Перпендикуляр және параллель түзулер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Перпендикуляр және параллель түзулер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш мынып мұғалімдеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика 4-сынып 
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және параллель түзулер 
Мақсаты: Оқушыларда параллель және перпендикуляр түзулер жайлы алғашқы ұғымдар қалыптастыруОқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. 
Сілтеме: 4 сынып математика оқулығы, 138-142 беттер 
Күтілетін нәтиже: - Перпендикуляр және параллель түзулер 
Түзулерді бір-бірінен ажырата алады, сызуды үйренеді, мағлұмат алады
- Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы ой-қиялдары дамиды
- Жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді
Сабақта қолданылатын ресурстар: таныстырылым, кесте, перпендикуляр және параллель түзулердің сызбасы,бейнероликтер. 
Оқыту әдістері: жұппен жұмыс, топтық, жұптық, жеке,ой қозғау, сұрақ жауап 
Тапсырмалар: топтық, жұптық, жеке.

Көрнекілігі: презентация, суреттер,бейнероликтер.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі 
Психологиялық ахуал туғызу «Көңіл-күй шкаласы ». 

Тақтада ілулі тұрған термометрге оқушылар өз көңіл-күйлерін білдіретін смайликтер жапсырады.

Бағалау шкаласын ілу. Әр тапсырма орындаған сайын смайликтер алып отырады.
І. Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл»

  • Көшеден жасыл адамды көрсеңдер не істейсіңдер? /жолдан өтеміз/

Ойланайық, пікірлесейік .Сурет бойынша жаңа сабақты жетекші сұрақтар арқылы түсіндіру. Суреттерден жаңа түзу түрлерін табады.

1. «Білімланд» бейнероликтер көрсету.
Сол бойынша жаңа тақырыпты анықтайды.

 ІІ. Мағынаны тану. Жаңа ақпарат

Бір жазықтықта жатқан екі түзу қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін. Екі түзу қиылысуы үшін олардың ортақ нүктелері болуы керек екені белгілі.

Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі.

М ысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б.





ПShape1 араллель түзулерді салу үшін сызба бұрыштық пен сызғыш пайдаланылады.

Shape2 Shape3

Shape4



Параллель түзулерді жүргізу үшін:

  1. Үшбұрышты сызғыштың бір жағын сызғышқа тіреп, оның екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз;

  2. Сызғыштың бойымен үшбұрты сызғышты жылжытып, екінші в түзуін жүргіземіз.

Алынған а және в түзулері өзара параллель болады.

Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады.

Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады.

  • Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады

  • Параллель түзулерде жатқан кесінділер параллель кесінділер деп аталады

  • Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады

Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса,онда ол екі түзу параллель болады.

«||-параллельдік белгі.    a ||b

 Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель

Параллель» сөзі гректің сөзі, қазақша баламасы «қатар жүруші» деген сөзінен алынған.


Тік бұрыш жасап қиылысатың түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады.

Осы суреттегі a және b түзулері 900 градусты бұрыш жасап қиылысады. Суретте тек бір бұрыш қана көрсетілген, бірақ қалған бұрыштар да 900 градусқа тең.

a түзуінде жатқан D нүктесі арқылы, осы түзуге перпендикуляр b түзуін жүргізуге болады, және бұндай түзу тек біреу ғана.

Перпендикулярлықты «құрылыс геометриясының негіздері» деп атайды.

«Перпендикуляр» сөзінің мағынасы (латынның «тік бағыт» сөзінен алынған)

Түзулердің перпендикулярлығын белгілеу үшін "" белгісі пайдаланылады. Жазылуы: ABCD. Оқылуы: "AB түзуі CD түзуіне перпендикуляр". 


Оқып үйренейік: жұптық жұмыс . 

№4 
а) Дәптердің сызықтарын пайдаланып: перпендикуляр ВС және DA түзулерін;  
ә) параллель АВ және СD түзулерін жүргіз. 
№5 Жеке жұмыс

Дәптердің сызықтарын пайдаланбай, ТК мен ЕО перпендикуляр түзулерін жүргіз.
Сергіту сәті: 
Қол қимылдары арқылы параллель және перпендикуляр түзулер көрсету.


АВ кесіндісін сыз. Оны тең етіп екі бөлікке бөл (қақ бөл). Кесіндінің ұзындығын өлше. Оны 2-ге бөл. Осындай ұзындықты кесіндінің бір ұшынан бастап өлшеп салып, нүкте белгіле. Сол нүкте кесіндіні қақ бөледі. 

Топқа бөлу. 3 топқа сурет таратылады. Суреттегі ғимараттарды атайды және қандай түзулер күріп тұрғанын айтады.

1-топқа Тәуелсіздік сарайы. Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Астана қаласы 2008 жылы 15 желтоқсанда ашылды.

2- топқа. Бейбітшілік және келісім сарайы

Бейбітшілік пен келісім сарайы  архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды.

3-топқа . Астана қаласында орналасқан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры.21 маусым 2013 жылы ашылды.

7а) Шебер 7 күнде 49 аяқ киім, ал шәкірті 5 күнде 20 аяқ киім жөндеді. Шебер бір күнде шәкіртінен неше аяқ киім артық жөндеді? 
Ш: 49:7+ 20:5=3 
Ж:4 аяқ киім артық жөндеді.

Практикалық жұмыс. Тақтада орындау.


Shape10 Shape9 Shape5





Түзулерді әріптермен белгілейді, жазады, оқиды, атайды. а||в , ABCD

FM мен GN түзулері перпендикуляр емес, өйткені олардың бұрыштары тік емес,яғни 900 емес. m мен n түзулері параллель емес, өйткені m мен n түзулерінің арақашықтығы әртүрлі.Параллель түзлер бірдей қашықтықта орналасуы керек.
«Шығармашылық тапсырма» Таяқшалардан түрлі геометриялық фигуралар құрастыру.

- Егер біздің өмірімізде перпендикуляр және параллель түзулер болмаса... (оқушылар ойды жалғастырады.)
Үйге тапсырма беру №9, 142 бет 
Үй тапсырмасын қалай орындау туралы нұсқау беру. 
Кері байланыс «Білім » шыршасы .Кері байланыс орнату. 
Стикерлерге оқушылар бүгінгі сабақтан не білгенін, көңіл – күйін жазады, ағаш суретіне орналастырады. 
Бағалау. 







«№33 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ









«Перпендикуляр және параллель түзулер»

(математика 4-сынып)









Өткізген:ИскалиеваЗ.Е.

















Орал,2017ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2018
1599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі