Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Педагогикалық оқу Ұлттық құндылық-рухани құндылық негізі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ұлттық құндылық-рухани құндылық негізі»
Максотова Калиса Еламановна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме»
Абай
«Ұлылықтан» бастау алған «ұлы қасиеттер» адам жүрегінде ұялаған сезімдердің құдыретті күшіне айналуы үшін ой-ұшқырлығы мен парасаттылық,ерекше қабілет пен қажырлылық қасиет қажет-ақ.Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық сәуле,мұқалмас жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық,өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де –осы ұлы қасиет.
ХХІ ғасыр заманында оқу мен оқытудың мазмұныда, сипаты да, соған орай,амал-тәсілдері де күрделене түсті.Заманға сай өзгеше қасиет пен қабілітке ие ұрпақ қалыптасып келеді .Сондықтан да ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болады. Заман жүгін арқалаған ұстаздардың міндеті-жан дүниесі рухани-құндылықтарға бай,өзіндік дараланған болмыс - бітімі бар шарықтаған шабыты,асқақтаған арман-мұраты бар талапты да талантты өрісі биік тұлғаны қалыптастыру.
Ұлтымыздың көрнекті мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деген болатын.Ұлттық құндылықтар –ұлттық идеяның негізгі өзегі,ұлттық рухтыңтәрбие негізі – ұлттық үрдісте. Халқымыздың мәдениеті ұлттық ерекшелігімен қасиетті де қадірлі. Жаңа ғасыр бастауында әлемдік мәдени сұхбат пен өркениеттердің ұлы тоғысуы дүниежүзілік даму процесінің ең басты критерийлеріне айналып отырғанда, ұлттық идеяны әлемдік өркениетпен өзара үйлестіру мәселесі заман ағымына сай туындаған өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып отыр. Сондықтан мәдени дамудың шыңына жетіп, өркениетті елге айналу халқымыздың табиғи қасиеттеріне, күш-қуатына, менталитетіне, даналығына, көрегендігіне, қабілетіне ,ұлттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болмақ.
...Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәләм-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал ол жазу-сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағылымынан, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бір сөзбен айтқанда мәдени мұраларынан өзекті орын алып, көрініс береді. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес.
Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды.
Күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы, сырнай үнімен асқақтата салған әсем сазды әнімен де ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп көкірегіне ұялатқанын ұмытуға болмайды. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген рухани-мәдени мұрасының тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр. Әрбір халық «өз тарихын, философиясын мейлінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес». Ұлттық тәрбиенің ұлттық құндылықтардан нәр алатын адамгершілік ұстанымдары мәдени құндылық ретінде ғасырлар қойнауынан нәр алып, мәдениет біткенмен тепе-тең, өзіне байыта, астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың, руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелеп отырады.
Адам баласы қашан да тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбеті мен үндесетінұлтболашағыныңбағытынанықтапалукерек. Әрұлттыңбаяғызаманнанкележатқантәрбиелеужүйесініңөзіндікжолы бар. Тәрбиеұлттықтабиғитамырынанкіндікүзсе, тәрбиелікқасиетін жоғалтады. Сондықтан оны руханитұрғыдаұлттағдырыменбайланыстыраотырып, бүгінгіқоғамкелбетіменсанасаотырып, алғабастыруқажет.
Мақсатқа жету үшін алдымен нақты теориялық негіз керек. Осындай негіз тәжірибеден жинақталған белгілі бір дәлелдемелерге арқа сүйейді. Ал бұл дәлелдемелер педагогика ғылымының ғана құзырында жатқан жоқ. Оны тереңірек іздеу қажет.
Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық мәдениетті сақтайтын мәдени бағдарды анықтауда идея дегеніміз рухани ізденіс, бастауыш, жол көрсеткіш болып табылады. Бірақ әлі де болса ол идея қандай тұжырымдарға сай құрылып, қандай құндылықтар жүйесіне сүйенетінін бірауыздан құптай алмай отырмыз. Ол қалыпты жағдай. Себебі дамудың өзінде шығыстың білім беру парадигмасы руханилыққа бастаса, батыста керісінше, ол құндылық шетке ығыстырылып қойылған. Ал біздің жағдайда адамзат мәдениетінің екі тарихи типі – Шығыс пен Батыстың да үлес салмағы бар. Ол ұрпақтан ұрпаққа жетелейтін, биік те құнды, рухты болуы тиіс. Тәрбиелік мәнді идея қанша жерден құнды болғанымен, ол өмірлік іс-әрекеттен өз орнын таппаса, оның нәтижесі жоқтың қасы деуге болады.Осы мақсатта бүгінгі күні тәрбие берудің жаңа тұжырымдамасын жасау тәрбиенің мәдени құндылық ретіндегі тұжырымдарына келсек:
Тұлғалық, жалпыадамзаттық құндылық
Рухани тәрбие
Саналы бағыт- бағдар
Даналардың өнегелі тағылымы
Құндылық тұжырымдамасы
Бейбітшілік
азаматтық қоғам ұрпақтар сабақтастығы;
Мәдениеттанулық адамзат игілігіне қызмет ету:
Патриоттық
рух
Ұлттық ұстаным өмір шеңдігі
Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға болады. Ал адамды басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұрады.
Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдықта өткен тарихи-мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау қалыпты жағдай. Өткенді сана толқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саяси-экономикалық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты.Осы орайда Гегельдің «рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады» деген ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде, оның өзіндік санасы, тарихи жады. Ендеше, бұл қасиеттер бесік тербеткен ана әлдиімен, ақ жаулықты әже ертегісімен бірге өскелең ұрпақ бойына ұстаз тәлімі арқылы да дарытылып, сіңірілуі керек. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие, орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды міндет.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында «Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр»,- деген. Олай болса, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда, ер бала мен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіруде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор деп білемін.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» дей келе,халқының тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуы жайында айтылған еді.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік
мәдениетінің бастауы, түп төркіндері сонау есте жоқ, ескі
замандардан жеткен салт-дәстүрлерімізде жатыр. Балаңды өз
тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле,-деп бабаларымыз айтқандай халық педагогикасы
баланың тәрбиесі туып-өскен ортасына, ата-ананың, отбасы
үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп
қараған.
Баланың қалай
өсетіні: ары бар, адал да, жер
бетіндегі жақсылық атаулы үшін күрескер болып шығатыны немесе
керісінше өзімшіл, ұсақ, тіпті ашықтан -ашық зұлым адам болып
шығатыны көп ретте мұғалімнің балалармен жүргізілетін тәрбие
жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты. Сонымен бірге балаға
ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту- мұғалімнің басты
міндеті.
«Сөз анасы – сәлем», «Көргенді
бала алыстан сәлем береді» атты тәрбие сағаттарында
баланы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып,
сәлемдесудің маңыздылығын ұғындырдым.
«Жеті атасын білген ер, жеті
жұрттың қамын жер» деген тәрбие сағатымда
әрбір оқушының өз тегін біліп келулері арқылы олардың бойында
туысқандық, бауырмалдық қасиетін дамытуға ықпал жасадым дей аламын.
Сондай-ақ «Қонақ
келсе-құт» атты тәрбие сағатында
халқымыздың қонақжайлылығын насихаттай отырып, қонақ күтудің
өзіндік жөн-жоралғысы мен дәстүрі, ерекшеліктері бар екендігін
оқушылар сезіне білді.Оқушылар келген қонақпен амандасу, оған
құрмет көрсету, қонақты күту, дәмді тамақ пісіру секілді кәделерін
көрініс қою арқылы көрсете білді.
Оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің тағы бір жолы – халық
ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені жасынан ертегі,
жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік
сөздер мен батырлар жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап,
маңызды да, құнды тұнығына қанып өскен баланың бойында еліне,
жеріне, халқына адамзатқа деген сүйіспеншілігі арта отырып,
ұлтжанды, намысқой, арлы азамат боп қалыптасады.
Жөргегінен бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, көңіл бөлген халқымыз
осы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы адамды аздырып – тоздыратын:
өсек, өтірік, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ секілді мінездерден
сақтандырып келген.
Халық даналығы, батырлар жырлары ер – азаматтың ерлігін, ел –
жұртын ардақтаған адамгершілік қасиеттерін, елім деп еңіреген ердің
өнегелі істерін арттағы ағайын-туысқа, ұрпаққа үлгі-өнеге етіп
отырды.Бұл орайда , «Мақал – сөздің
мәйегі», «Қайыспаған халқымның
батырлары», «Ұлы даланың ұлы тұлғалары
» атты өткізген тәрбие
сағаттарым оқушыларға оң нәтижесін берді деген сенімдемін.
Оқушыларым бұндай тәрбие сағаттарына аса жауапкершілікпен,
қызығушылықпен атсалыса қатысады.
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Халықтық педагогиканың құндылығы сол – халық қазынасының азығын ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы етіп пайдалана білсек қателеспейміз. Ендеше, бұл қасиеттер бесік тербеткен ана әлдиімен, ақ жаулықты әже ертегісімен бірге өскелең ұрпақ бойына ұстаз тәлімі арқылы да дарытылып, сіңірілуі керек. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие, орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды міндет.«Ұлттық құндылық қасиеттер рәміздеріміз, ұлттық сана-сезіміміз, ойымыз, дәстүрлік іс-әрекетіміз заман ағымына қарай қолданыста өзгеріс табады» деген пікірді әрбір ой толғаушы ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Ұлттық руханилық ұлттық құндылықтың мәні деп түсінеміз. Әр ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып қалыптасқан. Әрбір тұлға саналы түрде өзін басқалармен салыстыра келіп өзіндік ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырады.Менің де басты ұстанымым мен мақсатым-ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру арқылы қалыптасқан тәні мен жаны сұлу,өзіне-өзі сенімді,халықтың салт-дәстүрін,тарихын құрметтейтін ,ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.Сыпыпта,сыныптан тыс мазмұны терең, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін ұштастыра отырып,тәрбиелік шараларды өткіземін. «Егемен елдің кемеңгер басшысы», «Тәуелсіздік – ел тілегі»,»Мың жаса,тәуелсіз қазақ елі» тақырыбында сынып сағаттары , «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты Елбасына арналған мәнерлеп оқу сайысы,«Ұл мен қыз – ұлт болашағы», «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат», «Адам болам десеңіз..», «Білім-ғылым – байрағым мен ұраным» атты зияткерлік ойын,сұрақ-жауап,сайыс түріндегі сынып
«Тәртіптілік – ақылдың серігі,адам көркі» , «Отбасындағы баланың орны» тақырыбында ашық әңгіме,ой талқы түрінде ата-аналармен жұмыстар жүргізілді, психологиялық кеңес берілді.
«Арулар – асыл жандар» тақырыбында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» ұлттық салт –дәстүрлерді дәріптеу,ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында сынып сағаттарын өткіздім. Бүгінгі ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулуда тағылымы мол,өнегелі тәрбие шараларының маңызы зор дей келе,сыныпта өтен тәрбие шарасына өз жұмысымды ұсынамын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы-
2017 ж 2 ақпан
2. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы - 2018 ж 11 қаңтар
3. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі»- Әбенбаев С,Алматы – Дарын, 2004ж.
4. «Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журнал-2017 ж ,№4
5. «Сынып жетекші» журналы - 2017 ж , №6
6. Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002.
1-қосымша
Сабақ тақырыбы: Халық даналығы –рухани байлық
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын кеңейту,
ә) Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау,
б)Тәрбиелік: Шығармашылыққа баулу, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Түрі: Танымдық сабақ
Әдісі: Баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, ой дамыту, топпен жұмыс,шығармашылық-ізденіс жұмыстары
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қанатты сөздер жазылған слайд, кестелер,сызбалар,ақпарат материалдары,портреттер,
Жүру барысы:
-
Ұйымдастыру.
-
Поэзиялық сәт,сахналық қойылым. (Сахнада оқушылар күмбілеген күй әуенімен өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, «Үш бидің шешімі» көрінісі)
-
«Қанатты сөз-қазына»
-
«Зерделі сөзге зер сал»
-
СТО . «Ұлы тұлғалардың бойындағы ұлы қасиеттер». «Идеялар себеті»
-
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы
-
Кері байланыс «SWOT» талдау
Ән «Қазақ елі»
-
Ұйымдастыру бөлімі :
Психологиялық ахуал
Сыныпты асықтар (асық түстеріне қарай) арқылы үш топқа бөлу
1.“Парасат” тобы
2.“Ұлағат ” тобы
3. “Болашақ ” тобы
б)Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесіне сүйене отырып,
*жаны таза,
*рухани ойлау қабілеті жоғары ,
*адамгершілігі мол,
*халқына пайдасын тигізетін жеке тұлға тәрбиелеу
Ғұлама Абай :
Баланың бойына үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген
1.Елімен туған-туыс,жұрағат , жекжат,дос-жолдасқа адал болу.
2.Өте әділетті болу
3. Ақыл парасатты, адамгершілігі мол , рухани бай болу .
-
«Қанатты сөз -қазына »
(оқушылар слайдта жазылған қанатты сөздердің мазмұнын түсіндіреді)
Сабыр деген-әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық,
Қолы жетпей талай жан назданады,
Осыдан көп шығады адамшылық.
Ш.Құдайбердіұлы
Ақылсыздықты екі белгісінен білуге болады:
Ол өзіне пайдасы жоқ сөзді айтады,
Не біреудің ісіне жөнсіз араласады.
Әл-Фараби
Күншілдік –өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс.
Бауыржан Момышұлы
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.
Содан қашпақ керек:
әуелі-надандық,
екіншісі-еріншектік,
үшіншісі-зұлымдық.
Абай Құнанбаев
Рухани жағынан алғанда , қазақ ,бойына үлкен қабілет дарыған халықтардың қатарына жатады.
Олардың әдебиеті байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі.
Д.Клеменц.
«Қанатты сөз-қазына» бөлімін М.Әуезов пен Е.Букетов сөздерімен қорытындылау.
Әдебиет оқушының ақыл-сезімін тәрбиелеп жетілдіруден басқа, сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек. Мұхтар Әуезов
Адамның мәдениеттілігінің , ой-өрісінің кеңдігінің , жан дүниесінің ләззатшыл, нәзіктігінің бірден-бір белгісі- көркем әдебиетті қол үзбей оқи білуі. Евней Букетов
2.Зерделі сөзге зер сал
Тапсырма :
а)үш топқа үш түрлі мәтін беріледі , оқып , мәтін мазмұнынан түйгендерінен көрініс көрсету
«Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын»
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.
Бірде Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келген Әнет баба
ынтымақ , ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ»,-дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. -Балам, мынаны сындырып көрші ?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
-
Енді сол шыбықты шешіп , біртіндеп оп-оңай сындырып береді.
Әнет баба :
-
Бұдан не түсіндің , балам ?-дейді.
Сонда Төле бала :
-
Түсіндім , баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: Ынтымағы , бірлігі мықты елді жау да , дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді»-демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да , дау да оп-оңай алады»-дегеніңіз ғой.
-
Бәрекелді , балам, дұрыс таптың . Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,-депті.
Ашкөздік кімге абырой әперген
Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі сапар шегіп келе жатып , бір қап алтын тауып алыпты . Бөліп алмақ болып , базарға келіпті . Бір шетке жайғасыпты да, екі ағасы інісін қымыз әкелуге жұмсапты.
-Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық,- десіпті інісі кетісімен.
Інісі қымыз алып , қайтып оралғанда , екеуі тап береді де, әп- сәтте шаруасын тындырады. Сөйтіп қымызға бас қояды.
Бір уақытта екі ағасы іштері ауырып, сол жерде жан тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен. Үшеуі де сол жерде жан тапсырып, бірқап алтын далада қалыпты. «Ашкөздік кімге абырой әперген »
Бірінші байлық-денсаулық
Ертеде тамақ таба алмай ашынған , суық үйде жатып күнелткен бір кедей болыпты.
Өзінің кедейлігіне күйінген ол бар даусымен жылап отырады.
Оның аянышты , ащы даусын естіп , көпті көрген көреген қария қасына келеді.
-
Неге жылап отырсың? – деп сұрайды . Кедей өзінің жылауының себебін айтады. Сонда қарт:
-
Адамдар өздеріндегі байлықты аңдамайды, мәселен, сенде еш байлықпен теңдесі жоқ байлық бар, - дейді. Қарттың сөзіне таңданған жігіт:
-
Менде қайдағы байлық, байлығым болса , осылай отырар ма едім?-деп , қарияға жауап тіл қатады .
-
Сенің екі көзің бар, біреуін маған сат, қартайғандықтан жанарымның оты азайып барады .
-
Жоқ , көзімді ешқандай ақшаға сата алмаймын.
-
Ендеше, екі қолыңның біреуін сатшы, - дейді қарт.
Есі шығып, дегбірі қашқан кедей:
Жо,жоқ мен қолымды да сата алмаймын !-деп айқайлап жіберді.
Сонда қария орнынан тұрып:
Бағанағы кедейлікке айғайлағаның қазіргі денсаулығың үшін айғайлағаныңа жеткен жоқ.
Демек, бағана байлықтың не екенін ұқпай отырғаның. Дүниедегі бірінші байлық –денсаулық. Осыны ұмытпағайсың,- деп бір ауыз даналық сөзін айтады да, көзден ғайып болады.
СТО . «Ұлы тұлғалардаың бойындағы ұлы қасиеттер». «Идеялар себеті»
ә) Топ мүшелері мәтінннен түйгендерін өз ойларымен тиянақтап шығу.
Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын
Өзара ынтымақты , тату, сыйластығы жарасқан отбасының береке-бірлігі де мызғымайды, ырысы молайып, бақ-дәулеті артады, деген мағынаны береді.
Ашкөздік кімге абырой әперген?
Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң, түбіне жетпейсің. Сол дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан шығып, тұнғиыққа батып кеткеніңді білмей қаласың. Абырой таппайсың, деген ойды білдіреді.
Бірінші байлық-денсаулық
Денсаулық болмаса, көңіл-күйің болмайды. Көңіл-күйің бомаса, ешқандай байлық
дәулетті де қажет етпейсің. Ол дәулетке денсаулықты да сатып ала алмайсың. Демек, денсаулық- бірінші байлық. Бұл мақалды бабаларымыз «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық- он саулық, үшінші байлық- ақ жаулық» деп те айтады.
«Ұлы тұлғалардың бойындағы ұлы қасиеттер». «Идеялар себеті»
4. “Ортадағы қаламсап»
Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты , өнеге аларлықтай , тамаша тәлім- тәрбие берерліктей өсиет сөздері бар.
Біздің мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінгі жарқын өмірді бағалайтын, ертеңгі өмірге сеніммен қарайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры – бірлікте,
Жүдеудің сыры – алауыздықта.
Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген.
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген.
Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар.
Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін.
Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған.
Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек.Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.
Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз.
Ән «Атамекен»
Кері байланыс «SWOT» талдау
2-қосымша
Тақырыбы:Ұлы дала тұлғалары
Мақсаты:Ұлтымыздың ұлы қайраткерлерінің ұлт игілігі үшін жасаған ұлы істерін насихаттау,жан-дүниесімен түсіне білуге,ұлтжандылыққа,ұлы тұлғалардың даналық сөздерінен ғибрат алуғу баулу, ұлт тарихын,мәдениетін,салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету,сыни тұрғыда танымдылық,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
Көрнекілігі:Плакаттар, «Шығармашылық бұрыш», слайдтар,портреттер,бейнебаян,
Көрініс: «Үш би мен Абылай хан»
Музыка әуені. Сәкен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» күйі
Поэзиялық таным
Бейнебаян.«Алып тұлғалар»
«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»
Н.Ә. Назарбаев
Жоспар
I Тұсаукесер. «Өмірлері өнеге өр тұлғалар» (билердің,ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстары)
ІІ. “Туған өлкем –құтты мекен”-“Броундық қозғалыс” тәсілі .Сұрақ-жауап
III. “Ұлттық құндылық-рухани құндылық”,.(«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру”,тапсырмалар)
IV. “Ұлылар мен ұлылық” “Болжау” стратегиясы
V. Постермен жұмыс.”Адам болу парызың”
VI.“Рефлексия пирамидасы”. Кері байланыс
Ой түйін
Шығарма үзінділері арқылы топтарға бөлу
I топ – Үш би- «Әділдік»
II топ –Үш бәйтерек -«Көсемдік»
III топ –Бес арыс - «Ұлылық»
I .Топтық жұмыс.Тұсаукесер.
«Өмірлері өнеге өр тұлғалар» (билердің,ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстары)
ІІ. «Туған өлкем –құтты мекен».
«Броундық қозғалыс» тәсілі.
Топаралық сұрақ-жауап
АСТАНА-20
Астана қаласында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер.
«Мәңгілік ел» , «Бәйтерек» монументінің идеялық сипаттамасы
ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ-90
«Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері
Құрманғазы ауданынан шыққан ұлы тұлғалар
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,ақын Гүлзада Ниетқалиевамен сұхба
АТЫРАУ ҚАЛАСЫ-80
Атырау қаласының тарихы
Атырау облысында неше аудан бар?
Каспий көл ме,теңіз бе?
Атыраудан шыққан ұлы тұлғалар.
III. “Ұлттық құндылық-ұлы қасиет”
(«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру.Сұрақ-тапсырмалар)
1.Ұлттық құндылық дегеніміз не?
2. «Қымызмұрындық» деген қандай дәстүр?
3.Ұлттық бұйымдарды ата.
4.Жеті қазынаны ата.
5.Ұлттық ойындар.
6. «Тоқымқағар» дегеніміз не?
7. Бәйге түрлері
8.Ұлттық мінез,ұлтқа тән қасиеттерді сипаттап бер.
IV. «Ұлылар мен ұлылық».
«Болжау» стратегиясы
Ұлылардың ойын, ісін, сөзін ұқсан, өзіңе екінші өмір жасайсың, көрер көкжиегің кеңейіп, арманыңа барар жол көрініп, сенімің артады. Ұлылардан үйренуге талпына беріңдер.
Ұлының өзімен кездеспесең де, сөзімен кездесуге асық, көңіл қиялындағы арманына жетесің.
(әр топқа мақал-мәтелдер беріледі,жалғасын табу)
Ұлы адамдардың өзі біртұтас әлем, көрген сайын көре бергің келеді.
Ұлы адамдарда көрінбейтін қанат бар, әлемді шарлап кетеді.
Келешекті жақсартуды, жақындатуды ұлы адамдардан үйрену керек.
Қай салада болмасын, еңбек етіп, сол еңбегінің нәтижесін көріп, ал ол нәтиже халық игілігіне айналса, сол адамдарды ұлы деймін.
Ұлының бір еңбегінен мың адам ризығын тауып жүр.
2. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу
V. Постермен жұмыс.
”Адам болу парызың”(Есімдерін сабақ тақырыбымен ұштастыра сипаттау,баяндау,өз көзқарасын білдіру)
VI. «Рефлексия пирамидасы»
Кері байланыс
1.Сіз үйренген екі нəрсе
2.Сіз қандай қорытындыға келдіңіз?
3. Тілек айту
Міндеттері:
-қазақ әдебиетін,тарихын,мәдениетін,салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету;
-мейірімділікке , әдептілікке тәрбиелеу;
-үлкенді сыйлау,кішіге ізет көрсету;
-ұлағатты,даналық сөздерді меңгерту.
1.Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
2.Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
3.Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
4.Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады.
Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Мектебіміз математика-физикалық бағытта болса да , ұстаздарымыз тәрбие сағаттарын , өткізілетін іс-шараларды , ғылыми жобалардың тақырыптарын ұлттық құндылықтарға бағыттап алады.Атап айтар болсақ , «Қара жорға» биінің зерттелуі, «Етістіктердің ұлттық ойындарда қолданылуы» , «Қазақ ертегілері – қазіргі жастар көзімен» т.б. Сонымен қатар «Сәлемдесе білгенім , бабамның сөзін ілгенім»атты қалалық семинар да оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп,адами қасиеттерінің дамуына үлесі зор екені сөзсіз.
Қорыта келгенде, ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттаумыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы-
2017 ж 2 ақпан
2. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы - 2018 ж 11 қаңтар
3. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі»- Әбенбаев С,Алматы – Дарын, 2004ж.
4. «Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журнал-2017 ж ,№4
5. «Сынып жетекші» журналы - 2017 ж , №6
6. Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002.
2017-2018 оқу жылы
Жоспар
1.Кіріспе.
Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4.
5.
6.
Ұлтымыздың көрнекті мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»- денеген болатын.Ұлттық құндылықтар –ұлттық идеяның негізгі өзегі,ұлттық рухтың ...