Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Пиза тапсырмалары 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған PISA тапсырмалары
Тақырыбы: Қан (Денсаулық )
1 тапсырма Кан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер.
-
2- 3-
-
Эритроцит
-
Лейкоцит
-
Тромбоцит
1 ұпай
Жауабы: 1-С, 2-А, 3-В
2 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «безгек» мәтінін пайдаланыңыздар.
«БЕЗГЕК»
Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.
Сұрақ:
Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.
-
Иә
-
Жоқ
2 ұпай
Жауабы: Иә. Себебі, 1) Безгек — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. 2) Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады.
3 тапсырма «Безгек» қандай қан жасушасында тез таралады.
-
Лейкоцит
-
Эритроцит
-
Қан жасушалары
-
Тромбоцит
1 ұпай
Жауабы: В
4 тапсырма
Біздің Қазақстанда масалар жаз мезгілінде көп болады. Адамдарды масалар шаққанда
неге осы ауру бізде тіркелмейді. Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.
2 ұпай
Жауабы: 1) Бұл ауру безгек масасының шағуынан жұғады . Мұндай маса бізде кездеспейді. 2) V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда тараған. Қазақстан қоңыржай аумағында орналасқан
5 тапсырма Безгек ауруы адамнан адамға қалай жұғады және алдын алу шаралары.
Жауабы: 1) Безгек масасы безгек аурумен ауратын адамды шағып, содан кейін сау адамды шақса жұғады. 2) Алдын алу шарасы: вакцина салу.
2 ұпай
6 тапсырма Безгек паразиті-қантұрғыннан басқа ауру тудыратын қарапайым туралы әнгімеле.
2 ұпай
Жауабы: ДИЗЕНТЕРИЯЛЫ АМЕБА
Дизентериялы амеба, адамда қанды iш өтудi тудыратын дизентерияның қоздырушысы болып табылады. Амебаның гаметалары адам нәжiсiмен сыртқы ортаға түсiп, ұзақ уақыт бойы тiршiлiгiн сақтайды. Адам организмiне түскен төрт ядролы гаметалар өте қауiптi. Гаметалар суға, көкөнiстерге, қолға, асқа (тамаққа, шыбындар арқылы түседi), түрлi заттарға түседi, сонан соң адамның аузына түседi. Осы заттармен олар қарын мен iшекке барады. Бұл ортада гаметаның қабығы еридi. Әр ядро екiге бөлiнiп, сегiз ядролық амебаны түзейдi, одан ұрпақ жасушалар пайда болады.
Амебалар адамның тоқ iшегiнде ешқандай зиян келтiрмей тiршiлiк ете алады. Бiрақ кейбiр жағдайларда амебалар ұлпалық патогендi түрлерге айналып, iшектiң қабырғасына енiп қабыну процесi мен жаралардың түзiлуiн тудырады. Дизентериялы амебалар жаралардан қан арқылы бауырға, өкпеге, миға және де басқа мүшелерге өтiп, адам өлiмiне әкелетiн, iрiңнiң жиналуын тудыра алады.
Физика пәнінен PISA тапсырмалары
Сұрақ 1: КЕМПІРҚОСАҚ
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.
Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Кемпірқосақ үшін келесі пайымдаулар дұрыс па? |
Иә немесе Жоқ |
Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп сынады |
Иә/ Жоқ |
Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін |
Иә /Жоқ |
Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін жарықтың таралу жылдамдығынан артық |
Иә / Жоқ |
Сұрақ 2: КЕМПІРҚОСАҚ
Ақ жарықтың құрама бөліктерге жіктелгендегі жолақтарды 1666 ж ағылшын физигі Исаак Ньютон тәжірибе жүзінде анықтап, спектрлер деп атады. Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.
Қандай жағдайда біз қара денені көре аламыз?
A Егер дене оған түскен барлық жарықты жұтатын болса
B Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті жұтатын болса
C Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті шағылдыратын болса
D Егер дене ақ жарықтың барлық құрама бөліктерінен біркелкі шағылатын болса
ТЕРМОМЕТР
Т ермометр - дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді қазіргі түріне 1723 жылы Фаренгейт келтірді және оны қалай істейтінін суреттеп берді. Басында ол да өз трубкаларын спиртпен толтырды, сосын барып сынапқа көшті. Өзінің шкаласында нөл деп ол қар мен нашатыр немесе ас тұзымен араласқандағы температураны алды. Ал судың қатуының бастауы деп 32° градусты, ал сау адамның денесінің температурасы ретінде ол 96° алды. Сосын ол судың қайнау температурасын анықтады, ол 212° тең болды. Мұздың еруі мен судың қайнау температурасын 1742 жылы Цельсий нақтылап көрсетті, бірақ басында ол 0°-ты қайнау, ал 100°-ты қату температурасы ретінде көрсетті.
Сұрақ 3: ТЕРМОМЕТР
Термометрдің жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген?
A Температураның артуына байланысты сұйықтың қысымының артуына негізделген
B Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген
C Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың массасының өзгеруіне негізделген
D Температураның өзгеруіне байланысты сұйықтың қысымының өзгеруіне негізделген
Сұрақ 4: ТЕРМОМЕТР
Суретте күн сәулесі түсіп тұрған 3 бірдей спиртті термометр кескінделген. Қай термометрдің көрсеткіші бірінші болып өзгереді?
1- термометр 2- термометр 3- термометр
(қызыл түсті спирт) (күлгін түсті спирт) (түссіз спирт)
A 1- термометрдің
B 2- термометрдің
C 3- термометрдің
D Үшеуінде бірдей
Сұрақ 5: ТЕРМОМЕТР
Термометрлердің түрлеріне байланысты төмендегі берілген пікірлер дұрыс па?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдаулардың әр қатарынан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па? |
Иә немесе Жоқ |
Сынап және спирт термометрлерінің көрсетуі тек бір тірек нүктеге ғана сәйкес келеді |
Иә/ Жоқ |
Сынапты термометрмен мұқият болу керек, себебі сынап буы - үлы |
Иә /Жоқ |
Арктиканы зерттеушілер спиртті термометрлерді таңдап алады |
Иә / Жоқ |
Сұрақ 6: ТЕРМОМЕТР
Неліктен температураны арттырғанда газ бен сұйықтың көлемі ұлғаяды?
A Молекулалар саны артады
B Олардың молекулалары көбейеді
C Олардың молекулалары сирек соқтығысады
D Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
География пәнінен PISA тапсырмалары
-
Қазақстан облыстары
Жалпы жер көлемі млн га
Орманды көлемі
млн га
Солтүстік
56,6
1,8
Батыс
70,5
0,3
Оңтүстік
70,1
8,6
Шығыс
28,3
1,8
Орталық
35,6
0,1
1. Кестедегі мәліметтерге сүйене отыра, Қазақстанның қай аймағы ормандар көлемі аз екенін анықта:
А) Солтүстік
В) Батыс
С) Оңтүстік
D) Шығыс
Е) Орталық
-
Табиғат зонасы
Ерекшелігі
Ылғалды экваторлық ормандар
Жауын-шашын көп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай
Саванналар мен сирек ормандар
Ылғалды кезең 3-ке бөлінеді, шөптесін өсімдік басым
Тропиктік шөлдер
Жауын-шашын 100мм-ден аз, құмды шөлдер орын алады
Субтропиктік қатты жапырақты орман
Түйнекті, тамыржемісті өсімдіктер көп
2. Африканың табиғат зоналарының сипаттамасы бойынша самум желдері соғатын табиғат зонаны анықта:
А) Ылғалды экваторлық ормандар
В) Саванналар мен сирек ормандар
С) Тропиктік шөлдер
D) Субтропиктік қатты жапырақты орман
Е) биіктік белдеу
Мәтінді тиянақты оқып,төмендегі берілген сұрақтарға жауап бер
«Оңтүстік Американың биіктік белдеу зонасы»
Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында қарастырайық. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25*-30*С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері, салқын, «соқыр» тұмандарды –гаруаны қалыптастырады.Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандықтан, климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады. Құс саңғырықтарынан – қалыңдығы 30м-лік гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады.Бұл –Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі. Батыс Кордильера жотасының 2500м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады.
3.Анд тауы белдеуіндегі гаруаның қалыптасу себебі:
А) климаттың қаталдығы
В) тәулік ішінде температураның ауытқуы
С) ең төменгі бөлікте шөлдің орналасуы
D) ксерофитті бұталардың болмауы
Е) шықтардың пайда болуы
4. Түйнекті өсімдіктердің биіктік белдеуде кездесуі:
А) бриз желдері әсерінен
В) тұманның тұрақты болуынан
С) температураның ауытқуынан
D) ылғалдың көп болуынан
Е) шықтың болуынан
5. Атакама жағалық шөлінде гуаноның жиналуы:
А) Чилидің басқа елдерге сататың негізгі тыңайтқышы
В) мұхит суы тіршілікке бай
С) құс базарының болуы
D) бағалы азотты тыңайтқыштың болуы
Е) климаттың қолайлығы
-
Ұлттық парктің атауы
Жер бедері
Баянауыл
Көлдер, қарағай, қайың ормандары
Іле Алатауы
Биіктік белдеу, шыршалар
Қарқаралы
Көлдер, қарағай, қайың ормандары
Алтынемел
Тасты, құмды шөлдер
Көкшетау
Орманды дала, дала, көлдер
6. Кестедегі мәліметтерге сүйене отыра, қай ұлттық табиғи паркте таулы шаңғы туризмін дамытуға қолайлы болып саналады:
А) Баянауыл
В) Алтынемел
С) Іле-Алатау
D) Көкшетау
Е) Қарқаралы
Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар
Мәтін №1 «ЕМ»
Демалыс күндерінің бірі. Барлығымыз серуенге шықтық. Тап-таза ауаны жұтып, құстардың түрлі-түрлі сайраған үндерін естіп, көңіліміз көтеріңкі. Балалар әр нәрсені сұрап, соларға жауап беріп келе жатқан болатыңбыз. Маржан қарағайда шор болып қатып қалған хош иісті шайырдан опырып алып иіскеп тұр. "Әке мына шайырды қарағайға кім жақты?" — дейді. "Балам, бұл шайыр ағаштың өзінен шыққан ғой. Демалуға келген, табиғатқа жаны ашымайтындардың кеселінен болган жара ма, кім білсін. Қалың шөптің арасында жоғалтып алатын болған соң, біреу ағашқа пышақ шанышқан. Пышақты суырып алғаннан кейін, әлгі жараланған жерден хош иісті шайыр ағып, жараны бітеп, емдеген. Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер, - деді әкесі.
Сұрақ 1: Ем
Әкесінің: «Қарагым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер», - деген сөзді айтуының мәнісі неде?
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Сұрақ 2: Ем
Бүгінде заман талабына сай пышақсыз ота жасауға бола ма?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Сұрақ 3: Ем
Ретімен жазып сәйкестендір
-
1
Есептік сан есім
Екінің бірі ән айтады
2
Реттік сан есім
Бес – алтыдан бөлінді
3
Жинақтық сан есім
Бесеуі жолға шықты
4
Болжалдық сан есім
Бір сағат өтті
5
Топтау сан есім
Жетпістей адам келді
6
Бөлшектік сан есім
Екінші үйде тұрады
Мәтін № 2 Тұмау
Қыстың суық күндерімен қосылып бізге тағы бір қауіп келеді- ол тұмау. Бұл өте қауіпті, жұқпалы ауру, вирус арқылы жұғады. Басқа жұқпалы ауруларға қарағанда тұмау өкпенің қабынуына, отит, гайморит, жүрек ауруларына және жүйке ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады.
Өкінішке орай, біз әлі тұмауға қарсы шара қолдануды үйренген жоқпыз. Бірақ, интерферон, ремантадин, ликопид, амиксин, арбидол, афлутон дәрілерінің өте пайдалы екенін білдік. Бұл дәрілердің бәрінің вирусқа қарсы емдік қасиеттері бар.Тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы- егу. Ресейдің «Гриппол», француздың «Ваксигрипп» компаниялары тұмауға қарсы 11 түрлі дәрі-дәрмек ұсынды.
4. Тұмау қай кезде қозады?
-
Жаз айында
-
Ауа райының суық кезінде
-
Жаздың қапырық кезінде
-
Жауын- шашынды күндері
5. Дұрыс жауапқа белгі қой
-
р\с
Мәтін
Иә
Жоқ
1
Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігер шақырту керек пе?
2
Бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдету жеткілікті ме?
3
Тұмау кезінде сұйықтықты ішуді шектеу қажет пе?
6. Тұмау кезінде қабынатын ағзаларды атаңыз:
_____________________________________
Химия бойынша тапсырмалар
Күкірт - бірнеше мыңдаған жылдар бойы адам пайдаланып келе жатқан элементтердің бірі. Ол табиғатта бос күйінде және қосылыс құрамында да кездеседі. Күкірт тірі организмге қажет нәруыздың құрамына кіреді. Шаштағы каротинде, құстардың қауырсынында және жануарлардың жүнінде күкірт көп болады. Оның микроорганизмдерге қарсы әсері, жарылғыш, емдік, түссіздендіргіш, тазартқыш қасиеттері бар. Осындай қасиеттеріне байланысты күкірт және оның қосылыстары көп жерлерде - медицинада, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Төмендегі кестені күкірттің қолданылуы жайындағы мәліметтермен толықтыр.
Қолданылу аясы |
Қолданылуы |
Сұрақ 1: Медицинада |
Күкірт қосып жасалған жақпамай тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. |
... |
|
Сұрақ 2Ауыл шаруашылығында |
... |
... |
|
... |
|
Сұрақ 3:Өнеркәсіпте |
... |
... |
|
... |
Сұрақ 4: Бұл элемент ерте заманнан бері адамға белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 900 жыл бұрын Гомердің «Одессей» атты шығармасында осы элементтің аластаушы және түссіздендіруші қасиеті туралы айтылады. Ол ауадағы ауру тудыратын микроағзаларды өлтіреді, паразит жәндіктерді жояды.
Алайда бұл элемент аурудан адамды ғана емес, өсімдіктерді де қорғаған. Онымен жүзім алқабын зиянкестер пайда болған жағдайда ыстаған, ал ұнтақтарын өсімдіктің жапырақтарына сепкен. Ол үшін ұнтақты сабынды сумен араластырып, өсімдікке бүріккен. Білесің бе, бұл қай элемент туралы айтылған?
Сұрақ 5:
Біздің дәуірімізге дейінгі 680 жыл теңіз соғысында арабтарға қарсы византиялықтар тұңғыш рет жаңа өте күшті қару – «грек оты» пайдаланды. «Грек оты» - бұл бейметалл. Ол ауада тұншықтырғыш және өткір газ бөле, көгілдір жалын түзе жанады. Концентрлі азот қышқылымен өңдегенде күкірт қышқылына айналады. Бұл бейметалл натрий сульфитімен әрекеттескенде натрий тиосульфаты түзіледі. Бұл қандай бейметалл екенін тауып, мәтінде келтірілген реакция теңдеулерін жазыңдар.
______________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 6:
«Өндіріс наны» аталатын қандай қышқыл? Бұл қышқылды және оның тұздарын көптеген заттарды алуда, тазартуда қолданады. Қышқылдың және оның тұздарының формулаларын жазыңдар.
______________________________________________________________________________________________________________
Математикалық сауаттылық бойынша тапсырмалар
Болат өз бөлмесіндегі бір қабырғаның тұсқағазын ауыстырмақ болды. Ол қабырғаның ұзындығы 4 м, ені 2м 50 см. Тұсқағаздың суреттерін сәйкестендіру үшін әр тіліктен 20 см не жоғары шығару керек, не төмен түсіру керек.
Ескерту: Әр орамның өлшемі: 0,5 метр х 10 метр.
Сұрақ 1: Тұсқағаз
Осы қабырғаға неше орам тұсқағаз қажет?
А. 2 В. 3 С. 2,5 Д. 4
Код 1: дұрыс жауап 3. Шешу жолы: 2,5*8+1,4=21,4 (толық екі орам 20 м тағы да 1,4 м керек сонда 3 орам қажет)
Сұрақ 2: Тұсқағаз
Тұсқағаздың шығынын есептеңіз (метр есебімен)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Код 1: дұрыс жауап 1,4 м. Шешу жолы: Бірінші тіліктен ешқандай қиық алынбайды, сондықтан қалған 7 тіліктен 20 см –ден қиып алынады. 0,2м*7=1,4 м
Сағат
Сағаттың минуттық және сағаттық тілдері күндізгі сағат 12-де дәл беттеседі.
_________________________________________________________________
Сұрақ 3 : Сағат
Қандай ең қысқа уақыт аралығында сағат тілдері қайта беттеседі?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Құзыреттілігі: елестету
Математикалық аймағы: сандар
Жағдаят: жеке
Деңгейі: орташа
Код 1: дұрыс жауап 65 минут. Шешу жолы: 60 минут өткенде сағат бір болады. Бірден бес минут кеткенде 65 минут болады.
Код 0: басқа жауап
Код 9: жауабы жоқ
Ауданды тап
Суреттегі фигураны мұқият қараңыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: Тордағы әрбір төртбұрыш 1 метр х 1 метр
Сұрақ 4: Ауданды тап
Суреттегі фигураның ауданын табыңыз. Жұмысыңызды көрсетіңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________
Код 1: дұрыс жауап 20 м2 . Шешу жолы: S1=1/2 5 5 = 12,5м2; S2=1/2 2 5 =5м2; S3=12,5+7,5 = 20 м2
Геометриялық фигуралардың анықтамаларын еске түсіріңіз.
Сұрақ 5: Ауданды тап
Суреттегі фигураның түрін анықтаңыз.
А) үшбұрыш В) төртбұрыш С) бесбұрыш Д) тең бүйірлі үшбұрыш
Код 1: дұрыс жауап С) бесбұрыш
Сызбада көрсетілген фигураның түрін анықтап, қасиеттерін еске түсіріңіз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сұрақ 6: Ауданды тап
Суреттегі бояған фигураның ауданын табыңыз.
А) 10,5 м2 В) 9,5 м2 С) 10 м2 Д) 8,5 м2
Код 1: дұрыс жауап А) 10,5 м2