400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Плаундардын курылысы ашык сабак биологиядан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашык сабак 6 сыныпка арналган
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 сынып 
Сабақтың тақырыбы: Плаундардың құрылысы, көбеюі және дамуы. Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға плаундардың құрылысы, ерекшелігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білім беру. 
Сабақтың пәнаралық байланысы: экология 
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тірек-сызбамен түсіндіру, кесте толтыру. 
Модульдердің кіріктірілуі: СТО, көшбасшылық, дарынды балалармен жұмыс, бағалау 
Ресурстар: Интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, А-4 парақтары 
Болжамданған нәтиже: Плаун туралы жан-жақты мәлімет алады 
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау, таныстыру. Санау арқылы топқа бөлу. Оқу құралдарын дайындау 
сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысады 
Ой қозғау әрі сергіту сәті КӨҢІЛ КҮЙІҢ ҚАНДАЙ?
Білу 
"Кім? Не? Қашан? Қайда?" «Ыстық орындық»
ойыны арқылы сабақ сұраймын. 
Әр топтан 1 оқушыдан тақтаға шығады. Отырған оқушылар тақтадағы оқушыға сұрақ қояды. 

Сұрақ-жауап.
1.Мүктерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
2.Шымтезек мүгі қандай өсімдік?
3.Қырықбуындардың құрылысы?
4.Қырықбуындылардың көбеюі?
5.Балдырлар бөліміне сипаттама?
6.Мүктердің денесі неден тұрады?
7.Шымтезек мүгінде ризоидтары болмайды. Олар не арқылы қоректік заттарды алады?

Түсіну 
"Неге? Неліктен? Не үшін?"
Баяндау арқылы түсіндіремін. 
Қырықжапырақ тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі -усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай - қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі. 
Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады: 
1. фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі; 
2. споралар түзіліп, көбеюге қатысады. 
Оқушылар зейін қойып тыңдайды. 
Сұрақтарға жауап береді. 
Қолдану 
Жаттығу бойынша жұмыс
 

Салыстыру диаграммалары арқылы плаун мен усасыр қырықжапырағының ұқсастығы және айырмашылығын анықтайды Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды. 
Анализ, синтез 
Сәйкестілікті табу.
Синквейн құру,

Салыстыру, айырмашылығын табу. 
Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау.

1. Егер қырықжапырақтар болмаған жағдайда табиғатта қандай өзгерістер болар еді? 
2. Қырықжапырақтың қай түрі Қызыл кітапқа енген? 
3. Қырықжапырақтың көбеюін кестемен көрсет. Оқушыларын сұрақтарға жауап береді, сын тұрғысынан ойлай отырып шешімін табады 
Бағалау 
"Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?"
Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жеке бағалайды. Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін айта өтіп, бағалайды. Оқушылар бағаларымен танысады. 
Үйге тапсырма Плаундардың құрылысы, көбеюі және дамуы. Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 
Рефлексия Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектерін жазады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі