Материалдар / Педагогикалық менеджмент
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық менеджмент

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық менеджмент түсінігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
1002
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогикалық менеджменттің қызметі

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шыныдығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанасын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорынытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысананы биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйесінің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал кәсіптік мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепшілік басқарудың нысанасы болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе-кәсіптік мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

«Менеджмент» термині ағылшын тілінен «manage» деген сөзінен шыққан, яғни «басқару», «меңгеру», «басшылық жасау» деген ұғымдарды береді. Менеджмент сөзінің жалпы түсінігі – басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде , басқа адамдардың еңбектерін, қабілеттерін жұмылдыра білуі. Басқа сөзбен айтқанда менеджмент – ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру. Отандық сөздік қорымызға бұл термин қайта құру жылдарында «басқару», «басшылық жасау» сөздерінің баламасы ретінде пайда болды. Ол кезде, номенклатуралық басшылық жүйесіне ілінген кадрларды кәсіби біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілетіне қарамастан бір орыннан екінші орынды басқаруға ауыстыра беретін. Тіпті кейде кәсіп саласынан мүлдем бейхабар кадрлар өндірістің маңызды учаскелерін басқаруға орталықтан жіберіліп отырылды. Сөз жоқ, бұл үрдіс басқару, «басшылық жасау» сияқты сөздерге нұқсан келтірді. «Менеджер» сөзінің шын мәні басшылықпен бірге «істің мән - жайын жетік білетін маман» деген анықтамаға дәл келетін сияқты. «Педагогика менеджменті» не «Білім саласының менеджері» деген атау қазір жиі қолданылатын болды, өйткені ол білім саласын жетік меңгерумен қатар, қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табыса жұмыс істей алатын педагогика және психология ғылымдарымен қаруланған маман. Кәсіптік білім беретін оқу орнының директоры не жоғарғы оқу орнының ректоры алдымен кәсіби біліктілігі жоғарғы педагог болуы тиіс, содан соң басқару әкімшілік жұмысына барғаны жөн. Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттық өркениеттің прогрестік даму ерекшеліктеріне, қоғамдық – тарихи, саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайларға бейім жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеп шығару. Бүгінгі таңда ақпаратттық кеңістік әлемі дамып кетті. Атап айтқанда, дүниежүзілік интернет желісі, электронды почта, электронды оқулықтар, қашықтан оқыту және білім берудің кредиттік технологиялары әлемдік өркениетке аяқ басуымыздың көрінісі. Енді «педагогикалық менеджмент», сөзіне анықтама берсек. (Мұны кейде «білім беру менеджменті» деп атап жүр).


Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез – келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:

1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;

2. Оларға сенім білдіру;

3. Олардың іс - әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.

Антропоцентрлік (грек сөзінен «antropos» - адам деген ұғымды білдіреді). Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне мәнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамдардың творчестволық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегиялардың жаңа қызметтерін жүзеге асыруда мына төмендегі базалық негізге арқа сүйейді.

1. Творчестволық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімдердің сапасын арттыру

2. Қызметкерлердің жауапкершілік сезімін күшейту.

3. Инженер – педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру.

4. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбектерін дер кезінде бағалап, олардың шығармашылық идеялары мен инновациялық іс - әрекеттеріне қолдау көрсету.

5. Студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, олардың оған жауапкершілігін арттыру.

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Кәсіптік білім беру саласында педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаты кәсіби білім беру процесін басқару саласымен мейлінше жақындастыру, тиімді нәтижелерге жетуді қамтамасыз ету. Соның нәтижесінде педагогтар, студенттер мен оқушыларды басқара білу. Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны басқару функциясының мына төмендегі компонентерінің өзара үйлесімділігі:

1. Жоспарлау;

2. Ұйымдастыру:

3. Реттеу;

4. Бақылау;

5. Есеп жүргізу;

6. Талдау;

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: (шешеімдерді қабылдау мен орындауда)

- Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс – қимыл стратегиясын әзірлеу. (түрлі деңгейдегі).

- Басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлар дайындау, олардың орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін нақты көрсету.

- Басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және олардың кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай,и өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру т.б.

- Жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру.

- Басқару шешімдерін орындау барысында ағымдағы және қорытынды бақылау мен есеп жүргізе білу.

- Білім беру жүйесі құрылымдық бағыныштылығына қарай оқушылар, педагогтар, оқу топтары мен педагогикалық ұжым жұмысына талдау жасай білу

 

Шешімді орындау үшін тиісті алғышарттар жасау:

- Білім беру ұйымының түпкі мақсатына жету жолында педагогиалық және оқушылар ұжымы арасында қолайлы моралды психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Басқару шешімдерін жүзеге асыруда педагогикалық және іскерлік қатынасты жүзеге асыру.

Басқару тиімділігін арттыру саласында:

1. Педагогтарды, оқушыларды басқаруда, оқу – тәрбие процесіне жаңа мақсаттар мен міндеттер белгілеуде перспективалық бағыттар әзірлеу, тәсілдердің түрлерін жетілдіру;

2. өзі басқарып отырған педагогикалық немесе оқушылар ұжымының барлық ерекшеліктерін ескере отырып, менеджердің жеке басқару қызметіндегі стилін қалыптастыру;

Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттарға қол жеткізуін мына төмендегі алғышарттардың тобын атап өткіміз келеді:

1. Басшының жеке басының қасиеттері. (оның жалпы дайындығы мен кәсіби шеберлік деңгейі, оның мақсаттық ұстанымы мен өмірлік бағыт, бағамдары, құдылық қасиеттері)

2. Субъектімен қарым – қатынасындағы моралды – психологиялық ахуалы, жеке құлқы.

3. Оның қызметіндегі шарттылық пен мерзімдік сипаттамалар.

4. Оның қызметіндегі шарттылық пен кеңестік сипаттамалар. (материалды – техникалық қамтамасыз етілуі, гигеналық және эстетикалық шарттар т.б.) осы және басқа да мәселелерді оқулықтың келесі тарауларында қарастырамыз.

Кәсіптік білім беру мазмұны 2 бөліктен тұратынын жоғарыда айтып өттік:

Теориялық және практикалық оқыту.

Кәсіби білім беру жүйесінде оқушыларды теориялық оқыту мазмұны мына негізгі міндеттерден тұрады:

1) Оқытушы кадрларды жасақтауолардың оқу жүктемелерін тиімді бөлу;

2) Оқытудың материалдық – техникалықбазасын жасау және жетілдіру – ол оқу кабинеттерін, әдістемелік кешендер жүйесін техникалық құралдармен жабдықтау т.б.

3) Әдістемелік жұмыстар жүргізу;

4) Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

5) Теориялық оқытудың сабақ кестесін жасау;

6) Теориялық оқытуды жетілдірудің жылдық, ағымдағы және перспективалық іс – шараларын жоспарлау;

7) Іс – шараларды атқаратын ұйымдастыру жұмыстарын анықтау;

8) Оқу жұмыстарын күнделікті реттеу,

9) Оқу жұмыстары туралы есеп беру;

10) Оқшылардың теориялық оқуын бақылау және талдау;

Теориялық оқытудың тиімділігі көбінесе оқу процесінің жүргізілетін орны мен оқу режимінің ұйымдастыруына байланысты. Оқушылардың жұмыс қабілетінің артуына санитарлық физиологиялық және гигиеналық, жағдайлардан басқа оқу процесінде оқушылар қызметін басқаруға арналған психо – педагогикалық факторлар да әсер ететіні де анықталған. Олар:

- оқу материалының мазмұны мен көлемі;

- оқыту түрінің ұйымдастырылуы мен оның құрылымдық жүйесі;

- көрнекі және техникалық құралдарын пайдалану;

- оқыту әдістері мен тәсілдері;

- оқушылар қызметінің түрі.

Оқушылардың зейіні мен танымдық қабілетін арттыратын теориялық оқытудың жоғарыда аталған факторларының арасында өзара тығыз байланыс бар.



1. Оқудың түрі мен құрылымы, мазмұны мен көлемі, оқыту әдістері бүкіл апта бойы бірқалыпты болуы мүмкін емес, әсіресе, алғашқы және соңғы сабақтар. Оқушылар қызметіне анық ойлауы мен дене қимылына, пәндердің сабақ кестесінде бір мезгілде біркелкі орналасуы да әсер етеді.

2. Аптаның ішіндегі өнімді күндер – сейсенбі және сәрсенбі. Бұл күндерге негізінен қиын меңгерілетін оқу материалдарын, проблемалы жалпылама шолу лекциялары, ұғынуы қиын жаңа тақырыптарды, қайталау, бақылау – тексеру сабақтарын қойған дұрыс.

3. Аптаның басқа күндеріне көрнекі және техникалық құралдарды кеңінен қолданылатын білім, білік және дағдылық қабілеттерін бейімдейтін бағыттағы сабақтарды қою керек. Сондай –ақ зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізу де ыңғайлы. Бұл күндері оқушылардың ой қабілетін жиі ауыстыратын тапсырмалар беріп, жаңа материалдар көлемін азайтқан дұрыс.



4. Оқушылардың күні бойы бірқалыпты жұмыс қабілетінің мүмкіндігі жоқ екенін мұғалім сабақ мазмұны мен мәндерін таңдағанда мұқият дайындалып есепке алуы керек. Дүйсенбі күні, әсіресе, бірінші және соңғы сабақ лекция оқуға тиімді емес, сол сияқты ұзақ жазу, қиын есептер көлемін де шектеген жөн. Негізінен, бұл күндері жаттығу жұмыстарын, зертханалық – сарамандық, шағын өздігінен істейтін, шығармашылыққа іздену сипаты бар материалдар берген абзал.

5. Жоғары және тұрақты жұмыс қабілеттері байқалатын (2-4 сабақтар) кезеңде оқытушы кәсіптік мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне бірқалыпты өнімді жұмыс істеуге (30 минуттай) тапсырманы бере алады. Күрделі математикалық, технологиялық есептер, жалпылама – аналитикалық семинарлар, ұзақ шығармашылық жұмыстар берген өзін - өзі ақтап жүр. Айта кету керек, теориялық оқытуда пән күрделілігі мен оқу материалын игеру оқушыларға көп қиындық туғызады. Осы қиындықтардың өзін бірнеше сатыға бөлуге болады:

- жоғары ойлау қабілеттілігін қажет ететін, абстрактылы жалпылама ұғым сипатына байланысты пәндер (математика, шет тілі, техникалық механизм),

- ойлау қызметімен қоса нақты материалдар, заттарды құрылымдарды пайымдап, көрсетіп өтетін пәндер циклы. (арнаулы технология пәндері, сызу, электротехниа, физика, химия)

- фактілер басым бағытқа ие пәндер (машина құрылыс технологиясы, техникалық өлшеу мен дәлдік шегі, еңбек және өндіріс экономикасы негіздері, әдебиет, география, биология, тарих, эстетика) Мұның бәрі оқушылардың сабақ кестесін жасауда, оларды орналастыруда есте болатын нәрсе.

Теориялық оқытуда, әсіресе, білім негіздерін игертуде нашар үлгеретін оқушылармен жұмыс істеу маңызды орынға ие екені белгілі. Осы мақсатпен директордың оқу – тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары мына төмендегі жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөледі:

- нашар үлгеретін оқушылар үшін қосымша сабақ кестесі мен консультация кестесін жасайды;

- оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқытушылардың жұмысын қадағалайды.

Теориялық оқытуды басқаратын білім беру менеджері қызметіне мына басты бағыттарды ұсынғымыз келеді.

1. Кәсіптік мектепте теориялық оқытуды мейлі қандай пән болсын болашақ кәсіп иесі өз мамандығына сәйкес бағыттап практикалық тұрғыда іске асыру принципін ұстанған жөн. Бұл туралы өткен таруларда тоқталғанбыз.

2. Теориялық оқытуды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары өндірістік оқытудан бұрын іске асуы қажет екендігі есте болсын.

3. Апталық, тіпті күндік сабақ өтуде өндірістік оқытуды мейлінше тиімді ұйымдастыру, әсіресе, кәсіптік мектеп оқушыларының психофизикалық жас ерекшеліктерін ескере отырып.

4. Теориялық оқыту көлемі мен мазмұнын, үй тапсырмасын өзіндік жұмыстарды оқытушы алдын – ала іріктеп, әдістемелік кешендерді дұрыс таңдап ұйымдастыра білуі керек.

5. Инженер – педагог кадрлардың педагогикалық жүктемесін тиімді бөліп, теориялық оқытуды нақтылап, жылдық семестр бойынша апталық және күделікті сабақ жоспарын құра білуі керек.

6. Теориялық кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытуды психология, педагогика және физиология ғылымдарының талаптарын есепке алатын ішкі бақылау жүйелерін әзірлеп, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ендіру қажет.

Кәсіптік білім беру оқу орындарындағы әрбір іске асырылатын маңызды шаралардың тиімділігін бақылап, оның практикалық нәтижесін шығаратын – директор болуы тиіс.

Оқушылардың кәсіби – практикалық дайындығы (өндірістік оқыту) мына төмендегі компоненттерді қамтиды:

- оқушыларды оқу шеберханаларында, зертханаларда, полигонда және шаруашылық учаскелерінде оқыту;

- оларды өндірістік я шаруашылық жағдайында жақындастырып, жұмыс орнында мамандығына бейімдеу;

- өндірістік практиканы кәсіпорын, ұйым, не шаруашылықта ұйымдастыру.

Оқушылардың өндірістік оқыту мен өндірістік практикасына басшылық жасау мына заңдылықтарға сүйеніп жүргізіледі:

1. Мұнда оқу тәрбие – жұмысы мен өндірістік оқыту қатар жүргізіледі. «Оқу мен тәрбие – егіз» ұстанымы ұдайы басшылыққа алынып отырады. Дидактикалық және өндірістік міндеттер өзара байланыста басты мақсат жолына жұмылдырылады.

2. Өндірістік оқыту мен практиканы басқару төмендегідей иерархиялық құрылымға ие:

1 – ші деңгей – оқу орнының директоры;

2 – ші деңгей – директордың оқу өндірістік жұмыстар жөнінідегі орынбасары;

3- ші деңгей – кәсіптік мектептің аға шебері;

4 – ші деңгей – белгілі бір топтық өндірістік оқыту шебері;

5 – ші деңгей – оқу тобы;

6 – шы деңгей – оқу бригадасы ұжымы.

3. Өндірісте практикалық оқыту барысында басқарудың мына жүйесі де жұмыс істейді:

- өндірістік оқыту шебері – тәләмгер – оқушы;

- өндірістік оқыту шебері – бригадир – оқушы;

- өндірістік оқыту шебері – учаскі шебері – оқу бригадирі – оқушылар т.б.

4. Осы келтірілген құрылым үлгісіндегі әрбір субъекті өз деңгейіндегі құзыреттілікке сәйкес басқару циклын іске асырады, жоспарлайды, ұйымдастырады, бақылайды, талдау және есеп жұмыстарын жүргізеді. Енді осы айтылған өндірістік практиканың басқару құрылымына кеңінен тоқталайық: оқушыларды өндірістік оқыту мен практикасын басқаруды жоспарлау - бұл оқу орнының перспектикалық, жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасап, оған дайындық алдын – ала жүргізіледі. Осы жоспарлар негізінде топтық оқу - өндірістік жоспары, өндірістік оқытудың сабақ жоспары, оқу - өндірістік жұмыстар тізімдемесі жасалынады.



 

Оқушылардың өндірістік оқыту мен практикасын ұйымдастыруға мыналар кіреді:

- Оқытудың материалдық – техникалық базасын дайындау;

- Оқу топтарына өндірістік оқыту шеберлерін іріктеу және бекіту, оларды оқу бағдарламаларымен, тиісті техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

- Оқу шеберханасында сабақ кестесін жасау;

- Өндірістік объектілердегі өндірістік практика жұмысын ұйымдастыру;



- Оқушылардың оқу - өндірістік қызметіне сұраныс әзірлеу;

- Оқу - өндірістік процестердің материалдық – техникалық базасын жасақтау, құрал – жабдықтармен, шикізаттармен, полуфабрикаттармен т.б. материалдармен қамтамасыз ету;

- Өндірістің алдыңғы қатардағы жұмысшыларының, заттарының (новаторлар) іс – тәжірибесін оқып, үйрену;

- Оқушыларды жұмысқа жеке – жеке бөлу;

- Бітіруші біліктілік жұмыстарына қажет үлгі сынақ ұйымдастыру қызметін әзірлеу және өткізу.

Өндірістік оқытудың толық мазмұнын іске асыру үшін басшылар басқарудың басқада тәсілдерін кешенді түрде жүзеге асыра білуі керек, олар: өндірістік оқыту практикасын реттеу, ішкі бақылау жұмысы, есеп пен талдау. Бұл жағдайларда өндірістік оқыту шебері арнайы тіркеу журналын жүргізеді, ал оқушылар өндірістік оқу мен практикаға арналған күнделік жүргізеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!