Проекциялау әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Проекциялау әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
сызу пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Сызу

Мұғалім:


Мерзімі:


Сыныбы:

9 А,Ә,Б,,Г

Тақырыбы:

Проекциялау әдістері, түрлері

Мақсаты:



Оқушыларға проекция туралы білім беру, орталық және параллель проекциялау әдісін үйрету, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік туғызу.


Күтілетін нәтиже:

1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;

2. Сұрақтарға еркін жауап бере алады;

3. Мысалдар және сызбалар арқылы проекция туралы түсінік алады.


Сабақтың әдісі:

Практикалық жұмыс

Пәнаралық байланыс:

Математика, бейнелеу өнері

Қажетті құрал-жабдықтар:

Сызғыш, қарындаш, циркуль, А4 форматы, транспортир, лекало,өшіргіш т.б

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

I.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты сұрақтар қою арқылы пысықталады.74-сурет


Оқушылар сабақ айтады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру






























IV. Практиклық жұмыс



V. Қорытындылау



VI. Бағалау



VII. Үйге тапсырма

Алма мен қағаз аламыз. Алмадан қағазға көлеңке түседі. Міне, қағаздағы фигура (көлеңке) – проекция, ал процестің өзі – проекциялау. «Проекция»-латын сөзі, ол «алға лақтыру» деген мағынаны білдіреді.

Проекциялаудыңтөрт түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, мұндай проекция орталық проекциялау деп аталады. Орталық проекциялаудың қасиеттері:

  1. нүктенің проекциясы нүкте болады;

  2. түзудің проекциясы түзу болады;

  3. фигуралардың өзара тиесілі проекциялау кезінде бұзылмайды.

Практикада жиі қолданылатын орталық проекциялаудың түрінің бірі параллель проекциялау.

Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса, параллель проекциялау деп атайды. Параллель проекциялаудың екі түрі бар: қиғашбұрыштап проекциялау және тікбұрыштап проекциялау.

Проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына перпендикуляр болса, проекциялауды тікбұрыштап проекциялау дейді.

Оқушыларға тақтаға сызба құралдар арқылы түзудің, фигураның және қисық сызықтың проекцияларын салу тәсілі түсіндіріліп, көрсетіледі.

Параллель проекциялау кезінде қандай қасиеттер сақталатындығына тоқталайық:

1-қасиет. Нүктенің проекциясы да нүкте болады.

2-қасиет. Проекциялау бағытына параллель емес түзудің проекциясы да түзу болады. Проекциялау бағытына параллель түзу нүктеге проекцияланады.

3-қасиет. Түзудің бойында жатқан нүктенің проекциясы сол түзудің проекциясы бойында жатады.

4-қасиет. Параллель түзулер параллель түзулерге проекцияланады.

5-қасиет. Параллель түзулердің немесе бір түзудің бойынан алынған кесінділердің қатынасы параллель проекциялау нәтижесінде өзгермейді.


80-сурет



1. Проекция дегеніміз не?

2.Тік бұрыштап проекциялау дегеніміз не?





Практикалық  тапсырманы бітіру.































Форматқа 80-суретті орындайды.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
3473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі