Материалдар / Практика есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Практика есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студентінің байқау іс-тәжірибесінен есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Маусым 2024
1445
11 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕСЕП


Мен Хуанғанқызы Назерке 26.02.24 – 04.05.24 жж. Қарағанды қаласы «М. Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ-де «байқау» іс-тәжірибесінен өттім. Имашева Айгүл Узакпаевна мектептегі іс – тәжірибе жетекшім болып бекітілді. 2 «ә» сыныбымен тиянақты түрде жұмыс істеуге кірістім.Тәжірибе барысында өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Осы уақыт аралықта сынып жетекшім екеуміз сынып оқушылармен тез тіл табысып, жақсы араластық. Өзімнің бар білгенімді оқушыларға үйретуге тырыстым. Менің сынып жетекшімнің оқушылармен қарым-қатынасы жоғары болып, олармен жақсы жұмыс атқаратынын көргенен кейін, маған олармен жұмыс істеу оңай болды. Өзімнің бойымдағы мұғалім болу қызығушылығын оқушылармен жұмыс істеу барысында арта түсті. Алғашқы күндерден бастап, оқушылардың және мұғалімдердің атқаратын қызметтерімен таныстым.

Іс-тәжірибенің алғашқы күні мектепке барып, оқу ісінің меңгерушісімен жолығып, сыныптарға бекітілдік. Маған 2 «ә» сыныбы бекітілді.

Іс-тәжірибенің екінші күні сынып жетекшіммен және өзіме бекітілген сынып оқушыларымен таныстым. Сыныптағы оқушылар туралы толтырылған жалпы мәліметтерді қарастырып, оқушылар тізімімен таныс болдым. Тәжірибеден өткен 2 сыныпта барлығы 31 оқушы бар. Олардың 18-і қыз бала болса, 13-і ұл бала. Оқушылар негізінен жаратылыстану бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқитыны айқын көрінді. Сабақ барысында өз ойларын шамалары жеткенше айта алады. Өз пікірлерін айтып, ойларымен бөліседі.


Shape1

Сыныптың жалпы танымдық бағыты жоғары. Оқушылар алғашқы күннен ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласты. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы.

Алғашқы апта бақылау аптасы болды. Барған алғашқы күнімнен жетекшімнің сапалы сабақ түсіндіруі, деңгейлеп сұрақтар қоюы, сабақтағы пән аралық байланыс жасауы барысында бақылау жүргіздім.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың белсенділіктерімен қатар, білім деңгейлерін де байқай алдым. Соның ішінде Бекболатұлы Дінислам, Хамзе Медина ерекше көзге түсті.

Сыныпты бақылаумен қоса тәжірибенің алғашқы аптасында 1-наурыз алғыс айту күніне орай біз «М. Жұмабаев атындағы гимназиясы» еріктілер тобымен “Киелі шаңырақ” қарттар үйіне барып, шағын мерекелік концерт қойдық. Қазыналы қарттарымыздың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырдық.




Тәжірибенің келесі аптасынан бастап сабақ өткіздім. Алғашқы сабақ өткізу барысында маған айтарлықтай қиындықтар туындаған жоқ. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын түрлі жұмбақтар жасырып, әдіс-тәсілдер пайдалану арқылы аша алдым. Күнделікті сабақты жоспарлы түрде өткізуге тырыстым. Сабақ кестесі мен сабақ уақытын алдын ала мұғалімнен сұрап алдым. Менің сынып жетекшім маған қол ұшын созып, көптеген әдіс-тәсілдердерді көрсетіп, оқушыларды сабаққа қалай көңіл аудартуға болатынын үйретті. Қалай сұрақты күрделі қою керектігін, қай уақытта қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын айтып, мұғалімнің арқасында оқушылармен жақсы қарым-қатынаста бола білдім. Содан бастап оқушылардың қызығушылығын орнату мақсатында интернет желісіндегі бірнеше әдіс-тәсілдер мен қосымша тапсырмаларды ойластырдым. Тәжірибе барысын құр өткізбей күніне екі-үш сабақтан беруге тырыстым.
Ең алғашқы сабағым “Ана - өмірдің шуағы” атты тәрбие сағаты болды. Тәрбие сағатын өткізу барысында оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін “гүл күлтесі”, “кездейсоқ шеңбер” тәсілдерін пайдаландым.

Тәжірибенің келесі күнінде математика пәнінен сабақ өттім. Сабақты сынып жетекшімнің көмегімен өткіздім. Себебі математика пәнінен жаңа тақырыпты меңгеру оқушыларға қиын болды. Келесі қазақ тілі пәнінен “Зат есім” атты тақырыпта сабақ өткіздім. Сабақ барысында өткен тақырыпты пысықтау үшін “Ыстық орындық”, “Тест сұрағы” , “Орнына қой”, “Артығын тап” тәсілдерін пайдаландым. Келесі күні жаратылыстану пәнінен “Дұрыс тамақтану” атты тақырыпта сабақ өткіздім. Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын тудыру үшін видеоролик көрсеттім, жемістер мен көкеністердің суреттерін көрнекілік ретінде пайдаландым. Оқушыларға тақырыпты барынша түсінікті әрі қызықты қылып түсіндіруге тырыстым. Кері байланыс жасауға “Желкен”, “Жетістік баспалдағы” тәсілдерін пайдаландым. Сабақ сонында үлгерімі нашар оқушылармен және қосымша сабақтарға қалатын оқушылармен жұмыс жасадық. Оларға математика пәнінен әртүрлі тапсырмалар шығарып, оларды орындаттым. Апта сонында өткізген сабақтарыма мұғаліммен бірге талдау жасадық. Осылай сабақ өткізудегі практикамның алғашқы аптасы аяқталды. Бұл аптада мен тек сыныпқа сабақ өткізіп қана қоймай сонымен қоса сынып жетекшілік қызметті де қоса атқардым. Оқушыларды дүйсенбі күні өтетін 20 минуттық саптық жиынға апару, олардың үй тапсырмаларын толығымен күнделіктеріне жазып алуын, асханаға барып тамақтануларын қадағаладым.

Тәжірибенің үшінші аптасында әр күні толығымен сабақ өткіздім. Математикадан “«Бірнеше бірлікке артық/кем», «бірнеше есе артық/кем» қатынастарымен байланысты тура жəне жанама сұрақтармен берілген есептер” тақырыптарында сабақ өткіздім. Оқулықтағы тапсырмалар аз болғандықтан қосымша тақырыпқа байланысты есептер әкелдім. Әдебиеттік оқудан “Төрт түлік туралы жырлар”, “Наурыз – жыл басы”, “Жаңылтпаш” тақырыптарында сабақ өткіздім. Оқушылардың сабақты жақсы түсінулері үшін “Сұрақ-жауап”, “Кластер” әдістерін пайдаландым. Үйге берілген тапсырмаларды орындап-орындамағандарын білу мақсатында қосымша тест сұрақтарын әкелдім, осылай уақытымды үнемдей алдым. Қазақ тілінен “Дара және күрделі зат есім” тақырыбында жаңа сабақ жүргіздім. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында дара және күрделі зат есімдердің ерекшілігін ажырата білуге, олардың жазуларына аса назар аудартуға тырыстым. Оқушылардың дара және күрделі зат есімдерді пайдаланып сөйлем құрауларына, мәтіннен дара және күрделі зат есімдерді таба алуларына жағдай жасадым. Сабақ барысында тапсырмаларды оқушыларға “edforme”, “wordwol” платформасы арқылы қызықтырақ түрде ұсындым. Апта соныңда жаңа сабаққа байланысты кері байланыс ретінде тест тапсырмалары мен қосымша бағалау тапсырмаларын алдым. Жаратылыстану пәнінен оқушылардан бөлім бойынша жиынтық бағалау алынды. Сабақ соңында мұғаліммен бірлесіп оқушылардың жұмыстарын тексеріп, оларды дискрипторлар арқылы дұрыс бағалауды үйрендім. Дүниетанудан “Наурыз мейрамы” тақырыбында жаңа сабақ өткіздім. Оқушыларға жаңа сабақты тереңірек меңгерулері үшін интерактивті тақтадан қызықты видеоролик көрсеттім, наурызда ойналаттын ұлттық ойындармен таныстырдым. Сабақтың ортасында сергіту сәтін жасадық. Сергіту сәті: «Бас,иық,аяқ, қол». Сабақтың соңын «Үкі» әдісімен қорытындылап, бүгінгі сабақта алған әсерлерін жазып, тақтаға әкеп ілді. Жаратылыстанулдан «Жаз мезгілінде аяз аяз қайда кетеді?» деген тақырыпта сабақ жүргіздім. Сабақта жаз мезгілі туралы әңгімелестік.

Сонымен қоса практика аясында 2-сынып оқушыларын сынып жетекшілерімізбен бірге С. Сейфулин атындағы театрға “Қуыршақтар” қойылымына апардық. Қойылым оқушыларға қатты ұнады. Осылай практиканың үшінші аптасын аяқтадық.

Shape2

Төртінші аптада 22-наурыз мерекесіне орай сынып сағатын өткіздім. Оқушылар наурызға арналған тақпақтары мен өлендерін айтты. Сыныпта асық ату, қол күрес сияқты ұлттық ойын түрлерін ойнады. Оқушыларға бұл мерекенің қазақ ұлты үшін қаншалықты маңызды екендігін ұғындыруға тырыстым. Тәрбие сағатын қызықты өткізу үшін “додокаэдр” әдісімен оқушыларға қызықты сұрақтар қойып, тапсырмалар орындаттым.
Әдебиеттік оқудан «Туған жер ғажаптары» тақырыбындағы өткен ашық сабағымда оқушылар арасында қарым -қатынасты, бір-біріне болған құрметін арттыру, жақсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында өздерінің жылы тілектерін білдіру арқылы психологиялық ахуал қалыптастырдым. Тізбектелген сабақтар топтамасының, дәстүрлі сабағымнан өзгешелігі, ең алдымен сыныпта жағымды ахуал қалыптастырып, әр түрлі әдістер арқылы екі топқа бөлдім. Топқа бөлудегі мақсатым, оқушыларды топта ынтымақтық орнату, бір бірін колдау және “Мейірімділікке бағыттау арқалы, сүйіспеншілігін арттыру ” болатын. Топтық жұмыста бір- бірімен ой алмаса отырып, құнды идеяларды байқадым. Мақсатым балаларды, бір-бірлеріне болған мейірімділігін арттыру.Мен оқушыларға «Миға шабуыл», «Білгенге маржан», «Кім жылдам» әдістері арқылы сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың білімін пысықтау мақсатында сұрақтар қойдым. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен бірге шеңбер құрып, жақсы тілек білдіріп көңіл - күйлерін көтеру және өзімде оқушыларға жақсы тілек айтып, 1-2 деп «Топтастыру» әдісін қолдап, санау арқылы топқа бөлдым. Оқушылар өз топтарына барып орналасқаннан соң, жаңа сабақтың мақсатыны және ұпайлар саны смайлктер саны мен есептелетіні туралы түсініктеме бердім.

1-3 смайлик 3 ұпай

4-7 смайлик 4 ұпай

8-12 смайлик 5 ұпай

Себебі, бастауыш сыныпта, оқушылар тек смайлик жинау, бас жүлдеге ынталады, және смайлик жинау үшін, бар қабілетін іске асырады. Оқушыларға жаңа сабақ бойынша « Отан » туралы мәлімет бердім. Сабақтың қорытындысында, оқушылар сабақтың «Отан» туралы айтқан сойлемдерін дәлелдей отырып, постер қорғады, сойлем құрастырғандары үшін әр оқушыга сабақ барысында смайлк берілді. Смайлктердың саңына қарап, әр бір топ оқушылары қанша ұпай алғандығы айтылып өтілді.

Сабақ соңында үйге тапсырма: «Отан туралы» мақал - мәтел жаттап келу, және үй тапсырмаларын орындап келу айтылды. Сабақта, оқушылардың әр берген жауаптарына байланысты смайликтер жинағы есептелді, және сабақта көп смайлк жинаған оқушылар мадақталды.
Мен келесі сабағымда бұл сабақтанда жақсы сабақ өтуім керектігін алдыма мақсат қылып қойдым. Өйткені өткен дәстүрлы сабақ оқушылардың сабақ барысында қалыптасып қалғандыгын сабақ кезінде байқап қалдым. Және, келесі сабақ жоспарымда осы қателіктерді жоямын деген ой, жаңа тақырыпты ашу үшін жол берді
Тәжірибенің келесі күнінде әдебиеттік оқу пәнінен «Таңғажайып ертегілер» тақырыбында сабақ бердім. Мәтінмен жұмыс жасап, түрлі сұрақтар қойып олардың пікірлерін білуге тырыстым. Көрнекілік ретінде асықтарды пайдаландым. Ол зат оқушылардың сабаққа деген зейінің одан әрмен аша түсті. Осылай іс-тәжірибенің үшінші аптасын аяқтадық. Оқушылар 3-тоқсанды ойдағыдай аяқтап, демалысқа кетті.

4-тоқсанның алғашқы аптасында 1-сәуір Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне орай “Домбыра-party” атты тәрбие сағатын өткіздім. Сабақ барысында оқушыларға домбыраның шығу тегімен таныстыру үшін “Ақсақ киік” мультфильмін көрсеттім. Сабақтың қалай өткенің білу мақсатында “домбыра” бағалау тәсілін пайдаландым.
Келесі күні әдебиеттік оқу мен еңбекке баулудан сабақ өткіздім. Әдебиеттік оқудан өткізген сабақтарым: «Шеберлер еліне саяхат» атты тақырыптарда көптеген сабақтар жүргіздім. Әр сабақта шығармашылықпен тығыз байланыста болдық. Яғни, қолданбалы өнер, қолөнер, әшекей-бұйым түрлерін, тарихын білу керектігін оқушыларға үйреттік. Шығармашылықтың адамзат үшін беретін пайдасы туралы әңгімелестік. Бұл сабақта мен шығармашылық жұмысты таныстырылым түрінде ұсындым және де ым-ишара, қимыл дегенді еске түсіріп сергіту сәтін жасаттым. Осы сабақтың авторы Фариза Оңғарсынова болды. Ол кісігің өмірбаянын жай ғана оқытпай, кластер тәсілімен кезектесіп тапсырма орындады. Кейін «Оюлар» атты өлеңімен таныстырдым. Әдеттегідей сұрақтармен кері байланыс жасадық. Одан кейін оқушылармен тақтадан көрсетілген ою түрлерімен таныстық. Оюлардың қалай аталатыны туралы әңгімелестік. Оюлардың қандай түрлері бар екенін олардың ерекшеліктерін оқушыларға түсіндірдім. Оюлар әлемі туралы өлеңді оқушылар оқып, бірге талқыладық. Әр сабақта интернет желісімен Learning apps, Wооrd wоll, платформаларын тиімді қолдануға тырыстым. Әрі оқушылардың қызығушылықтарын ояттым.

Тәжірибенің келесі күнінде математика пәнінен «Жай және құрама есепер » тақырыбы бойынша сабақ өттім. Сабақ басында оқушылар «сәйкесін тап» әдісі бойынша жай есеп пен құрама есептерді ажыратты, кейін тақырыпқа байланысты түрлі есептерді орындады. Кейінгі сабағым әдебиеттік оқу пәнінен «Өтірікшілер еліне саяхат» тақырыбында болды. Оқушылардан үй тапсырмасын тест түрінде алып, сабақты барынша қызықты өткізуге тырыстым. Оқушылар сабақ барысында өтірік өленнің не екенін білді, өлендегі ұйқас шумақтарды ажырата білді. Үйге тапсырма өтірік өлен құрастырып келу болды. Жаратылыстынудан «Заттар қандай болады?» деген тақырыпта сабақ жүргіздім. Оған қолданған әдіс-тәсілдерім: «Ыстық орындық». Яғни, алдыңғы тоқсандағы білімдерін тексеру мақсатында бір оқушыны орындыққа отырғызып, бірнеше сұрақтарға жылдам жауап беріп, әрі тез ойлануға мүмкіндік беріп, оқушыларды алдыңғы білімдерін солай бағаладым. Одан кейін қызығушылықтарын ояту мақсатында бірнеше тәжірибелер жасадым. Кітап бойынша жұмыстар жүргізіп, кітапта берілген тәжірибені сынып жетекшіммен бірге оқушыларға көрсеттім. Яғни бір затты қолдану арқылы оның үш күйін көрсетіп, алдына қойылған заттың қандай болғанын тәжірибе барысында таптық. Сабақ уақытында оқушылар шаршап қалмау үшін екі минуттық сергіту сәтін де ұмытпадық. Сергіту сәті ретінде «нейрожаттығуын» жасаттым. Қорытындылау барысында «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, оқушылардың бүгінгі сабақта не білгенін сұрап, сабақты аяқтадық.

Тәжірибенің бесінші аптасында 2-сынып оқушылары арасында “Ұмыт болған ұлттық тағамдар” сайысын өткіздік. Оқушылар сайысқа өздері тандап алған ұлттық тағамның жасалу жолы мен шығу тарихын таныстырды. Сонымен қоса өздерінің ата-аналарының көмектесуімен тандап алған тағамдарын дайындап әкелді. Әділқазы алқалары оларды бағалап, тиісті номинациялармен марапаттап, түрлі сыйлықтар табыстады. Бұл біздің алғаш рет өткізген сайсымыз болды. Бұл сайысты өткізу барысында оны ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті талап ететінің түсіндік.



Бұл аптада тек қана сайыс өткізумен шектеліп қалмай сабақтарды да өткіздім. Әдебиеттік оқудан «Ата – баба мұрасын құрметтейміз», «Кім боламын?»,

«Мәдени мұра», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыптарында сабақ өткіздім. Сабақтарда оқушылармен бірге әр түрлі уақыттарға аттандық, яғни алдағы уақытқа шолу жасадық. Бірінші болашақта қандай мамандық иесі боламын, одан кейін өлең шумағын оқып, талқылып, сұрақтарға жауап бердік. Ата – бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып кеткен, қазіргі кезде аса қолданыста жоқ салт – дәстүрлері туралы қосымша ақпарат алдық. Оқушылар мәдени мұра заттарына байланысты байланысты жұмбақтар кұрады. Үшінші сабақта мамандықтар туралы тағы да өттік, яғни сурет бойынша әңгіме құрадық, одан кейін мен өскенде... мәтіні бойынша сұрақтар қойылып, талқыладық. Мәтін бойынша жоспар құрдық. Мәтінді өз ойымызбен жалғастырып, аяқтадық. Мәтіннен түсінгендеріне рефлексия жасадық, «Білім заряды», «Алма ағашы» арқылы бірнеше қорытындылар шығардық. Одан кейінгі тақырып бойынша уақыттың маңыздылығы туралы сөйлестік, яғни оқушылардың өз бойларындағы еріншектік қасиеті барма екенің сұрадым, олар өз жұмыстарын ертенгіге қалдыру керекпа жокпа екені туралы талқыладық. Келесінде оқушыларға ,, Мен таңдаған мамандығым,, тақырыбына таныстырылым жасауға тапсырма бердім. Осылайша оқушылар көптеген тақырыптар бойынша керек ақпараттарды өздеріне түртіп алып, жаңа оқу жылына дейін естеріне сақтады деп ойлаймын. Оқушылардың қосымша оқитын “Мағжантану”, “Сиқырлы саусақ” сабақтарын өткіздім. Мағжантану сабағында оқушылар өздері жаттаған Мағжан Жұмабаевтың өлендерін жатқа айтып, кейіннен ақынның жаңа өлеңімен таныс болды. Сиқырлы саусақ сабағында қыздармен түрлі әшекей бұйымдар, ұлдармен түрлі роботтар жасадық. Сабақ барысында оқушыларға бұл екі сабақтың өте қатты ұнайтынын байқадым.

Аптаның соңғы сабақ күнінде математикадан өткенді қорытындылауға байланысты тапсырмаларды орындадық. “Кітап-асыл қазына”, “Есік қорғандарының сыры”, “Ата-баба мұрасын құрметтейміз” тақырыптарында сабақ өткіздім. Сабақ барысында “Қар ұшқыны”, “Ақылдың алты қалпағы”, “Құпия сөздік” сияқты әдіс-тәсілдерді қолдандым. Оқушылармен кері байлас жасау үшін “Бағдаршам” тәсілін қолдандым. Жаңа сабақты менгеруге берілген өлендерді оқушылармен бірге талдып, жатқа, мәнерлеп оқыдық. Сонымен қата мектепке толеранттылық апталығына орай бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ҚР мүгедектер арасындағы теннистен екі дүркін чемпионы Жетпісова Айшуақпен кездесу өтті. Оқушылар өнерлерімен бөлісіп, қонақтармен сұқбатқа түсіп, кездесуден шынайы әсер алды.

Тәжірибенің алтыншы аптасында да 2 сыныптар арасында математика пәнінен “Ойна да, ойла” атты тақырыпта оқушылар сайысын өткіздік. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Сайыс соңында оқушыларды “Ең үздік математиктер”, “Жас дарындар” ,“Логика шеберлері” , “Ең ұйымшыл топ”, “Ең үздік капитан” номинацияларымен марапаттадық.




Бұл аптада қазақ тілі пәнінен “Сын есім” тақырыбында жаңа сабақ өткіздім. Сабақтың алдында «Ыстық орындық» әдісін қолданып, өткен сабақты бекіттім. Одан кейін сын есім тақырыбын түсіндіріп, оған қатысты тапсырмалар орындап, көркем жазуға аса мән бердім. Сергіту барысында бірыңғай мүшелерге қатысты Wооrd wоll платформасын қолданып, сабақты қызықты өткізуге тырыстып, әрі оқушылардың сын есімнің түрлерін қаншалықты ажырата алатынын тексердім. Сабақты қорытындылау мақсатында «Жетістік баспалдағын» қолдандым.
Тәжірибенің жетінші аптасының алғашқы күнінде “Құстар-біздің досымыз” атты тәрбие сағатын өткіздім. Оқушыларға құстар туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп, жұмбақтардың шешімдерін таптық. Сабақ өткізу барысында , оқушыларға бұл тәрбие сағатының өте қатты ұнағаның байқадым. Себебі оларға көрнекіліктерден қарағанда, анимациялық видеороликтер қатты ұнайды.

Сонымен қоса бұл аптада біз “101 жұмбақ, 1001 мақал” атты оқушылар сайысын өткіздік. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Оқушыларды сайыс соңында “Жас дарындар” , “Тіл майталмандары” , “Ең ұйымшыл топ” , “Ең үздік капитан” жүлделерімен марапаттадық. Бұл жолғы сайысымыз өте тартысты өтті. Әр топта да кілен жүйріктерден үздіктерді анықтау қиынға соқты.
Тәжірибе барысындағы аптаның үшінші күнінде сәрсенбі күні әдебиеттік оқудан «Халық даналығы – ел аузында» тақырыбында сабақ өткіздім. Өткен сабақты бекіту мақсатында «Сәттілік дөңгелегі» арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрадым. Оқушылардың қызығушылығын ояту және жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Пазл» әдісін қолдандым. Сабақ барысында даналық туралы жұмбақтар, «Tic tac toe» ойыны арқылы қызықты өтті. Интернет желісінен негізгі ойы сыйластық, адамгершілік туралы және үлкен мен кішінің әңгімесі туралы ақпарат көрсетілді. Бағалау ретінде сабаққа қатысып отырған оқушыларды смайлик арқылы бағалап отырдым. Қорытынды барысында «Каспий банк» рефлексиясын қолданып, оқушылардың өз ойларын каспий карточкасына жазып, оқушылар қолдарындағы карточкаларды жәшікке бір-бірден келіп салды.
Іс-тәжірибенің соңғы аптасы біз үшін өте күрделі өтті. Соңғы аптаның алғашқы күні 1-мамыр Бірлік күніне орай “Бірлігіміз жарасқан” атты тақырыпта өнеге сағатын өткіздім. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін әр ұлтқа жеке-жеке тоқталып, олардың ұлттық киімдері мен тағамдарымен таныстырдым. Кейін оқушыларды бейбітшіліктің символымен таныстырып, өздерінің тілектерін көгершін қанаттарына жазып тақтаға ілді. Оқушыларға елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті тұрып, оларды бөлмей керісінше дос болуымыз керектігін ұғындыруға тырыстым.

Тәжірибенің барысында біз 2-сынып оқушылары арасында “Жігіт сұлтаны” атты ауқымды сайыс ұйымдастырып өткіздік. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең “Өзің таныстыру”, келесі бөлім “Өз өнерін көрсету”, үшінші бөлім “Сұрақ-жауап”, және соңғы кезеңі “Әкеммен өткізген бір күн” атты тақырыпта видеоролик сайысы болды. Бұл сайыс өте тартысты өтті. Серілердің арасынан нағыз серіні табу өте қиынға соққаның байқадық. Бұл біздің өткізген ең ауқымды, ең жауапкершілікті талап еткен сайыс болды. Сайысты мектептің білім бөлімінің мамандары, оқушылардың ата-аналары тамашалады.

Соңғы аптада қалған уақытта оқушылардан «Тоқсандық жиынтық бағалау» мен «Бөлім бойынша жиынтық бағалау» тапсырмаларын мұғаліммен бірге оқушылардан толық алдық. Және Бірлік күніне байланысты іс шаралар мен сынып сағатын өткіздім. Мұғалімге көмектесе отырып, жиынтық бағалауды қалай тексеру керектігін үйренемін. Аптаның соңғы күнінде кітаптарды тапсырып, оқушылардан әр пән бойынша диктант, тест жұмыстарын, бақылау жұмыстарын, мазмұндама аламыз. Оқушылар сабақтан шаршамау үшін сабақ уақытында бір сағатқа далаға шығамыз. Осылай біздің екі ай тәжірибе жұмысымыз бітеді. Мұғалімге көмектесе отырып, өзіме керек құжаттарымдыда жинап үлгердім.
Қорыта келгенде, «байқау» іс-тәжірибесі маған қатты ұнады.Тәжірибе барысында мен ұстаз деген ұлы есімнің мәні мен мәртебесін толықтай сезіне алдым. Айтуға оңай болғанымен сыныпты басқару үлкен күш-жігер, ақыл-қайрат, сабырлықты қажет ететінің түсіндім. Оқушылармен тез тіл табысып кеттім. Іс-тәжірибе кезінде мен көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді және оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнату жолдарын меңгердім. Маған осы іс-тәжірибе кезінде жетекшілік еткен И.А.Узакпаевнаға айтар алғысым шексіз! Алғашқы күннен алға қарай жетелеп, сабақ барысында қандай әдіс-тәсілдерді қолданып ,оқушылардың қызығушылықтарын қалай ояту керек екендігі туралы көп мағлұматтар берді. Сонымен қатар, тәжірибе жинақтауыма барынша үлесін қосты. Осылай мектептегі іс-тәжірибем аяғына жетті. Осы тәжірибе барысында мен қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екенін түсіне алдым. Мұғалімге жүктелген міндеттін қандай маңызды екенің ұғына алдым. Оқушының ұстазға деген кіршіксіз махаббатың сезіне алдым. Өзімнің қателіктерімді де есепке алдым. Осы іс-тәжірибе барысы маған көп нәрселерді үйренуіме, және ең бастысы қызығушылығыма әсер етті. Маған оқушылармен жұмыс істеген қатты ұнады. Сонымен қатар тәжірибе барысында ең бастысы мен өзімнің сөздік қорымның аздығынан қатты қиналдым. Көп кітап оқып, жан-жақты болу керектігімізді түсіндім.

Мен осы тәжірибеден түсінгенім мұғалім болу үшін ең алдымен білімділік, шыдамдылық және еңбекқорлық қасиеттері болу қажет. Мен бұл тәжірибеден өту барысында “Ұстаз жолы ұлы жол” екендігін оқушылармен жұмыс жасау барысында сезіндім. Болашақта осы тәжірибеден үйренгенімді іс жүзінде жүзеге асыратыныма сенімдімін.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!