Материалдар / Педагогикалық қызметті ұйымдастыру әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық қызметті ұйымдастыру әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылында қабылданған жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы педагогикалық ұжымға баулу, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
447
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинар-тренинг.

Тақырыбы: Жам мамандардың алғашқы педагогикалық қызметін ұйымдастыру.

Маденова Мира Жубатировна, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің әдіскері

ас мамандармен жұмыс)

Іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылында қабылданған жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы педагогикалық ұжымға баулу, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд.

Нақыл сөздер: «Жас келсе- іске!», «Бір адамды екінші бір адамнан ажырататын нәрсе – білімділік, біліктілік, шеберлік», «Педагогикалық қасиеттер әр адамда әр түрлі болады. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек етіп, баланың зерделері ойларын оятайық!»

Жүргізілу барысы:

Әдіскер: Құрметті жас ұстаздар!

Семинар- тренингтің мақсатымен таныстыра отырып, оқу жылының басталуымен құттықтау. Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екенін түсіндіру.Бүгінгі мақсатымыз- ұжымдағы жас мамандармен ойымызды ортаға салып, олар кімдер, біз кімбіз,нені білеміз, нені үйренуіміз керек? деген сұрақтарға жауап іздеп, жас педагогтердің тұлғалық адами көзқарасын анықтау.

Біз кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі болғандықтан мамандыққа оқытуда қандай педагогикалық әдіс-тәсілдерді оқып-үйренуге тиіспіз, оларды қалай тиімді қолдану туралы көп сұрақтарға жауап іздемекпіз.

Сонымен бірге колледжіміздің қоғамдық өмірінде де жастардың алатын орны, атқаратын рөлі ерекше. Себебі, олар педагогикадағы жаңа оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша білім алып, алған білім-білік, дағдыларын білім беру саласының педагогикалық тәжірибесінен өткен мамандар екендігіне сенімдіміз. Осы орайда ұжымда жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен,оның ішінде жасөспірімдермен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, семинарымызды бастаймыз.

(Педагогтер бөлмесінде жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады).

Педагогика-психолог «Мақсатқа жеткізер жол» тақырыбында тренинг жүргізеді.



Әдіскер: «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында психодиагностикалық тест алынады.

Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық.

Мақсаты: Жалпы диагностикалық кәсіби лайықтылықты анықтап, өз ойларын ұжымдық ортада жұмыс істеу барысында жеткізе білуге баулу.

1.Оқытушылық қызметті не үшін таңдадыңыз?

а) өз жүрек қалауыммен

ә) жалақысы қызықтырады

б) басқа мамандықтар ұнамағандықтан

2. Сіз үшін оқытушының (мұғалім) жұмысы:

а) оңай жұмыс

ә) қиындықтар кездесуі мүмкін

б) бірінші кезекте тәрбиемен айналысамын

3. Білімгерлер сіз туралы қандай ойда болады деп санайсыз?

а) өте сауатты деп ойлайды

ә) өте мәдениетті мұғалім

б) олардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін

4. Білім алушылардың сізге берген пікірі бойынша алдыңызға мақсат-міндеттер белгілейсіз бе?

а) міндетті түрде

ә) кейде

б) ойланып көрейін

5. Сабағыңызды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуына көп көңіл аударасыз ба?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектеліп, қолдануға тырысамын

6. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда неге назар аударасыз?

а) қызықты өткізуге

ә) пәндік білімді дамытуға

б) пән бойынша жалпы білім беруге

Тест жауаптары әр оқытушының тәлімгерлеріне өткізіледі.


Әдіскер: Семинар-тренингтің келесі кезеңі- ситуациялық жағдаяттарды шешу.

Ситуациялық жағдаяттар:

1.Сабағыңызда 15 минут кешігіп келе жатырсың, алдыңнан оқу ісінің меңгерушісі шығып, қатқыл үнмен «Қайда жүрсің?»деп сұрады, қалай жауап бересіздер?

2.Ашық сабақ беріп жатырсың, әріптесің сенің сабағыңды «өте нашар» деңгейде деп бағалады.Сенің жауабың ?

3.Күнделікті сабақта білім алушылардың сабаққа назары «жоғары» болатын. Бүгін жаңа тақырыпты сабақты түсіндіріп жатқанда білім алушылардың жартысы тыңдамай отырды. Тыңдату үшін қандай әрекет жасайсыз?


4.«Жас маман» байқауына дайындаған бейнесабақ жоспарыңыз «өте жақсы» деп бағаланды, бірақ сол сабақты түсіру кезіндегі білім алушылардың дайындығының жеткіліксіздігінен сабақ «орташа» деп бағаланды. Себебін қалай түсіндіресіз?

5.Білімгерлердің сабақ үстінде ұялы телефон ұстап отыруына қарсылығыңызды қалай жеткізесіз?

6. Болашақта өз мамандығың бойынша қандай жетістіктерге жетемін деп ойлайсың ?

Қорытынды сөз.

Әдіскер: Біздің тәжірибемізде заманауи оқытушы – әрқашанда кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, студенттердің бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға болуы тиіс. Сондықтан да арнайы педагогикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, студенттердің сүйікті оқытушысына  айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы мақсатта жас мамандарға әдістемелік, педагогикалы-психологиялық көмек көрсету осы салада жүрген әріптестеріміздің азаматтық міндеті деп түсінемін.
Колледжде жұмыс жасайтын «Жас маман» мектебінің жұмыс мақсатымен таныстыра отырып, семинар-тренинг аяқталады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!