Материалдар / Педагогикалық идеялар фестивалі тақырыбы:Баяндаманың тақырыбы: «Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім–білік дағдыларын қалыптастырып, жаңа білімді меңгерту»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагогикалық идеялар фестивалі тақырыбы:Баяндаманың тақырыбы: «Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім–білік дағдыларын қалыптастырып, жаңа білімді меңгерту»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытудағы жаңа идеяларды тарату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2023
1052
19 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысы білім басқармасы
Бесқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің
«Өндіріс орта мектебі»КММ
2022 – 2023 оқу жылы









«Педагогикалық идеялар фестивалі»

республикалық конкурсы (аудандық кезеңі)



Баяндаманың тақырыбы: «Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім–білік дағдыларын қалыптастырып,

жаңа білімді меңгерту»



бағыты «Шығармашыл толқын»









Сеилханова Жанат Сейтжановна

Мекен-жайы: Өндіріс ауылы

Мектеп атауы: «Өндіріс орта мектебі» КММ

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

т-н: 87773663670, jannur74@mail.ru

Тақырыбы: Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастырып, жаңа білімді меңгерту.


Аңыз адам - Дінмұхамед Қонаев айтқандай: «Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау». Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сіздер үйретуден аянбасаңыздар, мен үйреніп-білуге жалықпаймын.

Мен, Сеилханова Жанат Сейтжановна, Өндіріс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, сіздерге «Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастырып, жаңа білімді меңгерту» өзімнің өзекті проблемалық тақырыбыма сүйеніп жасалынған жұмысымды ұсынамын.

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру, сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, инновациялық технологиялардың тиімдісін алып, оқушыны қызықтыра алатындай білімді игерту. Өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін - білімді, зерделі, сыни тұрғыдан ойлап, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау сіздер мен менің басты міндетіміз болып табылады.

Өздеріңіз білесіздер, бастауыш сынып оқушылары сабақта ойын элементтерін көп керек етеді, ал менің биылғы жылғы сыныбын мектеп табалдырғын алғаш аттап отырғаннан соң, бұл жастағы балалар өздерінің істеген жұмыстарының қорытындысын тез білгісі келіп тұрады. Сондықтан қай сабағымда болмасын дайындаған көрнеліктер мен ойын элементерін кеңінен пайдаланамын. Бұл оқушылардың сабақка қызығушылығын арттырады. Және де орынды ұйымдастырылған ойын үстінде балалар сергіп, тапсырманы тез нақты орындайды.

«Жаңа нәрсені үйрену және даму ешқашан кеш емес» -ұстанымым, осы педагогикалық идеялар фестиваліне қатысуымның негізгі себебі болды. Сондықтан сіздердің тәжірибелеріңізден алған пайдалы кеңестерді білім қоржыныма толтырып, және де өзімнің оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, идеяларыммен бөлісу. Осы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру жолында сабақ жоспарымда келесі ойын технологияларың сабақта қолдануды жөн көрдім.

\Видеоны тамашалау\ Білім берудің бастауыш сатысы - тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бастауыш сынып оқушылары әр нәрсені білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған аударылады. Қарапайым пайымдау арқылы оқушылар ой алғырлығын, ойлау қабілетін дамытып, тез шешімге келеді. 

Сабақ бастамас бұрын балалардың психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында сәлемдесіп, балалардың таңдау бойынша амандасамыз. «Дыбысты анықты», «Алдар көсені тамақтандыр», «Масаларды ұр», «Асықты жина», «Себетті толтыр», «Шеңбер» оқуы т.с.с оқыту барысында дидактикалық ойындарды, дамыта оқыту, білім беруді ізгілендіру технологияларын қолданған дұрыс деп есептеймін. Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі - бағалау. Сондықтан да балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше.

Интерактивті технологиялар білім беру жүйесінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үдерісінде терең де сапалы білім беруге жол ашып, ерекше орын алып отыр. Интернет желісінде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатында бірнеше өте пайдалы, сонымен қатар дайын платформалар бар. Сонын ішіндегі өзім сабақта, не тәрбие сағаттарында пайдаланатын платформалар туралы айтып кетейін дегем. Бәріміз қолданып жүрген Кунделік кз. Онда күнделікті сабақ жоспары мен видеоны пайдалануға, сонымен қатар сайыстарға қатысып диплом, сертификат алуға қолайды платформа.

triventi.com платформасы. Бұл платформамен жұмыс жасаған мұғалімдер бар шығар, әсіресе карантин кезінде таптырмайтын платформаның бірі болды. Бұл бағдарламаның ерекшелігі онда оқушыларға тапсырмаларды викторина ретінде бере аласыздар, тексере алып баға қоя аласыздар. Жаңа сабақ өткен кезде, үй жұмысын тексеру не қорытындалау кезінде қолдана аласыздар. Презентациялар жасауға өте ынғайлы және тиімді платформаның бірі. Ол үшін бірінші гуглдан тауып, регистрация жасап алыңыздар.

Келесі платформа Learning Apps. Сабаққа қолданып жүрген платформаның бірі. Өзімнің жасаған тапсырмаларым бар.

Wordwall платформасының ерекшелігі дайын шаблондарды таңдап, тапсырма жасалынғаннан кейін оқушыға бір неше әдістерін ұсынуға болады.

Quizziz онлайн платформасы.  Қашықтықтан жұмыс істеуге жақсы, ауа рауйына байланысты мектепте сабақ оқымаған кезде пайдалануға өте керек сайттың бірі.

Дарын онлайн платформасын. Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың, логикалық есептердің орны бөлек.

Және де тағы айтып кететін бір жақсы платформа – Canva. Мен Канва редактор онлайн платформасын бастауыш сыныптар арасында өткен апталықтың грамота мен мақтау қағазын шығарғанда пайдаландым. Және де қима қағаздар жасап шығару, тапсырмалар құрастырған карточкалар жасауға болады.

Интерактивті технология – оқушылардың ең сапалы білім алуына бар мүмкіндіктерді жасаумызға жол ашады. Айта берсе платформаның түрлері өте көп - Кохот, Падлет т.с.с. Соның ішіндегі өзім жұмыс жасаған платформалармен бөлістім.

Инновациялық технологиялар нәтижелері:

1. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

2. Оқушылардың барлығы сабақта белсенді қатыстыруға мүмкіндік туғызады.

3. Олардың әрқайсысынның деңгейін анықтай алу.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алу.

5. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

6. Оқушыдардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсендігі артады.

7. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді.

8. Тіл байлығын дамытады.

9. Өз ойын жеткізуге, жан – жақты ізденуге үйретеді.

Сондықтан бүгінгі күні білім беру ісінде оқытудың тиімді жаңа технологияларын кеңінен таратып, күнделікті қолданысқа ендіретін ұстаздарымыздың шеберлігі ең маңызды мәселе болып жатыр.

Жақсылық – соқырдың көре алатын, саңыраудың – ести алатын қасиеті. Сондақтан неғұрлы жақсылық жасаудан шаршамайық. Тыңдағандарыңызға рахмет! Аман болайық!











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Құнанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін ехнологиялық негізінде жетілдірудің дидактикалық шарттары:дисс.пед.ғыл.канд. – Алматы,2005 -137 б.

  2. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары. Алматы, «Рауан»,Ә.Әмірова Мектептерде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану Алматы 2005ж.120б.

  3. Абдрахманова Г.Б. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі. – 2015 -№7.1 \87.1



3


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!