Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг "Біз біргеміз-берік іргеміз!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Біз - біргеміз, берік іргеміз
(Мұғалімдермен
тренинг)
Сабақтың мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып,
эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге,
қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі
шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
1 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық: Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру
арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен,
оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен
сәлемдесеміз.
2 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта
отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа»
деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде
балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң
ойналуы тиіс.
3 - жаттығу Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр
тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1 - қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал
саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.
4 - жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған
адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз
бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы
қасиеттерін айтып шығуы керек.
5 - жаттығу. «Тиімді қарым - қатынас орнату» бағытында бейне
жаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі.
Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым - қатынас
құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа
қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Жаттығуларды талқылау: Жаттығу қорытындысы мен рефлексия жасауда
мынадай сұрақтарды қарастыру тиімді.
Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды?
Неліктен?
Қатысушылар қазір өздерін қалай сезініп отыр?
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма?
Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты ұсынылған жағдайға
байланысты рөлдерге таңырқаған кездер болды ма?
Қорытынды: Ұстаздарға жаттығу аяқталғаннан кейін рахмет айтып,
алған әсерлерімен бөлісу керек.
Шеңбер құрып қол ұстасып отырып, бір – біріне қарап жақсы тілектер
тілейді.
Өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз
өзімізге қайтып оралатынын түсінуіміз
керек.
Өзіңді жақсы көре біл» атты ұстаздарға арналған
үш күндік тренингтің жоспары
Мақсаты: Ұстаздардың бойындағы жағымды қасиеттерді тануға, жағымсыз қасиеттерді жоюға көмек беру.Адам бойындағы қысымды түсіру және масасыздық сезімдерін жою.
Тренингтің мазмұны:
Мен, бүгін сіздермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Біз бүгін сіздермен демаламыз, ойнаймыз және өз-өзімізді, басқаларды танимыз. Бәрінен де бастысы осы сәтте бір-бірімізге сәттілік, шаттық, қуаныш тілеу. Қазір кім қалай осы қуанышты көрсеткісі келеді, солай көрсетеді. (амандасу)
Қорытынды: Сіздерге кімнің сәлемі ұнады? Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?
1.Ойын. «Орынды ауыстыру»
Қазір менің айтуым бойынша тұра қаласыздар.
1.Осы жазда кім көлдің жағасына демалуға барды?
2.Кім ағашқа саңырауқұлақ жинауға барды?
3.Кім бау-бақша өсірді?
Топта жұмыс жасау ережелері:
Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпайсыздар. Бірінші күннен соңына дейін қатысу керек. Өткені топтан бір адам болмаса топ ішінде қарым-қатынастың бұзылуына әсер етеді. Топ ішінде, яғни осы жерде айтылғандарды топ сыртына шығармаймыз. Не атсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Оның барлығын тренинг барысында орындаймыз. Өз мәселесін тоқтатуға әр қайсыларыңыздың құқықтарыңыз бар. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы: «барлығы солай ойлайды деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «мен сезінемін», «маған солай көрінеді» т.б. Бір-бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір-бірімізді түсінуге тырысамыз.
2.Әңгіме
Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.
Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көз қарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.
Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»
3.Ақпараттандыру. «Өзіңді таны»
Барлығымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым-қатынас болу керек. Біздің өзімізде болатын психосоматикалық аурулар (басым ауырып тұр, жүрегім,ішім неге екенін білмеймін) ал сосын соматикалық. Бірақ есте сақтау керек өзіміз туралы көп ойласақ, «Мен кіммін» деген сұраққа жауап беру қиын.Кейбірде өзімізді данышпан деп санаймыз, ал екінші күні өзімізді құбыжық ретінде көретін кездеріміз де болады. Сондықтан да өзімізді танып, қабылдап, өзімізді сүйе білсек адам шынында да өз-өзінің басшысы болады.
4.«Біздің өмірімізден», «Мен кіммін?!» жаттығулары.
Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.
Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.
10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.
20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.
Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көресіздер.
5.Жаттығуды қайталау. «12-Мен»
Көздеріңізді жұмып, еш нәрсе ойламай тағы өздеріңізге «мен кіммін» деген сұрақты қойып, жауап жазыңыздар. Оймен бөлісу, енді қандай жауаптар берілді? (талдау).
6.«Мен қандаймын» жаттығуы.
«Мен кіммін» деп жазған қасиеттеріңізді бөліңіздер. Мен-физический
Мен-интеллектуалды
Мен-эмоционалды
Мен-әлеуметтік
Егер де бөлінген қасиеттеріңіз біреуінен 1-2 балға артық болса, онда сіз адеквантты адамсыз және өзіңізді барлық қырынан қарайсыз.
Егер тұлғалық қасиеттеріңіздің біреуі көп, келесісі аз болса, сіздің қоршаған ортаға пайдаңыз тимейді және басқалармен қарым-қатынас жасауда өзіңіздің зияныңыз тиеді.
7.Ақпараттандыру.
Ұлы физиолог Павлов былай деген екен: Түс көру-біздің тұлғамыздағы ішкі әлем бейнесі. Ал Фрейд айтқан екен-түс көруде әр адамның орындалмаған тілегі көрінеді деп. Біздің түсімізге кірген барлық нәрселер біздің тұлғалық бейнеміз.
Қазір мен сіздерге күрделі жаттығу ұсынғым келіп отыр.
8.Релаксация.
Жұмысты бастамас бұрын тыныш әуенді музыкамен релаксация өткізейік.
«Терең демалыңыздар демдеріңізді шығарасыздар. Сезініңіздер қаншалықты денелеріңіз босансып қалды. Осы қалыпта сіздер күш жинаңыздар. Осы күйде болып, рахаттаныңыздар. Терең демаламыз, жайлап демімізді жұтамыз үшіншіде көзімізді ашып, демімізді шығарамыз».
9.«Түс көру әлеміне саяхат» жаттығуы.
1. Сіздерге таныс емес кең, жазықты далада келе жатырсыздар. Не көріп тұрсыздар? Нені сездіңіздер?
2. Алдарыңызда биік тау, тауға көтеріліңіздер. Қалай көтерілесіздер? Өздеріңіз бе немесе біреу көмектесе ме? Көтерілу қиын ба, оңай ма? Қай жердесіздер: тау бөктерінде, ортасында, таудың басында.
3. Таудан сарқырама ағып жатыр. Ол қандай?
4. Әрі қарай бара жатырсыздар, үй көріп тұрсыдар. Үйді мұқият қараңыздар: шатыры қандай, қабырғасы, терезесі, есігі қандай.
Үйге кірдіңіздер, ішіне қараңыздар. Үй сіздерге ұнады ма? Дем аласыздар.
5. Сіздер көпірдің үстінде тұрсыздар. Менің шапалағымнан кейін-ойыңызға кез-келген есімді айтасыздар. Кездесуді суреттеңіздер.
6. Қазір сіздер үңгірдің жанында тұрсыздар. Үңгірдің жанында ағаш тұр. Бұл қандай ағаш, жапырағын, тамырын қараңыздар. Осы кезде үңгірден белгісіз жануар шықты. Енді сол ағаштың артына тығыласыздар. Ол қандай жануар, бақылайсыздар. Сіздер не сезіп тұрсыздар?
7. Енді сіздер вулканның жанында тұрсыздар. Қазір вулкан атқылайды, өздеріңізді қалай сезіп тұрсыздар.
8. Африкалық саваннадасыздар. Әрқайсыларыңыз арыстансыздар. Саваннаның ішінде келе жатырсыздар, сіздер осы шекараның қожайынысыздар. Алдарыңызда 1 немесе бір топ адам келе жатыр, олар сіздерге ұнамсыз адамдар. Сіздер олармен не істесеңіздер де өз еркілеріңізде, сіз білесіз, өйткені бұл жер сіздікі. Ойша суреттеңіздер не істейсіздер?
9. Сіздер жолмен келе жатырсыздар. Күн батып бара жатыр. Қалаға дейін әлі алыс. Бір кезде машинаның тоқтағаны естілді. Машинадан жүргізуші шығып сізді жеткізіп салайын деді. Жүргізуші қандай? Машина қандай? Сіздер ол жүргізушіге байланысты не сездіңіздер?
10. Міне енді өз үйлеріңіздесіздер. Сіздер анық білесіздер, үйде жер асты подвалы бар. Сол подвалда ескі кітап бар, сіздерге сол кітапты алу керек. Сіздер кітапты алдыңыздар. Мен шапалақтаған кезде кітапты ашасыздар. Бірінші бетінде сіздерге бүгінгі күні нені білу керек сол жазылып тұр.
Рефлексия: Сіздер кітаптың бірінші бетінен не оқыдыңыздар?
Қорытынды:
-Бүгін не білдіңіздер?
-Сіздердің сезімдеріңіз, түйсінулеріңіз қандай болды?
10.Жіппен тілек.
2-күн
Мақсаты: Өзіңдң тану, өзіңді қоршаған ортаның көзімен көру. Суреттерге интерпретация жүргізу.
1.Сәлемдесу.
Тапсырма: Өз сәлеміңізді келесі адамға білдіресіз, ал сіз ол адамның сәлемін қабылдап, сол сәлемдемеге өз сәлеміңізді қосып көршіңізге айтасыз.
2.Презентация.
Өз есіміңізді айтып, өзіңізді табиғат сұлулығына теңеп, суретін салып, келесі мұғалімге бересіз. Мысалы, Мен-Кенжеғали, күн көзіндей жайнап тұрмын.Сәуле сіздің дауысыңыз сылдырап аққан бұлақтай.
3.Жұппен жұмыс
Қолмен ұрсысасыздар
Ерінмен, баспен, көзбен, енді керісінше қолмен мақтайсыздар
Ерінмен, баспен, көзбен.
4. «Айна» жаттығуы.
Әр жұп бір-біріңізге 1 минут қарап отырыңыздар
«Мен көріп тұрмын....» Көршіңізден не көріп тұрғанын айтасыз. Әр сөйлемді «мен көріп тұрмын» деп бастау керек.1 минут.
1минут. «Менің ойымша сіз 5-6 жаста.....», осы сөйлемді аяқтау керек.
Сұрақ: Сіз туралы айтқанда оның ойы шын келді ме?
Жұптар орнымен ауысады.
Рефлексия: Сіздер туралы айтқанда, сіздер қандай сезімде болдыңыздар?
Ал, біреу туралы айтқанда қандай сезімде болдыңыздыр?
5. «Сиқырлы дүкен» жаттығуы.
Сіз үшін қажетті, осы өмірде бағалайтын 5 нәрсені жазасыздар. Енді мен сіздерге «Сиқырлы дүкенге» барып дүкеншіден, яғни менен не қажет болса барлығын: денсаулық, бақыт, махаббат, табыс, машина, карьера, бірақ ақысына сіздердің жаңағы жазған сіздер қатты бағалайтын 5 нәрсенің немесе 5 қасиеттің біреуін талап етемін. Өздеріңізде ерекше бағалайтын нелер қалды, немесе қандай қасиеттер қалды. Және осы бағалайын 4 нәрсе немесе қасиет сіздерді өмір бойы жетістікке жеткізіп, қолдап жүреді.
6. «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы
Мен сүйемін....
Мен көмектесемін....
Мен дарындымын.....
Мен жақсы орындаймын.....
Мен ашуланамын егер де.....
Мен көңілсізбін егер де.....
Маған ұнайды.....
Мен өзіме ризамын, өйткені.....
7. «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу.
3-күн
Мақсаты: Ұстаздардың өмірдегі құндылықтарын, мақсаттарын түсінуге көмектесу. Ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1.Ойын «Қол алысу»
Қол алысқанда айырмашылықтар болды ма? Кімнің қол беріп амандасқаны ерекше болды?
2.Ойын. Шеңбер бойымен допты алып, өзіңің жақсы көретін гүлін айтады, мысалы: Менің жақсы көретін гүлім астра, ал сіздің жақсы көретін гүліңіз қандай деп келесі ойыншыға допты лақтырады.
3. Арттерапия бойынша жұмыс. Гуащпен сурет салу, суретке ат қою.
4. Ертегі терапиясы бойынша жұмыс. Сол сурет бойынша ертегі құрастыру.
5. «Карусель» жаттығуы.
Қатысушылар шеңберге екі қатар болып тұрып, шеңбер бойынша айналып комплимент айтады.
Қорытынды: Не сезіндіңіздер? Комплимен айту ұнады ма?
6. «Менің өмірім» тақырыбына сурет салу. Суретте өткенді, қазіргіні, болашақты бөліп көрсету керек.
Қорытынды:
-Суреттеріңізде өткеннің, қазіргінің, болашақтың арасында байланыс бар ма?
-Суреттеріңіз бойынша кім айтқысы келеді?
-Қазіргі шақтан және болашақтан 2 жаңалық немесе 2 жасайтын, жасалған іс болуы мүмкін жеке өміріңізге немесе кәсіби қызметіңізге байланысты болуы мүмкін.
Және болашақтағы 2 орындайтын істеріңіз қай кезде болады, жоспар құру, сол бойынша ой бөлісу
Өй бөліскенде қолданылатын сөздер «Мен сенемін....», «Мен үшін өте қажетті...»
«Мен осылай жасағым келеді....»
7. Тренингті қорытындылау. Рефлексия Рыленковтың методы бойынша.
Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар.
Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл-күйлеріңізді анықтайды.
Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты.
Балан үйрек-мен нақты өзіме ұсыныс алдым.
Ортан терек-маған қиын болда, ұнаған жоқ.
Шылдыр шүмек-менің бағам психологиялық жағдайға берілген берілген баға.
Кішкене бөбек-мен үшін жеткіліксіз болды.
8. Музыка терапиясы бойынша жұмыс.
Әр қатысушы өз есімі кездесетін әнді айтады.
«Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!»
(ұстаздарға арналған психологиялық ойын)
І. Сәлемдесу:
Уақыты: 10-15 минут
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Назым. Мен – психологпын. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»
ІІ. Ақпараттық бөлім:
«Мектептегі психологиялық қызмет. Оның бағыттары»
Уақыты: 25-30 минут
ІІІ. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.
Қажетті құралдар: доп
Уақыты: 10-15 минут
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:
Жүргізуші: «Ә» әрпі
Ойыншы: «Әдемі»
ІV. Ой толғау: «Басқару әдістері немесе Сіз қандай әдіс қолданасыз?»
Қажетті құралдар: сурет бейнеленеген және сұрақтар жазылған карточкалар
Уақыты: 15-20 минут
Барысы: Барлық мұғалімдер 5 топқа бөлініп отырады. Әр бір топқа алдын ала дайындалған карточкалар таратылады. Бұл карточкаларда басқарудың әдісі бейнеленген сурет және тақырыпқа сай сұрақтар жазылған. Әр бір топ суретке қарап, берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс. Дайындыққа: 5 минут, әр бір топқа сөйлеуге: 5 минут уақыт беріледі.
V. «Құпия сөздер» топтық ойыны.
Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби
Уақыты: 15-20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардыңміндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.
1) 18 8 27 34 36 18 21 17 36 23 24 27 23 26
14 8 23 8 14 25 36 5 36 18 3 36 16 5 8 18 1 7 1 17, 14 8 11
14 8 16 5 8 18 15 1 16 1 13 6 1 25 21 25 8 22 3 8 23 8
1 16 1 7 38.
2) 3 1 15 38 25 – 20 16 26 1 13 38 17 – 15 1 13 6 38 24 38 11 21 17 36 23 8 17 8 24, 3 1 15 38 25 – 20 16 10 1 18 18 38 19 14 27 13 36.
3) 3 1 15 38 25 14 21 3 8 16 8 14 24 12 42 15 25 38. 20 18 38
28 24 25 1 26 6 1 25 38 23 38 24 15 1 18 24 1 13 38 18 15 20 16 7 1 18
24 38 23 6 12 3 8 23 8 7 36. 3 36 23 1 15 8 5 8 23 24 36 11
11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36 3 1 24 15 1 18 2 23 24 8 16 8 23 5 8
1 26 7 1 23 24 1 19 38 11, 20 16 21 11 36 14 8 16 8 7 36 7 8, 10 2 13
6 1 18 1 12 38 6 38 19 38 11 6 1 15 20 18 1 7 38.
Кілті:
1) Неүшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген қалайға төтеп бере алады.
2) Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.
3) Бақыт көбелек сияқты. Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді. Бірақ егер сіз зейініңізді басқа нәрселерге аударсаңыз, ол өзі келеді де, жәй ғана иығыңызға қонады.
VІ. «Ұстаз тұлғасы» психологиялық тренинг.
Қажетті құралдар: карточкалар
Уақыты: 15 минут
Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі ұстаз сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз - лидер» т.с.с.) карточкалар бар үлкен қорап қойылады. Әр бір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір карточканы алады. Мұғалім өз карточкасындағы берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған ойыншылар ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.
VІІ. «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Уақыты: 20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
Рефлексия:
Шырақ жағылып, бірінші тұрған ұтазға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіріп, шырақты келесі мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақтар жоспарлары
Жарияланды 19-01-2014, 00:35 Категориясы: Психология
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақтар
1) Өзара түсіністік өнері
2)Таныс болайық
3) Сіз кімсіз? ойыны
4) Адами қарым – қатынас ізгіліктері
5) Менің өмірлік
құндылығым
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері»
тренингі
Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара
түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар,
топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы,
арттерапия.
«Кел, танысайық» ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын
қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын
сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен
амандасады.
«Кішкентай ергежейлі» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін
ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының
шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты
қорқынышты дауыспен айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады.
Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап
қана қалжыңдаймыз.
«Кенгуру» ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі
– оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да
қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын
айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен
алмасады, сосын жұптарымен алмасады).
«Кеме» ойыны.
Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл
өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне
тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы
ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің
қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды;
айналуына, бұрылуына, оралуына болады. Соңында кез келген
жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға
шығады.
«Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан
бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу.
Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу.
Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір
қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп
безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені
жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады.
Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне
тапсырады.
Жақсы көңіл-күй жан азығы (тренинг)
Жарияланды 6-02-2013, 12:47 Категориясы: Ұстаздарға
Құрметті әріптестер, бүгін
сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы
шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен
қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған
әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі
міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым
саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен
көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына
байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді.
Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен
техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай
мұғалім жоғары бағаланады.
Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан
мына бейне клипке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.
Аудиотренинг.
Тест: "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?"
1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін
ауыр болды ма?
Иә (10 ұпай)
Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын
жандар ғана қол жеткізе алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра
білу керек» деген ойға көзқарасыңыз?
Өте дұрыс (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Дұрыс емес (0 ұпай)
4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге
ұнайды ма?
Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай)
Кейде-кейде (5 ұпай)
Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)
5. «Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
6. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп
дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес».
Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай)
Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай)
Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)
7. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады»
деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда
шешімді тез қабылдайсыз ба?
Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)
9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)
10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім
келмейді
Иә (10 ұпай)
Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын
Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай)
Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай)
Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)
12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі
керек
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш-жәрдем
сұрағанда іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін
Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай)
Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай)
Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)
14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.
Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай)
Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне
ұқсас
Иә (10 ұпай)
Білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
Тест нәтижесі
150-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез
келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге
бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.
99-50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір
сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз
басшылық ете аласыз, сондай-ақ, берген тапсырманы тыңғылықты
орындайсыз.
49-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз.
Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып,
мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз.
Жас маманға айтылар
кеңес
20-30 жас аралығындағы жас мамандардың мансап жолы соқпалы да
соқпақты келеді. Жоғары білім, бойда күш-жігер бола тұра олар
мансап жолында бірқатар қателіктерге бой ұрады. Сол қателіктерге
жол бермес үшін берер кеңесімізге зейін қойыңыз.
Алғашқы жұмыс күні
Алғашқы жұмыс күнінде жаңадан келген маман ұжыммен танысуы керек.
Әуелі басшылықпен я ұжым жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі
міндеттеріңізді анықтап, басын ашып алыңыз. Бірге жұмыс істейтін
әріптестеріңіздің есімдерін жаттап алып, барлығына ізеттілік
білдіріңіз. Жұмысқа жаңа орналасқан сізге, әлбетте, алғашқы кездері
қиын болады. Сондықтан да қолыңызға қалам алып, барлығын қойын
дәптерге түртіп жүріңіз.
«Сізді» бірден «Сенге» алмастырмаңыз
Көпшілік әке-шешесіне, бауыр-ағайындарына, құрбы-құрдастарына «Сен»
деп сөйлейді. Алайда, жұмыстың аты жұмыс. Сондықтан да, барлығына
құрметпен қарап, әдептілікті сақтап, «Сіз» деп сөйлеңіз. Егер де
өзіңізбен қатарлас жандар болса, олармен тілдесіп, біртіндеп «сен»
деп сөйлесіңіз.
Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!
Жас маманға бірден жаңа жобаларды іске асыру, көптеген мәселелерді
шешу сияқты міндеттер жүктелмейді. Сондықтан да «маған мына жұмысты
беріңіз», «мына тапсырманы орындайын» деп басшылықтан талап
етпеңіз. Оның орнына «бұл жобаға өзімнің үлесімді қосайын», «менің
ойым мынадай» деп өз пікіріңізді білдіріп, жұмысқа деген
қызығушылығыңызды көрсетіңіз. Сіздің бойыңыздағы жұмысқа деген
ерекше ұмтылысты байқаған ұжымның жас маманға деген көзқарасы
өзгереді. Есіктен кірген бойда төрге қарай ұмтылмаңыз. Жұмысқа жаңа
орналасқан сізге ешкім орнын босатып бермейді. Сондықтан да
берілген тапсырманы уақытылы орындап, шыдамдылық білдіріп
жүріңіз.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Барлық әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Таныс та,
бейтаныс та жандармен үнемі амандасып жүріңіз. Әріптестеріңізбен
жұмысқа қатысты мәселелерді жиналыстардан тыс уақытта телефон я
электрондық хабарламалар арқылы талқылағанда да сыпайы болып, хат
жазған кезде аман-саулық сұрауды ұмытпаңыз.
Шектен шықпауға тырысыңыз
Бастығыңыз бен әріптестеріңіздің әлеуметтік желілердегі
парақшаларына бас сұғып, суреттерін қарап, жөнсіз пікір
қалдырмаңыз. Себебі, бұл бейәдептіліктің белгісі. Жұмыстан тыс
уақытта бастығыңызға смс-хабарламалар жіберіп, жұмыс мәселесін
талқыламаңыз. Бей-берекет ақшам я демалыс күндері мазаламаңыз.
Шұғыл жағдайларда ғана қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіріңіз.
Жеке қарым-қатынас пен жұмысты араластырмаңыз
Жаныңыздағы әріптесіңізбен жақсы араласып, дос болып кетсеңіз де,
сіздерді әуелі жұмыс байланыстыратынын естен шығармаңыз. Ашық
ауыздыққа салып, іштегі мұң-сырыңызды, үйіңіздегі жағдайды, жеке
басыңызға қатысты мәселелерді талқылауға салып, әріптестеріңізбен
бөліспеңіз. Себебі, сіздің ақ көңіл мінезіңіз сіздің жұмысыңызға
кері әсерін тигізеді. Көптеген компания басшылығы жұмысқа қатысы
жоқ әңгімелер арқылы жаңа келген маманды тексереді. «Кез келген
дүниені жасырмай, ашық айтып жүрсе, ертең ол жұмыстағы мәселелерді
айтып қояды» деп күдіктенеді. Сондықтан да сөйлеген сөзіңізге сақ
болыңыз.
Отырысына, тұрысына қарап мінезін байқау
Осыған дейін адамның мінезін кесесі, киімі, шалбары, меңдері,
әжімдері, қан тобы, күлкісі, әшекейі, сүйіп жейтін шоколад түрі
және т. б. қарап тануға болатындығы туралы жазылды. Енді адамның
мінезін отырысы мен тұрысына байланысты болжап көрейік.
Тұрып тұрғанына қарай:
1. Аяқтары бірге, тік тұрады. Бұл кісі салмақты, ұқыпты, сабырлы
адам. Тілдесуге, арқа сүйеуге болатын жақсы дос.
2. Бір аяқты тіреп, екіншісін кішкене алдыға шығарып тұратын адам
ортасында танымал болғанын қалайды. Белсенді, мақсаттарын айқындап,
оларға жете біледі. Армандарын орындау жолында қажетті икемділік
пен ақылды көрсете алады.
3. Аяқтарын бір-бірінен алшақ, ашып тұратын кісі өз ойында нық
тұрады. Жасаймын деген ісін тындырмай қоймайды.
4. Мінезін білгіңіз келген адам аяқтарын айқастырып тұрғанды
ұнатса, ол танымал болғанын қалайтын атаққұмар кісі. Сондай-ақ ол
армандарының орындалуын көп күткісі келмейді, шыдамы аз.
Отырысына байланысты:
1. Тобықтарыңызды айқастырып отырғанды ұнатасыз ба? Бұндай отырыс
байсалды, тіпті өзіне сенімсіз адамдаға тән. Өзіңізге деген
сенімділікті дамытуға тырысыңыз.
2. Көбінесе бір аяғын екіншісіне салып қойып отыратын адамдар өзіне
сенімді болады. Өмірден не қалайтынын біліп, болашағына жарқын
қарайды.
3. Түзу, екі аяғын бірге қойып, табанымен еденді толықтай басып
отыратын адамдар ақкөңіл, шыншыл болады. Турашыл, ойлағанын бетке
айтады, қоршаған адамдарға шыншылдығымен ұнайды. Сырттай суық
көрінгенімен, расында адамгершілігі мол адам.
4. Табанын аяқтарының ұшында ұстап отыратындар сабырлы, кейде тұйық
адамдар. Тұйықтығы қоршаған ортаның сынына төзе ала алмау қасиетіне
байланысты. Ортасының пікіріне тәуелді болады.
5. Аяқтарының ұштарын бірге, ал өкшелерін екі жаққа қаратып
отыратын кісі батылсыз, кінәмшіл адам болады. Бұл қасиетін жеңе
алмай жүрсе де, ол басқаларға бірден дұрыс баға беріп, мінездерінің
сырларын көріп тұрады.
6. Аяғын алдыға созып, кішкене шалқайып, тобықтарын айқастырып
отыратын кісілер өктемшіл, қызғаншақ болып келеді. Басқалардан асып
түскісі келеді.
Сериалды не үшін көресіз?
Сериалдың бір сериясын қалт жіберу әсіресе, әйелдер үшін кешірілмес
іс іспетті. Дегенмен, кейбір ерлеріміз де сериал деп, аузын ашып,
көзін жұмбаса да, ұзын-сонар хикаяға анда-санда көз қиығын салып
қоятыны жасырын емес. Сериал кейіпкерлерін бес саусағындай жатқа
айтып, әркімнің әртүрлі іс-әрекетін беске білетін қауымды
еліктіретіндей сериалда не құдірет жатыр?
Осы сұрақпен бас қатырған психологтар бұның сырын тапқандай
болды.
Сериалда өмірдегіге қарағанда, бәрі басқаша,- дейді психологтар.
Сериалдың жағымды, жағымсыз кейіпкерлері бір қырынан сомдалып,
көрермендерін өздерімен бірге қуанып, бірге мұңаюға жетелейді. Және
олар өзімізді қоршап жүрген адамдарға өте ұқсайды. Сериал түсіруші
топ көрермендерін сақтау үшін бірнеше әдіс-тәсіл қолданады.
"Пәленшенің әңгімесін түгенше естіп қойған жерінен бітті. Ертеңгі
сериясы қызықты болайын деп тұр". Осындай сөздерді көп естіген
шығарсыз. Әр серияны қызықты тұсына келгенде бітіріп тастау ең
тиімді тәсіл.
Қай сериалды алып қарасаңыз да, әр сериалдың басты кейіпкерлері
көбіне әділетсіздікті көп көрген, көркем мінезді мінсіз жан болып
беріледі. Жанымыз ауырып, оның өмірімен тыныстап кететініміз
сондықтан.
Көбіміздің ойлағанымыз бола бермейді. Сериалдарда біздің
армандарымыз орындалып жатады. Сүйген жүректер бір-бірімен
кездесіп, жауыздық жазаланады. Және кейіпкерлерінен өзімізді көріп,
бір сәт арман құшағына берілетініміз де бар.
Күнделікті күйбең тірлік күйзеліске толы. Жұмыстан шаршап қайтып,
өзінің сүйікті сериалын қосқанда, адам айналасын кәдімгідей ұмытып,
сериалдың ырғағымен тыныстап кетеді.
Психологтар қыз-келіншектердің сөмкені қалай ұстайтынына қарап,
олардың мінез-құлқына баға беріпті. Олай болса, сөмке ұстаудың да
өзіндік сыры бар екен.
Сөмкені бауырына қысып ұстап, қолын төмен түсіріп жүретіндер
сабырлы, ұстамды, сыпайы, орнықты адам болып есептеледі екен.
Егер сөмкені қарына іліп, қолын білегінің тұсына дейін иіп ұстаса,
ол – тәртіпті, көрер көзге жақсы көрінетін жан. Үй шаруашылығына
бейім, басқалардың ойын айтпай түсінеді. Сонымен қатар, өз бағасын
жақсы біледі.
Сөмкені иыққа таман, жоғары ұстайтын болса, ол батыл, әсершіл, кез
келген күрделі мәселені шешуге қиналмай тез кірісетін адам болғаны.
Көпшіл, барлық адаммен тіл табыса алатын, жалғыздықты жаны
сүймейтін жан.
Сөмкені бір шетінен ғана ұстап жүретіндер – сөмкені отырған орнына
алаңсыз тасап кете беретіндер. Бұл – өз-өзіне сенімді, өзі туралы
айтылып жатқан басқалар пікіріне құлақ аспайтын бекем жан.
Сөмкенің бауын қарына іліп алып, кеудесіне қысып ұстау – ешкімге
сенбейтін күдікшіл қыздарға тән мінез. Сөмкені иыққа іліп алып,
қолын төмен түсіріп жүретін адам – ұялшақ, өзіне сенбейтін именшек
адам.
Ал, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы
қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, ондай әйел заты көңілді, өзіне
көңілі толатын, басқалардың назарын өзіне аударуға бейім, біреуге
ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді.
Сөмкені қолтығына қысып ұстау – ұялшақ, ұяң болып көрінгенімен,
ешкімге тәуелсіз, байсалды нәзік жандарға тән.
Үздік жұмысшы қандай болуы керек?
Басқару ісін баяндайтын мақалалар мен кітаптар жетіп артылады.
Бірақ та... Бастық болатындай бас-басыңа бақ қайда? Осы ұранмен
өзгеше, елден ерек мазмұны бар бір мақала жазуға кірістім. «Қалай
ары таза, ісіне адал, жауапкершілігі бар жұмысшы болу керек?» осы
сұрақтың жауабын тауып көрелік, достар.
Дұрыс басқара алмауға қарағанда, басқарыла алмау ұжымдық еңбекке
көп зиянын келтіргенін мойындайық. Ең бірінші кезекте жай
жұмысшының әр мәселеде де шешім таба білуі маңызды. Содан кейінгісі
– шындықты жасырмай айта білу. «Шындық бар жерде өтірік байқап
жүреді, Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді» дегенді ұмытпайық.
Көп жағдайда мәселе қандай қиын болмасын, оның шешілер түйіні бар.
Осы мәселенің қалай қиын орындалатынын ойлай бергенше, тырнақтай
талап қойып, істі бастап кету керек. Ұжым арасындағы жұмыс көлемін
талқылаулардың көп ретте – жұмысты жамандау және оны барынша
қиындату мәніндегі сылтаулары болады. Бұл еріншектің, қорқақтың
амал-тәсілі. Ал жалғыздықта адам өз санасында ізденеді, болжау
жасайды, шешім жасайды.
Сонымен қатар, жұмысшының жеке өміріндегі жағдайлар да жұмыстың
іске асырылуын тежейді. Әрбір проблемалық ситуация жұмысқа деген
«тәбетін» қашырады.
1. Бұйрықты талқыламау, тапсырмаға «құп, орындалады» деу ең ұтымды
әрекет.
2. Жақсы жұмысшы әрқашан да сергек жүреді. Шынайы нәтиже қандай
болмасын, сіздің көңіл-күйіңіз жаман болса, онда жақсылықтан үміт
күтпей-ақ қойыңыз. Жұмыс орныңызға келіп отырған сәттен сіз
шаршаңқы күйде жүрсеңіз, мейлі ол қандай бастық болса да, сіздің
жұмысыңызды ауыстыру мәселесін қарайды. Әрине, сіздің бұл жағдайдан
кейін жақсы жұмысқа отыруыңыз екіталай.
3. Жұмысшы өзгенің емес, ең бастысы өз ісіне берік болуы керек.
Есіңізде болсын, «акула жалғыз жұмыс істейді».
4. Нашар жұмысшыдан ешқашан да жақсы басқарушы шықпайды. Адаммен
қарым-қатынас жасай білу тек жәй ғана жұмысшыға емес, сонымен
қатар, басқарушыға да керек қасиет. Сондықтан да бастығыңызға
өзіңізді сыйлата білуіңіз керек.
5. Сіздің жағдайыңыз болмай жүргеніне, мектепте нашар оқуыңызға
немесе өміріңіз сәтсіз болса оған бастығыңыз кінәлі емес. Өмір өз
қолыңызда!
P. S. Сонымен келісіп алайық. Ең жақсы жұмысшы – тапсырманы
ешқандай сылтаусыз орындап шығатын әрі өміріне риза адам! Осы
мәтелді ұмытпайық...
Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг олардың бойындағы мынадай
маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды
стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп
басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен
ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін
қажет. Мектептегі оқушылардың басым көпшілігінің тәртібі "қиын",
болғандықтан тренинг жаттығулары мұғалімдерге оқушылармен
қарым-қатынастың тиімді жолдарын шешудің жолын қарастырады.
Тренингке қатысушы мұғалімдер жаттығу барысында басқалардың
іс-әрекетін бақылай отырып, өз мүмкіндіктерін бағалайды,
эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері
артады. Тренингке мұғалімдер ерекше қызығушылықпен
қатысады.
Психологиялық
тренинг.
Қайырлы күн!
Құрметті ұстаздар! Көңіл-күйіңіз қалай? Мен сіздермен қазір
психологиялық тренинг
жүргіземін.
Мақсаты:
Қатысушылардың
позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне
деген құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және
ұжымды біріктіру.
Қажетті
құрал-жабдықтар: Жұмсақ ойыншық, маркер, ватман, жіп, қайшы,
желім.
Психологтың
кіріспе сөзі.
Бүгінгі
тренингке қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір
жылғы оқу жылы бойы жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған.
Биылғы оқу жылы қалай болады, қандай сынып түседі деген ойлар
әрқайсымызда да кездеседі. Біз, бүгін балалардың ерекшеліктері
жөнінде, бесінші сыныптың қиындықтары жөнінде
әңгімелеспейміз.
Шамамыз
келгенше, жалпы ұжымдық жақсы көңіл-күй қалыптастыруға тырысамыз.
Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ,
барлығы ойдағыдай болады. Оқу жылының сәтті өтуі, оны біздің қандай
күйде қарсы алатынымызға
байланысты.
Сергіту ойыны.
«Сұрақ-жауап».
Жүргізуші допты
кез-келген қатысушыға лақтыра отырып, сұрақ қояды, жауап бергеннен
кейін допты қайтадан жүргізушіге кері
лақтырады.
Мысалы:
Жүргізуші:
Бүгін сіздің көңіл-күйіңіз қандай
?
Қатынасушы:
Көңіл-күйім шайдай ашық.
Жүргізуші:
Шайдай ашық тағы не болады
?
Қатынасушы:
Күн.
Жүргізуші: Күн
тағы қандай болады ?
Қатынасушы:
Сәтті.
Сергіту ойыны
«Бүгін менің топта
көргенім.........»
Жүргізуші:
Қатынасушылардың оң жағында тұрған көршісіне қарап байқаған
өзгерістерін сол адамға айтуды ұсынады. Әрбір қатынасушы «Бүгін мен
бұл топта көргенім,
көршімнің.........».
1. Жаттығу
«Жағдаяттан шығу»
Мақсаты:
логикалық ойлау арқылы кез- келген жағдайдан шыға
білу.
Нұсқау. Бұл
ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар
болады.
Ойынның мәні:
үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың
бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек
сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін
түсіндіру керек.
Талдау:
Жағдаяттан шығу
оңай болды ма ?
Сен осы
кездесуді қалай түсіндірер едің
?
2.Жаттығу «Бір
күннің қорытындысы».
Нұсқау:
Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты
береміз, өзіміздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып,
бір-бірімізге тілек тілейміз. Бір кісі сөйлеп отырғанда, басқаларын
мұқият тыңдау, сөзді бөлмеу, әріптестерін құрметтеуді
сұраймын.
Талдау:
Өткен тренинг
сізге не өзгеріс алып келді
?
Бүгінгі
жаттығудан қандай әсер алдыңыз
?
Өзіңізге қандай
жаңалық аштыңыз?
Келешекте
қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз
?
Қорытынды.
Бүгінгі
тренингке белсенді қатысқандырыңызға көп
рахмет.
Сіздерге
шығармашылық табыс
тілеймін.