Материалдар / Педагогикалық тәжірибені жалпылау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық тәжірибені жалпылау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда мен аттестаттаудан өткенде педагогикалық тәжірибеме есеп беруім және жас мамандарға қажет деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
1616
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Калеева Үміт Ахметқызы



Мазмұны

1. Жұмыс тәжірибесін сипаттау құрылымы:

Тәжірибе авторы туралы мәліметтер.......................................…......................1-2

2. .Аннотация.......................................................................................................3-4

3. Тәжірибе технологиясы:

3.1. Кіріспе...........................................................................................................5-7

3.2. Негізгі бөлім................................................................................................7-17

3.3. Қорытынды................................................................................................17-19

4. Қосымшалар.

1 қосымша – Баяндама:«Бейінді оқыту-жаратылыстану- математика пәндері бойынша жаңа форматтағы ҰБТ –ге дайындау үдерісінде мектеп түлектерінің құзіреттіліктерін қалыптастыру шарты ретінде»

2 қосымша - Сабақтан тыс іс –шара: «Физика – ол тұрмыста, өмірде»

3 қосымша – қысқа мерзімді сабақ жоспары «Механикалық жұмыс. Қуат»

5. Инновациялық тәжірибенің ақпараттық картасы


























Жұмыс тәжірибесін сипаттау құрылымы:

1. Тәжірибе авторы туралы мәліметтер.

1. Тегі, аты-жөні: Калеева Үміт Ахметқызы

Жұмыс орны: «Ақсу кентінің №2 орта мектебі» КММ

Педагогикалық өтілі: 27 жыл

Оқытатын пәндер: физика

Мамандығы: физика және еңбек пәні мұғалімі

Байланыс телефоны: сот. +77759096957

Электрондық мекен –жайы: kaleeva57@mail.ru

2. Тәжірибе тақырыбы: «Физика сабағында оқушылардың танымдық іс –әрекетін жетілдіру үшін оқытудың ұжымдық әдіс технологиясын қолдану».

3. Тәжірибені қалыптастыру шарттары:

Бүгінгі заманда әрбір мұғалімге қойлатын талап – сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өзін –өзі бағалауға белсендіру. сонымен бірге оқушының өзбетімен жұмыс жасау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, тұлғаны тәрбиелеу.

7- сыныпта физика пәні жаңа пән болғандықтан, олардың пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында –оқушылардың танымдық іс әрекетін жетілдіру бірінші орында тұруы керек. Сондықтан, өзімнің іс –тәжірибемде қаралатын мысалдар 7-8 сынып оқушыларына арналған.

4. Тәжірибенің өзектілігі:

Іс –тәжірибемнің тақырыбының өзектілігі - оқытудың ұжымдық технологиясын қолдана отырып, оқушылардың физика сабағында және сабақтан тыс уақытта оқушының өз бетімен жұмыс жасау және іс- танымдық қызметтерін дамытуды жүзеге асыру.

5. Тәжірибені теориялық негіздеуде нақты қандайда бір ғылыми идея негізінде жасалынуы:

Ұжымдық оқыту технологиясының негізін қалағандар Александр Григорьевич Ривин педагог-новатор, ауысып отыратын диалогиялық жұптың авторы, Виталий Кузьмич Дьяченко- Красноярск педогогикалық институтының кафедра меңгерушісі,профессор, ұжымдқ оқыту тәсілінің теориясын жасаған.

Ұжымдық oқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, тoптық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге аcыру, әрине, cоңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілі деп оқытудың қарым -қатынас жасау арқылы бірін бірі оқытуын атаймыз Ұжымдық oқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде бoлатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі.

Мектеп оқушысының оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады.

Ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарым-қатынас жатыр.

6. Тәжірибенің жетекші педегогикалық идеясы –тәжірибеден туындайтын және оны қолдану формаларының вариативтілігін қарастыратын орталық, негізігі ой.

Аннотация

«Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізуге, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарды, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау». (ҚР «Білім туралы»заңынан).

Бүгінгі заманда әрбір мұғалімге қойлатын талап – сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдіру, сонымен бірге оқушының өзбетімен жұмыс жасау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, тұлғаны тәрбиелеу.

Мен сабағымда ұжымдық оқыту әдісінің төрт ұйымдастыру түрлері: жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдерін қолданамын, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілі деп оқытудың қарым -қатынас жасау арқылы бірін бірі оқытуын атаймыз Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседіі. Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану - физика сабағында оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту. Ол баға жетпес құндылықтардың бірі.

Оқушылар үшеуі-төртеуі бір мезгілде бір тақырыпта жұмыс орындайды және тапсырма көлемі тым кішкентай болмауға тиіс .Оқушылар дайындығы жеткілікті дәрежеде болуға тиіс, себебі оған қойған сұрақтарға жауап бере алатындай деңгейде болуға тиіс.

Осы тақырыптың көкейкестілігі - оқытудың ұжымдық технологиясын жүзеге асыруда оқушылардың физика сабағында және сабақтан тыс уақытта оқушының өз бетімен жұмыс жасау және іс- танымдық қызметтерін дамытуды жүзеге асыру.

Тәжірибенің жаңалығы: жаңа заманда өзбеттерімен дами алатын, өзбеттерімен жүзеге асырыла алатын, өз ойларын ашық айта алатын, танымдылығы дамыған оқушыны дайындау.

Тәжірибенің нәтижесінде оқушының жауапкершілік, шығармашылық қабілеті артады, оқушы өзін –өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады, өз бетімен ізденіп жұмыс істейді, пәнге деген қызығушылығы артады, оқушының танымдық іс- әрекеті қалыптасады.

Ұжымдық oқыту технологиясының мәні oқушылар қарым –қатынас

жасай отырып сөйлеуге, бір бірімен санасуға тәрбие алады. Бар оқу материалы оқушы және мұғалім тұрғысынан қабылданып меңгеріледі. Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден боcатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды. Бұл техналогияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады, оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді.                              

Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану - физика сабағында оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту. Ол баға жетпес құндылықтардың бірі.



















Тәжірибе технологиясы.

Кіріспе

Оқушыны жұмыс істеуге үйрет, ...

өзі жеке ойлансын, ізденсін,

өзін - өзі көрсетсін,

тыныштықтағы күшін дамытсын,

өзінен мықты адамды қалыптастырсын

А. Дистервег.

Оқыту үрдісі — оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары, шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

Оқыту — қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі.Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың жеке жөне ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез — құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. 

Оқытудың 7 модулін қолдана отырып,оның ішінднгі оқытуда жаңа әдіс – тәсілдердің бірі - топтық жұмыстарды қолдану арқылы оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету.

Оқытудың ұжымдық жұмыс әдісінің элементін қолдана отырып оқушыларға жаңа тақырыпты игерту; оқушылардың танымдық іс- әрекетін және физика пәніне қызығушылығын арттыру.

Егер А.Байтұрсыновтың сөзіндегі оқытудың бір жағы - оқу құралы дегендей: жаңа дидактикалық материалдар жасалса (мұғалім арқылы), ұжымдық оқыту технологиясын тиімді қолданса, оқу материалдарының арасындағы логикалық байланыстар ашылып көрсетілсе, онда оқушылардың пәнге қызығушылығы және танымдық әс –әрекеті артады, материалдарды нәтижелі әрі тиімді меңгереді, логикалық ойлау қабілеті артады, білім сапасының деңгейі артады.

Сондықтан сабағымда мына әдістерді қолданамын:

  • салыстыру әдісі;

  • тірек –сызба;

  • бақылау әдісі;

  • сұрақ- жауап, саралау;

  • тестілеу;

  • әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмаларды қолдану.

  • қалыптарушы бағалау;

  • көрнектілік, АҚТ, т.б.

Оқу қызметінің ұйымдастыру түрлері: психологиялық ахуал қалыптастыру, үй жұмысын тексеру: "Мен саған, сен маған",

жеке(ойлан), жұппен(жұптас), топпен(бөліс), жаңа материалды меңгерту, сабақты қорыту, кері байланыс т. с.с.

Ұжымдық жұмыс оқушылар арасында әулеметтік өзара қарым қатынасты, тиімді араласу және проблемелерды шешу дағдыларын дамытуға итермелейді. Бір –біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы сыныпта оқушы оқшауланып қалмайды.

Оқытудың ұжымдық әдісі - сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білідіру қабілеттеріне аударылады. Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Тұйық оқушылар ашыла бастайды. Үлгерімі төмен оқушылар қысылмай өз ойларын ашық айтатын болады. Топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді. Бір –бірін қолдайды, топтық рух мадақталады.
Топтық жұмыс жасағанда оқушыларды топқа бөлу, топтық тапсырма беру, жеке, жұппен жұмыстар істелінеді. Ол үшін сабақты тақырыптарды блок түрінде беріледі. Ол уақытты үнемдеуге, дарынды және үлгере алмайтын балалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылай әр сабаққа жеке дайындық оқушылар өздерінің дайындық деңгейін анықтауға, бағалау кезінде артық толғаныс тудырмауға жағдай жасалады.

Педагогикалық үдерісте бастысы оқу материалын жақсы түсіндіру ғана емес, сонымен бірге оны жақсы бекіту. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жақсы бекітудің бір түрі қайталау. Қайталау түрі және мазмұны бойынша әртүрлі. Қайталау белсендірілмеген және белсендірілген, қосымша және арнайы болады. Электрондық оқулықты қолдану, комьютермен жұмыс жасау, тақырып соңында тестілеу оқушыда пәнге деген қызыушылығын арттырады.

Өзімнің тәжірибемде оқу жылының аяғында 7-8 сынып оқушыларымен қайталау сабақтарында оқытудың топтық әдісін (ОТӘ) қолданамын. Материалды қайталау сабақтары бұл сыныптарда оқушылардың топтық қызметінің негізінде жүзеге асырылады. Топтық жұмыстың тиімділігі сабақта команда жұмысының атмосферасын қолдана отырып, әр оқушының мүмкіндігін ашу. Ғалымдардың айтуынша оқытудың ұжымдық технологиясын қолдану оқу қызметінде топтық әсер туады, яғни әр оқушы мүмкідігін арттырады.

Топқа бөлгенде мұғалім әр деңгейлік білімдері бар оқушылар бір топта болғанын қарау керек және үлгерімі нашар оқушы басқаларды пайдалануға немесе сыртта елеусіз қалуға тиісті болмауы керек. Топқа бөлу кезінде сыныптағы жеке қарым қатынастары да есепке алынғаны дұрыс. Топтық жұмыста әр уақытта шу болады, себебі топ мүшелері өзара ой алмасуы қажет. Топ басшысы - үлгеретін оқушы болуға тиіс, сондықтан ол жолдастарына тақырып бойынша кеңес беріп қоймайды, олардың жұмыстарын бағалайды. Топта алған және мұғаліммен бекітілген баға топ мүшелерінің әрқайсысын жауапкешілікке тәрбиелейді.

Осылай құрастырылған сабақ: біреулеріне физика пәні бойынша қорытынды бағасын жоғарлатуға, екіншісіне топта өзін өзі көрсете алуға, үшіншілеріне өздерінің танымдық қабілеттерін көрсетуге тырысады.

Негізгі бөлім

Физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдылық белсенділігі мен ізденімпаздылығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді теріп қоймай, олардың шығармышылық ойлауы мен танымдық қабілеті де дамытылады. Қазіргі физиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің байланыстылығын дәлелдей түсуде. Ол оқушының дербестігін танымдық қажеттілігн қанағаттардыру мен қатар, интеллектуалды ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады.

Сабағымда оқытудың ұжымдық әдісінің элементтерін қолдана отырып, оқушылардың танымдық іс –әрекетін қалыптастыруды жүзеге асыруда мына әдістерді қолданамын

1. Ғылыми-танымдық iскерлiктi ұйымдастырудың әдiстерi:

1.1. Ауызша: әңгiмелер, дәрiстер, пiкiрлесулер, тестілеу т.б.

1.2. Көрнекiлiктер: демонстрация, иллюстрация.

1.3. Практикалық жаттығулар: зертханалық тәжiрибелер,

еңбектiк iс- әрекеттер.

1.4. Проблемалық-iзденушiлiк.

1.5. Репродуктивтi.

1.6. Оқушылардың өзiндiк оқу жұмыстарының әдiстерi.

2. Оқу-танымдық iскерлiктерiн құрастыру әдiстерi:

2.1. Танымдық ойындардың әдiстерi.

2.2. Оқу пiкiрсайыстары

2.3. Оқуда жеңiс жағдайын туғызу

2.4. Оқу талаптарын қою

2.5. Көтермелеу әдiстерi және басқалар.

3. Оқу-танымдық iскерлiгiнiң тиiмдiлiгiне бақылау жасау әдiстерi:

3.1. Ауызша, жазбаша, зертханалық бақылаудың әдiстерi.

3.2. Жеке, фронтальдi, тақырыптық бақылау, сабақ жоспарын бақылау. Оқушының танымдық қызметін белсендіруде оқытудың бір әдісі – проблемалық оқыту.

Проблемалық оқу – бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде ұйымдастырылған қызметі, бұл қызмет барысында оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемалардың шешімін табуға қатысады

Оқу танымында проблема ұсынудың бірнеше тәсілін пайдалануға болады.

7 сынып «Заттың құрылысы»

Ұзын шыны түтікшенің жартысына су, ал жартысына боялған спирт құйып, ашық жағын жауып, бірнеше рет төңкереміз. Қоспаның жалпы деңгейі, ол сұйықтардың алғашқы деңгейінен төмен болады. (сол сияқты бұршақ пен ұнтақ араластырсада болады). Себебі? Тәжерибеден проблемалық сұрақ туады.

8 сынып «Жылулық құбылыстар»

Бізге белгілі денелер бір-бірімен ұзақ уақыт бірге жақын болса, онда олардың температурасы бірдей болуы керек. Мысалы, көрнектілік үшін бөлменің әр жеріндегі ауа температурасы өлшеген көз жеткіземіз, ал енді сол жерде үстел үстіндегі әр түрлі заттан жасалған денелердің (шыны стақан, темір, қасық, қарындаш) температураның әртүрлігі, жаңа ғылыми фактіге қарама-қайшы болады. Себебін оқушылар денелердің жылу өткізгішті әртүрлі екендігіне түсінік береді.

Демонстрациялау кезінде пайда болған проблемалық сұрақ, оқушының осы құбылысқа танымдық қызығушылын арттырады.

Тоңазытқыш болмаса жаздыгүні сүтті салқындатып қою үшін не істеу керек?

Проблема қойылады. Бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, проблеманы шешу тәсілін табуды оқушылардың өздеріне ұсынамын.

Оқушының танымдылық іс- әрекетін белсендіру мақсатында сабақты әңгіме түрінде өткізу:

Оқушылар проблемалық жаядатқа өздері бастапқы сараптама жасау үшін және проблеманы қалыптастыру үшін, игерген білімдеріне жаңа фактіні қарама-қарсы қою керек. Проблемалық әңгімені денелердің қасиеттірін, жеке заңдылықтарды, жеке құбылыстарды өткенде тудыруға болады. Мысалы: электромагниттік индукция заңының негізінде өздік индукция, шағылу заңының негізінде жарықтың толық шағылу түсіндіргенде.

Физикалық шаманы өлшеудің жаңа әдісін іздестіруге байланысты проблема ұсыну, мысалы: «Қолда тек су құйылған мензурка ғана барда, ағаш шариктің массасын қалай анықтауға болады?» Оқушылар бұған дейін массаны рычагты таразылардың көмегімен өлшеп келді, ал мұғалім Архимед заңын қолдануды ұсынады немесе кірпіштің массасын сызғышты қолданып, қалай өлшейді?

Жылу өткізгіштік түрлерін өткенде: «Егер суы және мұзы бар пробирканы астыңғы жағынан қыздырғанда неге мұз ериді»? Неліктен металл ағашқа қарағанда суық болып көрінеді.

Жылу өткізгіштік тақырыбын өткенде. Ағаш цилиндрді қағазға орап спиртовканың жалынына ұстаймыз. Қағаз жанады (уақыт білу керек). Тәжірибе бірнеше рет қайталынады. Енді ағаш цилиндрді болатпен аустырамыз. Болат цилиндрдің сыртындағы қағазы бірден жанбайды. Оқушылардың алдына мынандай сараптама сұрақ қойылады: Бұл тәжірибелердің ұқсастығы және айырмашылығы қандай? Алдында алған білімдері бойынша оқушылар болжам жасайды: жылу болат бойынша тез таралады, ал ағаш бойымен – жоқ. Олардың жауабын жалпылап, гипотеза қалыптастырылады: әртүрлі денелердің жылуөткізгіштеріде әртүрлі.

Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын тудыру жолдарының бірі – сабақ барасында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталандыру, тарихи элементтерді, мақал-мәтелдерді енгізе отырып физиканың өмірдегі орнын көрсету. Ол үшін «Космонавтиканың жетістіктері», «А.С.Поповтың өмірі» атты рефераттар жазылды, «Физика-ол өмірде ,тұрмыста» атты сабақтан тыс іс -шара өткіздім.

Физика сабағында ойындарды, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді өте тиімді пайдалануға болады. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес» Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірімен ұштасып, айналағы дүние туралы түсінік алады. 7-9 сыныптарда 5-7 мин. Сергіту ойындарын жүргіземін.

Тез нүкте қою. «Электр тогы».

8 сынып, қайталау.

1- нұсқа 2- нұсқа


7 сынып

1) Мыналардың сәйкестігін тап.

1. жылдамдық а) м3

2. масса ә) м/с

3. көлем б) кг/м3

4. тығыздық в) кг

2) Мыналардың сәйкестігін тап.

1. көлем а) динамометр

2. масса ә) мензурка

3. температура б) таразы

4. күш в) термометр



3) Мыналардың сәйкестігін тап.

1. жылдамдық формуласы а)

2. тығыз формуласы ә)

3. жолдың формуласы б)

в)

г)



4) Мыналардың сәйкестігін тап.

1. 5кг а) 0,02 Н

2. 20Н ә) 5000 г

3. 200 мм б) 1000 дм3

4. 1 м3 в) 0,2 м

5) Мыналардың сәйкестігін тап.

1. физикалық дене а) жылдамдық

2. физикалық шама ә) қозғалыс

3. физикалық құбылыс б) арба

в) масса

г) жол


Оқушыларды физиканың зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық теорияның мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік туады. Сол мақсатта оқушылардың шығармашылығын арттыруға мынандай тапсырма беріледі:


«Гук заңы» 7 сынып

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!