Материалдар / Пернебекұлы Әзімбай атам -мақтанышым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пернебекұлы Әзімбай атам -мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірбаяны ,істеген жұмыстары жайлы білуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
400
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Түркістан» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ғ ы л ы м и ж ұ м ы с

Тақырыбы

Пернебекұлы Әзімбай атам- мақтанышым



Бағыты: Сөнбес жұлдыздар

Секция: Өлкетану


Орындаған: Қалыбай Айгерім


Жетекшісі: Пернебекова Майра Қалыбаевна

Тарих пәні мұғалімі






Жетісай 2016 жыл




Аннотация


Бұл ғылыми жұмыс «Пернебекұлы Әзімбай атам- мақтанышым » тақырыбында алынған . Өзіндік сипаты жағынан Мақтарал ауданының ауылшаруашылығының дамуына үлес қосқан тұлғаның өмірімен таныстырып , оның осы жұмыста істеген қыруар еңбегін айтып өтілген. Бұл жұмыста Пернебекұлы Әзімбайдың жұмыс барысында өсуі оның өзіндік қиындығы жайлы айтылған. Сонымен қоса саналы ғұмырының 40 жылы тек су шаруашылығына арналғаны жайлы азаматтарға жасаған еңбектері аталған. Автор бұл ғылыми жұмыста өмірбаян , тарихи өрлеу жолын салыстыру көрсетілген. Киелі тарих ешнәрсені ұмытпайды. Мақтарал ауданының тарихы да , кешегі ерлік күресі де , адамдардың қайтпас қайсарлығымен мұқалмас жігері де кейінгі өсіп келе жатқан ұрпаққа беретін тәлімі зор.
















Аннотация

Это научная работа написана на тему «Пернебеков Азимбай мой дедушка – моя гордость». С одной стороны здесь сказано как Пернебеков Азимбай внес свой вклад для развитий Мактаральского района в сельхозяйственной сфере работы. В этой статье написано про свои трудности в ходе своей работы. Включая 40 лет работы в водоресурсном хозяйстве .Автор в этой работе сравнял исторических доказательств работы и развитий . История ничего не забудет. Здесь нужно отметить его многочисленные работы . История дает знать работы , заслуги наших предков , чтоб в будущем мы продолжаем их хорошее дело в пользу государства, в пользу сельского хозяйства , воплотить мечту в наше народное достояние. Это наша честь. Вчерашние подвиги , лучшие качества людей , их отвага , трудолюбие в истории Махтааральского района дает пример будущему поколению.

























Annotation.

This research work «Pernebekovich of Azimbay grandfather pride». It is contribution to the development of nature adriculture Maktaral district about the life of the person referred to in this work of a lot of work. This work Pernebekovich Azimbay durung said about the growth of its complexity. In addition, in 40 of intelligent life only referred to by the citizens of the weter intended for breeding works. Author of scientific work , biographical6 historical comparison of the way of progress. Bible history will not forget anything. History Maktaral district to resurrect the courage to fight and yesterday after efforts persistent trick is that the younger generation teaching.





































Жоспар





I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1. Тамыр тартып тарихтың қойнауынан

2.Пернебеков Әзімбайдың өмірі мен қызметі

3.Мақтарал ауданының ауылшаруашылығының дамуына үлес қосқан Әзімбай Пернебекұлы

III.Қорытынды

































Кіріспе:

Шөл зоналарды гүлістанға айналдыру, оны халық игілігіне игеру халқымыздың ежелден аңсаған армандарының бірі болып келген.

Ғасырлар бойы қақырап жатқан, адамзаттың аяғы баспаған, құс ұшса қанаты, қонса аяғы күйетін ұшан теңіз сор басып жатқан шөлдерді халық игілігіне игеру мақсатында басталған шабуыл XX ғасырдың бас кезінде барынша қолға алынғаны тарихтан баршамызға мәлім. Сол кездерде өкімет тарапынан шөл зоналарды игеру мақсатында арнайы қаулы-қарарлар қабылданып, қыруар қаржылар ажыратылды. Шөл зоналарды суландыру мақсатында біраз жұмыстар кең көлемде алып барылды. Талай дренаждар, сбростар, талай каналдар қазылып, сулар толтырылған каналдар арқылы қақырап жатқан шөлдер суға қондырыла бастады. Нәтижеде мың-мыңдаған гектар алқаптар суармалы жерге айналдырылып, халық шаруашылығының ажырамас тармағының бірі, негізі байлығымыз ақ мақтаның мол көлдігін жаратуға мүмкіндік жаратты.

Алғашқы шөл зонасына шабуыл, Ташкент облысына қарасты Сырдария өзенінің сол жақ жағалауынан басталған еді. Халықтар қоныстанып, колхоз-совхоздар ұйымдастырылып, аудан орталықтары пайда бола бастады. Бірінші Сырдария ауданы мен Мырзашөл ауданы ұйымдастырылды. Шөл зонасын суландыру жұмыстары жан-жақты үлкен қарқынмен алып барылды. Өкімет тарапынан басталған – бұл үлкен ауқымды жұмыстарды амалға асыруды Отанымыздың барлық түкпір-түкпірлерінен көп ұлттық уәкілдерінен халықтар қатынасып өздерінің патриоттық үлестерін қосты және сол шөл зонасының жергілікті тұрғындарына да айналып, өз бақыттарын сол жерде тапты. Шөлден аралға алқаптар жылдан-жылға кеңейіп, мың – мыңдаған гектарларға мақта егіліп, тонна – тонна мақталардың кеніне айналды.

Халқымыздың экономикасы, мәдениеті, тұрмыс дәрежесі жылдан-жылға, жан-жақты жоғары дәрежеге көтерілді.

Өз тарихымен аңызға айналған бұл шөл шабуылы халқымызға ардақталған талай тегеурінді азаматтарды, талай халық қаһармандарын жетілдіріп шығарды. Сол ардагерлеріміздің арасындағы асыл азаматтың бірі менің атам Пернебеков Әзімбай Пернебекұлы. Менің атам Пернебеков Әзімбайдың өмірі біздерге жас ұрпаққа үлгі.





  1. Тамыр тартып тарихтың қойнауынан

Ел ішінде тағдыры қызық адамдар көп . Соның бірі Пернебеков Әзімбай. Пернебеков Әзімбай атаның өз аузынан естігенім. 1941 жылы ел басына қара бұлт төніп, қолына қару алуға жарайтындар түгелімен майданға аттанды. Ауылда қариялар мен келін-кепшік, бала-шаға ғана қалды. Олар нендей күй кешті, тылдағы өмір тауқыметі қандай болды? Соғыс жылдарындағы бүлдіршіннің балалық шағы қалай өтті?

«Ұлы Отан соғысы басталған жылдары Әзімбай Пернебеков атам жеті жасар бала болған екен. Енді ғана мектепке барып, жазу-сызуды үйреніп, обком , профком болуды армандап жүргенде өмір арнасы күрт өзгеріп сала берді ғой» деп еске алады ол кісі. «Жастайымыздан қара жұмысқа жегіліп, балалықтан бал дәуренін сезіне алмай өстік дейді. Әлі есімде, күнде әр үйге соғысқа шақыру қағазы келіп жататын. Бір күні Шорабек Жолдасбеков деген туысымызды майданға әкететін болды. Сондағы апамызды жылағандағы даусы әлі құлағымнан кетпейді. Кім өзегін жарып шыққан баласын өз еркімен жауып тұрған оқтың өтіне жібергісі келеді дейсіз?! Әскерге шақырылғандардың мінген арбасына жабысып, әл-дәрмені таусылғанша жүгірген жеңгелердің көз жасы қөңілден қалай кете қойсын-ау?!

Біз ол жылдары адам секілді төсекке жатып ұйықтауды да ұмытып қалғандай едік. Күннің көзі жылт етісімен мақта терімге кетеміз, кешкісін үйге оралғанда арбамен көсек келіп түседі. Соңы таң атқанша аршып, тазалап, мақтаны апарып өткізуіміз керек. Таңға таяу ұйқы қысады. Көзге тіреуіш қойғандай тырбындай береміз. Кей кездері қалғып кеткеніңді де аңғармайсың . Ол кезде еңбекақы түгілі еңбекақы деген ұғым да жоқ. Істеген жұмыс нәтижесіне қарай қаппен бидай, тары береді. Соны қуырып жейміз, диірменнен өткізіп талқан қыламыз. Әйтеуір, қатты ашаршылық болған жоқ. Бала болсақ та тез есейдік , батылдыққа , еңбекқор болуға талпындық. Жауапкершілікті сезіндік. Майдандағы ағалар мен әкелерге қажетті заттарды көбірек жөнелту үшін күш-жігерімізді аямадық. Егер біз тынбай жұмыс істеп, көмектесіп тұрсақ, ол кісілер елге аман оралып, балалары мойнына асылып еркелейтін, жеңгелердің жүзіне күлкі үйірілетін сәттің жақындай түсетініне сендік, сол бақытты күнмен тезірек қауышуды армандадық». Осыдан кейін Әзімбай атам секілді балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген ұрпақты соғысқа қатыспады деуге бола ма ? денесіне оқ тимеді демесеңіз бұлар да соғыс құрбаны емеспе ?! Аяқ қолынан айырылса да тірі келген ұлына той жасаған үйдің қуанышын бөлісуге барды. «Қара қағаз» келіп, қабырғасы қайысып, етегі жасқа толған жеңгейлерді жұбатты. Қаралы үйге қазалы хабар жеткізген «қара қағазды» қаршадай бала сонда көрді. «Әкемнің інісінің Ақбай деген баласы болатын. Сол бала бір күні іс-түссіз жоғалып кетті. Сол кеткеннен 1947 жылға дейін хабар болмады. Алайда, жауырыны қақпақтай палуан ұлдан әйтеуір бір хабар келетініне сендік. Жақсылықты дәметкен пейілімізді Құдірет қолдады ма, сол ағамыздан 1947 жылдың күзінде «Мен Германиядамын, елге ораламын» деген хат келді. Туған туыстар сенерін де, сенбейсін де білмей , қуанғаннан екі көзге ерік берді. Бірақ , қуанышымыз көпке созылмады. Екі жыл жеңіс тойын тойлап, бейбіт өмірдің күндерін кешіп жүргенімізде ағамыздың немістердің қолынан қаза тапқанын есіттік. Атып тастапты. «Қара қағаз» келгенмен, Ақбайдың мәйіті келмеді , ұлының сүйегін көріп , басына белгі қоюды армандаумен ата-анасы да өмірден өтті. Біз соғысты көрмедік, бірақ біз бастан өткерген соғыс зардабы осындай болды» дейді бүгінде сексен екіге келген Әзімбай атам.

Балалық балдыр шағынан қара жұмыстың қомытын киген бозбаланың еңбекке ерте араласқаны оны шарболаттай шыңдады. Кеш те болса Ташкент қаласында жоғары білім алған. Әзімбай ата жиырма жылдан астам уақыт Мақтаарал ауданында су шаруашылығы саласын басқарды. Осыдан 50 жыл бұрын Мария апамызбен отау тікті. Бүгінде үш ұл , екі қыздан тоғыз немере сүйіп отырған бақытты отбасының тұғыры асқар тауы . "Апаларыңмен отасқан бірнеше жылдың ішінде шаңырағымызда кикілжің, ұрыс-талас болған емес. Соғыс кезінде де халқымыз бірлігін, дархан пейілін. Бауырмалдығын жоғалтқан жоқ. Егер бір үйдің баласы соғыстан аман келсе, ол бүкіл ауылдың қуанышына айналатын. Қаралы хабар келген үйдің де қайғысын қатар тұрып бөлісетін . Қазақтың «қайғыны бөліссең азаяды, қуанышты бөліссең көбейеді» дегені осы. Осындай күндерді бастан өткерген біз бүгінгі тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерін көріп, асқар таудың шыңында тұрғандай сезінеміз. Сондықтан қазіргі қиыншылық деп жүргендердің түк те емес " дейді тыл ардагері.

2. Пернебеков Әзімбайдың өмір мен қызметі

Пернебеков Әзімбай Пернебекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Балтакөл аулында 1934 жылы жұмысшы жанұясында дүниеге келген..

1940 жылы Мырзашөлді игеру, тың жерді түлету жөніндегі бастамаға алғаш болып үн қосқан оның әкесі Пернебек ата еді. Қарамағындағы 45-үйді түгел көшіріп бұрынғы Ворошилов (қәзіргі Құрбан ата ауылы) Колкозына келіп жайғасты. Мақсат Мырзашөлді игеру, суландыру, мақта егу, тал отырғызу сияқты жұмыстарды жаппай қолға алған. Атамның әкесі Пернебек тың игерушілердің бірінші алғашқы легі еді. Пернебек атам аурушаң болып, ауыр жұмысқа жарамай қалған уақытта әжеміз Әшіркүл қара бейнетті қарсы алыпты. Мақтаны баптау, шабығын шабу, күзде жинап алу сияқты қиын тірліктің бел ортасында жүріпті. Үйдегі жеті баланың үлкені Әзімбай атам болғандықтан анасының қасында жүріп қолғабыс тигізген екен. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ мақтаның оп-оңай өнбейтін дақыл екенін түсінген ол, түске дейін оқып, ал түстен кейін мақта жинауға кеткен. Жазғы үш ай демалыстағы өмірі тағы мақта ішінде өтеді.

Сөйтіп жүріп 1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ильич ауданы, Ворошилов (қәзіргі Құрбан ата ауылы) Колкозында жеті жылдық мектепті 1947 жылы бітіріп, кейін Ильич ауданы орталығындағы Ильич поселкесіндегі №1 Қазақ орта мектебіндегі Школ-интернатына түсіп, оны 1953 жылы бітірген. Осы жылы Ташкент қаласындағы «Тииимсх» институт инженер ирригации механизации сельско-хозяйство деген институтын 1958 жылы тамамдаған. Мырзашөлді игеруге қатысып еңбек еткен азаматтардың бірі. Институты бітірген соң жолдамамен сол Ташкенттегі Орта-Азия бойынша топырақтың құнарлылығын және ылғалдылылығын, тұздылығын тексеретін институтта «САНИРРИ-ге»инженер болып істеген. Арада екі жыл өткен соң 1960 жылдың басында Киров су жүйесі басқармасына (КазКирсупр) келіп инженер мелиоратор, кейін Жетісайдағы Су Шаруашылығы жүйесіне 1971 жылы блок инженер болып тағайындалған. Тындырымды қызметтер атқарып осы салада бірталай тәжірибе алып, 1974 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша 1996 жылға дейін осы Жетісай Су Шаруашылығығының бастығы болып абыройлы қызмет атқарған. Бір су саласында 40 жылдан астам еңбек етіп ауданымыздың ауыл шаруашылығының дамуына, экономикасының өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Көп жылдар аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық партия ұйымы тексеру комиссияының мүшесі, аудандық атқару комитетінің депутаты болып сайланған. Отан алдында еткен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Қазақстанға еңбегі сіңірген су шаруашылығының маманы, республиканың облыстық, аудандық мақтау громаталарына және де Социалисттік еңбек озаты деген мақтау атақтарға ие болды. Сонымен қатар «Еңбектегі ерлігі үшін» медалмен, тың жерді игерудің 50-жылдық, Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске 60-65ж.ж мерекелік медалімен, В.И. Лениннің 100 жылдық, 1941-1945 жылдық, «10-20 жылдығымен Астана медаль 10-20 жылдығымен Астана медалімен награтталды. Еңбек ардагері медалімен награтталды. Зейнеткерлікке шығар кезде көп жылдық еткен еңбегімнің арқасында Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы» деген белгісі тапсырылды. «Нұр Отан» партиясы, Мақтарал ауландық филиалының мүшесі.

1997 жылдан бастап аудандық ардагерлер Кеңесінің президент мүшесі. Ұзақ жыл Жетісай қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

  1. Мақтарал ауданының ауылшаруашылығының дамуына үлес қосқан Әзімбай Пернебекұлы

Халықтың қандай да тарихында болмасын әр кезеңде ел намысын қорғайтын, рухани қазынасы болатын, қоғамның дамуына өзінің қомақты үлесін қосып отырған, көш бастайтын ірі тұлғалары болған. Елдің алға қарай дамуы үшін осындай ірі тұлғалардың қатары үзілмей, жоғалмай, ары қарай жалғасып отыруы қажет. Мақтаралдың гүлденуіне, мәдениеті мен әлеуметтік экономикалық жағдайының көтерілуіне сол жерде қызмет атқарған азаматтардың барлығы дерлік өздерінің қадыр қасиетін сарп етіп, тиісінше үлестерін қосты.

Ауданымыздың ауылшаруашылығын дамытуда тер төккен абзал азаматтың бірі менің атам Әзімбай Пернебекұлы. Бұл кісінің өткен өмір жолына көз жіберсек, саналы ғұмырының 40 жылы тек су шаруашылығына арналыпты.

1958 жылы қолында дипломы бар жас маман Ташкент қаласындағы Орта Азия су шаруашылығы институтына қызметке алынады. Арада екі жыл өткен соң Киров су жүйесі басқармасында (Қаз Кирсупр) инженер –мелиоратор, кейін Жетісайдағы су шаруашылығы жүйесінде (1971 жылы) бас инженер болып тындырымды қызметтер атқарады. Осы салада бірталай тәжірибе жинақталған, еңбек десе ерінбейтін Әзімбай Пернебекұлы 1976 жылы кеше өзі зейнеткерлікке кеткен 1996 жылға дейін осы Жетісай су шаруашылығының бастығы болып абыройлы қызмет атқарды. Кеңес дәуірі кезінде қазіргідей су тапшылығын тартқан жоқпыз, -дейді Әзімбай ата сол бір «су сұрап» отырған кезін еске түсіріп. Шілдеде бас каналдан 90 текше метрге дейін су алып, диқандардың алды қозаны екі реттен суарып алатын. Соның арқасында мақта салмақты болып, әр гектарынан 40-50 центнерден бағалы өнім алған диқандар көп болды. Есесіне біз күні-түні ұйқы бетін көрмей канал жағалап судың ысырап болмауын әрі әділ бөлінуін қадағалап жүретінбіз. Иә, бір су саласында 40 жылға жуық еңбек сіңірген , сөйтіп ауданымыздың ауылшаруашылығының дамуына, экономикамыздың өркендеуіне, мақта қырманының биіктеуіне өзіндік үлес қосқан. Пернебекұлы Әзімбай атамның адал қызметін ешкім жоққа шығара алмайды. Республикалық, облыстық, аудандық дәрежедегі Құрмет грамоталары, социалистік жарыстың жеңімпазы деген наградалары, сондай –ақ «Озат еңбегі үшін » медалы осы сөзіміздің дәлелі. Әзімбай Пернебекұлы зейнеткерлікке шыққан соң да үйде қарап отыра алмады. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары ретінде қариялардың жайын жасап жүрген жайы бар. Соғыс ардагерлеріне электр энергиясын пайдаланғаны үшін жеңілдік бар. Ал оны кім, қалай пайдаланып жатыр, міне соны тексереді. Шымкенттегі «Ардагерлер» үйіне өзіміздің «Жылу су» емдеу орнына, «Сарыағаш» курортына рет-ретімен демалуға жібереді. Қарттардың үйін жөндету, күнкөрісі нашар отбасыларына әлеуметтік көмек бергізу, әйтеуір мұнда да жұмыс жетерлі. Таңның атысы, кештің батысы жаяулатып, қызмет бабымен кетіп бара жатқаны. Елгезек де ширақ қалпынан бір таңбайды. Осы шаруалардың ара-арасында ақсақалдармен адамгершілік жайлы саясаттан әңгіме қозғайды. Бүгінгі әңгімеміз Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың теледидардағы тікелей эфир кездесуіне ойысты. Сол туралы ойын айта отырып: «Нүрекең қазақ халқының маңдайына біткен бағы ғой. Екі жарым сағат тапжылмай отырып халықтан түскен қаншама сұрақтарға жауап берді. Неткен шешен, білгір. Әркімнің Елбасшысы осындай-ақ болсын. Әсіресе Нүрекеннің ауыл өмірін түбегейлі жақсартуға деген ықыласы мен бетбұрысы құптарлық жәйт. Өйткені ауыл бәріміздің шыққан түпкі тамырымыз . Ауыл гүлденсе шаруа халық бай бақуатты болса, сонда ғана тұрмысымыз түзіледі», -дейді Әзімбай Пернебекұлы риза көңілмен. Азаматтық тұлғасымен , адамгершілік қасиетімен, отбсылық бақытымен өзгелерге үлгі болып жүрген, Әзімбай Пернебекұлы атам биыл сексеннің екісіне келген, жүрген жолы тура, қадамы нық. Бірақ ол сол қарттардың нағыз жаңашыры десе болғандай .

Қорытынды:

Киелі тарих ешнәрсені ұмытпайды. Мақтарал ауданының тарихыда, кешегі ерлік күресі де, адамдардың қайтпас қайсарлығымен мұқалмас жігері де кейінгі өсіп келе жатқан ұрпаққа беретін тәлімі зор. Бір кезде «адамдар тыңды көтерді, тың адамдарды көтерді» деген қанатты сөз шыққан. Өйткені аға-апаларымыз Мырзашөлді игерсе, соған белсене қатысса, сүйікті туған жер оларды да үлкен құрметке, биік абыройға бөледі. Ел ырысын арттыруда мол үлес қосқан бөлімшелер мен бригадаларды жүздеп келтіруге болады. Осыларға басшылық еткен кісілердің ерлік істерін бағалау қажет.

Шаруашылықтардың елеулі табыстарға жетуіне, Мақтаралдың түлеуіне қосқан ұл-қыздары жан – тәнімен еңбек ете білген. Өсіп келе жатқан ұрпаққа өз туған өлкесінен шыққан Еңбек ардагерлерінің істері өшпес мұра. Сондықтан мен өз шығармашылық жұмысымды жазу барысында Мақтарал ауданының өсіп өркендеуіне үлес қосқан, Социалисттік еңбек озаты, Еңбек ардагері медалінің иегері, Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы» Әзімбай Пернебекұлы жайлы ол кісінің іскерлік қабілетін, еңбекқорлығын, адамгершілігі мен қарапайымдылығынан өзімнің бойыма қажетті нәрселердің барлығын алдым деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұл жұмыста қамтылмай қалған жерлері болса тағы да ізденіп, еңбектенемін.

Адам бұл өмірге келеді де кетеді, ал артында оның істерімен ол туралы естелік қана қалады.

Мыңдаған жылдары қахрап жатқан шөлді игеріп, абат жерге айналдырды. Жүздеген жастарды тәрбиелеп басқаруы жұмысына қатыстырды. Өмірдің түрлі тәлкектеріне түсіп қалған, көмек сұраған мыңдаған адамдарға жәрдемін берді.




























Пайдаланған әдебиеттер



1. Мақта ордасы – Мақтарал кітабы 2003ж

2. Мақтарал газеті

3. Оңтүстік Қазақстан газеті

4. Естеліктерден

5. «Мырзашөл тарихы» кітабы 2005ж

6. Мырзашөл ардагерлері кітабы































Picture 1

Пернебеков Әзімбай

Picture 4

Пернебеков Әзімбай ата мен бірге





Елбасымен кездесу

Пернебеков Әзімбай ата және Марияш апа немересі Мақсатпен



Ақсақалдар мен бірге

Тыл ардагерлерімен кездесу

Отбасымен бірге

Қалыбай Әйгерім аллеяда ауданның құрметті азаматтарын көру сәті



Медальдары

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!