Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Презентация:. "Мінез- тағдырыңның бір бөлшегі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Есік гуманитарлық экономикалық колледжі
Тақырыбы: Тағдырыңның бір бөлшегі.
Жетекші: Сымбат Шынасовна
Топ: 201 Юлдашева Малика
«Мінез – тағдырыңның бір бөлшегі»
Адам баласын өзі секілді қос аяқты, жұмыр басты өзге пенделерден ерекшелеп тұратын бір қасиет – оның мінезі. Мінез – адам бойындағы алтын мен жауһардан да артық жылтырап, көзге ұрып тұратын әшекей. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез, ар деген нәрселермен озады. Бұдан өзге нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық» деген Абай атамыз он сегізінші қара сөзінде. Жақсы мінез – жан көркі. Адамды кең пейіл, көпшіл ететін де, я болмаса қытымыр, кекшіл ететін де – бойға біткен мінез. Осыны ескерген Бұхар жырау: «Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?» деп, ұрпақ өрбітіп, бесік тербететін болашақ аналарға ең алдымен көркем мінезді болуды насихаттаған. Көркем мінез дегеніміз не? Ол қандай қасиеттерден танылады? Енді осы мәселеге көз жүгіртсек.
Ғалымдар адам бойындағы көркем мінезді Имам Науауидің жинағында келетін 4 хадистің төңірегіне негіздеген:
1. «Кім Аллаға және Ақырет күніне сенсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» (Бұхари);
2. «Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді» (Бұхари, Муслим);
3. «Өзіне қатысы жоқ нәрсені тастау адамның дінінің кемелдігін көрсетеді» (Тирмизи);
4. Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте бір адам Пайғамбарымызға (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған кеңес бер» деп өтінеді. Ол (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашуланба!», - деді. Осыдан кейін әлгі адам өз сұрағын бірнеше рет қайталады. (Бірақ Пайғамбарымыз әр жолы): «Ашуланба», - деуден танбады (Бұхари).
Біз де өз мақаламызды сүннетте келетін осы 4 қасиеттің айналасына құрмақпыз.
1. «Бұрын сөйлеген емес, мығым сөйлеген ұтады»
Қазақ әрқашан «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсының өзі өлсе де - сөзі өлмейді», «Сөздің де шоқтайы бар, мұздайы бар - алсаң сол қызулысын, қыздайын ал» деп ауыздан шыққан әрбір сөзге сақтықпен, байыппен қараған. Тіпті, артық сөзді абыройсыздыққа санаған халқымыз «Жындының айтқаны келмейді, сандырағы келеді», «Атасыздың аузы үлкен», «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады», «Аталы сөзге арсыз ғана таласады», «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, «көп сөздің көмір» екендігін айрықша ескертіп, ғайбатты әйбат қып көрсеткен ібілістің ілмегіне түсуден бойын барынша аулақ ұстаған. «Сөз қуған пәлеге жолығады». Кейде айтқан сөзіміз үшін бармақ тістеп, сан соғып жататынымыз өтірік емес. Біреуді сыртынан ғайбаттау (яғни оны оған ұнамайтын қасиеттерімен еске алу), керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілену – айналып келгенде, адамның өз өміріне, алтыннан да қымбат уақытына жасайтын қиянаты ғана. Шынында біздің әр сөзімізді, ойымызды, әрекетімізді жазушы «құрметті жазушылар» бар. Қасиетті Құранның «Қаф» сүресінде: «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын»(18-аят) делінген. Осыны терең түсінген ілгергі ғұламалар аузына тас салып жүруге дейін де барған. Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) тілін қолымен ұстап: «Менің түбіме жеткен осы!» - деген екен. Ал Абдуллаһ ибн Мәсъуд (оған Алла разы болсын): «Алламен ант етейін! Дүние жүзінде тілден артық түрмеге ештеңе лайық болған емес» деген. Мұзафар ағамыздың «Тозған сөзде тозаң көп» деуі, ұлы ақын Абайдың «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» (отыз жетінші қара сөз) – деп сөзге сынай қарауы – осыған дәлел. Бұхар бабамыздың бір Аллаға ғана құлшылық қылудан кейінгі екінші тілегін
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық, залымның,
Тіліне еріп азбасқа, -
деп бірден сөз мәселесіне арнауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
«...Көрмей-ақ қойсам екен кемшілігін»
Қазақ «Жақсы сөзге жан семірер» деген. Өтірік пен ғайбаттың, біреудің мінін теріп, айыбын ашудың ешкімге опа бермесі анық. Бұл туралы зар заман әдебиетінің өкілі Шортанбай ақын да:
... Сырттан ғайбат қылғанша
Айт көзі мен өзіне.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қарауыл қояр сөзіне, -
деп жырлап, адамдарды өсек, ғайбат айтудан тыйса, Жұмекен ағамыз:
Мен көлденең тұрар едім тас болсам,
Ауыздарға өсек, ғайбат түтеген, -
деп, Құранда айтылған «лумәзәнің» (тілімен келемеждеуші адамның) сипаттарына жиіркенішпен жауап қатқан. Жалпы, Құдайдан қорыққан кез келген мұсылманның, ең алдымен, сөзіне, одан кейін көзіне ие болуға тырысатыны анық. Жақсы сөз сөйлеу де – адамның иманының, ақыл-парасатының көрсеткіші. Сондықтан да Шортанбай Қанайұлы:
Иманы бардың белгісі –
Тілінен тамар шырасы, -
деп тілдің шырайлы болмағы ойдың құнарлылығынан екенін дөп басып айтқан. Айтыскер ақын М.Тазабек ағамыздың да бір кездері:
Ақын намаз оқыса Хақты танып,
Алдымен аузындағы сөз түзелер.
«Он күнәнің тоғызы – тілден» екен,
Сөз түзелсе, ин ша Алла, ел түзелер,-
деп ел боп ұйысудың бірден-бір жолын тілмен байланыстыруы да осыны көрсетсе керек. Ал ақын С.Қалиев ағамыздың:
Жамандаман ешкімді ешқашан да,
Иттігін мейлі он жерден еске алсам да!
Аузыма тастар салып алсам ба екен,
Достармен, бауырлармен бас қосарда? –
деп сөз мәселесіне қатты алаңдап,
Мұсылман бауырлардың ешбірінің,
Көрмей-ақ қойсам екен кемшілігін, -
деп барлық адамдарды кінәсіз, пәк күйінде көруге ұмтылуы жоғарыдағы Алланың аяттары мен Пайғамбардың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне, қазақтың сөзге қатысты қатаң талабына мойынсұнғаны деп түсінеміз.
Иә, қазақ қашаннан екі ауыз сөзімен екі еліктің баласын телітіп, жан дүниесін еріткен, уәжге тоқтап, сөзге ұйыған халық. Үмітіңді өшіріп жасытатын да, я болмаса, мерейіңді өсіріп тасытатын да – екі-ақ ауыз сөз. Сөзі түзелген елдің өзі де өнегелі қауым болатыны анық. Ендеше, «Кей жаманның сөзі бар – ызғары қатты ащы удай, кей жақсының сөзі бар – лебі кәусар бал судай», - деп Базар жырау жырлағандай, жақсының сөзін әлемге ортақ санаған халықты Алла тіл мен жағынан сүріндіріп, артық сөзге жүгіндірмесе екен дейміз. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, жүйелі сөз, сарайыңды ашып, шаттыққа бөлейтін сүбелі сөз – адам бойындағы көркем мінездің көрінісі