Материалдар / Пішіндер әлемі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Пішіндер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Пішіндер туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
82
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дефектолог:Джакипова Айжан Усеновна

Жұмыс орныЖамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы

Ашық сабақ

Сабақ:Сенсорлық қабылдауды дамыту

Сабақ түрі:Қайталау сабағы.Топтық жұмыс

Сабақтыңтақырыбы:«Ғажайып пішіндер»

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:Балаларға пішіндерді(домалақ,үшбұрыш,төртбұрыш)қайталата отырып,пішіндерді тануға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету,айналадағы заттардың пішіндерін сәйкестендіруге,ажырата білуге үйрету.Балананы қызықтыра отырып берілген тапсырманы ойланып орындауға үйрету.Сенсорлық білімдерін(түстер,көлем),сандар(1-5)туралы түсініктерін кеңейту.

2.Дамытушылық:Ақыл-ой белсенділігін,көру,есту арқылы есте сақтауын,көріп,естіп қабылдауын,көрнекі-бейнелік,көрнекі-әректтік ойлауын,зейінін дамыту.Сәйкестендіру,ажырату,топтастыру,құрастыру қабілеттерін арттыру.Тілін,сөйлеу қабілетін,жалпы қимыл-қозғалысын,ұсақ қол қимылдарын,сабаққа,ойынға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік:Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру.Әдептілікке,жауапкершілікке,ұқыптылыққа,тапқырлыққа,байқампаздыққа,

ұйымшылдыққа,алғырлыққа,іскерлікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,үйрету,сұрақ-жауап,тапсырма,сергіту сәті,құрастыру.

Көрнекі құралдар:слайд шоу,қырқылған пішіндер,видео,обруч,руль,суретті пішін,Фребель жиынтығы,пішіндері әр түрлі заттар(фетрадан),«Бауырсақ»кейіпкері,тәтті бауырсақтар

Пән аралық байланыс:Қарапайым матемаатикалық ұғымдар,

емдік дене шынықтыру және музыка пәні



Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,көңіл-күйлерін сұрау.

Шаттық шеңбері:Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Ал енді осындай көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

II.Кіріспе әңгіме:

  • Жарайсыңдар,балалар!Балалар,мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін әдеттегі сұрақтарымды қояйын.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Ауа райы қандай болады?Біз қалай киінеміз?Дұрыс айтасыңдар,балалар.

III.Негізгі бөлім:

-Балалар,біз бүгін өткен сабақты қайталаймыз.Бірақ сабағымыз ерекше болмақ,себебі біз бүгін ғажайып пішіндерді әндете отырып тамашалаймыз.

-Қане,балалар экранға назар аударайық.(«Пішіндер әні»орындалады)

- Балалар,сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдерме? Сол ертегідегі бауырсақ бізге қонаққа келе жатыр екен. Қане ,тағы да экранға назар аударайық. Бауырсақ қай жерде келе жатқанын көрейікші.Видео көрсетіледі.(Бауырсақтың алдынан қоян шығады)

Қоян : -Бауырсақ ,бауырсақ сен қайда бара жатырсың?
Бауырсақ : -Мен оңалту орталығындағы ақылды балаларға қонаққа бара жатырмын.
Қоян:Мен сені жібермеймін, менен құтылу үшін ақылды балаларың менің тапсырмамды дұрыс орындасын.

-Балалар,біз қазір бауырсаққа көмектеспесек,қоян бауырсақты жеп қояды.Бауырсаққа көмектесемізбе?Олай болса қоянның тапсырмасын орындайық.

1Picture 8 -тапсырма «Пішінді суретпен жұмыс»

Балаларға пішіндерден сурет беріледі.Сол суреттегі пішіндерді көрсетеді,атайды санайды,көлемін,түстерін айтады.

-Жарайсыңдар,балалар!Бауырсақты қояннан құтқардыңдар.Бауырсақ қай жерге жетіп қалыпты көрейікші.Видео көрсетіледі.(Бауырсақ аюға жолығады)

Аю:-Ау,бауырсақ қайда бара жатырсың?

Бауырсақ:-Мені күтіп отырған достарыма бара жатырмын.

Аю:-Олай болса,менің сенің достарыңа қоятын шартым бар.Маған көңілді ойын ойнап берсін,сонда сені жіберемін.

2-тапсырма.«Пішіндер үйі»ойыны.Жерге бала санына қарай обруч қойылады,обручтың ішіне пішіндер қоямыз.Балалардың қолына руль беріледі,рульде әр баланың өз пішіні болады,көңілді әуенмен балалар билейді.Әуен өшкенде әр бала өз пішіндеріне сәйкес үйге жылдам кіруі керек.Ойын бірнеше рет ойналады.

-Жарайсыңдар,балалар!Бауырсақты аюдан да құтқардық.Ал енді бауырсағымызды қарайық.( Бауырсақтың алдынан қасқыр шығады)

Қасқыр:-Ал бауырсақ қайда тарттың?
Бауырсақ:- Мен ақылды достарыма бара жатырмын.
Қасқыр:- Мен сені жібермеймін .Менің балаларға қоятын шартым бар.Маған Фребель таяқшаларынан пішіндер құрастырып берсін.

-Балалар,бауырсақты қасқырдан да құтқару керек,олай болса бізге қойған шартын орындайық.

3Picture 2 -тапсырма.«Пішіндер құрастыр»

Фребел әдісі бойынша Фребель жиынтығындағы түрлі-түсті таяқшалармен үшбұрыш,төртбұрыш,көлемі әр түрлі домалақтармен аққала құрастырады.Таяқшаларды,пішіндердің бұрыштарын санайды және түстерін айтады,домалақтардың көлемдерін ажыратады.

-Жарайсыңдар,балалар! Қасқырдың қойған шартын орындап, бауырсақты қасқырдан да құтқардыңдар.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық ,

Үшбұрыш біз құрайық.

Қарап босқа тұрмайық,

Бұрыштарын санайық

1,2,3тағы да бір санайық 1,2,3.

Әрі қарай зырлайық,

Домалақ боп тұрайық.

Қарап босқа тұрмайық,

Көңілді күн болайық.(2-рет)

Әрі қарай зырлайық,

Төртбұрыш біз құрайық.

Қарап босқа тұрмайық,

Бұрыштарын санайық

1,2,3,4тағы да бір санайық 1,2,3,4

Ал енді құр тұрмайық,

Қолды көкке созайық.

Көңілді біз көтеріп,

Шапалақты ұрайық.(2-рет)


Енді бауырсақ қайда жақындап қалыпты көрейікші.Видео көрсетіледі.( Бауырсақ түлкіге жолығады)

Түлкі:-Ай,бауырсақ,бауырсақ қайда бара жатырсың?

Бауырсақ:-Мен достарыма асығып бара жатырмын.

Түлкі:-Ал мен сені достарыңа жібермеймін.Ол үшін достарың менің тапсырмамды орындасын.

4Picture 1 -тапсырма.«Заттардың пішініне қарай топтастыр».

Әр бала белгілі бір пішінге байланысты заттарды тауып, үстел бетіндегі арнайы жапқыштың бөліміне қарай заттарды топтастырып жинайды.

-Жарайсыңдар,балалар!Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

-Міне,бауырсақ та келіп қалды.(Осы сәтте Бауырсақ кейіпкері кіреді)

Бауырсақ:-Сәлеметсіңдерме,балалар.Сендерге көп-көп рахмет,мені қоян,касқыр,аю,түлкіден құтқардыңдар.Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар.Сендерді көргеніме қуаныштымын.

IV.Сабақты қорытындылау.

-Қане, балалар,бауырсаққа пішіндерді қаншалықты білетінімізді көрсетейікші.Балалар алдына пішіндер таратылып беріледі.Әр баладан жеке-жеке пішіндердің атауын,түсін сұрау,бұрыштарын санату.

Балаларды мақтап-мадақтап,бағалау.Бауырсақ тәтті тоқаштарын таратады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!