Материалдар / Периодтық жүйеде әдебиет пен химияның пәнаралық байланысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Периодтық жүйеде әдебиет пен химияның пәнаралық байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған мастер класстарда көрсетуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2024
159
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Периодтық жүйеде әдебиет пен химияның пәнаралық байланысы

«Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа»

А.Құнанбаев

Бұл жұмыста химия мен әдебиетті оқытуда аралық байланыстарды жүзеге асырудың орындылығы, химия сабақтарында әдеби шығармаларды қолдану мысалдары көретілген. Бұл мақалада химия пәнін өлең жолдарымен жалпы әдебиетпен байланыстыра өтудің маңыздылығымен артықшылығын көрсетеді. Оқу тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру химия пәнінің мұғалімінің басқа пәндер оқытушыларымен ынтымақтастығын көздейді.

Кез келген пәнді зерттеуде басқа ғылымдармен пәнаралық байланыс өте маңызды. Ал химияны зерттеуде көбінесе пәнаралық байланыстарды математика (есептерді шешуде), биология (металл және металл емес иондардың, органикалық заттардың биологиялық рөлі), физика мен география (элементтерді табиғатта, рудада бөлу), яғни табиғи математикалық цикл объектілері алады. Дегенмен, сабақта әдебиеттермен интеграциялануы мүмкін. Оқылған материалды жаңаша немесе топтастыруда әдеби жұмбақтарды, өлеңдерді қолдану оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, сонымен қатар олардың сабақтағы эвристикалық белсенділігіне ықпал етеді. Поэтикалық жолдарды қолданудың үлгілері көбінесе бейорганикалық химия сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарға арналған әдістемелік әдебиеттерде кездеседі.

Периодтық кестенің құрылымын өткен сәтте мынадай сөздермен, бейнелермен байланыстыруға болады. Мысалы: Периодтық кестеде қанша период бар? Жеті период бар. Оны оқушылардың есіне жақсы сақталуы үшін жеті ата ұғымымен байланыстыруға болады. Периодтық кестеде қанша топ бар? «Сегіз қырлы, бір сырлы» тұрақты тіркесімен, I A топ элементтерін «Сілтілік металдар» ауылы қасиеттеріне қарай, өте мейірімді, жұмсақ, мәрт тұрғындар, VII A топ элементтерін «Галогендер» ауылы, оларды «ең белсенді, басқа тұрғындарды көрсе тиісе береді. Сол үшін оларды қамап ұстайды» деген теңеумен, VIII A топ элементтерін «инертті газдар» ауылы, олар ешкімнен ештеңе алмайды, ештеңе бермейді десек болады. Ал, металдар мен бейметалдарды түсіндіруде, диагональ сызықты «Ұлы Жібек жолы», екідайлы элементтерді, «жол бойындағы көпестер», металдарды «сатушылар», ал бейметалдарды «алушылар» деп байланыстырсақ болады. Қазіргі таңда жаңа оқиғаларды және өзгерістерді адамдар қабылдағысы келмейді, бірақтан химияны әдебиетпен байланыстыра қызықтыра оқытуда өнер, яғни қазіргі таңда кейбір сыныптағы оқушылар гуманитарлық бағытта оқыған ыңғайлырақ сол себепті бұл тәсіл олар үшін оңтайлы.

Қадір Мырза Әлінің өлеңдер жинағындағы өлеңді 7 сынып «Химиялық элементтердің жіктелуі», 9 сынып «Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы» тақырыптарымен байланыстыруға болады.

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы əр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес - Титан болу сорың ба?!

О, Жасаған!

Титан неге жиырма екінші орында?!

Темірдей деп мақтанушы едік,
Темірдің де кезі өткен.
Кезі өтпесе, тұрар ма еді жиырма алтыншы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын
Тоғызыншы қатарға əрең ілігіпті қорғасын
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бишара ақырғы бір ұядан.
Элементтер ішінде де қатты - ау, сірə, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да кейіндеу тұр ақ күміс
Күміс дейміз,
Күмістің де өмір емес өмірі -
Екінші емес,
Үшінші емес, -
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саган ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда
Жүлделі орын тимей қалған Платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз, -
Екеуінің кезегі,
Екеуі де Жаратқаннан бір қиянат сезеді
Оңай емес бұл өмірде бəрін əділ бөлісу
Бірінші боп сутегі тұр,
Болғаннан соң тегі су...
Осыларды көріп өскен, ұғып өскен балаға
Бұл өмірде ренжуге,
Өкпелеуге бола ма?!


Шоқан Уәлиханотың «Алтын шаһарға саяхат» еңбегінде оқ дәрінің жасалу құрамы жазылған. «Қазақтар жасайтын оқ-дәрінің құрамы көмір мен күкірттен тұрады. Қазақстан сорды көне жұрттағы мал қиынан немесе "қалмақ" қорғандарының ескі топырағынан алады: көмірді тек тал ағаштарынан, ал күкіртті Ташкент базарынан келіп жатса да, татар саудагерлері әкеліп сататын орыс күкіртін пайдаланады, олардың сапасы жоғары екенін айтады."Қалмақ" қорғанында ерте заманда адамдар өмір сүрген деп жорамалдайды, сол себепті қапты топыраққа толтырады да, оның алғашқы құрамында сор бар ма,  соны анықтау үшін жанып жатқан отқа бір шымшым топырақты тастайды, егер топырақ лап еткендей болса, онда сор қасиетінің талапқа сай болғаны». Бұл үзіндіні 7 сынып «Қазақстанның пайдалы қазбалары», «Таза заттар және қоспалар», 9 сынып «Күкірт» тақырыптарымен байланыстыруға болады.

Жалпы металдар жайлы көптеген әдебиеттерде сөз етіледі. Себебі, металдарды адамзат ерте кезден қолданып келе жатыр. Соның бірі Қобыланды батыр жырының мына шумақтарында келтірілген:

Атадан қалған ақ сауыт,

Жағасы алтын, жеңі жез

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екенбіз?

Алтын аппақ дулыға

Шекесіндей жарқылдай

Бұл өлеңдерді, 9 сынып «Металдар құймалары» тақырыбын өткен сәтте әдебиет арқылы пәнаралық байланыс орнатуға болады.

Мұхтар Шахановтың «Эверестке шығу» еңбегінде Шыңғыс Айтматовқа арнаған өлең жолдарын химиямен байланыстыруға болады.

Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан,

Бекер болды-ау, мезгілсіз тозды бір ән.

Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың,

Жер бетінде алтынның аздығынан.

Міне, тағы құлашын жазды бір ән,

Көркі осалдық етпегей мазмұнынан.

Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен,

Жер бетінде күмістің аздығынан.

Жасық жайлы жасампаз ойға қалып,

Жарар еді кетпесек майдаланып.

Сары шымшық сан рет той бастады,

Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.

Қалайы өтсе күмістің есімімен,

Үйреніппіз қарауға кешіріммен.

Соның бәрі асылдың аздығынан,

Азға зорлық жасаудың кесірінен.

Абдулхамит Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» еңбегінде ақсақалдың ағзасына жетіспейтін химиялық элементтер мен қосылыстар туралы айтылады.

«Ұзақ космостық сапар жасау нәтижесінде Ақсақалдың оргонизміне қажетті бірталай элементтер жойылған. Қазіргі сәтте пациентке кальций тұзы, тиамин, рибофлавин, никотин қышқылы, биотин, парааминбинзой қышқылы, аскорбин қышқылы, сонымен қатар түрлі микроэлементтер – мыс, кобальт, марганец, цинк, йод, мышьяк, кремний, бор, ванадий, титан жетіспейді».

Ақсақал түскен аурухананың медициналық электронды машиналары осындай қорытындыға келді. Кейін оны тексеріп қараған Бүкіл Планетааралық Медициналық Орталық растап шықты. Ал,Орталық фармацевтика бөлімшесі дәрі жасауға кірісті.Ұзамай жаңа препарат пайдалануға берілді».

Пәнаралық байланысты тек мақалалармен ғана емес, өлең шумақтарыменде байланыс жасауға болады. Оның дәлелі, «валенттілік» тақырыбын өткенде мына өлеңді оқушылар санасына құйсақ, валенттілікті кез келген сәтте есіне түсіре алатын болады.

Калий, натрий бір валент.

Кальций, магний қос валент.

Алюминий үш валент.

Марганец жұптар, жетіден.

Мырышта валент екіден.

Екі де үш темірде.

Никель ұқсас темірге.

Қалайы мен қорғасын.

Екі де төрт тегінде.

Қатарда металл сутегі.

Бір валентпен түзілген.

Бір де екі валентпен

Мыс пен сынап тізілген.

Күміс болса бір валент

Бір де үш валентпен.

Платина көрінген

Бір де үш валентпен

Аяқтан алтын ерінген. (https://infourok.ru/periodti-za-atom-rilisi-teoriyasi-trisinan-periodti-zhye-sinip-2397512.html)

Сондай-ақ қызықты тарихи сәттерменде оқушылар назарын бұрғызуға болады.

Қытай түрмелеріндегі қылмыскерлерді жазалаудың дәстүрлі түрі

1980-1990 жылдары Шыңжаңның Такламакан шөлі бойында "қылмыскерлерді еңбекпен өзгерту алаңдары" бар. Сонда үнемі тәртіп бұзып, төбелес шығаратын қылмыскерлерге арнайы ас мәзірі бойынша тамақ береді. Яғни 15 күн бойы тұзсыз тамақ бергенде кез келген атпал азаматтың қуаты кеміп, әлсіреп, денсаулығы нашарлап қалады. Егер тұзды тамақты 1 ай бермесе, орнынан тұра алмай қалуы мүмкін.


Патша шарабының шығу тарихы

Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетеді. Оны уәзірлеріне беріп ескертеді. Ол өсімдік болып жайқалып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш – төрт жылдан кейін жеміс береді, таң қалады, күтеді. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Сонан соң патшаның әмірі бойынша шыны ыдысқа салып қойып, біраз күнен кейін көріп, одан да мөлдір сұйық пайда болғанын көрген уәзірлер патшаға көрсетеді. Патша тұтқында жатқан бір сорлыны әкеліп, соған ішкізеді. Бір кесе ішеді, екіншісін береді. Үшіншісін сұрап ішеді. Соңында ән салады. Бейжай күйге түседі. Ең соңында патшаның тағын сұрайды. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Ертеңіне әлгіні шақырып сұрағанда, рахатқа батқандығын айтады. Сонда патша ішіп, ең алғаш «Патша шарабы» шыққан екен деседі.

Химиялық элементтер айтысында элементтердің химилық қасиеттері туралы айтылады.

Платина

Өзгелердің бәрінен

Нағыз асыл – қатты затпын.

Орным бірақ соң қойылған,

Сол көңіліме қатты батты.

Айтысқа шық, қорғасын-ау,

Артық сөзбен орнапсың-ау,

Шаршап біттім, қызғанып-ау


Қорғасын

Қорғасынға тіл тигізген

Іші тарлар қайдан шықты?!

Жауына да бас игізген

Бола қоймас мендей мықты!

Өжеттеген қаһармнмын, -

Өз шамамнан аса алмаймын,

Тоғызыншы қатардамын, -

Алға қой деп, қасармаймын.

Платина төл өстің сен

Айтысуға хұқым бар,

Абырой жоқ егесуден,

Артық атақ сұрамаңдар.


Темір

Ескеретін елім күнде

Темір атым қайда менің.

Алғамын жоқ тегін жүлде

Адам іске сайлап еді

Ғалымның сен менен бұрын

Орын апсың кестесінен.

Айт, кәнекей, неде сырың?

Айт жырыңды дестесімен.

(https://infourok.ru/himiyali-aytis-siniptan-tis-isshara-1104995.html)

Практикалық бөлім

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс

Әдіс түрі: Бірге ойлаймыз

Тапсырма: Элементтер жайлы өлең құрастыру

1-топ. Натрий

Тірек сөздер: Сілтілік металл, су, керосин, ас тұзы

2-топ. Хлор

Тірек сөздер: Бейметалл, газ, сары-жасыл, микроб

3-топ. Оттек

Тірек сөздер: Иісі, дәмі, жану, ауа

Бағалау түрі: Топтар бір-бірін бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

1. Сөздердің толық қамтылуы; 1 балл

2. Өлеңнің кемінде 1 шумақтан тұруы; 1 балл

3. Өлеңнің өзекті болуы; 2 балл



Жұмыс түрі: Топтық жұмыс

Әдіс түрі: Ой қозғау

Платформа: WorWall

Тапсырма: Жұмбақтардың жауабын, мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Әр топқа 2 сұрақтан. 1 сұрақ - 1балл

Сілтеме: https://wordwall.net/ru/resource/70048913

Shape1




Жұмыс түрі: Жеке жұмыс

Әдіс түрі: Нақтылық талант

Платформа: Quizizz

Тапсырма: Көркем әдебиет пен химияның байланысынан туындаған сұрақтарға жауап беру

Сілтеме:https://quizizz.com/admin/quiz/65f32adb59c49d2361c7fb48?searchLocal

Picture 2


Қорыта келе химияны оқытуда периодтық кестенің мәнін түсіну үшін көркем әдебиетпен оқыту оңай тіл болып табылады. Жаратылыстану ғылымдарын пән аралық байланыстыра оқушыға түсіндіру эффективті болып келеді. Сонымен, оқушылар арасында пәнаралық байланысты жүйелі қолдану арқылы осындай нәтижелерге жете аламыз:

1. Тақырыпқа деген қызығушылықты қалыптастырады.

2. Оқушылар химия мен өмірдің байланысын іздеуді үйренеді, бұл оларды қосымша ақпарат көздерін пайдалануға итермелейді.

3. Білім деңгейі артырады.

4. Өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіреді.

5. Диалектикалық материалистік дүниетаным қалыптасады.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!