Материалдар / Педагогикалық шеберлік туралы эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагогикалық шеберлік туралы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық шеберлік туралы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2023
268
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде


(эссе)

Жер бетіндегі адамзаттың жүрегінен үлкен орын алатын адам – ұстаз. Себебі, мынау ғаламды танытып, қолына қалам ұстатып, білім мен ілімді меңгерткен осы бір аяулы маман иелерінің еңбегі орасан зор. Ұстаз болашақты тәрбиелейді, сондықтан да ұстаздық үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлтымызды дәріптеп, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, ұстаздарға, үлкен міндет. Соған сай мұғалім өз кәсіби шеберлігін жаңа бағытта дамытып, тиісті әдіс-тәсілдерді меңгеріп, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өз пәнін толық меңгерумен қоса, рухани білімді игерген, білім мен тәрбиені шебер ұштастыра білген ұстаз ғана білімді, функционалды сауатты жан-жақты жеке тұлға қалыптастыра алады.

«Кім болу маңызды емес, қандай болу маңызды» деген сөз қай кәсіптің иесіне болса да қатысты. Демек, қай маман иесі болса да, сол мамандықты сүйіп істейтін шебер болу керек деп түсінемін. Олай болса, шебер маман болу- әркімнің мақсаты. Ал, ұстаз шеберлігі ше? Педагогикалық шеберлік те басқа өнер түрлері сияқты тәрбие мен оқыту өнері. Өнерді әркім қабілеті мен қарымына қарай үйренеді емес пе? Ұстаздық өнерді де жүрек қалауымен таңдағанда ғана педагогикалық шеберлікке қол жеткізеді деп ойлаймын. Ол- үздіксіз ізденумен, заманауи жаңалықтарды меңгерумен, күнделікті сабақтағы кәсіби шыңдалумен келетін қасиет. «Мұғалім оқуын тоқтатса, оның мұғалімдігі де тоқтайды» демекші, үнемі оқып, ізденген заманауи ұстаз педагогикалық шеберлікті меңгере алады. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.Ал қазіргі біз өмір сүріп отырған ғасыр – ой жарыстыратын, ғылым мен техниканың дамыған заманы. Қай салаға болсын, тың өзгерістер мен жаңартулар еніп жатыр. Соның ішінде білім саласында да жаңартулар болып, ұстаздар қауымына жаңа талаптар мен міндеттер жүктеліп жатқанын білеміз. Осы орайда, әрбір ұстаз заманауи талапқа лайықты, жаңалыққа жаны құмар, ғылым мен техника тілін еркін меңгерген, жан дүниесі рухани біліммен сусындаған, өз пәнінің майталманы, педагогикалық шеберлікті меңгерген заманауи ұстаз болуы керек.

Менің пайымдауымша, мұғалім ең алдымен, Абайша айтқанда , «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі болса,бұл үш қасиет білімді ұстазды кемелдендіріп, жан дүниесінің байлығын еселейді.Ал, ондай ұстаз алдында отырған шәкіртіне нәтижелі білім беріп, басты құндылықтарды ұрпақ бойына дарытады. «Өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» деген сөздер мен үшін ұстаздардың бойындағы ерекше қасиеттерінің бірі- табандылық, мейірімділік, кәсібіне деген ізгі құрметін көрсетеді. Себебі, біз ең қымбат құндылық- уақытымызды бала бақытына арнаймыз және уақытты бағалай білуге үйретеміз. Қазіргі жаңартылған білім жүйесінің мақсаты да ізгілендіру, ынтымақтастық ұғымдарымен тікелей байланысты емес пе? Сол себепті, өз басым рухани білімімді шыңдап, мықты, тәжірибелі ұстаздардың өнегелі жолынан тәлім алудамын. Атап айтқанда, ұрпақ, бала, ұлт тәрбиесіне қатысты кітаптарды оқып, түрлі семинар-тренингтерге қатысып, ішкі әлеуетімді арттырудамын. Бұл маған нәтижелі сабақ беруіме ғана емес, ата-ана, әріптестер, оқушылармен жүйелі жұмыс істеуіме бағдар болуда . Жоғарыда айтқан рухани білім мен пәндік білім ұштасқанда ғана педагогикалық шеберлігіміз артып, әр сабағымыз сапалы болып, білімін болашақта қолдана білетін функционалды сауатты, жан-жақты тұлғаны қалыптастырамыз.

Қорыта келе, функционалдық сауаттылық, жаңа технология, түрлі ақпараттық техника, рухани білім мен ұстаз шеберлігі үйлескенде, әрбір ұстаздың келбеті толыққанды болады. Осы қасиеттер мен біліктіліктің барлығын өз бойымда қалыптастырып, өзімді үнемі жетілдіре отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде педагогикалық шеберлігімді шыңдай беремін демекпін.



Садуакасова Анар Доспаевна

«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!