Педагогтің кәсіби
құзыреттілігі бәсекеге қабілетті тұлға
дайындаудың негізі
Усенова Бағила
Сәуірбайқызы –Ақтау қаласы Каспий өңірі
«Болашақ» колледжі П-20-1 тобы жетекшісі
Ағынбаев
Қанат –Ақтау
қаласы Каспий өңірі «Болашақ»
колледжі П-20-1 тобы студентті .
Бүгінгі күні еліміздің білім
жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын
қамтамасыз ету міндеті тұр. Жаңа педагогикалық технологиялардың
негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу
танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу.Білім
сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында
мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби
шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті
мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі
білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті,құзіретті жеке
тұлға дайындау. Дәстүрлібілім беру жүйесінде білім беру
мекемелерінің басты мақсаты-жаңа тақырыпты игерту ғана болса, ал
қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті
тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы
нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда
негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Құзырлылықтың латын
тілінен аудармасы белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір
болу деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар
төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді- деп
көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «...өзінің практикалық әрекеті
арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын
– құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы
Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің
басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен
абыройлығы»- деп атап көрсетті. К.Құдайбергенова «Құзырлылықты
білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы
тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру
құзырлылық маңызын толық аша алады» -деп өз ойын тұжырымдады.
Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік
жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті
арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады.
Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін
ұйымдастыру - басты мақсаты » -деп көрсетеді.Ендеше
құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог
қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге
болады. Білім берудің жаңа жүйесінде
әрбір педагог бірнеше құзыреттілікті игеруге
міндетті.
Арнайы
құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен
жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі
жобалай білетін қабілет.
Әлеуметтік
құзыреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен
айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде
қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана
білу.
Білім беру
құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби
білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген
қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтілік
дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның
негіздерін қолдана білу қабілеті.
Білім берудегі негізгі мақсат
тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес,
рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық
аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті
тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда қатаң
ескерілетін мәселе екенін баса айтқан
жөн.. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз
кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам
болуы керек.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар
мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог
қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы
толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз
болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі
білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне
байланысты. Оқушылар ұстаздар қауымнан тек білімге ғана емес,
өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек,
педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы:
жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты
бағыт-бағдар беруші болуы- бұл қазіргі заманның талабы.Міне,
құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі мұғалім - қазіргі
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне
білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге
бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.Ал,
білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы
бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен
дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік
бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын
толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды
тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік
тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман
педагогті айтамыз. Қазіргі білімге деген көзқарас
тұрғысынан оның сапасы да жаңаша қарастырылып білім жүйесінің соңғы
нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білімі емес, оларды
пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар,
құзыреттіліктер болып табылады деген тұжырым жасауға
тиіспіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
С.Е. Шишов. Понятие
компетенции в контексте проблемы качества образования //
«Государство и образование», 2002. 88-б
-
В.А. Хуторской. Ключевые
компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы
образования. // «Народные образования», №2, 2003.
58-94-б
-
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің
шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.:
теория және тәжірибе // Aлматы. 2005,
174-бет
-
К.Құдайбергенова. Құзырлылық –
тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың
мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі »
атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары.
2008. 30- 32-б