Позитивті ойлау және оған
дағдыландыру
Кайназарова Улбала
Есимхановна,
педагог-психолог, Сүлеймен
демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі, Алматы
қаласы
Сіз үшін позитивті ойлау деген
не?
Позитивті
ойлау — бұл өмірде жақсы бір
нәрсе болғанда туындайтын сезім емес, - мұндай сәттерде өзіңді
оптимист сезіну оңай. Ол қандай жағдай болмасын, өзіңдегі үмітті
үзбеу және қызығушылықты жоғалтып алмау қабілетімен
байланысты.
Позитивті ойлау — бұл
эмоционалды зияттың негізгі бөлігі, себебі EQ эмоцияларды және
жағымды жағдайларды басқарумен, сондай-ақ қандай да бір
эмоциялардың ұнамды мағыналарын ұғынумен
байланысты.
Жағымсыз ойлайтын
адамдар:
-
Ішіне өкпесін
сақтайды;
-
Өзгелерді сынап,
мінейді;
-
Өз қателіктеріне басқаларды
кінәлайды;
-
Бәрін білемін деп
ойлайды;
-
Іштей «басқалардың қолынан
келмей қалса екен» деп тілейді;
-
Ашуға бой
алдырғыш;
-
Мақсаттары
жоқ;
-
Адамдарды сөз қылуа
құмар;
-
Оқиғалар мен ақпараттарды
жасырады;
-
Өзгерістерден
қорқады;
-
Өз жеңістерімен
мақтанғыш.
Позитивті ойлайтын
адамдар:
-
Қошемет сөздер айтып
жүреді;
-
Өз қателіктеріне өзі
жауапты;
-
Кешірімді;
-
Басқаларға сәттілік
тілейді;
-
Жаңа нәрселерге ұмтылады,
үйренуден қашпайды;
-
Мақсаттар қояды, оған қол
жеткізуді жоспарлайды;
-
Өзгерістерден
қорықпайды;
-
Өз білгенімен
бөліседі;
-
Идеяларды бақылайды,
талдайды;
Басқаның жетістігіне қуанады,
құрмет көрсетеді.
Біздің миымызға ең бірінші
келетін автоматты ойлар:
-
Бәрі немесе ештеңе де: «Мен
емтихандардан үнемі құлап қаламын», «Мен өзімді жақсы көретін
адамды ешқашан таба алмаймын».
-
Асыра айту: «Менің тақтаға
шыққаным ең нашары болды, бір сөзді дұрыс айта
алмадым»
-
Таңба ілу: «Мен жалқаумын,
семізбін, ұсқынсызбын».
-
Болашақты болжау: «Менің
қолымнан келмейді», «Пойызға үлгермей қалам», «Менің жолым
болмайды».
-
Кемсітіп айту(көңілі
толмайды): «Мен шахматтан ұттым, бірақ бұл жәй сәйкестік
қой»
-
Жекелеу (персонализация): «Мен
оған болған жәйтті айтып жатсам, кетіп қалды. Мен бір нәрсені дұрыс
айтпадым-ау»
-
Өзгенің ойын оқу «Мені
жауапсыз деп ойлайтын шығар», «Мені жолы болмайды деп ойлайды
олар».
Негативті ойдан арылып,
позитивті ойлауға дағыдыландыратын
жаттығулар
«Кері айтшы»
ойыны
Жалқау
|
Еңбекқор
|
Қорқақ
|
Батыл
|
Сараң
|
Жомарт
|
Немқұрайлы
|
Қамқор
|
Ащы
|
Тәтті
|
«Ақыл тәнге әсер етеді, тән
ақылға әсер етеді»
Төмендегі суреттегі
жатығу
Позитивті сөйлеуді
қолданамыз. Төменде кестедегі сөз тіркесін
позитивке айналдырыңыз.
Менің қолымнан
келмейді
|
|
Мен істей
алмаймын
|
|
Мен
ақымақпын
|
|
Менің күшім
жетпейді
|
|
Бәрі мен жек
көреді
|
|
Мені
түсінбейді
|
|
Өзіңізге күшті сұрақтар
қойыңыз:
-
Мен үшін қуат көзі не? Күшті,
энергияны қайдан аламын?
-
Мен не істей
аламын?
-
Менің мүмкіндіктерім
қандай?
-
Менің қолымнан нені жақсы
істеу келеді?
«Егер адам басындағы әрбір
ойы мен аузынан шыққан әр сөзі әлемді аралап, өзіне қайтып
келетінін білген болса, сөйлегенде, ойлағанда өте абай болар еді»
А.Эйнштейн.
Позитивті ойлаудың
пайдасы:
-
Ынтасының
артуы;
-
Өз мақсаттарына
ұмтылу;
-
Қарым-қатынасқа жақсы
түсу;
-
Күйзелісті жағдайларда
төзімділіктің артуы;
-
Қиындық, сәтісздік жағдайларға
төтеп беру, оңай өту;
-
Өзін-өзі бақылауы, өзін дұрыс
бағалауы дамиды.
«Мен бүгін бақыттымын»
жаттығуы
Бүгінгі күнді, қуанған
сәттерді, артықшылықтарын, жақсылықтарын бағалауға, табуға
үйретеді. Бүгін Не үшін қуанғанын есіне түсіріп, өзін-өзі бақылауға
итермелейді.
«Менің идеалды күнім»
жаттығуы
Берілген әдістемені америкалық
психолог және позитивті психологияның негізін қалаушы Мартин
Селигман ұсынды. Бұл техниканы мақсат қоятын кезде қолдану
ұсынылады. Әдістеменің арқасында сіз өзіңізге жағымсыз нәрсеге
емес, позитивке, талпынған нәрсеңізге ден қоясыз. Өзіңіздің мінсіз
күніңізді барынша нақты сипаттаңыз. Өзіңіздің жеке қалауларыңыз бен
өмірлік құндылықтарыңыз туралы ұмытпаңыз. Мысалы, сіз не
қалайтыныңызды жаза аласыз: жақындарымның жанында болу, сүйікті
хоббиіммен айналысу, табиғатта демалу, қызықты жобалармен айналысу.
Сіз өзіңізге рақат сыйлайтын дүниелер туралы жазуыңызға болады.
Әркімде бұл тармақтар әртүрлі. Осыдан кейін сізге бұның бәрін
жүзеге асыру керек. Күніңізді мінсіз өткізуге тырысып көріңіз,
сосын талдаңыз – нені істей алдыңыз, не нәрсе
жасалмады.
«Алғыс күнделігін»
толтыру
Алғыс айту техникасын
пайдалану арқылы әр күнге өз себептерін жаза отырып, алғыс айту.
Бұл адамның өзіне, өз өміріне көңіл толушылықты арттырып, жігерінің
артуына көмектеседі.
-
Бақытты еткен, қуантқан
жағдай;
-
Табиғаттағы қуантарлық
құбылыс;
-
Сізге жасалған қамқорлық,
жақсылық;
-
Қол жеткізген
жетістігің.
«5 артықшылық»
жаттығуы
Берілген әдістемені пайдаланып
позитивті ойлауды айтарлықтай тез дамытуға болады. Үрейлі сезімдер
тудыратын, ұйықтауға және жақсы көңіл-күйде болуға кедергі
келтіретін жағдайлар туралы ойлаңыз. Олардың әрқайсысын талдап,
жақсы жақтарын табыңыз (бестен кем емес).
Мысалы: Байқаусызда телефонды
сындырып алдыңыз. Үйдің кілтін жоғалтып алдыңыз. Супермаркеттің
кассасында әмияныңызды ұмытып кеттіңіз.Осы жағдаяттардың 5
артықшылығын табуға тырысыңыз.
Кез келген жағдаятта 3 түрлі
сұрақ қоямыз:
Жағымсыз ойлар жағымсыз
эмцияға апарады.
«Күнделік»
жаттығуы
Кем дегенде 1
ай:
«Артықшылықты
іздейміз» жаттығуы
Сізде қандай артықшылықтар бар екенін түсіну өте
маңызды. Өзіңнің мықты жақтарыңды дамыту жетістікке жетуге
көмектеседі.
Күнделікті өзіңнің осы жағымды
сипаттарыңды растап, жазып отыру керек.
-
Мен
жауаптымын
-
Мен
еңбекқормын
-
Мен
көңілдімін
-
Мен
ұқыптымын
-
Мен
мейірімдімін
-
Мен
көпшілмін
-
Мен
адалмын
-
Мен
батылмын
-
Мен
дербеспін
-
Мақсатыма
жетемін