Материалдар / персепектива
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

персепектива

Материал туралы қысқаша түсінік
5 жастағы балаларға арналған бір апталық жаспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2023
310
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)


Топ/сынып

Мектепалды топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы


Балалардың жасы

5-6 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні


Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

29, 31.08, 01,02.09.2022 ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма







Күн тәртібі






Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Әңгімелесу: "Балабаақшаның ережелері" , "Баланың тазалығы".

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Еңбек: алаңды қоқыстан тазарту.

Мақсаты: алаңда тәртіп пен тазалық сақтауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға баулу.

Кезекшілік: табиғат бұрышы, ас бөлмесі, оқу құралдары бойынша міндетін соңына дейін атқаруға машықтандыру; жауапкершілікке тәрбиелеу.


Еңбек: алаңды қоқыстан тазарту.

Мақсаты: алаңда тәртіп пен тазалық сақтау.

Кезекшілік: табиғат бұрышы, ас бөлмесі, оқу құралдары бойынша міндетін соңына дейін атқаруға машықтандыру; жауапкершілікке тәрбиелеу.

"Асхана бойынша кезекшілік".

Мақсаты.

Балаларды кезекші міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету. Қолды мұқият жуу, кезекшінің киімін кию, үстелді дұрыс қою. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды тазалау. Еңбек дағдыларын дамыту, үстелді жабдықтауда тәртіпсіздікті көре білу. Ортақ игілік үшін, ниеттеніп еңбектенуге тәрбиелеу.

"Шешіну бөлмесінің шкафындағы тәртіп".

(тәрбиешінің көмекшісімен бірге)

Мақсаты.

Балаларды жеке киім шкафтарында тәртіпті сақтауға үйрету: шкафты киім мен аяқкиімнен босату, сөрелерді дымқыл шүберекпен сүрту және киімді орнына мұқият бүктеу. Еңбекқорлықты, тәртіпті көре білуді. Ұжымдағы тату-тәтті еңбек етуді үйрету.

"Жел мен бұлт" қимыл-қозғалыс ойыны.

Мақсаты: кеңістікті бағдарлау жаттығулары

Еркін ойын: "Мысық пен тышқан".

Мақсаты: ойынның шарты бойынша әділ ойнап, шапшаңдықты, жылдамдықты, тапқырлықты танытуға баулу.

Барысы. Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.

Мысықай аппақ қарасақ,

Құйрығы сұр тамаша-ақ,

Жебедей-ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады.

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

Мысықай естісе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Мысықай біздің жарады.

«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді.

"Ұшты - ұшты" ойыны.

Мақсаты: балаларды ұшатын заттар мен ұшпайтын заттарды ажырата білуді жетілдіру.

Тәрбиеші балаларға ұшатын құс, әуе көлік атауларын, сонымен қатар кез келген атауларды атайды.

Егер олар ұшатын болса құс қанатын қағып қимыл көрсетеді.

Ал, егер ұшпайтын зат атауын атаса, онда қолдарын қимылдатпайды.

Егер керісінше ұшатын затта қимылдатпай, ұшпайтын затта қимылдатса, бала ойыннан шығарылады.

Мысалы: Ұшты - ұшты, ұшақ ұшты – десе, қолдарын қимылдатады.

Ұшты - ұшты, кітап ұшты – десе, қолдарын қимылдатпайды.


"Заттарды пазл ішіне орналастыру" үстел үсті ойыны.

Мақсаты: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін дамыту.

"Қармақ" қимыл-қозғалыс ойыны.

Мақсаты: кеңістікте бағдарлауды жүзеге асыру.

Еркін ойын: "Тақия тастамақ" ұлттық ойыны.

Мақсаты: бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.

Барысы. Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.

Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді.

Үстел үсті ойыны.

"Лото. Қыздар мен ұлдардың киімдері".

Мақсаты.

Балалардың зейінін дамыту. Заттарды топтастыруға үйрету. Байқампаздыққа баулу.

Кімге не керек? Қыздар мен ұлдардың киім түрлерін іріктейді.

Құрастыру ойыны "Текшелер".

Балалар текшелерден балабақшаны құрастырады.


Дамытушы жаттығу.

"Көзді жұмып, тепе-теңдікті сақтау".

Мақсаты: балаларды көзді жұмып, тепе-теңдікті сақтауда жаттықтыру; вестибулярлық аппаратты, түйсік қабілетін дамыту.

Шарты.

Тік тұрып, екі қолды екі жаққа созып жаю; екі аяқтың бірінде кезегімен, тепе-теңдікті сақтау.

Алғашқы жаттығудың үлгісін педагог өзі көрсетеді. Тепе-теңдікте тұру ұзақтығын реттеу керек.

Таңертенгі жаттығу

Педагог балалардың назарын өзіне аударып:

- Балалар, енді тақтадағы суретке қарап жаттығуларды орындайықшы!

- «Би» - бастапқы қалып: дене тік, аяқ қатар қойылады, орамал ұстаған қол төменде.

1 - қолдарын жоғары көтеріп, орамалдарын желпу;

2 - бастапқы қалыпқа келу;

3 - орамалмен айналып билеу;

4 - бастапқы қалыпқа келу.

- «Биші қыз» - бастапқы қалып: дене тік, аяқ қатар қойылады.

1 - қолды жоғары көтеріп, бір аяқтың ұшымен тұру;

2 - бастапқы қалыпқа келу.

- «Паровоз» - бастапқы қалып: дене тік, аяқ қатар қойылады, жұппен тұру.

1 - сызық бойымен бір-біріне қарсы жүру;

2 - сызық ортасына келгенде тарап кету;

3 - бастапқы қалыпқа келу.

- «Қарлығаш» - бастапқы қалып: дене тік, аяқ қатар қойылады, қол төменде.

1 - екі қолды екі қапталға жаю;

2 - бір аяқты артқа созып қарлығашты бейнелеу;

3 - бастапқы қалыпқа келу.

- «Іздер» - бастапқы қалып: қол белде, аяқтың арасы сәл алшақ болады.

1 - аяқтарын біріктіріп, орындарында оң жаққа бір ізбен жүру;

2 - аяқтарын біріктіріп, орындарында сол жаққа бір ізбен жүру;

3 - бастапқы қалыпқа келу.

- «Аққұтан» - бастапқы қалып: дене тік, аяқ қатар қойылады, қол төменде.

1 - бір аяқпен тұрып, қолмен тізеге дейін бүгілген сол аяқты ұстау;

2 - бастапқы қалыпқа келу;

3 - бір аяқпен тұрып, қолмен тізеге дейін бүгілген оң аяқты ұстау;

4 - бастапқы қалыпқа келу

- «Достар» - бастапқы қалып: дене тік, аяқ қатар қойылады, жұппен тұрады.

1 - жұптар қолдарынан ұстап;

2 - жұптасып айналу;

3 - бастапқы қалыпқа келу.

Таңғы ас

Балалардың беті-қолын жуып, таңғы асқа отырғызу. Ас ішу мәдениетімен таныстыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті-қолды жуу.

Ас - адамның арқауы.

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Жаңылтпаштарды қайталау және жаттау


"Жәндіктер" тақырыбына иддюстрациялар қарау.

«Балабақша» тақырыбында иллюстрациялық суреттерді қарастыру.

Балабақшада өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері туралы әңгімелесу.

Білім беру ұйымының кестесі

бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Жазғы ойын-сауықтар


Жазғы ойын-сауықтар

Математика негізі

"Мен және менің достарым"


Сөйлеуді дамыту

"Біздің балабақша тақырыбында әңгімелесу"


Музыка

"Білімің - бұлағың"


Қоршаған ортамен таныстыру

"Күз келді, бақшама!"

Сауат ашу негіздері

"Дыбыс және әріп"


Сурет салу

"Гүл бағымызда өскен ақкекірелер"


Дене шынықтыру

"Тақтайшаның үстімен адымдап жүру"


Көркем әдебиет

"Ш. Шаяхметов «Білімің - бұлағың» (өлеңімен танысу)"

2- таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!"

Серуенге дайындық

Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету.

Серуен

Күнді бақылау.

Мақсаты: күнді, оның өсімдіктер, ағаштар, жәндіктер және барлық тіршілік иелері үшін маңыздылығын бақылауды жалғастыру

Экологиялық міндет: күн сәулесінің адам мен өсімдік тіршілігі үшін құндылығын көрсету.

Көркем сөз

Алақай, алақай!

Күн шықты, күн шықты,

Жер үстіне нұр шықты!

Еңбек: құм жәшіктерін құммен толтыру.

Мақсаты: балалардың бойына еңбекке деген құштарлығын ояту.

"Қарақұс пен балапандар" қимыл-қазғалыс ойыны.

Мақсаты: тәрбиешінің нұсқау-бұйрықтарын тыңдай білуге дағдыландыру, зейінді дамыту; шапшаңдыққа, алғырлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ойыншылар "қарақұс" пен "тауықты" санамақ арқылы таңдайды.

Қалғандары "балапандар" болып ойынға қатысады. Олар "тауықтың" артына тізіліп (6-8 бала болып) тұрады.

Ойын алаңының бір шетінен қарақұстың "ұясы" сызылады.

Педагог: "Қарақұс!" деп, белгі берген кезде, "қарақұс" "тауықтың" артында бір-бірінің белінен ұстап тізіліп тұрған балапандардың ең соңғысын ұстап алуға ұмтылады.

"Тауық" болса - екі "қанатын" (екі қолын) екі жаққа соза, балапандарын қорғаштайды. Балапандар да қарақұсқа алдырмауға тырысады. Олар тек тізбекті бұзбауға тиіс.

Ұсталған балапандарды "қарақұс ұясына" алып кетеді. Екі-үш балапан ұсталған соң ойын жүргізушілер қайта сайланып, ойын қайта басталады.

Педагог ойынның алдында балалармен қауіпсіздік ережелерін қайталау керек.

Жұмбақ.

Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты,

Ұшады кешке дейін дамыл таппай... (Күн)

Болжам. Батар күн қызыл шапаққа малынып барып ұясына кірсе, ертеңінде шыжыған ыстық болатынын білдіреді.

Еркін ойын: "Қу түлкі".

Мақсаты: жүгіру қабілетін дамыту.


Құмырсқаны бақылау

Мақсаты: құмырсқалардың пайда болу ерекшеліктері, олардың тіршілік көріністері туралы білімдерін кеңейту; сыртқы дүниеге деген қызығушылықты ояту.

Жұмбақ жасыру.

Қатар - қатар қара нар,

Аспанменен бара бар,

Алды биік, арты жар.

/Құмырсқа/.

Көркем сөз

Қаламайды құмырсқа

Қаңғыруды, билеуді.

Тыным алмай, ырысқа

Толтырады илеуді.

Тапқан заты ауыр боп,

Түссе бірі әлекке,

Қауымдасқан бауыр кеп,

Келеді тез көмекке.

Ауыртпалық көрмедім

Олар алып жықпайтын.

Қиындық аз дер едім

Түбі жеңіп шықпайтын.

Неге?

Айтсақ дұрысын:

Демей ұсақ, ірісің,

Бірі істейді бәрі үші,

Бәрі істейді бірі үшін! (Қадыр Мырза Али)

Еңбек: алаңдағы жерді қопсыту

Мақсаты: келесі жылы тұқым отырғызуға жерді дайындауды үйрету.

Қимылды ойын «Қақпан», «Аттар».

Мақсаты: жылдамдық пен төзімділікті дамыту.

Жеке жұмыс: баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!