Материалдар / Пікір жазу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Пікір жазу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.А. Амонашвилидің «Спешите, дети, будем учиться летать » шығармашылығына пікір.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2018
4439
14 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш.А. Амонашвилидің «Спешите, дети, будем учиться летать »шығармашылығына пікір. Шығарманың басы мен соңына дейін бір деммен оқуға тұра келді. Шынайы мазмұн мен тәрбиелік оратылымға бай, мысал келтіруге тұрарлық әңгімелер үзіндісі де кездеседі. Қазіргі замандағы әлеуметтік қоғамдағы проблемалардың бастамасы алға қойып, оның шешуші жолдары бой алады. Әлемдік деңгейдегі сұрақтар қозғауға алынғанымен әрбір шағын әңгімелер де өзіндік бір адам бойына ғана ұсынылған тәлім мен тәрбие көзі бар. Бұл шығарманы әрбір кезде оқыған сайын әр түрлі реңдегі ойлар мен қарама – қайшы дау дамайлар ойға оратылым ретінде келеді. Негізгі ойы мен бастамасы бұл туындының меніңше адам тәрбиесі мен бала бойын қалайша қалыптастырудың немесе баланы қалай қабылдаудың бірер жолы деп түсінуге болады. Адам болмысының сана сезімін өзгерту қиынға соғатыны маған түгел ұлы ғұламаларға зерттеушілерге мәлім. Ақ ты ақ деп, қараны қара деп таныйтынымыз рас! Сондықтан да болар бала тәрбиесінде мен әке, мен ана деген ұғымдар өмірімнің басым бөлігін алуда. Мен қалыптасқан әке, мен ана деген оймен өзіміздің жанама болмысымыздың ғана іс – әрекетін орындап, зымырап бара жатқан өмір ағымымен өмір сүріп, яғни әке болмысы жұмыс істеп, ақша табудың ойы болса, әйел заты яғни ана үй болмысымен тіршілігімен қамданып баламыздың қалайша өсіп, өзге түгел өз өмірің сомдап, талдап өз көзқарасын білдіре алатындай дәрежеге жеткенін аңғара алмайтынымызда осы бір де бір қателіктің бастамасы болуы мүмкін. Бұл шығарманы оқыған кезде керісінше сенде өзіңді балаша сезін, балаға тәрбиенің бастамасын өзіңмен бірге үйрене біл деген ой тоқталымға келеді.( Взамен следует утвердить закон: «Уча-учимся». В нём Истина, она спасительна. 24 бет ). Бала болмысын бақшадағы гүлге теңеп, оны сүйіспеншілік нәрімен сусындататын әрі өмірдің кең бостандық әлеміне шарлататын, қанаттандыратын ол біз! Үй қабырғасындағы мұғалімі ол ата-анасы болса, мектеп қабырғасындағы болмысын толықтыратын ол біз мұғалімдеріміз! Әрбір баланы ерекшелігі мен өзіндік бір болмысыммен қабылдап, бойындағы қасиетін ашатын осы біз! Қазіргі таңда біз қалыптасқан тұлға көпті көрген, білген оқыған жан ретінде өзімізді санап бала бойынада осы өзіміздің білгенімізді дәріптеп өтеміз. Алайда адам көкірегінің құмырасын толдыруға білім алуға жас өлшемі қарастырылмайтынын ұмытып кетеміз. Шынымен де, Ш.А.Амонашвилидің айтуынша бала өмірге жаңа тылсым күш пен қуат әкеледі. Оны қиындық емес, қуаныш ретінде қабылдау керектігін осы мектеп табалдырығынан түсіндіргені абзал. Сүйіспеншілікті бала бойына жастайынан дәріптеп, адалдық пен шындыққа берік тәрбиелесек, қазіргі таңда болып жатқан қиындықтан бой алушы едік. Сол шығармада келтірілген кішкентай сәбиді ана құрсығынан алдыру, жасанды түсік істеді, балаларды дүниеге ауру боп келуінің де бастамасы осыдан. Оқушы, бала болсын әрбіреуіннің бойына кішкентайдан сәл нәрсеге деген қуаныш пен өзіне деген сенімдік қасиетін ардайым алға қою деген ойға тоқталғым келеді. Қоршаған ортасы мен өмірдегі кездесетін қиындықтарына төте берудің басты екі шарты осы. Сәби – өмірдің гүлі, сәби – жазылмаған жаңа кітаптың парағы, сәби – кіршіксіз ақтықтың белгісі, сәби – атқан бірінші таңның жұлдыздай, сәби – жетінші кереметтің сегізші кереметі деп айтсам артық айтпағаным! Осындай теңдес теңеулердің шексіз саны мен сапасын келтіруге болар еді. Негізі біз ересек жан-жақты дамыған оң мен солды білетін адам бола тұра сол баланың кішкентайға қуанышының бағасын түсіне де қоймаймыз. Өйткені біз бойымыздағы балалық сезімізді ұмытып кеткенбіз! Балаша шаттанып, қашан сонғы рет күлдіңіздер! Балаша тәттіге қалайша соңғы рет жүгірдіңіщдер! Әжеміздің қонақтан кейінгі қоржынына асыға қашан жүгірдіңіздер! Ананыздың ыстық бауырсағыңызбен қашан шай іштіңіздер! Баламыздағы балалықты ересек өмірге асықтырмай тәрбиелеуіңізді де алға қойыңыз! Олар да балалықты базарына тойсын! Қазіргі кезде көптеген ата-аналар балалар үйден шықпайды, кітап оқымайды, интернетте отырады.... дейді.... Олар сіздердің яғни, ата – аналарының іс –әрекетін істеп жатыр. Сіздерге қарап өсіп жатыр. Ұлыңыздың бойынан әке келбетін, қызыныздың бойынан ананың ажарың көресіздер. Сондықтан қорыта келсем, әр біреуіміздің бала тәрбиесі, өмір жолы болсын өзіміздің қолымызда!



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!