Материалдар / Педагогикалық оқылым тақырыбы:«Балаларға сазбалшық терапиясын пайдаланудың маңыздылығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық оқылым тақырыбы:«Балаларға сазбалшық терапиясын пайдаланудың маңыздылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға сазбалшықтың пайдасы туралы баяндау,оны оқу іс әрекетте пайдалану жайлы.Қандай құралдар қажет, ұсақ қол моторикасына пайдасы жайлы түсінік беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2022
1242
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өрлеу біліктілік арттыру орталығы
















«Балаларға сазбалшық терапиясын пайдаланудың маңыздылығы»



















Дәулет Рауан Әлімбайқызы

«№13 Ақмарал бөбекжай – бақшаның» тәрбиешісі













Жаңаөзен-2020 жыл

Мазмұны

  1. Кіріспе................................................................................2


  1. Негізгі бөлім......................................................................3


2.1.Жұмыстың мақсаты.....................................................3


2.2.Балалармен жұмыс.......................................................4-5


2.3.Ата-аналармен жұмыс.................................................6


3. Қорытынды.................................................................8

































Кіріспе


Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе – мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие – білім беру жұмыстарының мазмұнын, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру. Сондықтан балаларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру – өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан әлеуметті-экономикалық өзгерістер, білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына өзгерістер еңгізуді талап етеді. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесіне, оның сапалы мазмұнын жаңғырту мәселелеріне айрықша көңіл бөлуіміз қажет.

Білім беру мазмұнын жаңарту мен жаңғыртудың маңызды құралдарының бірі - мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық үдерістер. Әрине мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қатысты тәрбиеші болғандықтан өз алдыма жаңа технологияларды пайдалану арқылы балаларды сазбалшық терапиясы арқылы оқытып - тәрбиелеуге аса көңіл бөлемін.

Сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасау кезінде баланың сезім мүшелері, қиялы, ойлау қабілеті дамиды. Сазбалшық – бала мінезінің қалыптасу жолында оның ойлау жүйесі мен таным көкжиегін қалыптастыратын, өміріне қауіпсіз әрі денсаулығына зиян тигізбейтін құрал. Сонымен қатар, адам физиологиясының кальцийді топырақтан алатынын ескерсек, сазбалшықтың құрамында 60 пайызға дейін кальций элементтері бар. Ендеше, бала алақаны арқылы организмге қажетті қаншама пайдалы дәрумендер тарайтындығын түсінуге болады. Бала сазбалшықты илеу арқылы сүйек қатайтатын кальцийді алады, еңбек етуге үйренеді, шеберлігін шыңдайды. Балаға балшықты илету арқылы көптеген психо-неврологиялық аурулардың алдын алуға да болады. Мысалы, алақанда орналасқан нүктелер арқылы көз, құлақ, мұрын сынды сезу, көру, есту мүшелерінің қабілетін жақсартуға, психологиялық ойлау мен дамуды қалыптастыруға, физиологиялық тұрғыдан қажетті дәрумендермен қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Сондай-ақ, алақанның сезу мүшелері де дамитын болады.

Басты мақсатым - баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық санасы мен қиялын дамыту, балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамту. Бұл өнер түрінің артықшылығы бір жағынан балаларды шығармашылыққа, эстетикалық көркемдікке, өнерге баулыса, екінші жағынан еңбекке, қол қимылының дамуына жәрдемдеседі. Балалардың бойында еңбексүйгіштік, дербестік, талапкерлік, ұйымдастырушылық, мақсатқа жету үшін табандылық, шыдамдылық қалыптасатындығын ерекше түсіндім.

Сондай-ақ, тәрбиешінің негізгі міндеті -жас ұрпақты қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүр негізінде тәрбиелеп оқыту. Саз балшықты іс-әрекеттер арқылы баланың эмоциялық сезімдерін оятып, баланың ой-өрісін, көркем ойлау қабілетін, талғампаздығын, шығармашылығын арттыру. Халық қол өнері адамзат тарихымен тығыз байланысты және ол үнемі жаңару, жаңғыру даму үстінде.

Ұлттық қол өнер ежелден ұлттың бейнесі, тұрмысы, еңбегі, халықтың намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылық, ептілік, тапқырлығы қамтылған. Қазіргі заманда өз балаларымыздың жан-жақты терең білім алуына, ол білімдерін келешекте өздігінен қажет болатын іскерліктер жүйесімен қамтамасыз етуге, танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытуға, өздігінше шығармашылық тұрғыдан ойлайтын тұлға ретінде тәрбиелеуіміз тиіс.

Негізгі бөлімі

Педагог жаңа инновациялық технологияларды, оның түрлерін білуге міндетті. Себебі өз жұмысының жан-жақты маманы болуына, жаңа инновациялық технологиялар көп септігін тигізеді. Сондықтан мен жаңа инновациялық технологиялармен танысып, зерттеп, өзіме, балаларға сазбалшық терапиясымен оқытуда жаңа технологияларды пайдалану арқылы жобаны алуды жөн көрдім. Сазбалшық терапиясы арқылы балалардың ескі дәуірден жеткен көненің көзіне деген ерекше қызығушылығын, эмоциялық сезімдерін ояту, баланың ой-өрісін, қиялы ойлау қабілетін, талғампаздығын, қол моторикасын арттыруға болады. Сол себепті өз жұмысымда сазбалшық терапиясы арқылы оқыту үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару қажет екенін байқадым.

Мақсатым:

Мектеп жасына дейінгі балаларға саз балшық терапиясының әдісін оқу қызметінде қолдана отырып, олардың ой-өрісін, шығармашылығын, қиялын, танымдық қабілетін жетілдіріп, вариативтік компонент бөлімінен оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:

- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;

- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;

- жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;

- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;

- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;

Міндеттері:

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға сазбалшықпен мүсін жасау туралы түсіндіру.

  2. Сазбалшықпен мүсін жасау әдіс-тәсілдерін түсіндіру. Сазбалшықты дайындау тәсілін түсіндіру.

  3. Бейнелеу өнері мәдениетін қалыптастыру.


Мүсіндеу бойынша іс-әрекеттер ұйымдастыру кезінде төмендегі нұсқауларды ұстануы қажет:

1. Саз балшық қоюланып, балалардың қолдарына жабыспау үшін оны ұйымдастырылған оқу қызметі басталмас бұрын алдын ала әзірлеп қояды.

2. Дайын саз балшықты полиэтиленді пакетке салып оны дымқыл шүберекпен орап тастау керек.

3. Саз балшықтан мүсіндеу жұмыстары кезінде балалар заттың бір бөлігін екінші бөлікке біріктірулері үшін және пішінді тегістеулері үшін су құйылған орташа тегеш немесе сулы шүберек дайын тұру керек.

4. Мүсіндеу жұмыстары басталмас бұрын үстелге сазбалшық салынған ыдыс пен жалпақ таяқша қойылады, ол мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға мүсіндеу үшін сазбалшықты керегінше алуға үйретеді.

5. Сазбалшықпен жұмыс жасау кезінде айналмалы қондырғылар қолданған жөн, оның үстінде тек затты (халық ойыншығын, кіші көлемді скульптураны) зерттеп көріп қана қоймай оның пішінін бұзбай мүсіндеуге де болады.

6. Мүсіндеуде — пластмассадан, ағаштан, темірден жасалған арнайы стека таяқшасын қолдану керек. Балалар стекалармен, мүсіндеп жасаған бейнені өңдеуді үйренеді, себебі мектепке дейінгі ересек жастағы балалар заттардың сыртқы пішіні мен белгілерін (ұзын, қысқа, жуан, жіңішке) көрсете білулері тиіс.

7. Мүсіндеу жұмыстарынан кейін балалар үстелдің үстін дымқыл шүберекпен сүртеді. Тек қолдарын құрғақ шүберекпен сүрткеннен кейін ғана жылы сумен жуады.

8. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар таспырмаларды түсіндіру кезінде-ақ ермексазды қолдарымен ұқалай алатындықтарын естен шығармаған жөн, алайда ермексаздан жасалған бейнені тегістеу көп уақыт алады.

Таңдаған жобамның мінездемесі:

- жобаның түрі – практикалық-бағдарлау жобасы;

- орындалуы бойынша ұзақтығы – ұзақ мерзімді

-сипаты бойынша түрткі болған жобалық қызмет – қолданбалы (практикалық-бағдарлау сипатында)

Кәсіби қызметімде келесі жұмыс түрлері жүргізілді:

- әдістемелік;

- зерттеушілік;

- тәрбиелілік;

Бөбекжай - бақшада саз балшық тераписы арқылы тәрбие беруде жаңа технологияларды пайдаланудың түрлері:

- тәрбиелеу - оқыту технологиялары;

- психологиялық-педагогикалық технологиялар;

- ата – аналардың педагогикалық білімін ағарту.

Зерттеудің нысаны: №8 «GULDER» ересектер тобы

Зерттеу орны: «№13 Ақмарал бөбекжай – бақша» МКҚК

Зерттеудің әдісі: тапсырмалар, анықтау, қалыпқа келтіру, тексеру.

Зерттеудің болжамы: Егер балалардың бойында сюжеттік мүсін өнері туралы түсінік қалыптастырсақ, онда балалар мүсін өнерін түсінетіне көзідері жетіп келешекте жақсы мүсін жасаушы шығуы мүмкін.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жаңа технология арқылы сазбалшықтан мүсіндер жасату.

Өзектілігі. Көптеген ғалымдардың айтуынша оның ішінде Н.Б. Халезованың пікірінше мектеп жасына дейінгі балалар үшін сюжетті мүсіндеу олардың шығармашылық дамуындағы мүмкіндіктерін ашады. Сазбалшықпен жұмыс жасаған балалар сурет өнерін дамытады. Сазбалшықпен жұмыс балабақшаның әсіресе орта тобындағы балаларына өте қажет екені дәлелденген.

Сазбалшықпен жұмыс мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: құмыраны мүсіндеу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, пішігндерін атай білу, түстерін сипаттай білуі, өз қиялымен әшекейлеу керек.

Жұмыстың негіздемесі:

Балалардың бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі қолөнер мәдениетін қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық қолөнеріне, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін ояту. Балалардың саз балшық терапиясы арқылы түсінігін сезіну, қолөнер ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу арқылы жаңа тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.

Жұмыстан күтілетін нәтиже:

1. Баланың психологиялық ойлауы мен дамуы қалыптасады.

2. Еңбек етуге үйренеді, шеберлігін шыңдайды.

3. Бала сазбалшықтан өз қиялындағы мүсінді жасай алуға үйренеді.

4. Ұсақ қол моторикасы, сонымен бірге зейіні мен, ойлауы, шығармашылық дағдылары жақсы дамиды.

Жыл соңында мүсіндеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, саз балшық

материалдарының құралдарын пайдалануды;

- саз балшықтан қолөнер бұйымдарын жасауды;

- тапсырмаға сәйкес қолөнер бұйымдарын өзгертуді;

Жаңашылдығы: Бүгінде арт-терапияның маңызды саласына жататын саз балшық терапиясының адам денсаулығына пайдасы ұшан-теңіз екені ғылымда әлдеқашан дәлелденіп қойған. Дегенмен, біздің елде әлі де толық, терең зерттеле қоймаған салаға қазір жұртшылық арасында қызығушылық өте жоғары. Мамандардың айтуынша, өнер терапиясы көмегімен жеке тұлғаны мазалайтын өзекті мәселелер шешімін тауып, эмоционалдық қысым, агрессия төмендейді екен. Сондай-ақ, ағза алақанмен саз балшықты илеу арқылы сүйектің қатаюына қажетті кальциймен байытылады. Саз балшық терапиясы бүгінгі таңда балалардың ескі дәуірден жеткен көненің көзіне деген ерекше қызығушылығын қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген оқу қыметі, аралас оқу қызмет түрлері өткізіледі. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа үнемі көңіл бөлінеді.

Жобаны іске асыру кезеңдері:

І кезең - жобаны жоспарлау.

ІІ кезең– саз балшық терапиясының әдістемесімен оқыту.

ІІІ кезең – қорытынды, нәтижесі.

І кезеңде –

Сазбалшық жұмысымды жүзеге асыру мақсатында зерттеуге алынған топ балаларының сазбалшықпен мүсіндеу оқу қызметінде логикалық білім беру және балалардың білімдерін тереңдету, ой-өрісін дамыту, белсенділіктерін арттыру жолдарын қарастырдым. Алдымен балалардың мүсін жасау деңгейін анықтап алдым.

Анықтау кезеңінде балалардың сазбалшықтан жасалған бұйымдарға деген жалпы қызығушылығын, көркемдік талғамын анықтау, практикалық мүмкіндіктерін байқау; өзіндік ізденіс бағыттары мен іс-әрекет деңгейлерін білу, мүсін және қыш материалдарынан бұйымдар іс жүзінде жасап шығаруға ынтасын айқындау; мүсін және қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын меңгеру деңгейлерін анықтау көзделді. Ол үшін, алдымен, сазбалшық жөніндегі білім және дағды деңгейлерін анықтау мақсатында жалпы өнер туралы әңгімелесу, пікірлесу және ата – аналармен сауалнамалар жүргізілді.

Анықтау кезеңінде балалардың сазбалшыққа қатысты білім деңгейлерін анықтау үшін сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікір алысу, дайын бұйымдарды талқылау, т.б. әдіс-тәсілдер қолданылды.

Ол үшін балаларға «Құмыра» тақырыбынды ашық оқу қызметін өткіздім.

Бастапқы бақылау нәтижесі төмендегідей болды

Аты – жөні

Ашық оқу қызметі

1

деңгей

2

деңгей

3

деңгей

Қорытынды

1

Ботабай Медина Тоғанқызы

ІІ

ІІ

ІІ

2

2

Бақытұлы Саян

ІІ

ІІ

ІІ

2

3

Бүркітбай Нұрәли Нүркенұлы

ІІ

ІІ

ІІ

2

4

Ғабит Иманғали Темірғалиұлы

І

І

І

1

5

Данай Олжас Хузырбекұлы

ІІІ

ІІІ

ІІІ

3

6

Есбол Нұрғалым Ерланұлы

І

І

І

1

7

Еримбетова Альфия Саламатқызы

ІІ

ІІ

ІІ

2

8

Жомартұлы Амалбек

І

І

І

1

9

Жумабай Инабат Сәбитқызы

І

І

І

1

10

Жұманазар Аружан Асқарқызы

І

І

І

1

11

Идрис Абу-бәкір Бердіниязұлы

І

І

І

1

12

Қуанышұлы Осман

ІІІ

ІІІ

ІІІ

3

13

Қуанышұлы Омар

І

І

І

1

14

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!