Презентация: Қазақтың ұлттық киіз үйі туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Презентация: Қазақтың ұлттық киіз үйі туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентация: Қазақтың ұлттық киіз үйі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Презентация: Қазақтың ұлттық киіз үйі туралы.

Мақсаты: Балаларды киіз үймен, оның негізгі бөліктері мен жабдықтырымен таныстыру. Киіз үйге деген қызығушылықтарын арттыру.

Теледидардан киіз үй туралы презентация көрсету.

Тәрбиеші: Балалар не туралы видео көрдік?

-Киіз үй.

Бәрекелді, дұрыс айтасыңдар.

Кең даланың ежелгі.

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз- деп бұл біздің бұрынғы көшпегі қазақ халқының киіз үйі екен.

Сендер киіз үйдің қалай, неден жасалатынын білгілерің келе ме? Ендеше теледидарға назар аударайық.

Теледидардан киіз үйдің құрылысы мен жабдықтары туралы толық мағлұмат береді.

-Балалар киіз үйдің құрал- жабдықтарын, құрылысын атай қойыңдаршы.(балалар толық жауап береді)

Киіз үй құрылысын атап береді.

-Кереге, шаңырақ, уық, босаға, сықырлауық, табалдырық, маңдайша.

Киіз үйдің жабдықтарын атап береді.

-Іргелік, туырлық, үзік, түндік, ши, есік.

Сергіту сәті:

Кел балалар тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

Балалар сендер қиіз үй туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Сая: Киіз үйге кіргенде

Бәрі басын иеді.

Оның сыры білгенге,

Шаңырақ қой киелі.

Іңкәр: Киізіне жүні кеткен мың қойдың,

Шаңырағы қайыңынан күнгейдің.

Әрі берік, әрі ыңғайлы, әрі әсем.

Дей алмаймын ағашына мін қойдым.

Жарайсыңдар балалар енді қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнаймыз.

Ханталапай ойыны. Ойынның ережесі:

Ойын еденге жайылған киіз немесе тақыр кілем бетінде ойналады. Ойыншылар саны екеу болса қарама-қарсы, онан көп болса айнала отырады. Ойынды кім бастайтынын анықтау үшін, ойыншылар кезекпен хан асығын ортаға иіреді. Ханы алшы немесе үш рет тәйке түскен ойыншы ойынды бастайды.

Бастаған ойыншы барлық 21 асықты уысыны жинап, ортаға жайып салады. Асықтарды бір төбеге үйіп тастамай, не болмаса бір-бірінен тым алшақ шашып тастамай соғу, ойында жеңіске жетудің үлкен кепілі. Сондай-ақ, ойнап отырған ойыншы үндемей отыруы керек. Егер байқамай сөйлеп қойса, онда кезек келесі ойыншыға көшеді.

Асықтар ортаға соғылған сәттен бастап, бар ойыншылардың назары ханда болуы керек. Егер хан алшысынан түсіп жатса, ойыншылар "ТАЛАПАЙ" деп айқайлап, ортаға бас салып мейлінше көп асық жинауға тырысады.

Хан алшы түспеген жағдайда, ойындағы ойыншы соққан асықтардың арасынан, басқа асықтарды қимылдатпай, алшысынан түсіп жатқан асықтарды жинап алады. Сонан кейін ханмен позициясы бірдей жай асықтарды атып ала бастайды. Ату барысында хан алшы түссе, ойыншы атып алған асықпен қоса ханды да алады. Хансыз қалған көп асықты, ойыншы өз қалауы бойынша, кез келген біреуімен позициясы бірдей екіншісін атып ала береді. Асық ату барысында жоғарыда аталған шарттардың біреуі бұзылса (нысанаға тимеу, нысанаға да басқа асыққа тию, атар сәтте ататын асықты қимылдату т.с.с), кезек келесі ойыншыға өтеді.

Picture 13 Picture 22 Picture 25

Қол күрес ойыны: Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы мұғалімнің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады.

Picture 28 Picture 31 Picture 34

Арқан тарту: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.

Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады.

Picture 37 Picture 40

Бәрекелді балалар сендер ойындарды жақсы ойнадыңдар.









«№4 Шұғыла санаторлық бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Презентация: Қазақтың ұлттық киіз үйі туралы







Тәрбиеші: Дүйсенбаева А.



Picture 49





2022-2023 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2023
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі