге соғуға үйрету.
«Тыңда да
орында» ойынның мақсаты іс-әрекеттерін
іштей жоспарлауын, ерікті зейінін дамыту. Мұғалім бірнеше іс-
қимылды атайды, бірақ көрсетпейді. Тапсырманы 2 рет қайталайды.
Кейін балалар осы тапсырманы жүргізуші көрсеткен бастапқы ретпен
жаңғыртулары керек.
-
Басын оңға бұру, бастапқы
қалып.
2. Оң қолын жоғары көтеру, сол
қолын жоғары көтеру, қолдарын жерге
түсіру.
3. Оң аяғын көтеру, денесінің
салмағын сол аяғын түсіру, оң аяғын жерге
тіреу.
Сабақ түсіндірерде баланың 4
бақыт гармондарын (дофамин, серотин, эндорфин, окситицин) ояту
маңызды. Сабақ басында оқушалардың көңіл күйлері жақсы болу керек.
Ол үшін кәзіргі таңда кенінен қолданып жатқан нейрожаттуғыларды
жасату, сабақ түсінікті болу үшін, тез қабылдау үшін сезім
мүшелерін (көру, есту, ұстау) ояту керек. Түрлі көрнекіліктерді
көріп, естіп, ұстап көрген бала тез қабылдайды. Сондықтан оқыту
барысында түрлі қима қағаздар мен құрастырғыштарды қолданған
тиімді. Бәріміз қолданып күнделікті
жүрген саусақ ойындарының нәтижесінде танымдық деңгейі,
қимыл-қозғалыстары, дұрыс демалу, икемділігі, логикалық ойлауы
артып, баланың сөйлеу тілі жетілдіреді. Олар карточка бойынша
саусақпен сызықтарды сызып орындау жаттығулары, «Қоян мен мысық»,
«Ағаш, алма», «Құлақ, мұрын, шапалақ»,
«Түсті
оқу»,»Симметриялы өрнектер»т. с.с,
түрлері көп.
Көру арқылы есте сақтауды
дамытуға арналған тапсырмалар баланың
өз бетімен іс-әрекетін, шапшаңдығын, бейнелі ойлау қабілетімен
дамытады. Ұсынатын тапсырмалар топтамасы: «Сөздік материалдар»,
«Есту диктанты», «Зейін сарайы», «Шатастырылған сызулар» сияқты
бірнеше түрлері бар.
Егер бала мәтін оқи алмайтын
болса қай сөзден қиналатынына назар аудару керек. Мысалы бала 6
әріпті сөзді оқуға қиналады, ендеше балаға 6 әріптен тұратын 20 сөз
оқытамыз, солай бала тез оқуға бейімделеді. Мәтінді тез оқуға
машықтану үшін Шульта кестесінің арнайы жаттығуларын орындау керек.
Мысалы 1-25 дейін сандарды нұсқау бойынша
табу.
Бала сауатты жазу үшін ең
бірінші сөзді буынға дұрыс бөлуді білу керек. Мысалы «Балық» сөзін
«ба-лқ» деп жазса, онда сол сөзді буынға бөлдіріп айтқызып,
фонетикалық талдауды жасату арқылы жіберген қатесін түсіну үшін
сұрақ қою арқылы өзіне түзетіп, оқыту
керек.
Сыныпта қ, ұ, ү, ң, й
дыбыстарын шатастырып, жазуда қате жіберетін балалар кездесіп
жатады. Осындай жағдайда оқушыға «Корректор» жаттығуы ұсынған
тиімді. Мақсаты: бір мәтінді оқу кезіндегі зейін бөлушілікті
дамыту. Берілген мәтінде қандай әріпті өшіріп тастайтынын баламен
берге келісіп, белгілі уақытқа мәтіндегі өшірілген әріпті дұрыс қою
керек.
Сонымен қатар әріптер әртүрлі
ретпен берілген карточкадан 3 әріпті түрлі тәсілмен қоршап қою
қажет. Мысалы: Ұ дыбысын өшіреді, Қ дыбысын қоршап қояды, ашық
жерге Ү дыбысын енгізу керек. Осы тапсырмаларды бірнеше рет
орындату арқылы шатасып, дұрыс жаза алмай жүрген әріптерді есте
сақтап, нәтиже шығара алады.
Балалардың
ақпаратты сақтау және қолдану,
сонымен қатар тілін дамыту үшін
мнемотехниканың қолдану өте тиімді. Оның
мақсаты ойының, қабылдау іс-әрекетінің, психикалық жүйенің, тілдің
толық дамуына әсер етеді.
Сонымен қатар баланың зейіні
қалыптасады, сөздік қоры байытылады, логикалық ойлауы жетіледі,
ұсақ қол моторикасы дамиды, байланыстырып сөйлеуі қалыптастырады,
есте сақтау қабілеті артады.[5]
Ертегі желісі бойынша суреттерді
орыналастыру, өлеңді , мақал-мәтелді жаттауда, жұмбақты шешуде
мнемокесте жасау тапсырмаларын қолданған
тиімді.
Оқушылардың интеллектуалды дамуы
деңгейін,
ойлау
операциясын анықтауға ықпал ететін тапсырмалар. «Не
артық?» тапсырманы орындауда берілген сөздердің ішінен артық затты
сызып тастау т.с.с «Жетпей тұрған сөзді тап», «Суреттерді
салыстыр».
«Сөйлем құрап
жаз». 3 сөзі бар қима қағаз
беріліді. «Бала», «Балық», «Мысық». Осы 3 сөзді қамтитын
мүмкіндігінше көп сөйлемдер жазу
керек.
-
Жауабы қарапайым болуы тиіс.
\Бала мысығына балық берді.\
-
Үш бастапқы сөзге жаңа
сөздермен байланыстырып сөйлем құрау
\Бала өзенге барып кішкентай мысығана әдемі балықтарды
көрсетті\
-
Шығармашылық жұмыс. Осы
сөздегі заттарды стандартты емес байланыстарға қосып жазу. \Бала
балыққа ұқсайтын тауға шығып, мысық сияқты
мияулады\
Бастауыш мектеп жасындағы
баланың ойлау қабілеті дамудың алғашқы кезеңінде негізгі болып
табылатын визуалды-бейнелі ойлаудан ауызша-логикалық,
тұжырымдамалық ойлауға көшу жүзеге асырылады.[2]
Оқушылардың логикалық ойлауын
дамыту үшін есепті, жаттығуларды
талдай білу іскерліктерін қалыптастыру, сызба графиктік модель
бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланысты түсіндіру
керек. Өтілетін тақырып бойынша әр
түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма, ребустар,
сөзжұмбақтар, өлең есептер қолдану, түрлі дидактикалық
материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын
арттырады. Пәндерге байланысты «Адасқан сандар», «Көлеңкесін тап»,
«Заңдылықты жалғастыр», «Пішіндерді аяқта», «Суретшінің қатесін
тап», «Фигураның санын анықта!», «Сиқырлы кесте» логикалық
тапсырмалар ойлау дағдысын қалыптастырады. Оқушыларда белгілі бір
ұғымдар, арасындағы қатынасты көрсету, ортақ белгілері бойынша
ажырату, топтастыру дағдыларды
игереді.
Бастауыш сынып оқушыларының
ойлау қабілетін дамытуға арналған көптеген жаттығулар бар. Оқушыға
оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық
әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оның
меңгерген өзіндік жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз
етуі қажет. [4] Міне, алдымен
психо-оқушының ойлау қабілеттерін дамыту
мақсатында Мұғалім ойлау қабілетін арттыратын жаттуғуларды күнделікті
қолданып отырса, балалардың ойлануын одан әрі дамытатыны
сөзсіз.
Назарларыңызға
рахмет!
Қолданған әдебиеттер
тізімі:
-
Леонтев А.Н. Психология
мышления. Хрестоматия/под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, В.В. Петухова –
М.МГУ, 1982
-
Я.А.Коменский. – В2-х т. – М.,
Педагогика 1982
-
Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп
педагогикасы: Оқу құралы: Алматы: «Заң әдебиеті», 2007 -280
б.
-
Қожыгельдиева С.С., Қазыбаева
К.У. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту \ Молодой
ученый. – 2020 - №49 (339) - стр.
593-596
-
Косоренко.В.А - Мнемотехника кітабі -
Москва,2007