Материалдар / PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланып joomla бағдарламасының көмегімен web беттерін жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланып joomla бағдарламасының көмегімен web беттерін жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланып joomla бағдарламасының көмегімен web беттерін жасау. РНР- ды қолдану салалары кең өрісті және әр түрлі. Соған қарамастан ұқсас есептерді шығара алатын басқа да программалау тілдері бар. Не үшін РНР- ды меңгеру қажет? Ол бізге не береді? Біріншіден, РНР- ді меңгеру өте қарапайым. Синтаксистің негізгі ережелері мен оның жұмыс принциптерімен танысудың өзі жеткілікті, сол арқылы (басқа тілде жазғанда үлкен дайындықты қажет ететін) өз бағдарламамызды жазуға болады. Екіншіден, РНР шамамен барлық белгілі платформалардан, операциялық жүйелерден және барлық түрлі серверлерден қолдау тапты. Бұл да өте маңызды. Ешкімнің мысалы, Windows- тегі жұмыстан Linux- ке IIS серверден Apache серверіне ауысып, тағы бір бағдарламалау тілін меңгергісі келмейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Тамыз 2021
1020
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Тақырыбы: PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланып joomla бағдарламасының көмегімен web беттерін жасау

Жобаны жасаған:

«Райымбек атындағы орта мектеп»КММ-сі

9 «Г» сынып оқушысы: Тухтаева Ясмина

Жетекшісі : Мұратбекова Бақыт Жайыққызы

Жоспар

КІРІСПЕ

1 PHP ТІЛІ ТУРАЛЫ

1.1 PHP тілінің негізі

1.2 PHP-ның мүмкіндіктері мен қолданыс салалары

1.3 SQLтілі

1.4 PHP- мен бірге жұмыс істейтін сервердің классикалық құралы-

APACHE+PHP+MySQL

2 AJAX ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ

2.1 АJAX технологиясы

2.2 Ajax технологиясының классикалық технологиялардан ерекшелігі

3 PHP ЖӘНЕ AJAX

3.1 AJAX технологиясын PHP дақолдану

3.2 Joomla тілінің көмегімен «Айжан » балабақшасының сайтын құру

Практикалық

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша











Мазмұны

КІРІСПЕ..............................................................................................................5

1 PHP ТІЛІ ТУРАЛЫ.........................................................................................7

1.1 PHP тілінің негізі..........................................................................................7

1.2 PHP-ның мүмкіндіктері мен қолданыс салалары....................................10

1.3 SQLтілі.........................................................................................................17

1.4 PHP- мен бірге жұмыс істейтін сервердің классикалық құралы-

APACHE+PHP+MySQL....................................................................................21

2 AJAX ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ……….......……………………….....23

2.1 АJAX технологиясы....................................................................................23

2.2 Ajax технологиясының классикалық технологиялардан ерекшелігі......34

3 PHP ЖӘНЕ AJAX………………………………….....……………..............37

3.1 AJAX технологиясын PHP де қолдану......................................................37

3.2 Joomla тілінің көмегімен «Айжан» бала бақшасының сайтын құру…..42

Практикалық жұмыстар ...................................................................................44

Қорытынды………………………….................................................................46

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................47

Қосымша…………………………………………………………………………………...48











Кіріспе

Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланып joomla бағдарламасының көмегімен web беттерін жасау. Жоба жұмысы жалпы 3 тараудан тұрады.

Бірінші PHP тілі туралы. Бұнда PHP тілінің даму тарихынан бастап, бұл тілдің мүмкіндіктері, қолдану салалары мен маңыздылығы, үйрену тәсілдері жазылған. Айталық, Joomla! (Джу́мла деп айтылады) — PHP және Javascript негізінде құрылған мәліметтер басқаруға арналған жүйе (CMS). Мәліметтер қоры MYSQL негізінде жүргізіледі. GNU GPL лицензиясы бойынша ашық кодпен таратылатын жүйе болып табылады.

РНР тілі алғаш рет 1995 жылдың басында Personal Home Page деген атпен шығып үйренуге ыңғайлы қолданылуы қарапайым болу сияқты ерекшеліктері мен бүгінгі күнге дейін қолданыстан шықпай үздіксіз дамып толығып келе жатыр. Ол қолданушымен http протоколы арқылы байланысатын web- қосымшалар құруға арналған программалау тілі. PHP интерпретацияланатын тіл, яғни сервердегі сценарийлер орындалу үшін PHP интерпретаторын орнату қажет. PHP мен жазылған программа HTML файлына салынады.

Екінші AJAX технологиясы туралы. Бұл тарауды оқу арқылы сіз жаңа білімдерге қол жеткізе аласыз. Ұшқан құстай дамып бара жатқан жаңа заманда жаңа ойлар, жаңа талаптар мен жаңа технологиялар ойлап табылуда бүгінгі қолда бар дүние ертең жоқ боп қолданыстан шығып, жаңа заттар мен жаңа технологиялар орынын басып заман үздіксіз дамып алға ілгерлеп жатыр. Мұның бәрі де қазіргі дамып жатқан технологияның арқасы, міне сондай технологиялардың бірі AJAX. Ол технологиялық секіріс, қолда бар мүмкіндіктер аз қолда бар мүмкіндіктерін одан әрі кемелдендіру мүмкін емес кезде болады. Мұндай секіріс AJAX болып табылады. Ajax- тің жұмыс істеу тәсілі, пайдаланушы серверге өтініш жіберіп, сол арқылы сервер сандық мәліметтер қайтарылады. Ajax- тің негізі XMLHttrRequest, сервер мен пайдаланушы ара қатынасын реттейді.

PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланудың маңызы, AJAX ол PHP- ға жүктелген сервердің жұмысын жеңілдетеді. Мысалы, HTML- дың бір құжат оқуын көрсетсек, HTML- дың өзі мәліметтерді оқи алмайды. Осы арада Ajax техникасы пайдаланушыдағы HTML беттің пайдаланушыдағы PHP бетке өтініш етуі, содан кейін сервер PHP бет арқылы мәліметтерді оқып, қайтадан оқыған мәліметті пайдаланушыға береді. Сол арқылы пайдаланушыдағы HTML бетте мәлметтерді көрсетеді.

























1 PHP ТІЛІ ТУРАЛЫ

1.1 PHP - тілінің негізі

Соңғы бес жыл адамдар қарым- қатынасының жаңа тәсілдері мен интернеттің таңғаларлықтай дамуымен атағы шықты. Бұл жағдайдың алдыңғы қатарында World Wide Web тұрады. Күнделікті бұл коммуникациялық ортада мыңдаған жаңа сайттар ашылып, ал тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа түрлері ұсынылып жатыр. Нарықтың қарқынды дамуына байланысты жаңа технологияға және осы технологияны меңгерген программа өңдеушілеріне деген үлкен сұраныс пайда болды. Жаңа заман талабына сай көптеген программалау тілдері мен неше түрлі жаңа технологиялар ойлап табылып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандырып келеді. PHP тілі жаңадан ойлап табылған технологиялардың бірі. Біз енді PHP тілін зерттейік, және оның мүмкіндіктері мен тарихы жайлы танысайық, сонымен қатар PHP- ді қолданып, сайт жасау үшін негізгі қажетті мәліметтерді де қарастырайық.

РНР тілі тек практикалық есептерді шешуге арналған құрал ретінде жасап шығарылған. Оны жасап шығарушы Расмус Лердорф, өзінің online- резюмесін қанша адам оқитынын білу үшін Perl тіліндегі қарапайым CGT- қабыршағын жазды, бұл қатысу статистикасын жинақтау мақсатына арналған Perl- скриптер жинағы болатын CGT HTTP хаттамасы бойынша жұмыс істейтін серверлік қосымшаларды жасауға арналған стандарт болып табылады. Сервер қолданушының сұранысын CGT- бағдарламаға жібереді. Ол оларды өңдеп, жұмысының нәтижесін қолданушының экранына қайтарады. Осылайша қатысушы әр түрлі факторлардың әсері нәтижесінде өзгере алатын динамикалық ақпарат алады. Ал шлюздің өзі (CGT скрипт) түрлі бағдарламалау тілдерінде – С/С++, Fortran, Perl, TCL, UNIX Shell, Visual Basic, Python және т.б. жазыла алады.

PHP – қолданушымен http протоколы арқылы байланысатын web- қосымшалар құруға арналған программалау тілі. PHP интерпретацияланатын тіл, яғни сервердегі сценарийлер орындалу үшін PHP интерпретаторын орнату қажет. PHP мен жазылған программа HTML файлына салынады, алайда қазіргі уақытта бұл техника web- қосымша жазудың тиімді әдісі емес. PHP- ді программа құрушыларға web- қосымшаларды тиімді және тез құруға мүмкіндік беретін сервер жақта жұмыс істейтін web сценарийлердің орнатылған тілі ретінде сипаттаған дұрыс. Web- парақтарды құрудың дәстүрлі, статикалық әдістемесіне сәйкес келмейтін қосымшаларды құру барысында PHP JavaScript және басқа да тілдермен қатар қолданылатын динамикалық мазмұнды құру және басқару үшін бағалы құрал бола алады. PHP-дің көптеген стандартты функцияларының арқасында түрлі тектес есептерді шығаруға болады. Оның құрамына графика және онымен іс- әрекет, математикалық есептеулер, XML, XSLT сияқты атақты технологиялар кіреді. PHP HTML- дің препроцессоры болып табылады. Сервер файлды браузерге бермес бұрын, оны препроцессор- интерпретатор қарастырады. Ол үшін файлдың анықталған бір кеңейтілуі болу керек (әдетте бұл .phtml немесе .php3) және препроцессор үшін код болу керек. Парақ жіберілер алдында PHP код серверде өнделеді және браузерге серверде сақталынғанға қарағанда қатты ерекшеленетін HTML парақтар түрінде нәтиже беріледі. PHP клиент скриптерінің тілдері болып табылатын JavaScript/Jscript/VBScript- ке қарағанда серверлік скриптер деп аталады. PHP Active Server Pages, Java Server Pages, ColdFusion, embperl тілдеріне ұқсас болып келеді. Бұл тілдердің барлығы web – серверде орындалатын кодты HTML парақтың ішіне орналастыруға мүмкіндік береді

Шығатын нәтижесі:

Осы пакеттердің барлығының өзегі PHP болып табылады. Ол көптеген операциялық жүйелерді қолданады. Солардың ішіне Windows пен Unix кіреді. PHP контекстінде, функционалдылығында көрінетін олардың арасындағы айырмашылық болмашы ғана. Үйде жасайтын жобалар үшін көбіне Windows қолданылады. Ал үлкен, кәсіби жоба құруға Unix- ті пайдаланған жөн. Өйткені ең алғашында PHP Unix платформасы үшін құрылған, сондықтан PHP- дің көптеген кітапханалары мен толықтырулары Unix тәрізді жүйені талап етеді. Егер жоба өте күрделі болмаса, Windows 2010, Windows 7, операциялық жүйені пайдаланған тиімді болып табылады. Windows операциялық жүйесінде жазылған PHP скриптерді қажет болған жағдайда Unix- ке көшіріп алуға болады. PHP мен қоса web – сервер және мәліметтер базасының сервері қажет. Web- сервер – қолданушы компьютерін web- серверге айналдыратын программа, aл мәліметтер базасының сервері – PHP- мен басқарылатын мәліметтер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сервер компоненті.

Дүние жүзіне кең таралған, қауіпсіз және ыңғайлы серверлердің бірі – Apache. Ол Unix тәрізді жүйелер мен Windows операциялық жүйелері сияқты әртүрлі платформаларда таралатын жоғары өнімді, жоғары функционалды web-сервер болып табылады. Apache- дің ең негізгі бәсекелесі Microsoft корпорациясы шығарған Windows ортасында жұмыс істейтін IIS болып табылады. Алайда IIS өзге есептер шығаруға бағытталғандықтан, сонымен қатар PHP- дің IIS web- серверімен жұмыс жасағанда функционалдылығының төменделуінен PHP пен IIS- тің бірлескен жұмысы аз таралған. Ішінде PHP интерпретаторы салынған web- сервер мен MySQL мәліметтер базасының сервері жинақталған арнайы пакеттер бар. Оның қатарына тегін таралатын TopServer пакеті жатады. Кейінірек қабыршақтың аздаған өнімділігі бар екені анықталып, оны Си тілінде қайта жазуға тура келді. РНР- дың бірінші версиясы бар сайт орналасқан серверді қолданушылар құралға қызығушылық танытып, оны қолданғысы келетіндер пайда болды. Осылайша РНР өзінше жобаға айналды және 1995 жылдың басында Personal Home Page деп аталған өнімнің бірінші белгілі версиясы шықты.

1995 жылдың ортасында тиянақты өңдеуден кейін РНР/FI деп аталатын (Personal Home Page/Forms Interpreter – дербес үйдегі бет формалар интерпретаторы) өнімнің екінші версиясы шықты. Онда қазіргі РНР- дің базалық мүмкіндіктері болды, мысалы, html- формаларды автоматты түрде өңдеу және html-кодтарға орналасу мүмкіндіктері. PHP/FI синтаксисі Perl синтаксисін еске түсіреді, бірақ өте қарапайым болды. 1997 жылы РНР- РНР/FI 2.0- дің Си- таратылымының екінші версиясы шықты. Сол уақытта РНР қолданушылары тұтас әлем бойынша бірнеше мыңды құрады, шамамен 50 мың домен, ол Internet домендерінің барлық санының шамамен 1%-тін құрады. Ресми түрде РНР/FI 2.0 1996 жылдың қараша айында ғана шықты, оған дейін негізінен бета-версияда болды. Кейіннен шыққаннан кейін оны РНР 3.0- тың альфа-версиясымен ауыстырды.

Энди Гутманс (Andi Gutmans) пен Зив Сураски (Zeev Suraski) 1997 жылы РНР/FI- дің кодын қайта жазып шығарды, себебі ол олар жұмыс жасап жүрген электрондық коммерцияның қосымшасын өңдеуге тиімсіз болып табылды. Жобаны тарату кезінде РНР/FI- ді өңдеушілерден көмек алу үшін, Гутманс пен Сураски олармен бірігіп РНР 3- ті РНР/FI- дің ресми қолдаушысы екенін жариялауды шешті. Біріккеннен кейін РНР/FI- дің өңделуі толық тоқталды. РНР 3.0- тің артықшылықтарының бірі ядроны кеңейту мүмкіндігі болды. 1998 жылдың соңына қарай РНР- ды пайдаланушылар ондаған мыңға артты. Web- сайттардың жүздеген мыңы осы тілді қолдана отырып жұмыс жасайтындықтары туралы хабарлады. Шамамен Internet серверлерінің 10%- де РНР 3.0 орнатылған. РНР 3.0 ресми түрде 1998 жылдың маусым айында жалпы тестілеуден 9 айдан кейін шықты. Ал қысқа қарай Энди Гутманс пен Зив Сураски РНР ядросын қайта өңдеуді бастады. Олардың мақсаты күрделі қосымшалармен жұмыс өнімділігін арттыру және РНР негізінде жатқан кодтың модульдігін жақсарту болды. Қазіргі уақытта Zend Engine- ді жақсарту және алғашқы бета- версиялары қазіргі уақытта жарыққа шығып қойған РНР 5.0- ға жаңа кіріспелеріне ендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде РНР- ды жүз мыңдаған өңдеушілер пайдаланады. Бірнеше миллиондаған сайттар РНР- да жазылған, ол Internet домендерінің 20%- ін құрайды.

1.2 PHP тілінің мүмкіндіктері мен қолдану салалары

РНР барлығын жасай алады” дейді оны жасаушылар. Алдымен РНР сервер жанында жұмыс істейтін скрипттерді жасау үшін қолданылады. РНР кез- келген CGT- скрипттер шеше алатын есептерді шеше алады, сонымен қатар html- формалардың мәліметтерін өңдейді, html беттерді динамикалық түрде өндіреді және т.б.

РНР- дің қолдану салаларын 3 негізгі солаға бөлінеді:

Бірінші сала- айтып кеткеніміздей, сервердің жанында орындалатын қосымшаларды (скрипттерді) жасау. РНР негізінен дәл осы текті скрипттерді жасау үшін кеңінен қолданылады.

Екінші сала- командалық жолда орындалатын скрипттерді жасау, яғни РНР- дің көмегімен web- серверден және браузерден тәуелсіз нақты машиналарда орындалатын скриптерді жасауға болады.

үшінші саласы-клиент жағында орындалатын GUI- қосымшаларды (графикалық интерфейстерді) жасау.

РНР- ды қолдану салалары кең өрісті және әр түрлі. Соған қарамастан ұқсас есептерді шығара алатын басқа да программалау тілдері бар. Не үшін РНР- ды меңгеру қажет? Ол бізге не береді? Біріншіден, РНР- ді меңгеру өте қарапайым. Синтаксистің негізгі ережелері мен оның жұмыс принциптерімен танысуды 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!