Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
«Кәсіптік біліктілік» - қызметтің нақты бір түрінде белгілі деңгейдегі және қиындықтағы еңбек міндетін орындауға мүмкіндік беретін қызметкердің кәсіби дайындық сатылары. Көрсеткіші жұмысшыға сол кәсіптің нормативтік сипаттарына сәйкес берілетін біліктілік сипаты болып табылады», -деп атап көрсетілген «Білім және ғылым» энциклопедиялық сөздігінде.
Педагогтардың біліктілігін арттыру - білім беру реформасының өзекті мәселесі болып қала бермек және осы бағытта республикамызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұғалімдердің де ғаламдық көштің ағымына қарай білімдерін жетілдіріп отыруы олардың кәсіби міндеті.
«Өрлеу» Біліктілікті арттырудың Ұлттық Орталығы акционерлік Қоғамы филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институтының Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау кафедрасында мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларына арналған тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.
Нормативтік-құқықтық модульде мемлекеттік құқықтық құжаттар: «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мәнмәтінінде білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары», «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісіндегі тәрбие компонентін күшейтудің типтік кешенді жоспары (2012)», «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (2015)», «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007) (өзгерістер, толықтырулармен)», «Білім беру ұйымдарында бала құқықтарының сақталуы және т.б. тақырыптарда дәрістер өткізіледі. Тыңдаушылар кәсіби қызметінде заңдық құжаттарды басшылыққа алып, жүзеге асыру жолдарын қаншалықты тиімді ұйымдастыра алады, білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық құзіреттілік деңгейлерін жетілдіруге бағытталған оқыту жүргізіледі. Бұдан басқа курс мазмұны басқарушылық, мазмұндық, педагогикалық-психологиялық және технологиялық модульдер арқылы байытылады.
Біліктілік арттыру курстарында педагогтар кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған жаңа әдіс-технологияларды меңгертуге, білімі мен білігінің аясын кеңейтуге баса назар аударылады. Тек курстарда мұғалімдердің білім алу мен кәсіби дағдысын қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ кері байланыс орнатудың да маңызы үлкен.
Курс аясында республика аймақтарынан келген педагогтардың қызметтік салада туындайтын түрлі жағдаттарды шешуде өзара тәжірибе, пікір алмасуына, соңғы құқықтық құжаттарды практикалық жүзеге асыруда ақпараттар алуына, мемлекеттік құқықтық құжаттармен танысуына мүмкіндіктер жасалады.
Педагогикалық құзыреттілік - педагогтің кәсіби көрсеткіші; педагогтің дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.
Тәрбие бағыттары бойынша педагогтардың біліктіліктерін арттыру курстарында ең алдымен тыңдаушылардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнамалар алынады. Бағдарлама мазмұнымен таныстырып және сауалнама нәтижесінде анықталған тыңдаушылардың білімдік сұраныстарына сәйкес мазмұндық өзара пікір алмасулар жүргізіледі. Оқу тобы құрылған соң, курс аясында оқу сабақтары проблемалық-ақпараттық дәрістер, рөлдік және іскерлік ойындар, өзара қарым-қатынас арқылы өткізілетін командалық тренингтер түрінде жүргізіледі. Бұл тыңдаушылардың белсенділіктерін арттырады.
Оқыту әдісінің ең басты ерекшелігі – оның интербелсенді түрде өтуі. Интербелсенді әдіс түрлері «тыңдаушы-оқытушы» (жеке жұмыс), «тыңдаушы-тыңдаушы» (жұптық жұмыс) және «тыңдаушы-тыңдаушылар» (топтық жұмыс) арқылы жүзеге асырылады. Әрине, бұл жұмыста тыңдаушылардың білім алуға деген ынта-ықыласы, белсенділігінің орны үлкен. Сондықтан тыңдаушыларды білім алуға тікелей қатысуға тарту, ықыласын қолдау өте маңызды.
Тыңдаушылардың білігі мен дағдысын қалыптастырудың жолы мынадай: әдіс-тәсілмен танысу – оның шарттарын меңгеру – оны өз бетінше қолдану – жаңа жағдаяттарға бейімдеп пайдалану.
Оқу сабақтарының әдіс-тәсілдері тиімді ұйымдастырылады. Ғалым К.С.Құдайбергенева өзінің «Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері» еңбегінде «Педагогикада «ситуация» ұғымы балаға тәрбиелік әсер мүмкіндігімен салыстырылады. Педагогикалық ситуацияның баланы тәрбиелеумен, дамытумен, қалыптастырумен байланысы оны педагогикалық қызмет деңгейінде қарастыруға мүмкіндік береді» деп атап көрсетеді.
Сондықтан да тыңдаушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағыттары бойынша өмірмен байланысты, тәжірибені шыңдайтын педагогикалық-психологиялық жағдаяттарды шешудің маңыздылығы үлкен.
Курс кезінде тыңдаушылармен жүргізілетін интербелсенді әдіс-тәсілдер
-
Ситуациялық жағдаяттарды шешу тәсілі кезінде тыңдаушыларға берілген жағдаяттың қандай шешімдері бар екенін немесе белгілі бір іс-әрекеттерді тиімді орындаудың қандай түрлері бар екенін топқа көрсету ұсынылады.
-
Имитациялық сабақтар (іскерлік ойындар, тренингтер, миға шабуыл және т.б.) түрінде білім беру ұйымдарының құқықтық қызметінің түрлерін қолданып көруге мүмкіндік береді. Бұл үшін іскерлік ойынның мақсат, міндеттері, регламенті белгіленіп, мақсаты түсіндіріледі. Ойындардың мазмұны тәрбие мамандарының кәсіби қызметінде кездесетін оқиғалар желісіне құрылады.
-
Тұсаукесер (презентация) Тұсаукесер жүргізуде «миға шабуыл», шағын топпен постер құрау, шағын топта талдау, пікірталас, ашық сұрақтар қою сияқты белсенді оқыту әдістері қолданылады. Бейне түсірілім жүргізіліп, оны талдау да ұйымдастырылуы мүмкін.
-
Бағалау. Мұндай сабақтар барысында оқытушы мен тыңдаушы, тыңдаушы мен тыңдаушы арасындағы өзара қарым-қатынас орнайды және белсенді тыңдаушылар қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдану арқылы мадақталады. Жұмыс «Екі жұлдыз, бір тілек», жұптық бағалау, топтық бағалау, критериалды бағалауды қолданып, сұрақ-жауап түрінде, әр түрлі жаттығулар орындау және жағдаяттарды талдау (кейс) түрінде жүргізіледі.
-
Проблемалық пікірталас. Оқытушы пікірталасты қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағыттап басқарады. Пікірталас барысында белсенді тыңдаушыларды мадақтау, сондай-ақ түрлі көзқарастар мен пікірлерді айтуға мүмкіндік жасалады.
-
Сыни жағдаяттарды талдау. Бұл топтық тренинг әдісі, қатысушылар құқықтық тәрбие беруде өздері кездескен қиын, күрделі жағдаяттарын әңгімелейді. Одан соң топ негізгі фактілерді талқылап, осы жағдаяттардың оң шешімін табуға қандай қосымша ақпараттар немесе тренингтер керектігін шешеді.
-
Тренингтер бойынша өз бетінше оқуға арналған құрал. Бұл өзіндік жұмыстарға арналған жаттығулар жинағы. Ол біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына құқықтық тәрбие бойынша жеке тренингін қамтамасыз ету үшін үлестірме материалдар түрінде таратылады. Бұл жинақты тыңдаушылар өз білімдерін кеңейтуге және тренингтердің негізгі элементтерін қолдануға немесе құқықтық тәрбие беру бойынша жоспарлық тақырыптарын белгілеуге пайдалануына болады.
-
Көшпелі тәжірибелік сабақтар. Бұл тыңдаушылардың білім беру ұйымдарының базасында құқықтық тәрбие беру жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын сабақтар.
Тыңдаушылармен АКТ қолдану арқылы орындалатын тапсырмалар
-
Компьютерлік бағдарламалар негізіндегі тренингтер. Компьютер қолдану арқылы жүзеге асырылатын тренингтік бағдарламалар. Бұл тренинг интербелсенді жұмыс ретінде әр тыңдаушыға, оның қажеттіліктеріне қарай жеке таңдалады. Бұл әдіс шынайы жағдаяттарды модельдеуге құрылады, оның көмегімен тренингке қатысушылар практикалық аспектілерге сүйеніп, білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алады.
-
Интербелсенді бейнебағдарламалар. Бұл әдіс компьютерлік бағдарламалар негізіндегі тренинг және бейнежазбаларды көрсетуге құрылған. Компьютерді қолдану тренингке қатысушыларға сабақты өзінің жұмыс темпіне қарай құруына, ал бейнежазбаларды көрсету жұмыста қалыптасқан жағдайларды шынайы бағамдауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда тәрбие әдістері іс-әрекетінің мәні мен заңдылықтарын ашатын ауқымды ғылыми қор жинақталған. Олардың жіктеуі ортақ және айрықша, маңызды және кездейсоқ, теориялық және практикалық жақтарын айқындауға мүмкіндік береді, сол арқылы олардың мақсатқа сәйкес және әлдеқайда тиімді қолданылуына ықпал ететін жеке әдістерге тиістілігі мен тән белгілерін түсінуге көмектеседі.
Қазіргі мектепте тәрбие берудің тиімді әдістерін:
-
тұлға санасын қалыптастыру (әңгіме, сұхбат, дәріс, пікірталас, үлгі тұту әдісі);
-
іс-әрекетті ұйымдастыру және тұлғаның қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастастыру (әдеттендіру, тәрбиелік жағдаяттар тудыру әдісі, педагогикалық талап, нұсқама, иллюстрациялар және демонстрациялар);
-
тұлғаның іс-әрекетін және мінез-құлқын ынталандыру және уәждендіру (жарыс, танымдық ойын, пікірталас, эмоционалдық әрекет, мадақтау, жазалау және т.б.);
-
тәрбиедегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау құрайды.
Білім алушыларға өз бастамашылығын көрсету мүмкіндігін беретін, бағалауға, түрлі проблемаларды шешуге шығармашылықпен қарау мен сыни ұғынуды және олар үшін жауапкершілік алуға үйрететін тәрбиенің дәстүрлі, сондай-ақ белсенді формалары мен әдістерін қолдану – уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты ББЖ ҚБАРИ Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы курстық іс-шараларды республика аймақтарынан келетін тыңдаушылармен тиімді ұйымдастыру, педагогикалық озық тәжірибелерді насихаттау жұмыстарын жалғастыра береді. Басты мақсат – қоғамға адал қызмет ететін, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Маханбетова Агима Абиловна,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
«Өрлеу» БАҮО АҚФ ББЖ ҚБАРИ Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау кафедрасының меңгерушісі.