Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ:

Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері

Мектеп: Айымжан орта мектебі

Күні: 16.11.2022

Мұғалімнің есімі: Тырқаев Б.Қ.


СЫНЫП: 7


Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

7.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше

зерделеу және сипаттау.

Сабақ мақсаттары

  • Күйдіргіш аспаптың құрылысын біледі.


-Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі.

-Күйдіру әдіс-тәсілдерін орындай алады.

-Өзінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын бағалайды.

-Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық





Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығу-лармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

2-3 минут


Психологиялық сәті

-Қане, балалар, бүгінгі сабақты өзімізге деген сеніммен, көтерің-кі көңіл-күймен бастау үшін барлығымыз орнымыздан тұрып, жанымыздағы көршілердің жақсы қасиеттерін атап, көршімізге сәттілік тілейміз. Жарайсыңдар, балалар! Мен де сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін! Орнымызға отырып, оқу құралдарыңды дайындаңдар.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері

-Құрметті оқушылар, жұмысқа кіріспестен бұрын біз ең әуелі сабақтың мақсатын белгілеп алуымыз керек.

- Бүгін біз ағашты өңдеу әдіс-тәсілімен танысамыз.

- Сендер қандай бұйымды дайындағыларың келеді. Мақсат неғұрлым нақтырақ болса, сендер табысқа соғұрлым тезірек қол жеткізесіңдер.

Зерттеу жұмысымызды бастамас бұрын сіздермен бірге ақыл-дасып шығармашылық жұмыстарды бағалауға және талдауға арналған критерийлер құрып алайық.

Сұрақ-жауап: 1.Өткен тарауда қандай жаңа дүниелермен таныстың?

2) Қандай көркем әдіс-тәсілдерді үйрендің?

3) Жинаған тәжірибеңді қайда қолдана аласың?





Презентация

Сабақтың ортасы 20 минут

1.:Білу.Таным мен ойлау дең-гейі – төмен деңгей.Слайд пен жұмыс арқылы көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдерін қөрсету.





2-кезең: Мағынаны ажы

рату:

оқушылар өз тәжірибеле

рі арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады;

 

3-кезең: Ой- толғаныс:

анализ, өз ойлары мен түсі-

ніктерін өздері игерген мәлі-

меттері арқылы жеткізеді;

 

синтез, бір-бірімен ой бөлі-

седі.

 

сабақ қорытындысы

 

Келесі оқуға  арналған

тапсырмалар (үй тапсырмасы)





Мұғалімнің сөзі:

- Ең әуелі біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен танысайық. Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы құрылысы тұрғысынан: 1-негізі; 2-ток күшін үнемдеуші; 3-күйдіргіштің тұтқасы, 4-шиыршық (спираль) немесе электрод; 5-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады (оқулықтың 28-бетіндегі суретті қараңыз).

-Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады. Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады. Тіпті оны қолдан жасап алуға болады. Біздің бөлшектеріне 127В-тан 2В-қа дейін төмендетілетін трансфор-матор кіреді. Тұтыну қуаты 20 Вт шамасында. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады.

Күйдіру жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді:

Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады. Жұмыс қара-пайым электркүйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады.

Күйдіргіш біз әр түрлі пішінді (иілген, түзу) болуы мүмкін: мысалы, сегіз тәрізді, Z тәрізді немесе V әрпі тәрізді. Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады. Көбіне дайын бұйым-дарды осылай әшекейлейді

Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыс-тар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшалар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады).

Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді.

Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады.

Күйдіріп өрнек салуға үшқатты немесе ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек және қандыағаш) пайдаланылады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар, сызба үлгілері қолданылады. Бастапқы кезде суреттері қиылатын альбомдарды, кітап, журналдарды да пайдалануға болады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған суретті жылтыр қағазға немесе папирус қағазына көшіріп, көшірмесін көшіргі қағазбен кіршіксіз тазаланған ағаштың бетіне түсіреді. Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді күйдіріп түсіргенде, қатты қағаздар мен үшқаттан кесілген дайын үлгілер мен трафареттерді пайдалануға болады. Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне қойып, қарындашпен сызып шығады.

Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте етіп күйдіріп байқау керек. Нүктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз. Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 30-25 см қашықтықта ұстаған жөн. Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады.

Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегі төмен-дегі қауіпсіздік ережелерін сақтаған абзал:

- жұмысқа кіріспес бұрын күйдіргіш аспаптың барлық бөліктерінің жарамдылығын тексеріп ал;

-желіге қосылған электркүйдіргішті қараусыз қалдырма,өйткені қыздырылған қалам(штифт) оттың тұтануына себепті болуы мүмкін;

-денеге,өткізгіш заттарға күйдіргіш аспаптың қаламын тигізбе;

-күйдіргіш аспапты салқындату үшін желіден жиі ажырат;

-жұмыс аяқталған соң күйдіргіш аспапты сөндіріп ,суытып қой,содан соң жұмысыңды жинау

Сарамандық жұмыс

1. Ағаш беттеріне суреттер салу көшірме қағаздарын пайдалану кезеңдерін орындау.
2. Оқушыларға қарапайым күйдіру жұмыстарын орындатқызу.
3. Штифттер жасату. Оларды аспапқа бекіту.

4.Ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді. 
Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады. 

«Еркін микрофон» әдісі

-Пирография дегеніміз не?

-Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады?

-Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- Күйдіруге жұмсақ жапырақты қандай ағаштарды таңдаған жөн?
- Ағашқа суретті түсіру әдісі қандай?
- Штифті қалай дайындайды?



«Жариялау» әдісі арқылы түсіндіріледі.



Кітап 28,29 -бет





















Күйдіргіш,

ағаш,үлгі



















































































































Сабақтың соңы

2 минут











Кері байланыс

Стратегия «Табыс сатысы»


Үйге тапсырма беру: 29-бет ағашты күйдіру тәсілдерімен өрнекте






Оқушылар стикер жабыстырады.

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2023
737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі