Материалдар / Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2020
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Бөлім:

Бөлім 1А Визуалды өнер



САБАҚ:

Мектеп: «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Күні:

Мұғалімнің Т.А.Ә: Алдаберген Ақбота

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

келмегендер

Сабақтың тақырыбы:

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Ауа перспективасы.


Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары





5.1.1.1

Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Сабақ мақсаты



  • Қоршаған ортаның ассоциятивті мағнасын зерделеуді біледі

  • Визуалды өнер элементтрін анықтауды үйренеді

Жетістік критерийі

  • Перспектива заңдылығымен танысады

  • Ауа перспективаның басты ережелерімен танысады

  • Табиғат бейнелеуде ауа перспектива заңдылығын сақтайды

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді

  • Шығармашылық жұмысты орындайды




Жоспар

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар




Сабақтың басталуы









Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Түгендеу

Жаңа тақырыппен таныстыру


Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, сұрақтарға жауап береді.

Бұл картинада жалпы не бейнеленген?

Бұл картинада табиғаттың қандай күйі бейнеленеген?

Табиғаттың күйін қалай анықтай алдыңыз?

Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер арқылы табамыз?

Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің ерекшеліктері неде?

Жұмыстың қандай материалдармен орындалғанын айқындау.





Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар / Nature of Kazakhstan



https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0



https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU



Сабақтың ортасы

















































Жаңа білім беру:

Ауа перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Ауа перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған.

Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар,

1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз,

2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады,

3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді.

4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді,

5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.

Тапсырма:

Оқушыларға өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы алдыңғы сабақтардан алған білімдері негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын таңдайды.

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

Оқушылар көрген жұмыстарынан алған әсерлерінен өздеріне ұнаған табиғатты бейнелеуді жүзеге асырады.

Жұмыс барысында мұғалім жеке бастың гигиенасына, қауіпсіздік ережелеріне, материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды басты назарға алады

Оқушылар өздерінің қорытынды жұмыстарын жариялап, көрсетеді.









Сабақтың соңында


Сұрақ-жауап:

Табиғаттың не үшін дәл осы күйін бейнеледіңіз?

Пейзаждағы табиғатты сипаттап беріңіз?

Сіздер сәндік материалдарды қалай қолдандыңыздар?

Кеңістікті қалай бейнеледіңіздер?

Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын талқылайды, ұсыныстар береді.

Алдын ала белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарын бағалайды.


\




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!