Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында,

ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»


Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушылар үшін ең маңыздысы – қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.

Топтық жұмыстың артықшылығы:
- Оқушылардың бір-біріне деген жолдастық, достық қарым қатынастары

дамиды;

-Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады;

-Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны

қолдана алды;
-Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып

толық меңгереді;

Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.

Топтық жұмыстың тигізетін кері әсері:

  • Оқушылардың коллеграфиялық жазу сауаттылығына мән берілмеуі:


Негізінде жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көп көмегін тигізді, себебі, білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында ортақ жұптық әңгіме жүріп талқылады

Оқушылардың белсенділігі зерттелген кезде өзін сабақта төмен көрсетіп жүрген оқушының бойындағы ашылмаған жаңа қырлары көрінеді. Оған сыныптастары басқа көзбен қарай бастайды. Топ өзінің ережесін шығара отырып оны орындауға тырысады. Олардың бойларында формативті бағалау кезінде басқа топтардан қалмау керектігі туралы, білімін көрсету, мақсатқа жету туралы бәсекелестік пайда болады. Сыныпта топтық, ынтымақтастық атмосфера туады. Топ ішінде шешілмейтін мәселе болмайтынын оқушылар түсіне бастайды. Әр оқушыда танымдық түрткі пайда болып, оқуға деген қызығушылық туады. Әр сабақта топ құрамы өзгеріп отыру керек. Топ барлық сабақта тек бір оқушылардан ғана тұрмағаны жөн.

Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруының шарттарының бірі-топты дұрыс іріктеу болып табылады. Топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арсындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі.Гомогенді және гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топ дегеніміз бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан тұрады. Ал гетерогенді топта білім сапасын әртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан тұратын балалар болады. Мен зерттеген сыныпта мен дәл осы гетерогенді топ жасауға тырыстым. Себебі: зерттеу нәтижесі көрсеткендей оқыту және тәрбиелеу мақсаттары осы гетерогенді топтарда жақсы жүзеге асады. Себебі ол жерде ынтымақтастық, бір біріне өзара көмек көрініс береді. Оқушылар жақсы оқитын оқушылардың көлеңкесінде қалуға тырысып сыныпқа кірген кезде солардың қасына отыруға асығады. Бірақ топқа бөлудің әртүрлі стратегияларын пайдаланып бөлгеннен кейін олар қарсылық көрсете алмайды. Оқушы санына байланысты топқа 5-6 оқушыдан іріктеледі. Топтық жұмысты бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Мысалы топ ережелері төмендегідей болуы мүмкін:
- Бірін-бірі тыңдау
- Өзгенің пікірін сыйлау
- Сөзін бөлмеу
- Уақытқа бағыну
- Шапшаңдық
- Бәсекелестік
- Бірлестік

Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырмажұптық тапсырматоптық тапсырмалар беріліп отырады.

Сабақта табыс критерийлері жазылып және дескрипторлары көрсетілуі тиіс. Сол кезде ғана оқушылар өз топтарын және өзге топтарды бағалаған кезде нақты, шын баллдарды  қояды. Балл қоюға, топты бағалаған кезде оқушылар белсенділігі жоғары болады. Топтар бірін бірі бағалаған кезде реніш болмайды себебі дескрипторлармен бағалау баллдың ақиқатты қойылғанын көрсетеді.

Күнделікті сабақта білім беруде басты мақсатты айқындап «не нәрсеге үйрету», «қалай оқыту» және оқушыларға топтық, жұптық жұмыстарда өздерінің шығармашылықтарын шыңдай түсуі үшін қандай тапсырмалар беру керектігін әбден зерттеп, зерделеп алған дұрыс. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, көңіл — күйлерін жүректерінің жылуы мен ыстық алақандарының түйісуі арқылы сездіре отырып, бүгінгі сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі өздеріне де байланысты екенін сездіруге тырысамын. Одан әрі мұғалім мен оқушының рөлі ауысып, басты салмақ оқушыға ауыстырылуы тиіс. Оқушыға бәрін үйрету мүмкін емес, олардың рөлі үйренуге ұмтылу екенін естен шығармаған жөн. Шығыс даналығында айтылатын «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын», яғни бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөзбен түйіндегім келеді.

Ендігі тоқталып өтетінім: тәжірибе кезінде байқаған топпен  және жұппен істелетін жұмыстардың оқушыға тигізетін оң әсерлерін сөз еткім келіп отыр. Топтық жұмыстарға оқушыларды бағыттап отыру әсіресе көп үндемейтін, тұйық, баяу болып келетін оқушыларға аз да болса серпіліс жасатып, ұжымның ортасына қарай икемделетіндіктерін байқадым. Топпен жұмыс істеуге дағдыланған оқушылар бір — бірін тыңдауға, пікір сайыс құруға, араларынан көшбасшы сайлап, топ ұстанымын орындауға бірте — бірте бейімделе түседі екен. Бұған әрине, топ мүшелерінің ішіндегі белсенді оқушылар үлгі болатынын байқауға болады. Әдебиеттік оқу пәніндегі ертегі, аңыз, жыл мезгілдері, табиғат жайлы берілген тақырыптар топтық жұмыстарға өте қолайлы тапсырмалар беруге ыңғайлы. Белгілі бір тақырып бойынша бірігіп салған суреттер арқылы әңгіме айту жарысын ұйымдастырған жөн. Мұндай жарыс әңгімеге шыққан оқушының сөз байлығы шектеулі болса, оқушыға бағыттаушы сұрақтар қойып, өз ойларын еркін жеткізуге баулып отыру қажет. Әсіресе тұйық отыратын оқушы топтың қолпаштауымен ортаға шыққанда, өз тобының намысын ойлап, тәп — тәуір әңгіме айтып беруге тырысатыны байқалып қалады. Сонымен қатар рөлдік ойындар, кейіпкерлерге кластер жасау, олардың жағымды — жағымсыз қасиеттерін анықтау, кейіпкерлерге өз атынан немесе сол кейіпкердің образына кіріп хат жазу, ертегі мен аңыздардағы негізгі идеясын тауып, соған байланысты мақал — мәтелдер, жаңадан аңыз, ертегілерді құрастыру сияқты шығармашылық жұмыстарды топтық жұмыс кезінде орындау тиімді екеніне көзім жетті. Сонымен бірге тіл сабақтарында диалогтік оқыту да өте пайдалы, себебі оқушының сөз байлықтарын молайтумен қатар сұрақтарға нақты, дәл жауап беріп отыруларын бағыттап береді. Диалогті өз мәнінде кеңінен өрбіту үшін қойылатын сұрақтар мәнді де мағыналы болғаны жөн. Сонда оқушы өзінің беретін жауабына да  немқұрайлы қарамайды.

Топтық жұмыстар  кезінде «Сергіту сәтін » өткізу, оқушының ынтасы мен ойын ширатуға көп көмектеседі және әрі қарай жұмыс істеулеріне де, ұжымдық қолайлы орта қалыптасуына да ықпал етеді.

Топтық жұмыс орындау кезінде тағы бір байқағаным олардың намысшыл, жеңісті қолдан бермеу сияқты дағдылары да қалыптасады екен. Бұл жерде әрине, балалардың бір – біріне және топтық жұмыстарға формативті түрде баға берулері көп әсерін тигізеді. Әр  топқа неге мұндай баға қойылды, не себепті деген сұрақтарға жауап берген оқушылардың сөздері ұстаз көңілінде ескерусіз қалмауы тиіс.

Мұғалім — тек бағыттаушы,ал  оқушы -ізденімпаз болып, өз бетімен шешім қабылдауға жүрексінбей кіріссе, бұл жұмысымыздың белгілі бір нәтижесі болады деп сеніммен айта аламын.


Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді деген ойдамын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2018
2327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12