Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және мұзда жүру ережелері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және мұзда жүру ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге және оқушылармен атаөаналарға барлық ұйым мүшелеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББ КММ









Shape1



Тақырыбы:


«Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және мұзда жүру ережесі»








Орындаған: Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушысы Мендибаев Ж.А








2018-2019 оқу жылы

Жаңа жыл қарсаңында дүкен және сауда орталықтарының сөрелері сан түрлі пиротехникалық өнімдермен көздің жауын алады. Негізінен пиротехника – бұл маусымдық тауар. Қазіргі кезде бұқара тұтынушыларға тұрмыстық қолданысқа арналған пиротехникалық өнімдер ұсынылған, оларды пайдалану кезінде арнайы білім мен дағды қажет емес. Дегенмен, кәдімгі дүкен не базар сөрелерінен пиротехникалық өнімдерді сатып аларда абай болған абзал. Баса назарды өнім қаптамасына аударған жөн. Ол зақымданбаған болуы қажет. Сонымен қатар өнімде мемлекеттік не болмаса орыс тілінде жазылған қолдану нұсқаулығы болуы қажет. Қаптамада міндетті түрде от шашу саны, көлемі және әсері туралы мағлұмат көрсетілуі қажет. Ақауы бар, мыжылған, суланған, сұр не қара түсті бояуы шашылған өнімдер қауіпті болуы (аяқ асты жанып кетуі) мүмкін. Пиротехникалық құралдарды қаптамасыз сақтауға және қалтада сақтауға болмайды.

Пиротехникалық өнімдерді қатты жел кезінде ғимараттар мен үйден 30 м қашықтықта қолдану керек. Пиротехниканы қолдану тек нұсқаулыққа сай және үлкендердің қатысуымен қолдану қажет. Үй жағдайында тек хлопушка және бенгаль отын қолдануға рұқсат етіледі. Қалған пиротехникалық өнімдерді далада және ашық алаңда ғана қолдану қажет. Егер де пиротехникалық өнім жанбай қалған жағдайда, оған 10 минут көлемінде жақындауға және қолға алуға болмайды. Ол кенеттен жанып кетуі мүмкін, бұл өз алдына қауіпті болып табылады. Жерге түскен ракета тәріздес пиротехника қалдықтарын жинамаңыз, олар қолыңызда жарылып кетуі мүмкін.

Егер де сіз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен петарда не болмаса өзге де пиротехникалық өнімді сатып алған болсаңыз, оларды отқа тастап жоймаңыз. Олардан арылудың тиімді әрі қауіпсіз жолы: оларға су құйып, 2 сағат күтіп, кәдімгі қоқыстармен бірге қоқыс жәшігіне тастауға болады.

Мұзда қауiпсiздiк сақтаудың жалпы шаралары     

       Қатқан сулары арнаулы мұз өткелдерi (жаяуларға және авто, арба көлiкке арналған) жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етiледi. Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек.  
      Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың сүйменмен ұрып байқау ұсынылады: қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды.  
      Мұз берiктiгiн аяқпен ұрып байқауға қатаң тыйым салынады.  
      Әлсіз мұз үстiмен жүруге, мұзы шатынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстiне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүрiп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетiне ой-шұқыры беймәлiм тұстардан, әсiресе жарғабақтан түсуге болмайды.  
      Өзендi (су қоймасын) мұз үстiмен тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге рұқсат етiлмейдi, ескертпе қалқандарды мұқият қарап отыру керек.  
      Қызыл су жүре мұз үстiне шығуға қатаң тыйым салынады. 

Мұз айдынында қауiпсiздiк ережесiн сақтау шаралары: 
- Өзен-көлдерде ағып жатқан сулардың жағасында мұзы қалыңдау, ортасы жұқа болады. 
- Мұздың қалыңдығы 7-8 см болса, 1 адамды, 15 см болса аз адамнан құралған топты, 25 см болса жеңiл машинаны көтере алады. 
- Егер мұз айдыны ойылған жағдайда арқамен немесе кеудемен жату қажет. 
- Ойылған жердегi мұзды таяп аяқтарыңызбен жүзу әрекетiн жасаңыз. 
- Мұздан алдымен бiр аяғыңызды, сосын екiншiсiн шығарып, ойылған жерден аулаққа қарай еңбектеңiз. 
- Егер сiз мұзда ойылған адамға көмек берсеңiз ойылған жерге тiк жүрмей, еңбектеп жетiңiз де, зардап шегушiге мықты, берiк, тартуға ыңғайлы затты ұсыныңыз. 
- Зардап шегушi ұсынған затты ұстағаннан кейiн еңбектеп тартыңыз. 
Балалар қауiпсiздiгi-баршамыздың ортақ мiндетiмiз. Мұз айдынында коньки теуiп, шана сүйретiп ойнап жүрген балаларды көремiз. Балалардың мұз айдынында қауiпсiздiк ережесiн сақтауын ата-аналар мен ұстаздар қауымы үнемi ескертiп, назардан тыс шығармауға тырысуы қажет. Осы орайда балалардың қайғылы оқиғаға ұшырамауы үшiн балалардың тәртiбiн қадағалап, тыйым салуымыз қажет. 
- Қалыңдығы 7 см жұқа болса мұз үстiне шығуға; 
- Дұрыс қатпаған немесе қар басқан мұз үстiнде топталып тұруға; 
- Тез су ағымы бар жерлер мен бұлақты жерлерде ойнауға; 
- Мұз үстiнен қауiпсiздiк белгiлерi жоқ жермен өтуге; 
- Мұздың қалыңдығы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға; 
- Егер тәулiк бойы ауа температурасы құбылмалы болса мұз айдынына шығуға, түн мезгiлiнде мұз айыдынына шығуға тыйым салынады. 
Ата-аналар мен мұғалiмдер! 
Балаларыңызды қатаң бақылаңыздар! Мұз айдынына балаларыңызды бақылаусыз жiбермеңiздер! Мұз жасыл түстi болса мықты, ақшыл, күңгiрт болса әлсiз екендiгiн ескерiңiздер! Су айдындарынан өтпеуге, қауiптi аймақ болатындығын балаларға ескертiңiздер! Мұғалiмдер мұз айдынынан сақтандыру мақсатында тәрбиелiк iс-шараларды ұйымдастыру қажет. Егер бақытсыз жағдай бола қалған жағдайда төтенше жағдайлар мекемесiне хабарласыңыздар. 
Қазақтың «Сақтансаң, сақтармын!» деген даналық сөзiн үнемi жадымызда сақтап, төтенше жағдайлардан аман болайық, ағайын.



* Мұздың қаттылығын көзбен-ақ  көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ. 

* Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз. 

* Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.

* Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Егер, бірінші тепкіден аз мөлшердегі су көрінсе немесе мұз бетінде аз-кем жарықшалар пайда болса, мұз жұқа және оның үстімен жүруге болмайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда міндетті түрде судың жағасына келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Аяғыңызды иық тұсымен мұздан алмай, жеңіл адымдап жүріңіз, себебі, күш бір нүктеге түспеуі керек. 

* Мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер бұндай із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыңыз.

* Топ болып, мұздан өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер.

* Қатқан өзенді (көлді) шаңғымен өткен дұрыс. Есіңізде болсын: ақырын қозғалыңыз, шаңғының ілмегін білегіңізге ілмеңіз, себебі, қауіп туғанда қолыңыздан шеше алмай қалып жүресіз. 

* Егер, сөмке асынсаңыз, тек бір жақ иығыңызға ғана асып жүріңіз. Бұл қауіп кезінде тастай салуға ыңғайлы болмақ. 

* Бұл кезде өзіңізбен бірге 20-25 метрлік қатты арқан ала шығыңыз. Арқанның бір ұшына ауыр салмақтағы бір затты түйіншектеп байлап қойыңыз. Жаныңыздағы серігіңіз мұзға түсіп кеткен жағдайда, арқанның ауыр зат байлаған жағын серігіңізге қарай лақтырыңыз. Жапа шегуші арқаннан ұстап, ауыр затты қолтығына қысып тұрсын, сіз өзіңізге қарай ақырын тартыңыз.

* Қыстыгүні 10 см қалыңдықтағы тұщы және 15 см қалыңдықтағы тұзды мұздың үстімен жүруге болады. Егер бұл көрсеткіштен жұқа болса, әсте жоламыңыз. 

* Ата-аналарға үлкен ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана не шаңғы тебуге) қараусыз жібермеңіз. 

* Мұзға түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай – алкогольді ішімдікті тұтынудан болады. Ондай жағдайда адам қауіптен қаша алмай қалып, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
2216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі