Материалдар / Power Point программасы туралы негізгі түсінік. Power Point программасы көмегімен презентациялау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Power Point программасы туралы негізгі түсінік. Power Point программасы көмегімен презентациялау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні:

Информатика


Курс: 1

Тобы: МБ -11


Сабақтың тақырыбы

Power Point программасы туралы негізгі түсінік. Power Point программасы көмегімен презентациялау.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Power Point бағдарламасы туралы түсініп, Power Point бағдарламасын тәжірибеде қолдана білу.

Күтілетін нәтиже

Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысады және жұмыс жасап біледі.

  • Power Point бағдарламасында текст, сурет қойып біледі.

Дереккөздер

Оқулық: Информатика оқулығы

Қосымша дереккөздер: Ғаламтор желілері

Модульдер

  1. Сыни тұрғысынан ойлау.

  2. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

Әдіс-тәсілдер

«Гүлмен тілек»

«Миға шабуыл» стратегиясы 

«Кім шебер?»

«Фишбон әдісі» (Балық сүйектері немесе қаңқасы)

«Ашық микрофон»

«Желкенді қайық» (кері байланыс)

Құндылықтарды дарыту

Сабақта топпен ынтымақтастықпен татулықта жұмыс жасау арқылы, бір-бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға, жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыс

Дизайн, Интерактивті технологияларды қолдану

Сабақ барысы:

Сабақ барысы

Уақыты


Оқытушының

іс-әрекеті

Студенттің

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Сәлемдесу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсат –міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сәлемдеседі. Назарларын сабаққа аударады. Сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен танысады.

«Информатика» оқулығы  Ермеков Н.Т.

«Гүлмен тілек»


3 мин

Студенттердің бір – біріне тілек айтып, топқа бөлуін қадағалайды.

Студенттер арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. (Ақпарат, Компьютер, Бағдарлама, Movie Maker)

Слайдтар,

«Миға шабуыл» стратегиясы 


5 мин

Үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақтар қояды.



Студенттер интербелсенді тақтадағы

сұрақтарға жауап береді.

1. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады?

Жауап:  Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша‘Prаsentо’ тапсырамын немесе ағылшынша – ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну.

2. Слайд дегеніміз не?

Жауап:  Көзге көрінетін күрделі обьект. Тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. обьектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі.

3. Power Point-ті іске қалай қосамыз?

Жауап:  Пуск — Программы – Microsoft Office- Microsoft Power Point

  1. Microsoft Power Point терезе элементтерін ата.

Жауап:  Тақырып жолағы, меню жолы, стандартты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі,   жұмыс аймағы, слайдтардың кішірейтілген үлгілері, күй жолағы, Сурет салу құралдар үстелі.

  1. Меню жолы элементтерін ата?

Жауап:  Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка),

Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка).

  1. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?

Жауап:  Файл -Сақтау командасын орындаймыз, сол кезде бізге құжатты сақтау терезесі шығады, құжатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз немесе стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін шертеміз.

  1. Power Point – та пішімдеу құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды,сонымен қатар мәтіндердің түсін, қай жерде орналасуын қамтамасыз етеді.

Бейнежазба

5 мин

Жаңа тақырыпқа қатысты бейнефильм көрсету.

Студенттер жаңа тақырыпты бейнефильм арқылы түсінеді.

Бейнежазба


Сергіту сәті:

«Қызыл өрік»



Ал, студенттер, кішкене бойымызды сергітіп билеп алайық.

«Қызыл өрік» биін билеп көңіл көтеріп бой сергітеді.

«Қызыл өрік» әні

«Кім шебер?»



15 мин

Практикалық тапсырмалар нұсқаулығын тарату.

Студенттер таратылған практикалық тапсырмалар нұсқаулығын пайдалана отырып, суреттерден презентация жасайды (әр топтан 3 студенттен).

Миға шабуыл. Талдау

10 мин

«Презентация дегеніміз не?» тақырыбында  мазмұндық сызба жасау.

Презентация туралы ойларын  түсіріп, талқылайды.

Топпен жұмыс

«Алма ағашы»

Кері байланыс



5 мин

«Алма ағашы» және ББ (білдім, білгім келеді) әдісі бойынша студенттерден кері байланыс алу.



Студенттер «Алма ағашы» әдісі бойынша алма түстерін пайдалана отырып қызыл, жасыл және сары түсті стикерлерді

(жасыл - түсінбеймін, сары – орташа – қызыл барлығы түсінікті) таңдап алып ББ (білдім, білгім келеді) жазып кері байланыс қалдырады.

Алма ағашы», ББ кестесі,стикерлер

Бағалау

2 мин


Өзін – өзі бағалау. Әр тапсырма соңында топ басшысы топ мүшелерін фишкалар арқылы бағалап отырады.

Топ тізімі мен әр түрлі фишкалар

Үйге берілетін тапсырма

  1. Ұлттық ойындарға презентация жасау үшін, материалдар жинақтау. «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Алтыбақан».

  2. Дәріске дайындалу.


Информатика оқулығы,  Ермеков Н.Т












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!