Материалдар / «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» мәнерлеп оқу сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Поэзия! Менімен егіз бе едің?» мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәнерлеп оқу сайысы туралы сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2018
2341
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Теміртау қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ












«Поэзия! Менімен егіз бе едің?»





Өткізген:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

Өмірбек Л., Ильясова С.М











2016-2017 оқу жылы







Тақырыбы: «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»
Мақсаты: Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР - дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.
Барысы:
1 - жүргізуші:
Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.
2 - жүргізуші: Бүгін біз сіздермен айтулы, дара ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали өлеңдері бойынша өтпек мәнерлеп оқу сайысында бас қосып отырмыз. Олай болса, «Көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым, «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»атты мектепішілік оқушылар арасындағы жыр сайысына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Сайыс болғасын оның ақ - қарасын ажыратар әділқазылардың болатыны белгілі. Әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер...

Мектеп директоры- Исина Умгульсин Акмалиевна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Рабаева Бахыт Бекеновна

Бастауыш сынып мұғалімі- Нурмаханова Жанар Алиевна
2 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағалидің өмір жолы әр алуан.

1 - жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Саф алмастай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салу үшін сайысымызды бастайық.
5 «А» сынып оқушысы: Алибекова Сабина

5 «Ә» сынып оқушысы: Карлова Гаухар

5 «Ә» сынып оқушысы: Жубаева Аида

5 «Б» сынып оқушысы: Мадирова Гаухар

6 «А» сынып оқушысы: Қазбекова Назерке

6 «Ә» сынып оқушысы: Нарбаева Айжан

6 «Б» сынып оқушысы: Ибраимов Бексултан

6 «В» сынып оқушысы: Жүздибаева Айсана

7 «А» сынып оқушысы: Жаумитова Ақмарал

7 «Ә» сынып оқушысы: Кыдырмолданов Ескали

7 «Б» сынып оқушысы: Илесова Нұржайна

7 «В» сынып оқушысы:

8 «А» сынып оқушысы: Абдирова Мадина

8 «Ә» сынып оқушысы: Желдербаева Мөлдір

8 «Б» сынып оқушысы: Жумагалиева Молдир

9 «А» сынып оқушысы: Бекзатова Ақерке

9 «А» сынып оқушысы: Колдасова Гүлниса

9 «Ә» сынып оқушысы: Артықбай Ардақ

10 «А» сынып оқушысы: Магауина Акниет
2 - жүргізуші:
Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы
Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.
Құрметті жыр сүйер қауым!
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Осы сайыс барысында сіздер ақын жырларын оқып, тыңдап қана қоймай, өмірі мен шығармашылығы туралы аз да болса мәлімет алды деп ойлаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу сайысының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар алқасына сөз берейік...
2 - жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.
Бейнет кешіп жасыңның жастығында,
Көрдің талай пақырдың қастығында.
Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,
Сәттеріңді айналған тас тұғырға.
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.
Бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!