Материалдар / Педагогтік әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогтік әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар туралы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
597
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтік әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі

Иә, ұстаздық ұлы ұғым. «Ғалым да, шахтер да бас иетін, ұстазым бар сенің қасиетің» - деп ерекше ұғымға балаған ақын бағамына қараңыз... Бірақ осы бір атауды мұғалім атаулының бәріне теліп айтуға болар ма екен? Мұғалім еңбегі қайткенде берекелі болмақ? Педагог деген құрметті сөздің мәнісін білеміз бе?

Меніңше, мұғалім білім мен тәрбие атты егіз ұғымды оқушым деп тәуелденген шәкірті бойына сіңіре білгенде, шәкіртін, ұжымдық ортасын, оқушының ата-анасын ісіменен мойындатқанда, ұстаз атана алады деп ойлаймын. Сондай-ақ, ұстаз еңбегі шәкірт білімінің сапасы мен өмірдегі өз орнын табуынан айқын да анық көрініп тұрады. Міне, мұғалім мамандығына береке осылай байқатпай кіреді.

Ал, педагог деген құрметті ұғым оқу-тәрбие үдерісін қатар меңгеретін, тұла бойы әдепке толы мамандық. Мұғалім бойынан ең бірінші әдеп ерекше орын алуы тиіс. Педагогтік әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет. Әдептен кейінгі ұстаз бойынан табылуы тиіс ұғым шеберлік. Шеберлік ұдайы шыңдалмайынша, мектеп алдында қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Мұғалімнің өмірге көзқарасы мен идеялық нанымы шеберлігінің айғағы бола алады.

Иә, өз мамандығымның қадір қасиетін айтып тергіштеуім тегін емес. Өзімнің және бірнеше шәкірттерінің тұлға болып қалыптасуына себеп болған, киелі Отырардың төл перзенті, ұстазым Сағатқұл Жарқынбекұлының ғылымды меңгертудегі тәлімді тәрбиесін айтқым келді.

Математика мамандығын Шымкент педагогикалық институтында тәмамдаған ұстаз әке бүкіл ғұмырын шәкіртінің білімін ұштап, ғылымды үйретумен өткізді.Ұстаз ұғымын дәріптеудегі педагогтік әдеп, ұстаздық шеберлік ұстазым бойында тұнып тұр еді. Педагогтік еңбек жолында аудан, облыс, республика көлеміне үздік танылып, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісін иеленді. Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайды деп сәуегейлер айтқандай, ұстаз әке Сағатқұл мен Зүбайра қажы анамның мәуелі бәйтерегі аймағына үлгі бола білді.

... Ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби кімде-кім ғылымды оқып үйренуге кіріспек болса, ол адам әдепті, қайырымды, ішкі сарайы таза болуы керек. Сондай-ақ, адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез құлыққа байланысты деген екен.

Математика ғылымын меңгертуде, әр шәкіртінің жүрегінен орын алған ұстазым баланың жан дүниесін жетік білген педагог екендігіне мақтанамын. Оқушысына ғылымды игертуде бірнеше ескертуден гөрі мақтауды дұрыс көруі, ұстаз бойынан әдептілік, қайырымдылық, салмақтылық аңғартқандай. Аталған қасиеттердің бәрі ұстазым бойынан табылуы асыл мінезділігін көрсетіп тұр-ау!

Сондай-ақ, мамандық иесі атануда еліктеу, ұқсау ұғымдары адамзат өмірінде ерекше орын алады екен.Ұқсау, еліктеу арманға ұласып, мен әке жолын қуып математика пәнінің мұғалімі болдым.Үлгілі ұстазыма еліктеуден басталған арман адастырмай, бір сәт те мамандығымнан жалыққан емеспін. Бұл менің дұрыс таңдауым деп білемін. Мен үшін ұстаздық еткеніме 17 жылдың жүзі болса да, еш уақытта ұстаздық еңбегім үшін шаршап көрмеппін. Мұғалімдік мамандық мен үшін аса қадірлі деп те ойламаппын. Бұндай қасиет маған үлгі тұтқан ұстазымнан жұқса керек.

Қазіргі таңда мақсаты мен міндетін айқын білетін, ой-өрісін білімдегі ізденіс арқылы дамытып отыратын ұстазбын. Адамзаттың мәңгілік тақырыбы жас ұрпақ тәрбиесі менің бойымда ұстаз әке салған сүрлеумен тоқтаусыз даму үстінде. Ұстаз ұғымы маған жақсы оқушы керек деп емес, қиялындағы жетістікке өз еңбегі арқылы талпыну керектігін жинаған тәжірибем арқылы ұғындырды. Жерге баптап егін салуды еңбек десек, білім мен тәрбиені қатар алып жүру де нағыз бағбанның қолынан келетін еңбек екенін бек айтқым келеді.

Қазіргі таңдағы еліміздің мұғалімге ерекше көзқараста болып мән беруі көңілімді демдесе, сол ықыласқа лайық болу әр әріптесімнің міндеті болу керектігі айқын аңғарылып тұр.

Ұстаз, білім мен тәрбиені теңестіріп алып жүруде, жаңашылдығымызды, іскерлігімізді көрсете білейік!





Жархынбеков Талапжан Сагаткулович

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!