Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Педагогикалық практикадағы бағалау мәселесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қаззақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағыимеслекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық практикадағы бағалау мәселесі
Орындаған: Сенкебаева Н.С.
Тобы: ПиП-807
Тексерген: Едигенова А.Ж
Семей-2020
Жоспар
-
Кіріспе бөлім
-
Негізгі бөлім
-
Педагогикалық практикадағы бағалау мәселесі
-
Еліміздің және шетелдегі бақылау жүйесі
-
Оқушы жетістігін бағалау жүйесі
-
Қорытынды бөлім
-
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі,
білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.
Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды.
Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді. Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қол жеткізуге болады.
Онымен қоса, осы процесс аясындағы әр әрекет мақсатты бағытталған, яғни белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және соған жетуге жетелейтін болуы керек.
Білім беруге қойылған талаптардың қарапайымдылығына қарамастан, оларды толықтай жүзеге асыру қиындығы жоғары объективті және субъективті себептерге келіп тіреледі. Сол арада, бірыңғай оқыту-тәрбиелеу кеңістігіндегі нақты оқу орнының аясында, білім алушы тұлға нысанда болған жағдайда қалыптастыру міндеті өте өзекті болып табылады.
Өкінішке орай, оларды шешудің отандық педагогикадағы дәстүрлі жолдары әрдайым жүзеге аса бермейді. Себебі ол қазақстандық тарихи процестерден бастау алатын жаһандық сипаттағы (ақпараттық өркениетке ауысу баспалдағы), жеке көзқарастағы маңызды өзгерістерге байланысты.
Аталмыш мәселені шешудің екі жолы бар.
Біріншіден, оқыту процесінің түпкі мақсаты мен одан шығатын міндеттерді, оны кезеңмен жүзеге асырудың стратегиясын, оның аясындағы оқушылармен арақатынастың принциптерін анықтау қажет. Бұл жергілікті билік өкілдері деңгейінде мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қоғамның сұранысына берілген жауабы, сондықтан жалпықоғамдық сипатқа ие емес.
Басқа сөзбен айтқанда, мектеп бітірген адам географиялық және әлеуметтік-стратегиялық көзқарастан нақты әлемде тұруы, ал бұл әлемдер бірбірінен ерекшеленетіндіктен, оған көз жұмып қарау өскелең ұрпақ пен оның ата-анасының алдында мектептің абыройына нұсқан келтіру дегенді білдіреді.
Алайда, көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің арасындағы айырмашылық ұлттық білім кеңістігінің бірлестігін бұзбас үшін қағидаттық сипатта болмауы қажет.
Екіншіден, бір пән аясында, сондай-ақ білім беру мекемесінің аясында түрлі элементтер мен сабақ беру әдістерінің арасында өзара байланыс орнауы; белгілі бір мақсаттарға жету және нақты білім міндеттерін шешу негізінде бір бірімен байланысуы; оқу процесі мекемесінің аясында әр әдістемелік құраманың орнын мақсатты анықтау.
Бұл жерде жаңа әдістемелік элементтер әзірлеу туралы емес, білім технологиясының айтылған мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қолданыстағы әдістемелерді мақсатты жинақтау туралы айтылып отыр.
Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:
− педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;
− педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;
− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;
− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;
− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді.
Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс жасаудың негізгі құралы.
Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм.
Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі.
Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалау жүйесі, яғни 4 балдық жүйе сақталып келеді: 2 («қанағаттандырылмаған»), 3 («қанағаттандырылған»), 4 («жақсы»), 5 («өте жақсы»).
Теориялық түрде 1 деген балл да бар, бірақ ол қолданысқа ие емес. Енді журналға 5 балдық жүйе бойынша қойылатын сандардың нені білдіретінін анықтап көрейік. Егер ойлап қарасақ, жауабы былай да белгілі – бәрі немесе ештеңе. Мұғалім оларды журналға қою барысында бірқатар ұстанымдарға сүйенеді. Нәтижесінде әр балл оқушылардың деңгейінің біріктірілген:
а) белгілі бір өлшемі;
ә) жалпы сыныптағы;
б) бұрынғы көрсеткіші болады. Бұл факторлар бойынша қойылған бағаны тек мұғаліммен әңгіме барысында, әрине егер ол қандай жағдайда қойылғанын ұмытпаған жағдайда анықтауға болады.
Әрине, әр бағада бұл көрсеткіштер көрініс табады (мысалы, алгебра пәні бойынша орындалған тапсырмалардың саны мен сапасына қарай бағалау кезінде, бірінші орынға өлшемдерді салыстыру шығады), ал негізгі бағалау факторы дерек-дәлел-ойларды, өзіңдікін немес өзгенікін, мазмұндау болған жағдайда, ол дәл солай.
Баға әрдайым субъективті. Бірақ көптеген мектептердегі қазіргі жағдайға қарағанда оның субъектілігі күмән туғызады.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, атааналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың түрлі тәсілдері, түрлері және әдістері қолданылады.
Критериалды бағалау кезінде:
-
оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
-
оқушы бойындағы үрейленуді басады;
-
мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман;
-
бағыттаушыға айналады.
Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.
Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
-
баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады;
-
оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен
-
салыстырылады;
-
нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың
-
анық және дұрыс сипаттамасының болуы;
-
оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады;
-
оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады;
-
өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне
-
оқушыларды қатыстыру;
-
нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау
-
критерийлері – оқу мақсатының нақты көрінісі;
-
пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
-
жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
-
оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
-
бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;
-
өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі; - оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады. Критериалды бағалау мұғалімдерге:
-
Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
-
Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат
алуға;
-
Білім беру сапасын арттыруға;
-
Оқытудың сапасын жақсартуға;
-
Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
-
Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
-
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әректінің типтерін қолдануға;
-
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
-
Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
-
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді. Ата- аналарға:
-
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;
-
Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
-
Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
-
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
-
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
2. Ұлт жоспары ¾ Н.Ə. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы бойынша экономиканың алты негізгі саласы үшін он жоғарғы оқу орнында білікті кадрларды əзірлеу міндеті көтерілген. Аталған міндетті шешу үшін жоғарғы оқу орындарында студенттер білімдерін рейтингтік бағалау сапалы жүргізілуінің алатын орны ерекше.
Педагогика əдебиеттерінде білім сапасы ұғымы оқыту нəтижесінің негізгі сипаттамасы ретінде қарастырылады. Оқыту нəтижесінің сапасы деп меңгерудің толықтық, дұрыстық сияқты кейбір аспектілерін түсінеді. Əдетте, қандай да бір объект-нəрсенің жəне құбылыстың сапасы болып, оның осы нəрсе екенін көрсететін мəнді, орнықты қасиеттері, сипаттамалары саналады.
Білім сапасының сипаттамасы толықтық, тереңдік, шапшаңдық, бірізділік, нақтылық, жалпыламалық, орамдылық, тармақталғандық, жүйелілік, түсініктілік жəне тиімділік екендігі белгілі. Білімнің толықтылығы оқу бағдарламасында қарастырылатын объектілердің барлық белгілерін білумен сипатталады. Студенттер білімін бағалауда, алдымен, олардың объектілердің белгілерін бөліп көрсете алуы мен баяндап бере алуы тексеріледі.
«Бағалау» ұғымына Ұлттық энциклопедияда «оқыту нəтижесін анықтау үшін қолданылатын тəсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нəтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ мектеп тəжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тəсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар, оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында бағалау рейтингтік əдіс арқылы жүргізіледі» деген анықтама берілген [2].
«Рейтинг» ұғымы болса нақты объектінің немесе құбылыстың мəні мен маңыздылығын көрсететін сандық немесе реттік индикатор деп түсіндіріледі.
Қазіргі таңда білімді тексеру мен бағалаудың рейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыста, өйткені жүйе жоғарғы оқу орындарында меңгерілетін білімді жеке-даралық тексеру құрылымының негізін қалайды. Студенттердің білімін бақылаудың психологиялық жəне педагогикалық мəні студенттерге дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық ізденісіне, қабілетіне сенім білдіру, сонымен қатар бағдарламалық талаптарды нəтижелі етіп орындауға ынталандыру, сапалы еңбекке баулу болып табылады. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесіне Н.А. Васильева, В. Наделяев, Т.С. Куликова, Н.Ю. Коробова, С. Ершиков, В.Е. Сосенко, Г.Н. Юшко, Л.Г. Устинованың ізденістері арналған. Мұндай түбегейлі зерттеулерден қазақстандық əдіскер-ғалымдар да тыс қалған жоқ. Олар оқытудың нəтижелерін тексеруде əрбір студентке жекелеген тапсырмалар берудің барынша тиімді екенін өз еңбектерінде дəлелдеп отыр. Математиканы оқытуда білімді тексеру мен бағалауды тиімді ұйымдастыруды А.Е. Əбілқасымова, А.К. Көбесов, Д.Р. Рахымбек, И.Б. Бекбоев, Л.Т. Искакова,Е.Ж. Смағұлов, М. Есмұхан, Б.Б. Баймұханов, Е. Медеуов, Ə.К. Қағазбаева, Н.К. Ахметов, Ə.С. Кенеш, Ə.П. Мұстафаев, В.П. Добрица, Б.К. Өтеджанова, Е.А. Тұяқовтың кандидаттық зерттеу жұмыстары баяндаған. Онда білімді тексеру мен бағалаудың нақты тəсілдерін қарастырып қана қоймай, студенттердің педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен əдістерінің жалпы қағидалары айқындалып көрсетілген [3].
Білімнің тереңдігі студенттердің оқу объектісін тұтастай бейнелеуімен, білімдерін басқа білім- дермен мəнді байланыстыра білуімен белгілі болады. Байланыстардың анықталуы белгілі бір уақытты қажет етеді, тіптен кейде оқу курсын оқытудағы барлық уақытты қамтуы мүмкін. Білім бағалануының көрсеткіші 50-74 балл аралығында болатын студенттер, əдетте, білімдер арасындағы байланыстарды бірден байқай бермейтіні себепті болады, өйткені олар, біріншіден, параллель немесе тізбекті орналасқан байланыстарды түсіне алмай қалып жатады, екіншіден, ол байланыстарды түсіну үшін жаңа аралық байланыстың болуы қажет етілетіні себеп болады.
Сонымен қатар студенттердің білімін бағалау үшін білімінің тереңдігі, дағды жəне икемділік ұғымдарының да алатын орны ерекше жəне дағды ұғымы мен икемділік ұғымдарын ажырата білу маңызды. Білімінің тереңдігі студенттердің білімді, интеллектуалдық дəрежеде меңгерулеріне, практикада қолдана алу дағдылары мен икемділігіне қатысты сипатталады. Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім қорын практикада қолдана алудың көрінісі, білімнің амалға айналуы жəне амалды жүзеге асырудың де тəсілі. Білімнің икемділігі студенттердің тапсырмаларды орындаудың тиімді нұсқасын табудың жылдамдылығымен жəне де студенттердің бір тапсырманы бірнеше нұсқамен орындау қабілет-тілігіне де қатысты анықталады.
Білімнің жеделдете меңгерілуі нақты жағдайлар үшін білім мен дағдыны қолдану болса, ал білімнің икемділігі белгілі жағдайлардан ауытқып жаңа тəсілді бұрыннан белгілілері арқылы шығарып алуға қатысты жаңа білік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.
Білімді жалпылауда нақтылы көріністерді ашу мен жалпылама білімдерді нақтылау қабілеттілігі арқылы білімнің нақтылығы мен жалпыламалылығы сипатталады. Білімді жалпылау білімді нақтылау арқылы қарастырылады. Екеуін студенттер бір мезетте қолданған жағдайда нақтылы фактілерді жалпылау дағдысының қалыптасуына, жекеден жалпыға біртіндеп өтуге игі əсерін тигізеді.
Білімнің жалпыланған болуымен қатар жинақталған болуы да маңызды. Студенттерге кей жағдайда білімнің жинақталған түрін қолдану үшін жалпыланған білімді негізге алатын нақты білімдер қажет. Жалпыланған білімдерді нақтылап, оны негіздегеннен кейін студенттердің білімді тереңдете түсуі жеткілікті, ал ол білімді меңгеруді тексергеннен кейін нəтижелі болады.
Білімді тексеру — кең ауқымды ұғым. Оған білімді тексеру жүйесі тексерудің əдіс-тəсілдері, оған қойылатын талаптарды анықтау, ұйымдастыру мен мазмұндық құрылымы сияқты мəселелер қамтылады. Психологиялық-педагогикалық, əдістемелік əдебиеттерде жоғарғы оқу орындары студенттерінің білімдерін тексеру мен бағалаудың практикалық жағдайына талдау жасау білім сапасын бағалауды ұйымдастырудың инновациялық формасы теориялық тұрғыда жеткілікті баяндалғанымен, оны білімді үздіксіз бақылау жүйесінде қолдану деңгейінің практикалық қолданылуы айқындала түсуді қажет ететіні ақиқат.
Студенттердің кез келген оқыту курсындағы сияқты информатика курсында берілген материалдарды жалпылау қабілеттері əр деңгейлі тапсырмаларды орындауда ортақ тəсілді таба алуымен, сəйкесінше, ортақтан əр түрлі тəсілді байқау қабілеттерінен көрінеді.
Информатика курсында тапсырмаларды орындағанда тапсырмалардың типі басқа болса да, тұжырымдаудың жинақталуы арқылы студенттердің ойлау қабілеті қалыптастырылады. 50–74 балл жинаушы студенттер тапсырмаларды бірнеше рет орындағаннан кейін ғана, ол туралы білімін жалпылай алады. Сондықтан ол студенттерде тұжырымдау, тексеру, түзету əрекеті сирек байқалады. Информатикадан тапсырмаларды орындауда ойлау үдерістерінің жинақталуы бағытының айқындалуы:
шапшаңдығы (тапсырма шартын оқығаннан кейін бірден жауап беріледі);
ой қорыту үдерісінде бірнеше буындар қалып қойса да, ойлау үдерісін дұрыс бағытта жүргізе алуы (ойлаудың жоқ буындарында);
қиындығы, студенттердің ойлау үдерісінің мүмкіндіктерінің толық ашылуын талап етеді.
Білімнің жүйелілігі оның жинақтылығымен анықталады. Студенттердің білімді жүйелі меңгеру деңгейі бағытының көрсеткіштері:
оқу материалдарының мазмұнын білімдерді өзара байланыстыра меңгертетіндей айқындау;
оқу материалдарын қайта өзгеше құрып, байланыстырып мазмұндау;
қажетінше əрекеттерді тізбектей орындауы;
жаңа байланыстарды өзінше орналастыру, атап айтқанда, біріншіден, меңгерілетін білімдер аралығы, екіншіден, жаңа білімдер мен меңгерілген білімдер аралығы.
Студенттерге білімді жүйелі меңгертуде оқытушыдан білімдерді меңгерту арасындағы байланыстарды біртіндеп жалпылау талап етіледі. Жалпыланған идеялар білімдерді меңгерту аймағында жинақталып жүйеленеді. Əрбір оқыту курсы үшін жүйелеу əр түрлі болады. Білімнің берілуі келесі тізбек бойынша: негізгі ұғым, негізгі ереже, салдар, қосымша анықтамалар берілсе, онда білімнің берілуі жүйеленген деп саналады.
Білімнің берілуінің жүйелілігіне келесі белгілер енеді: бір білімнен кейінгі жаңа білімнің туындауы, бірінің келесі білім үшін негіз болуы. Дегенмен, білім кей жағдайда жүйелі берілгенімен де, бір жүйеге келмеуі мүмкін. Білімнің берілу жүйелілігін анықтауда информатика курсын оқыту объектісі мазмұнының сипаты мен тəсілін, оны студенттердің меңгеру деңгейін ескеру қажет.
Білімнің сапалылығы білімдер арасындағы байланыстарды түсінуімен, елеулі жəне елеусіз байланыстарды ажырата білу біліктілігімен, осы байланыстардың байқалуы мен жүзеге асырылу механизмін түсінумен, білімдерді меңгеруде қолданатын тəсілі мен оны қолдану үшін негізге алатын принциптерді ұғыну аймағын анықтаумен сипатталады, осы білімнің сапалылығы белгілерін қалыптастыру біртіндеп жүзеге асады. Студенттердің информатикадан білімін бағалауда білімнің сапалылық белгілерінің көрсеткіштерін анықтай білу керек. Білімнің сапалылығының негізгі көрсеткіші критерийіне студенттердің берілген сұраққа оқулықтағы, оқу-əдістемелік кешендегі келтірілген дайын жауап бергені емес, сұраққа жауапты өздігінше тұжырымдап, ой қорытып беруі үшін білімдерді топтау мен жүйелей алуы енеді. Білімнің жүйелілігі мен тереңдігі білімдердің арасындағы байланысқа қатысты болғандықтан, сапалылықтың артуына əсерін тигізеді. Біртұтас теорияда жүйелілік білімнің орнықтылығын анықтайды.
Білімдарлық студентті өзін-өзі ұйымдастыру, басқару, бағалау, қадағалау, түзету əрекеттеріне ниеттейді, оны масылдық пен бəлсенділіктен арылтып, белсенді жəне өмірінің қалайша өтетіндігіне деген жауапкершілікті толық өз мойнына артуға негізделген өмір сүру қағидасына бағыттайды.
Қорыта келгенде, жүйелі бақылау жүргізілу барысында студенттердің алған білімінің сандық сипатын ғана емес, сапалық көрсеткішін де толық алуға мүмкіндік туады жəне де оқытудың жəне студент білімін бағалаудың жариялылығы білім беруді ізгілендіру мен білім берудің мазмұны мен əдістерін жаңарту жəне мамандар даярлаудың сапасын жетілдіру мəселелерін шешудің тəсілі екендігі ақиқат.
3. Оқытудағы және тұтас әлемдегі заманауи қарқынды дамуы кезеңінде, Қазақстан оқытудың дәстүрлі әдістерінің балалар әлеуетінің толық дамуы үшін жеткіліксіз болып отырған факті алдында тұр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өмір бойы білім алуға, оқудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға жол ашатын білім беру жүйесінің ұлттық моделінің дамуына барынша жағдай жасалғаны аталады. Бастауыш мектепке арналған жаңа стандарт дәстүрлі технологиядан жеке бағытталған сипаттағы оқытуды дамытатын технологияларға ауысуды талап етеді.
Осылайша, дәл осы бастауыш мектепте балалардың дамуын жалғастыру үшін іргелі база салынады. Оқытудың осы кезеңінде балаларды оқуға және сүйсініп оқуға, сыни, шығармашыл, инновациялық және объективті ойлау негіздерін дамытуға үйретуі тиіс. Сондықтан бұл бағыт тұтас Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады.
Білім беру жүйесі жаһандық білім беру жүйесіне бара-бара интеграциясы үшін кең мүмкіндіктерге ие. Отандық педагогикалық ойды ұғынуға, ашық қоғам жағдайында білім беру саласының және білімдегі интеграциялық үрдістердің келесі дамуына шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтау ықпал етеді. Әлемд