Материалдар / «Педагогтың психологиялық жайлылығы» тақырыбындағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Педагогтың психологиялық жайлылығы» тақырыбындағы

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық білім бөлімінің мұғалімдері мен педагог-психологтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Педагогтың психологиялық жайлылығы» тақырыбындағы ұжымға арналған тренинг.


Мақсаты: эмоционалды күйреудің алдын алу, өзін-өзі басқару мен босаңсу дағдыларына үйрету, жағымды эмоционалды күйді қалыптастыру, невроздың алдын алу.

Міндеттері:

  1. Позитивті сөйлемнің көмегімен жағымды эмоционалды күйді қалыптастыру.

  2. Релаксация мен өзін-өзі басқару арқылы эмоционалды күйреудің алдын алу.

  3. Қарым-қатынастың позитивті тәжірибесінің көмегімен невроздың алдын алу.

  4. Денсаулық сақтау технологиясы тәсілдеріне үйрету.

  5. Позитивті педагогика идеологиясымен таныстыру.


«Қол алысу» жаттығуы.

Мақсаты: топта жағымды көңіл күйді орнату.

Жаттығу барысы.

Қатысушыларға шеңбер бойынша бір-бірімен амандасып, өзіне нақты қазіргі уақытта керек тілекті қалған қатысушыға жеке-жеке айтып шығуы керек.


«Менің ең жақсы көретін мінезім» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың тренинг басындағы күйін анықтау.

Жаттығу барысы:

Педагогтарға екі-екіден бөлініп бір-біріне қарама-қарсы отырады. Психолог ретімен 3 жағымды қасиетті айтады. Жұптасқан қатысушылар осы үш қасиеттің қайсысына тиесілі екенін өзара ортақ келісімге келе отыып, талқылау арқылы айтады. Сосын шеңбер бойынша отырып кімге қандай сапаны өздерінен көргенін талқылайды.

Төменде педагогтарға оқылатын сапалар көрсетілген:

  • Даналық, сенімді, табанды;

  • Белсенді, адалниеттілік, сыпайылық;

  • Жігерлі, қарапайымдылық, батылдық;

  • Нағыз маман, әдептілік, шыдамдылық,

  • Салмақтылық, сүйкімділік, көпшілдік.

«Ойыншықпен ассоциация» жаттығуы.

Мақсаты: қарапайым заттан позитивті мән-мағына іздеу.

Жаттығу барысы:

Педагогтарға көрінбейтін қалтадан кез-келген ойыншықты алу ұсынылады. Осы ойыншықтың өзіне несімен ұқсайтынын ойлау қажет. Ары қарай шеңбер бойынша талқылау болады.

«Алақан» жаттығуы.

Мақсаты: Адамды сипаттау үшін тактильді сезімді пайдалану.

Жаттығу барысы:

Қатысушыны ортаға шығарып көзін байлайды. Қолын алдыға созып алақанын жаяды, қалған қатысушылар кезекпен келіп ортадағы қатысушының қолынан ұстайды. Ортадағы қатысушы қолын ұстаған адамның саусақтары мен алақанын сипаттап, кимдігі екенін болжайды.

Соңында шеңбер бойынша кім қандай сезімде болғанын талқылайды.

«Әуен және судың сылдыры арқылы релаксация» жаттығуы.

Мақсаты: Босаңсу, миды тынықтыру.

Жаттығу барысы:

  • Қатысушыларды ыңғайлы отырып сұрап, көздеріңізді жұмып, тыныс алуға мән беріңіздер! Әуенге жан-тәндеріңізбен ден қойып тыңдаңыздар! Сіз керемет аққан суды көріп тұрсыз. Судың жан-жағы қандай? Су қандай жерде орналасқан! Су өте жылы, таза, тұнық! Судың керемет емдік қасиеті бар шипалы су! Ол бойдағы ашуды, ренішті, өкпені, түрлі сырқатты емдейтін керемет қасиетті су. Сіз суға жақындадыңыз! Сіз ары қандай әрекет жасайсыз? (5 минут үнсіздік). Сіздің үйге қайтатын уақытыңыз жақындады. Сіздің әрекетіңіз... 1,2,3, көзімізді ашып бөлмеге ораламыз!

Релаксациядан соң қатысушылар релаксация барысында көрген образдарды қарындашпен немесе фломастар, қылқаламмен суретін салады.

«Броундық қозғалыс» жаттығуы.

Мақсаты: Бұлшықет қысымы мен ішкі қысымды төмендету.

Жаттығу барысы:

Қатысушыларға әуен бойынша бөлмеде ары-бері қозғалу ұсынылады. Психолог кез-келген санды немесе көзінің түсі, шашынын түсі, бойы, киім түсі бойынша айтады. Сол сападағы адамдар топтасуы қажет. Мысалы, шашы ұзындығы бойынша топтасыңыздар! Көз түстері бойынша топтасыңыздар! Жаттығуды орындау барысында сөйлесуге, ымдасуға тиым салынады.

«Менің портретім» жаттығуы.

Мақсаты: жағымды сипап-сезі арқылы педагогтардың өзіндік бағасын көтеру.

Жаттығу барысы:

Қатысушыға өз суретін салу ұсынылады. Салынған суретті арқасында жабыстырып, шеңбер бойынша жүріп шығуы керек. Қалған қатысушылар параққа осы педагогтың жағымды жақтары мен мадақтау сөздерін жазады. Барлық қатысушы жаттығуды орындаған соң, парақ алынып, ондағы сөзді оқып, өз пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатылады.

«Сенімділік» жаттығуы.

Мақсаты: Ұжымдағы өзара сенімділікті нығайту.

Жаттығу барысы:

Ортаға орындық қойылып, қатысушылар біртіндеп орындыққа мінеді. Орындықтан артқа қарай шалқасынан әріптестеріне қарай құлайды. Әріптестері қатысушыны құлатпай ұстап алулары қажет.

Соңында қатысушылар бұл жаттығудан алған әсерлерімен бөліседі.

Тренинг аяқталып, қатысушыларға рахмет айтылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!